Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет171/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   332
Сабақты етістіктер
Н. Сауранбаев сабақты етістіктерге: оқу, жаз, ұқ, сөк, майла, 
тыңда [60, 139]. 
Г. Əбуханов: оқу, жаз, аш, тап, жақ, ал, көр, тоқу, көрсет, таза-
ла, шақыр, жина, қайыр, көшір, суғар, аудар, тəрбиеле, орында, тап, 


349
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш –  етістіктерін 
жатқызады [146, 144].
А. Ысқақов: аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, қи, ер, сап, сыз, тап, 
тер, ұқ, үй, шеш, ыс, іл, іш, айда, апар, жет, болжа, бүрке, ек, еле, 
жалға, жалма, жаса, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, ластама, мүжі, 
сапыр, теже, түзе, тұса – етістіктерін жатқызады [19, 293].
А. Хасенова: жақ, тат, қи, же, жұт, түй, аш, қаз, сал, тік, жап, 
тес, ой, жаз, бол, жар, піш, кес, уат, сөк, жық, и, сал, отырғыз, тіз, 
ал, бер, жүр, сат, көм, тық, ки, шеш, бар, шаш, тер, ұр, қой, соқ, 
сүз, қап, өтеп, жек, бас, аш, көр, сез, біл, жалма, жебе, жері, күзет, 
шұқы, нұқы, сағын, жаны, ірікте, игер, күзе, мақта, суыр, сімір, 
оқы
 
[147, 206-215] – етістіктері қатысты деп біледі.
М. Балақаев: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, 
оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, 
іш, же [92, 71], Р. Əміров: жу, аш, қайырып жүру, ішу, тыңдау, 
алып кету, қамау, сақтау, айту [50, 31-37], Ə. Төлеуов: кес, ұр, жап, 
ал(ды), бер, шақырды, сұрады, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, 
көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же, істе, қырық, 
тоқы, ат, арт, қаз, тара, тегістеді, соң, бауызда, түйре, байла, сана, 
қозға, көрді, есті, түсін, əсіре, сез, біл, шайна, жұт, аса, ем, тара –
етістіктерін көрсетеді [148, 79].
А. Аманжолов: қылышта, баста, сақта, сөйле, ізде, алда, ем-
деді, үйлендірді, басқару, таппады [149], М. Томанов: үйрет, 
жұбат, құтқар, тарт, қайыр, жақ
[150] – етістіктерін жатқызады.
Осы авторлардың əрқайсысында етістіктерді жинақтау бары-
сында бірін-бірі қайталау басым. Солардың барлығын топтас-
тырғанда қазіргі қазақ тілінде төмендегі етістіктер ғана сабақты 
етістіктер болатын сияқты.
Оқы, жаз, ұқ, сөк, майла, тыңда, аш, жап, жақ, ал, көр, тоқы, 
көрсет, тазала, шақыр, жина, көшір, суғар, аудар, қайыр, тəрбиеле, 
орында, тап, шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш, 
айт, бақ, ек, ем, қи, ер, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл, іш, айда, апар, 
болжа, бүрке, ек, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама, 
қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тұса, түзе, жақ, же, и, отырғыз, тіз, 
жүр, сат, тық, бар, тер, жүр, қой, соқ, сүз, қап, теп, бас, сөз, біл, 
сүй, алда, арба, ал, байқа, жалма, жері, көкі, күзет, мұқа, нұқы, 
тұқы, сағын, таны, игер, күзе, мақта, суыр, сімір, шап, сұра, сой, 


350
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
қама, сана, таста, көзде, қолда, қала, тік, же, тыңдау, алып кету
қамау, сақтау, айту, жібер, қырық, тара, тегістеу, бауызда, түйре, 
байла, қозға, есті, түсін, ұмыт, ойла, иіске, шайна, жұт, тала, т.б..
Бұл етістіктер мынадай мағыналық топтарға бөлінеді:
1. Қоректенуді білдіретін амал-əрекет етістіктері: ем, же, жұт, 
сімір, шайна, мүжі;
2. Қырып-жою етістіктері: қи, соқ, қама, шап, көзде, бауызда, 
түйре, ор, жық, теп, тала;
3. Жасау, құру етістіктері: тоқы, жина, көшір, суғар, аудар, 
қайыр, тəрбиелеу, əкел, бу, жу, бақ, ек, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл, 
айда, еле, жалға, жама, түзе, түй, ой, бөл, жар, піш, уат, отырғыз, 
қырық, тара, тегістеу;
4. Өзгеру етістіктері: майла, сөк, тазала, қозға;
5. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері: 
көрсет, аудар, суғар, қайыр, ер, апар, жұмса, күре, игер, сапыр, қаз, 
жық, жақ, шайна;
6. Қозғау етістіктері: суыр, сана, алып кету;
7. Қалып-сапа етістіктері: отырғыз, тіз, жүр, нұқы, шұқы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет