243
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркесіндегі байланысу тəсілдерінің қалыптасуы əзірше сөз бол-
ған жоқ.
Құрмалас сөйлемдерді өзара байланысына қарап паратаксис,
гипотаксис дейтін үлкен екі топқа бөліп қарастыратыны белгілі.
Сонда құрмалас сөйлемдердің əрбір сыңарының бір-бірімен ешбір
дəнекерсіз тек іргелес тұруы арқылы байланысуын паратаксис
дейді. Оның негізгі мəні оны құрайтын əрбір сыңары бір-бірімен
ешбір жалғаусыз, қосымшасыз тек мағыналық байланысы ғана
негізге алынады. Бұған қарағанда екі немесе бірнеше сөйлемдер-
дің өзара бір құрмалас сөйлем болып бірігуінде көбіне орын тəр-
тібі басым сияқты. Ал құрмалас сөйлемдердің бір-бірімен өзара
түрлі дəнекер арқылы байланысы гипотаксис делінеді. Ғалым-
дардың айтуына қарағанда, құрмалас сөйлемдердің гипотаксис, па-
ратаксис түрлері арқылы байланыстарының алдымен паратаксис,
соңынан гипотаксис түрінің пайда болуы нақтылы дəлелденген.
Құрмалас сөйлемдердегі осындай құбылыс сөз бен сөздің өзара
тіркесі негізінде де айқын байқалады. Əрине, сөз тіркестеріндегі
қабыса, меңгеріле, матаса, қиыса байланысқан байланысу фор-
маларының тілдік жағынан қалыптасуының да өзіндік тарихы
болуы керек. Біздіңше, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерінде
де меңгеру, матаса байланысу формаларына қарағанда екі сөздің
орын тəртібі арқылы байланысуын ерте формасы деу орын-
ды сияқты. Сонымен, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерін
аналитикалық, синтетикалық жəне аналитикалық-синтетикалық
тəсіл деп үшке бөліп беруді жөн көрдік.
Енді сол байланысу тəсілдерінің ішкі ерекшеліктеріне тоқ-
талалық.
Достарыңызбен бөлісу: