Талғат сайрамбаев


ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілі



Pdf көрінісі
бет125/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілі. Де-
мек, бұл тəсілде аналитикалық тəсілдің де, синтетикалық тəсіл-
дің де элементі болуға тиіс.
Біздің оқушылар кеше мектепке дейін біраз ағаштарды склад-
тан тасыпты («Лениншіл жас») – деген сөйлемдегі мектепке 
дейін тасыпты сияқты сөз тіркестерін көпшілік ғалымдар 
аналитикалық тəсіл арқылы байланысып тұр дейді. Бірақ бұл 
жерде мынаны да ескерген жөн. Дəл осы сөз тіркесінің өзін 
таза аналитикалық тəсіл деп айтуға болмайды. Себебі, бұл сөз 
тіркесінің бағыныңқы сыңарында мектеп сөзіндегі барыс жал-
ғауы синтетикалық тəсілдің элементі болса, ал ол барыс жалғаулы 
сөзге дейін шылауы қосылуы аналитикалық тəсілдің элементі. 
Сөйтіп, бір бағыныңқы сыңарда əрі синтетикалық, əрі аналитика-
лық тəсілдің элементі бар екені айқын. Олай болса, мұндай сөз-


254
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдің де элементтері 
болуына байланысты аналитикалық-синтетикалық деп алып отыр-
мыз.
Байланысу тəсілдерінің аналитикалық-синтетикалық тəсілін 
іштей жан-жақты талдай келіп, біз олардың мынадай жасалу жол-
дарын белгіледік.
1. Көмекші сөздер арқылы жасалуы:
а) көмекші есімдер арқылы. Таңғы салқын ауада бойы тоңа-
зып, терезенің алдында тұрды («Қазақ əдебиеті»). Столдың 
үстіне жақындатып дайындап қойған шай-суы мен дəрі-дəр-
мектері сол қол тимеген күйі мөлиіп тұр («Қазақ əдебиеті»).
ə) шылаулар арқылы. Жылқылар батысқа таман ығысты 
(Ғ. Мұстафин). Оспан өзенге қарай беттеді (М. Əуезов).
б) көмекші етістік арқылы. Асан дегеннен алдым («Лениншіл 
жас»).
Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілінің көмекші 
сөздердің ішінде көмекші есімдер мен шылаулар арқылы келуі 
актив құбылыс. Ал оның модаль сөздер мен көмекші етістік 
арқылы келуі сиректеу. Яғни аналитикалық-синтетикалық бай-
ланысу тəсілінің көмекші сөздер арқылы байланысуы дегенде 
көмекші сөздердің барлығының қызметі бірдей емес.
Сонымен, біз сөз бен сөзді байланыстыруда
1. Көптік 
2. Септік
3. Жіктік
4. Тəуелдік
5. Жұрнақтар
6. Орын тəртібі
7. Интонация
8. Көмекші сөздер сияқты сегіз дəнекерлер қатысты деп біле-
міз.
Осыларды аналитикалық жəне синтетикалық деп топтаумен 
бірге, біз байланысу тəсілдерінің үшінші түрі етіп аналитика-
лық-синтетикалық тəсілді алып отырмыз.
Енді осылардың əрқайсысының жасалу жолын төмендегіше 
нақтылы көрсете аламыз:
І. Синтетикалық байланысу тəсілі:
а) септік жалғауы арқылы;


255
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ə) тəуелдік жалғауы арқылы;
б) жіктік жалғауы арқылы;
в) көптік жалғауы арқылы;
г) жұрнақ арқылы;
ІІ. Аналитикалық байланысу тəсілі:
а) сөздердің орын тəртібі арқылы;
ə) интонация арқылы;
б) көмекші сөздер арқылы;
ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық тəсіл:
Көмекші сөздер:
а) шылаулар арқылы
ə) көмекші есімдер арқылы
б) көмекші етістіктер арқылы
в) модаль сөздер арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет