Талғат сайрамбаев


Анықтауыштың толықтауышқа ауысуы



Pdf көрінісі
бет168/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Анықтауыштың толықтауышқа ауысуы.
Септік жалғаулы түрде заттануы. Мысалы:
Сын есім: Кəріге – құрмет, жасқа – жол (Мақал-мəтел). Бос 
өткізу өмірді, ақымаққа көңілді (Мақал-мəтел).
Сан есім: Жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақал-
ды, мұртты кісі еді (С. Мұқанов). Сонда ойлап-ойлап қырыққа 
тоқтаған (Ғ. Мұстафин).
Есімше: Үйіңе бар да, неше жыл қызмет істегеніңді, қанша 
ақың кеткенін есепте де, арызыңды алып кел (Х. Есенжанов).
Бұл сөйлемдердегі жасқа, кəріге, ақымаққа, қырыққа, қы-
рықтарды, ақың кеткенін, қызмет істегеніңді деген сөздердің 
барлығы да толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Ал бұл сөз таптары сөйлемде негізінде анықтауыш қызметін 
атқаруы керек еді. Бұл мысалдарда осы сөз таптарынан болған 
анықтауыш сөздердің анықталатын сөздері айтылмай, ой ық-
шамдалып жеткізілген. Мұндай жағдайда анықтауыш сөздер 
субстантивтеніп, зат есімге тəн септік жалғауларын қабылдап, 
сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.
Сөйтіп, анықтауыштың толықтауышқа ауысуы тілдік эконо-
мияның нəтижесінде, яғни анықталушы сөздің айтылмай қалуы-


344
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
нан болғандығы айқын. Бұл сөйлемдегі сөз тіркестерінің байла-
нысына да əсер етеді. Мəселен, кəріге – құрмет, жасқа – жол 
деген мақалда кəрі, жас сын есім. Кəрі кісі, жас бала десек кəрі, 
жас сөздері анықтауыш болар еді.
Анықтауыштың баяндауышқа ауысуы.
Сын есім, сан есім, есімдіктің сөйлем соңында келуі арқылы.
Сын есім: Ештен кеш жақсы (Мақал). Ана деген қандай 
жақсы (Б. Майлин). Барақ үйшіктердің бірі он кісілік (С. Сей-
фуллин). Көпшілігі қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт неме-
се ақшыл қызғылт жүзді (М. Əуезов). Айналадағы жазық пен 
төбешіктің бəрі де ал қаракөк (М. Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет