370
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
өзіміздің шаруаны емде (X. Ерғалиев). Мұнда бірнеше адамдар-
дың
тез көтерілуі, шығып кетуі мен
өзімізге тиісті тірлікті рет-
теу туралы сөз болып отыр.
Сөйтіп, сөйлем – коммуникативті қызметі бар синтаксистік
бірлік. Сөйлем синтаксистің ең
басты объектісі дегенімізбен, ол
бір жағынан тілдік басқа категорияларды, яғни сөз арқылы сөз
тіркестерін өз бойына қамти алады. Олар сөйлемде құрылыс ма-
териалы ретінде танылады. Жоғарыдағы
сөйлемдерді құраушы
сөздер де сөз тіркестері арқылы ғана сөйлем құрап тұр. Сол сияқты
сөйлемнің өзі де синтаксистік басқа категориялардың бөлшегі
ретінде құралады.
Бұрын синтаксис объектісінің ең жоғары сатысы сөйлем
делініп, тек сөйлемді қарастырумен шектелетінбіз. Ол дұрыс та,
дегенмен ғылым дамиды, оның шегін айқындауды бір фактімен
ғана шектеуге болмайды.
Қазіргі кезде тілімізде текст, абзац,
күрделі синтаксистік тұтастық сияқты категориялар да объектіге
алына бастады. Сонда, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықты
құрайтын элемент ретінде де қарауға мүмкіндік аламыз. Бірақ
қолданылуы жағынан алғанда жеке сөйлемнің қызметі ерекше.
Сөйлем – синтаксистің ең көп аспектілі бөлімі. Олардың бой-
ынан екі үлкен мəселені, яғни сөйлемнің жасалуын жəне сол
арқылы олардың семантикалық белгілерін айқындауымыз керек.
Сөйлемнің негізгі мəселесі оның құрылымы,
жасалуы болып та-
былады. Сөйлемді құрауда басты мүшелер – баяндауыш пен бас-
тауыш. Бұл сөйлем мүшелерінсіз сөйлем болуы мүмкін де емес.
Достарыңызбен бөлісу: