Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет120/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Тəуелдік жалғауы. Тəуелдік жалғауы да А. Ысқақов айт-
қандай, морфологиялық, синтаксистік жəне аралас тəсіл арқы-
лы жасалады. Əрине, соның ішіндегі тəуелдік жалғауының мор-
фологиялық тəсілі үш жақта да жалғаулар арқылы берілетіні 
белгілі.
Əрине, мұнда қай сөз таптары тəуелденеді дегеннен гөрі сол 
тəуелдік жалғаулы сөздер қандай сөз тіркестерінде кездеседі де-
ген сұрақ басты мəселе болып тұр. Ондай кезде тəуелдік жалғау-
лы сөздердің сөзді өзі аяқтап тұруы ғана негізге алынуы керек. 
Ал олардың балаларымның сияқты ілік жалғауының алдында 
келуі сөз бен сөзді байланыстыра алады деп ойлаймыз.
Зерттей келгенде, тəуелдік жалғауы көбіне сөз тіркесінің соңғы 
сөзіне жалғанады делінеді. Мысалы, Алтайдың қара шаңырағы 
тұрғанда, қайда барамыз?(Ғ. Мұстафин), Алтайдың шаңырағы де-
ген сөз тіркесінде тəуелдік жалғауы басыңқы сыңарда айтылып, 
өзіне ілік жалғауды керек етіп тұр. Сонда тəуелдік жалғаулы сөз-
дер осы қалпында матаса байланысқан сөз тіркесін құрауда үш 
түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, ондай тіркесте тəуелдік 
жалғауы үнемі айтылатын болса, екіншіден, бағыныңқы сыңарлары 
біз, сіз есімдіктері болып келгенде тəуелдік жалғауы негізінде 
түсіріліп те, кейде түсірілмей де айтыла береді, үшіншіден, тəуел-
дік жалғаулы сөздерге өзінен кейін тағы да септік жалғаулары 
келе береді, ондай кезде тəуелдік жалғауының сөз бен сөзді 
жалғастыру қызметі солғындап, өзінен кейінгі сөздің қызметі 
арта түседі. 
Үлкен ақ үйдің терме баулары барқыт пен жібекке, кесте 
мен оюға, бояу мен сырға орап қойғандай (Ғ. Мүсірепов) деген 
сөйлемдегі тəуелдік жалғаулы баулары сөзі (үшінші жақ, көпше 
түрі) үйдің деген ілік жалғаулы есім сөзді керек етеді.
Кейде тəуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары 
жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер (кейде есім-


247
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дер) жетектеп тұрады. Мысалы, Байжанның баласы Апақ суыр 
інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездесті (Ғ. Мүсірепов). Мар-
тен цехында инженер Сағатова – құрышты ОТК-ға тапсырайын 
деп жатыр екен (З. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі тəуелдік жал-
ғаулы сөз тіркестері суыр інінен, Мартен цехында, ондағы тəуел-
дік жалғаулы сөздерге шығыс, жатыс септіктері жалғанып тұр.
Тəуелдік жалғауларының матаса байланысқан сөз тіркесінің 
басыңқы сыңары болуымен қатар, сөз тіркесінің бағыныңқы 
сыңары болу қызметі де кездеседі.
Сол сияқты тəуелді жалғаулы сөздер сөйлемде тек мата-
са байланысқан сөз тіркестерін құрап қоймай, кейде қиыса 
байланысқан сөз тіркестерін де құрауға қатысты. Ағаш көркі – 
жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал) – дегендегі ағаш көркі, 
адам көркі тəуелді жалғаулы бастауыштар тəуелдік жалғауының 
ІІІ жағында келуі арқылы баяндауышпен қиыса байланысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет