Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет157/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

со да сөз бе екен? – деді Шолама, – онда мектеп салынбайды деп 
отырсың ба? Бұ не істегеніңіз? Со күні біз жүріп кеттік (С. Мұ-
қанов) – сөйлемдеріндегі сол, бұл есімдіктеріндегі мұндай құбы-
лыс бір сөз табының өз ішінде болатын жағдай.
Сол сияқты мұндай тілдік экономия сөздердің түбір саласын-
да ғана емес, кейде жалғауларға байланысты да байқалады.
1. Мен – президент, сен – премьер (Қ. Аманжолов). Сіз – жалын 
шоқ, біз – бір май (Абай).


323
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
2. Ботакөз үйге от жақты (С. Мұқанов). Маусымбай əңгімесі 
Мейрамды қызықтырып барады (Ғ. Мұстафин).
3. Тау текедей мүйізді,
Мəскеуден барып ашылған.
Көрікті біздің көрме бай (Жамбыл).
Бірінші топ мысалдарда президент, премьер, шоқ, май сөз-
дерінде жіктік жалғауы, екінші топта от, Маусымбай сөздерінен 
септік жалғаулары, үшінші топта көрме сөзінен тəуелдік жалғауы 
түсіріліп айтылуы да тілдік экономияның бір көрінісі болуға тиіс. 
Жалпы алғанда, тілдегі морфологиялық экономияның түрі көп, 
бірақ ондай экономияның негізгі принципін екі бағытта қарау 
орынды демекпіз. Біріншіден, өзара сөз тіркесін құрай алмайтын 
негізгі сөз бен көмекші сөздердің өзара кірігіп келіп, бір-ақ сөз 
аясында жұмсалуы. Екіншіден, бір сөздің ішіндегі қосымшалар-
дың сол сөз ішінде қысқарып ықшамдалуы арқылы жасалуы. 
Міне, қалай да тілдегі экономияның морфологиялық тəсілі, оның 
жан-жақты көріністері арнайы зерттелуді қажет ететін мəселе.
Ал тілдік экономияның синтаксистегі көріністері туралы 
мынаны айтуға болады:
– Сіз қашаннан бері майданда едіңіз? – дедім.
– Осы соғыс қашан басталса, сонан бері (Ə. Əбішев). Жеңілдің 
астымен, ауырдың үстімен (Мақал). Олай дейтініміз сағатқа 
қарасам, таңертеңгі төрт (С. Мұқанов). Білегі жуан бірді 
жығар, білімі жуан мыңды жығар (Мақал) – деген сөйлемдердегі 
курсивпен жазылған сөздердің əрқайсысы да белгілі дəрежеде 
толық сөйлемнің аздап болса да қысқарған түрі болып табыла-
ды. Синтаксистік экономияның морфологиялық экономиядан 
өзіндік ерекшелігі бар. Морфологиялық экономиялық көрсеткіш, 
біріншіден, сөздің өз ішінде болса, екіншіден, екі сөз бірігіп 
бір-ақ сөздің орнына жұмсалып, бір-ақ сөз табы, бір-ақ сөйлем 
мүшесі қызметінде жұмсалады, үшіншіден, ондай кезде оларда 
мағыналық жағынан да тарылу процесі болады.
Ал синтаксистік экономияда да негізінде, біріншіден, толым-
ды сөйлемнің толымсыз сөйлемге ауысу процесі пайда болады, 
екіншіден, белгілі бір сөйлем мүшесі қызметіндегі сөздер түсіп 
қалуы басты фактор, үшіншіден, түсіп қалған сөздің қызметін 
басқа сөздер уақытша атқаруға тиіс болады, төртіншіден, соңғы 


324
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қызметті атқарушы сөздердің семантикасы бұрынғыға қарағанда 
қалайда молая түседі, бесіншіден, түсіп қалған сөз көбіне 
сөйлемнің мағынасынан белгілі болып тұрады, алтыншыдан, 
ондай экономияға түсетін сөз таптары көбіне зат есімдер, ал зат 
есімнің орнына жұмсалатын сөз таптары көбіне бұрын анықта-
уыш қызметінде жұмсалуға тиісті сын есім, сан есім, есімше жəне 
кейде кейбір көмекші сөздер түйдекті тіркестер құрамында да 
жұмсала береді.
Тілдік экономияны фонетика, морфология, синтаксис сала-
сында да айтқанмен, олардың синтаксистегі өзіндік ерекшеліктері 
осы уақытқа дейін сөз болып қозғалған емес. Жалпы алғанда 
тілдік экономия деп айту бар да, екіншіден, ол да лексикадағы 
бір өзгеріс тəрізді болмағанымен, сөйлемнің ішіндегі сөздердің 
қарым-қатынасына белгілі дəрежеде əсері барлығы белгілі бо-
лып отырады. Əсіресе тілдегі экономияның бір көрінісі сөздер-
дің субстантивтену мəселесіне көп қатысты. Қазақ тілінің 
материалдарының негізінде субстантивтенуге бейім сөздер сын 
есім, сан есім жəне есімше. Бұл сөз таптарының негізгі қасиеті 
затты анықтау, сондықтан да олар тек затқа қатысты жұмсалуы 
тиіс. Бірақ солар қаншалықты затқа қатысты жұмсалады делін-
генмен, тілдік экономия құбылысының əсері десек, екіншіден, 
өзі анықтайтын затының орнына жұмсалуын тілде ондай құ-
былыстарды заттану деп атайды. Сонда тек сын есім, сан есім, 
есімше сөз таптарындағы заттану процесі əсіресе мақал-мəтелде, 
сол сияқты қазіргі көркем əдебиетте басым орын алған. Осы сөз 
таптарының заттануы қандай грамматикалық тұлғалар арқылы 
деген жағдайда əртүрлі пікірлер бар. Негізінде олардың зат-
тануының негізгі грамматикалық тұлғалары: атау тұлғасы, көптік, 
тəуелдік жəне септік жалғауларында көрінеді. Əрине, олардың 
заттануында көптік, атау тұлғасында келу туралы талас тудырма-
са керек. Ал олардың септік жалғауларының ішінде ілік жалғауы 
арқылы да заттану процесі болады дейтін пікір ойлануды қажет 
етеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері туралы жазылған еңбек-
терде сөздердің тіркесу қабілетіндегі кейбір өзгерістер, жаңарған 
сөз тіркестері, олардың құрылымдық түрлері сияқты мəселелер 
сөз болуда. Негізінде əрбір жаңа сөз өзімен бірге жаңа тіркесетін 


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет