Талғат сайрамбаев


Сан есім: Жылқы мың үш жүз (Ғ. Мұстафин). Құда – мың- жылдық (Мақал). Берер жерім он екі (Х. Есенжанов). Есімдік



Pdf көрінісі
бет169/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сан есім: Жылқы мың үш жүз (Ғ. Мұстафин). Құда – мың-
жылдық (Мақал). Берер жерім он екі (Х. Есенжанов).
Есімдік: Асқар көрген бір белгі осы (С. Мұқанов).
Жаңағы жоғарыда келтірілген мысалдардағы баяндауыш-
тар – жақсы, он кісілік, қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт 
немесе ақшыл қызғылт жүзді, ал қара көк, мың үш жүз, мың-
жылдық, он екі – сан есім, сын есімнен болған баяндауыштар. 
Бұлардың барлығы да сөйлемдегі бастауыштың сынын, сапасын, 
санын білдіріп тұр. Ал бұл сөз таптарынан болған сөздер негізінде 
сөйлемде анықтауыш қызметін атқаруы керек еді.
Бірақ бұл сөйлемдерді тиянақтап, аяқтап тұратын етістік 
баяндауыштар айтылмай қалған. Сөйтіп, сын есім, сан есім, 
есімшеден болған анықтауыш сөздер сөйлем соңында келіп ба-
яндауыш қызметін атқарып тұр. Мысалы: Ештен кеш жақсы 
деген сөйлемнің бастауышы – кеш, баяндауышы – жақсы. Бұл 
сөйлемнің болады немесе т.с.с. баяндауышы айтылмай қалған
яғни ой ықшамдалып жеткізілген. Мұнда жақсы анықтауыш сөзі 
сөйлем соңында келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Толықтауыштың баяндауышқа ауысуы.
Септік жалғаулы сөздердің сөйлем соңында келуі.
Барыс: Ең жақсы кітап – балаларға («Қазақ əдебиеті»).
Жатыс: Асқар Кенжетай үйінде (С. Мұқанов). Барлығы ты-
ным алмай қимылдауда (С. Ерубаев). Мал əлі жайылымда, жаз 
қызуы бойда, бүрсеңдер кездің белгілері əлі білінген жоқ-ты 
(Ғ. Мүсірепов). Үлкендер қонақта, жастар ойында (Ғ. Мұстафин). 
Үсен биыл отыз жетіде («Қазақ əдебиеті»).


345
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бұл сөйлемдердің баяндауыштары балаларға, үйінде, қимыл-
дауда, жайылымда, бойда, қонақта, ойында, отыз жетіде. Бұ-
лардың барлығы да сөйлем соңында белгілі бір септік жалғау-
ларында келіп, етістік – баяндауыш айтылмай қалуы салдарынан 
баяндауыш қызметін атқарып тұр. Асқар Кенжетай үйінде деген 
сөйлемде отыр немесе т.с.с. етістік баяндауыш айтылмай қалып, 
жатыс септігі жалғауындағы үйінде сөзі сөйлем соңында келіп, 
сөйлемді (өзінше) тиянақтап, баяндауыш қызметін атқарып тұр. 
Ең жақсы кітап – балаларға – деген сөйлемде де балаларға сөзі 
барыс септігі жалғауында келіп, сөйлемде болады, беріледі не-
месе т.с.с. етістік – баяндауыштың айтылмауының нəтижесінде 
баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ал барыс, табыс, жатыс, шы-
ғыс, көмектес септік жалғаулы сөздер негізінде сөйлемде толық-
тауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлемдерде ойдың ықшамдалып 
айтылуына байланысты етістік баяндауыш айтылмай қалып, 
септік жалғаулы сөздер сөйлем соңында келіп, баяндауыш қыз-
метін атқарып тұр, яғни толықтауыш баяндауышқа ауысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет