309
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
жұмсалатындығын көрсеткен болу керек. Қазіргі кезде
-са, -се
тұлғалы етістіктердің белгілі бір сөздермен тіркесіп келіп, баян-
дауыштан басқа сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалуы тура-
лы мəселе көп айтылып,
-са, -се тұлғалы етістіктердің жұмсалу
аясы оншалықты сөз де бола бермейтін.
Дегенмен -са, -се тұл-
ғалы толық мағыналы етістіктер ондай қызметте жұмсалуы
туралы айтылмағанымен, Қазан төңкерісі жəне онан кейінгі
түркологиялық еңбектерде шартты рай тұлғалы «
бол» кейде «
де»
көмекші етістіктерінің есімдермен тіркесіп келіп жұмсалуын-
дағы, яғни
Асан болса, бала десе сияқты есім мен шартты рай
тұлғалы етістіктердің қолдануындағы өзіндік ерекшеліктерге
назар аударсақ, мынаны көруге болады:
1. Темірді болзо қысқа кес, ағашты болзо ұзын кес...
Кіік ползо түтү болор, кіжі болзо атту болор [117, 214].
2. Козум болса кормоіду. Қулагим болса есітпоіду [118, 34].
Осы сөйлемдердегі
болса көмекші етістігінің сөйлемдегі
қызметіне Қазан төңкерісіне дейінгі жəне онан кейінгі түрколо-
гияда жəне қазақ тіл білімінде жеке назар аударушылық бар.
Жалпы осы күнге дейінгі еңбектерде етістіктердің, оның ішінде
көмекші
етістіктердің де -са, -се тұлғалы түрінің сөйлемнің
ішінде келуінің барлығы да сабақтас құрмалас сөйлемнің бағы-
ныңқы сыңары ретінде ғана қарастырып келеді. Бірақ осы сөй-
лемдердегі:
темірді
ағашты
киік
кісі болса
көзім
құлағым
конструкциясы шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы
сөйлемі болмайтындығы, қалайда осы конструкцияға назар ауда-
ру керектігін көрсетеді. Жоғарыдағы авторлар
болса сөзінің өзі
қатысты сөздермен бірлікте жұмсалуын айтқанмен, біріншіден,
оның өзіндік сырын, екіншіден, таза сөйлем мүшесіне қатысын
да толық аша алмайды. Міне, осы сөз арқылы жасалған конструк-
ция туралы Қазан төңкерісіне дейінгі түркологтардың пікірі жəне
310
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
онан кейінгі кейбір ғалымдардың да өзіндік пікірлерін көруге бо-
лады [119].
Болса сөзінің өзіндік ерекшелігі туралы Р. Əміров, А. Əбілқаев
[120] еңбектерінен кездестіреміз, əсіресе соңғы автор
болса сөзі-
нің
қызметін де етістігінің
-са тұлғасы арқылы да берілетіндігін
көрсетеді. Бұл мəселе жөнінде Қ. Есеновтың «Шартты рай тұл-
ғалы сөздердің жай сөйлемдегі кейбір қолдану ерекшеліктері»
мақаласы жəне, т.б. еңбектері ерекше [121].
Қ. Есенов осы конструкция туралы жалпы шолу жасай келіп
(осындағы негізгі мəліметтерді жоғарыдағы мақаладан алуға
тура келді), өзіндік талдау жасайды.
Автор
болса сөзі арқылы, біріншіден, сөйлем мүшелерінің
жасалуын, екіншіден, ол сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
жалғастыратын жалғаулыққа айналатынын,
ондай кезде ыңғай-
лас жалғаулық жəне қарсылықты жалғаулықтардың орнына жұм-
салатынын көрсетеді. Бұған қарағанда
-са, -се жұрнағы кейде
сөз бен сөзді байланыстыру қызметін де атқарады деуге болады.
Əдетте сөз бен сөзді байланыстыруда жалғаулар айтылғанымен,
жұрнақтар туралы онша сөз бола бермейді. Дегенмен орыс тіл
білімі мен түркологиялық еңбектерге шолу жасу барысында мы-
наны көруге болады.
Қосымшаны жалғау деп тану үшін оны басқа сөз не басқа
қосымша керек етіп, өзіне бағындырып тұруы қажет. Мысалы, та-
быс жалғауын сабақты етістік керек етсе, тəуелдік жалғауын ілік
жалғаулы сөз (жəне керісінше) керек етеді.
Осылай лексикалық
грамматикалық орайда байланысу үшін жұмсалған қосымша-
ларды (көсемше, есімше, рай, т.б. жұрнақтарды) жалғаулармен
бір деп санауды дəлелдейді. Əдетте сөз бен сөзді байланыстыра-
тын қосымшалар түбір, туынды, сөздердің соңында тұрады. Рас,
тəуелдеуден кейінгі жіктік жалғауы жалғанатыны бар. Ондайда
сөздер екіжақты байланыста тұрады. Ал кейбір септіктегі сөздерге
кейде жіктік жалғауы жалғануы мүмкін. Ондайда септік қосымша
жалғаулық қызметін жояды. Мысалы,
Мен Бірлік колхозынанмын.
Ал форма тудырушы қосымшаларда ол қасиет жоқ. Олардан кейін
басқа қосымшалар жалғана береді (Мысалы,
Білгенге маржан. Ай-
Достарыңызбен бөлісу: