Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет146/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөз тіркесі мен жай сөйлем
негізгі басты критерийлерін ашу, айқындау қажет сияқты. Тілдегі 
сол жеті сөз таптарының сөз тіркесінің əрбір сыңарын құрауда 
негізінде мынадай заңдылықтарға сүйенуге болады. Ол үшін əр-
бір сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалатындығын былай 
топтамақпыз:
1. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
2. Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.
3. Бір сөздің қайталануы негізінде жасалған сөз тіркестері.
Сөз тіркесінің аясын құрайтын сөз таптарын осы үш бағытта 
қарастырудың практикалық та, теориялық та маңызы бар деп 
білеміз.
Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарын құрауда негізін-
де осы үш топтың ішінде ең негізгісі – əр сөз табының негізінде 
қалыптасқан сөз тіркестері. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан 
сөз тіркестерінің өзін іштей бірнеше топқа бөлуге болады. Сөз 
тіркесін құрайтын сөз таптары негізінде сөйлем мүшелерін 
құрауға да негізгі фактор екендігі айқын. Сонда сөз таптары – əрі 
сөз тіркестерінің сыңарлары үшін де, əрі сөйлем мүшелері үшін де 
басты фактор.
Сөйлем мүшелерінің ішінде ең негізгісі бастауыш пен баян-
дауыш екендігі белгілі. Сол екі сөйлем мүшелерінің негізінде 
басқа да сөйлем мүшелерінің табиғаты айқындалса керек. Мы-
салы, бастауышқа көбіне анықтауыш қатысты болса, ал пы-
сықтауыш пен толықтауыш баяндауыш арқылы өрбиді. Міне, 
сөйлем мүшелеріндегі осы заңдылық сөздердің өзара тіркесіне де 
ортақ.
Жалпы сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын құ-
райтын сөз таптары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, 
еліктеуіш сөздер, үстеулердің іштей өзара қатысы, ондай кездегі 
жігі барлығы білініп тұрады.
Жалпы сөз тіркесін құрауда сөйлем мүшелеріндегі бастауыш 
пен баяндауыш қандай рөл атқарса, сол бастауыш пен баянда-
уыш болатын (сөйлем мүшелері қызметіндегі басқа да сөз тапта-
рын айтпағанда) зат есім мен етістік те ерекше қызмет атқарады. 
Ол сөз таптарының төңірегіне басқа да бірнеше сөз таптары ба-
ғыныңқы қызметте жұмсалады. Сол негізде өзара бірнеше сөз 
тіркестері пайда болып отырады.


299
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Зат есім – əртүрлі категорияға бай сөз табы. Сол заттың əр-
түрлі сыны, саны, қимылдық сапасы, алыстығы, жақындығы, т.б. 
қасиеттері тек сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер арқылы 
айқындалса керек. Міне, сондықтан да ол көрсетілген сөз тапта-
ры тек зат есімге қатысты есімді сөз тіркестерін құрауға себеп 
болады. Мысалы:
1. Жұмсақ иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нəзік 
бұғағы білінеді (М. Əуезов).
2. 1965 жылы мектеп-интернаттардағы оқушылардың саны 
кемінде 2 миллион 500 мың адам болды («Социалистік Қазақ-
стан»).
3. Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Əуезов).
4. Келген адам шайға отырмай, не шұбат ішпей кетпейді 
(Ғ. Мұстафин). Міне, осы сөйлемдердегі нəзік сын есім, 2 миллион 
500 мың – сан есімі, барлық – есімдік, келген – есімше өздерінің 
затқа қатыстылығымен бір топ сөз тіркесін құрайды. Осылайша 
біраз сөз табы етістікке қатысты жұмсалу барысында олар да сөз 
тіркесінің үлкен тобын құрайды. Мысалы:
1. Қазір менің балаларым қайтып келе қалса, мен оларды қо-
раға кіргізбес едім (М. Шолохов).
2. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады 
(В. Катаев).
3. Елшілікке барарда,
Тайқасқаға мінерде,
Есекем бір келгенде үш келді (Бекет батыр).
4. Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап отыр 
(Ə. Омаров).
Міне, осындағы қазір, солқ-солқ, тыныш, ұзақ жəне үш, т.б. 
сөздері келіп қалу, ұйықтау, келу, жылап отыру етістіктеріне 
қатысты ғана жұмсала алады. Міне, осыдан барып етістікке қа-
тысты сөздердің тобы немесе етістікті сөз тіркестері қалыпта-
сады.
Əрине, бұл зат есімге, етістікке қатысты сөздер қалайда ол 
сөздермен тарихи қатынасының негізінде қалыптасады. 
Меңгеріле, матаса байланысқан сөз тіркестерінде де қабыса 
байланысқан сөз тіркестері сияқты бұларда да өзіндік қатыс-
ты сөздер тобы анықталады. Мысалы: 1. Балалы-шағалы жұ-


300


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет