Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет156/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   332
4. Амал пысықтауыштар
а) Мөлшер мағынасында: Біз аз да болса оқыған адамдар-
мыз (С. Жүнісов).
ə) Келісім мағынасында: Шаруашылық жоспарын орындаса 
да артығын қоса тапсырады (Ғ. Мұстафин).


321
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
б) Сұрақ мағынасында: – Барса нетер еді? – деп, əлдеқандай 
белгісіз бір қызумен ойы тұманданды (М. Əуезов). Қиналсаң да 
сол ұяластығыңды қиям ба? Қорықса бүйтер ме еді? (М. Əуезов).
в) Өтініш мағынасында: – Тым құрмаса соңғы рет тиіспесең, 
қудаламасаң не етеді? (С. Жүнісов).
ғ) Қимыл-əрекеттің өту процесі: Бір қора қойды жалғыз қой-
шы – «айт» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болсын (М. Əуе-
зов).
г) Армандау мағынасында: Көшпенді ел, көне дүниенің киіз 
кітабынан оқыған, кəрі құлақтан талмаурап жеткен аңыздай, 
бұлдыр əңгімені атақты білімпазға қалай айтсам деп қысылып 
қалдым (Е. Тұрысов).
д) Көлемін білдіру мағынасында: Ондайлар некен-саяқ болса 
да, кездеседі (А.Нысаналин).
е) Қарсылықты мағынада: Əйтеуір көзден көмескі тартса да 
өмір сабағы ұмытылмайды екен (Ғ. Мұстафин).
ж) Бұйрық мағынасында: Кетсе барсын. Əркім өз ісі үшін 
жауап береді емес пе? («Күншуақ»).
з) Күшейту мағынасында: Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді 
(Абай). Айтса айтқандай-ақ, патша Келдейді босатып, ат-шапан 
айыбын төлеп, еліне риза қып аттандыруға əмір етті (Ə. Кекілбаев). 
Батыр сұлтанның қимылдаса қимылдап қалатын тұсы осы екені 
даусыз (Ə. Кекілбаев).
Үлесім бар ұйысқан орман ойда,
Адассам да адасам сол маңайда.
Тек əйтеуір жүрегім бұл өмірде,
Қайғы-мұңсыз адамдай болмағай да («Қазақ əдебиеті»).
12. Тілдік эмоцияның сөз тіркесі мен 
сөйлем мүшесіне қатысы
Синтаксис саласында көптеген ізденістер, тіпті орыс тілінің 
нормасы туралы да бірнеше жеке зерттеулер, монографиялық 
еңбектер бар [124].
Тілдің синтаксис саласындағы өзгерістер түркологиялық ең-
бектер мен қазақ тіл білімінде де, кейбір жеке зерттеу еңбектерде 


322
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
де айтылуда. Əсіресе тілдегі жаңалықтардың бірі ретінде тілдегі 
экономия мəселесіне баса назар аударылуда [125]. Ал қазақ ті-
лінде бұл мəселеге байланысты арнайы жұмыс жоқтығы айқын. 
Бірақ соңғы мəселе туралы Қ.Б. Балтағұлованың кейбір мақала-
лары жарық көре бастады [126].
Эллипсис, оның көріністері алдыңғы екі кандидаттық диссерта-
цияның бірінде көбіне морфологиялық аспектіде қаралса, екінші 
кандидаттық диссертацияда морфологиялық та, синтаксистік те 
аспектіде бірдей сөз болады.
Зерттей келгенімізде, тілдегі экономия мəселесі əрі морфо-
логиялық та, əрі синтаксис саласында да мол орын алған деуге бо-
лады. Əрине, экономия процесінің морфологиялық көрінісін мына 
мысалдарды талдау арқылы көрсетуге болады.
1. Атамның орағындай үшкір мүйіздерін теріс қадап жіберіп, 
топырақты бұрқ-бұрқ шашып, сосын қара жолды шаңдата 
шапқылай жөнелетін кезі де көп (Қазақ əдебиеті) – деген сөйлемде 
сосын сөзі негізінде екі сөзден, яғни сонан соң о баста есімдік пен 
шылаудың тіркесі арқылы құралған түйдекті тіркес еді. Енді, ол екі 
сөз табы, біріншіден, өзара кірігіп бір сөз табы ретінде, екіншіден, 
екі сөз бірге жазылатын дəрежеге жетіп отыр.
2. Сыбанның баласын нағып білмей отырсың. Апырым-ау, бір 
жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ. Мүсірепов). Сөйлемдердегі 
нағып, қайтсын сөздері о баста есімдік пен көмекші етістіктер-
ден құралған түйдекті тіркестер. Енді сол екі сөз бірігіп келіп бір-
ақ сөз табы ретінде жұмсалған. Оны қайтем? Бəрібір күреспей 
жүре алмаймын» («Қазақ əдебиеті») сөйлемдерінен де көруге бо-
лады.
Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арба-
дан түскенде, Абай мен Ербол тыста тұр еді (М. Əуезов) – деген 
сөйлемдегі кеп етістігі келіп болып айтылуы керек еді. Сол сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет