376
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лы айтыстар да негізінен оларды топтау мəселесіне,
жасалуы-
на қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Ең алдымен,
сөйлем мүшесі туралы анықтамаларды талдап көрелік. Х. Ба-
сымов пікірінше, «1) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз;
2) Сөйлемде қанша сөз болса,
солардың барлығын соншалық
сөйлем мүшесі дейміз; 3) Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем
мүшесі дейміз; 4) Сөйлемдегі əртүрлі сұрауға жауап берген сөзді
сөйлем мүшесі дейміз».
Сөйлем мүшелері туралы кейінгі кездегі авторлардың пікір-
лері де жинақталды:
М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие бо-
лып, синтаксистік қызмет атқарып
тұратын сөздерді сөйлем
мүшесі дейміз». М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен
синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғым-
ды білдіретін жеке
сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дей-
міз». Р. Əміров: «Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптас-
қан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде толық
мағыналы сөздер қолданады».
Сөйлем мүшелерін зерттеген ғалымдардың ішінде тек X. Ба-
сымов қана сөйлем мүшелерінің жасалуы, оларға қатысты сөз дер
тобы жəне сөйлем мүшесі туралы көзқарастарға өзіндік топшылау
жасай білген. Ол сөйлем мүшесі туралы əртүрлі тұжырымдардың
бірінші жəне төртінші түріне қосылмайды.
Бұл туралы автор,
біріншіден, кез келген сөздер сөйлем мүшесі бола бермейді,
екіншіден, əртүрлі сұрауға жауап беретін сөздердің барлығы
сөйлем мүшесі бола бермейді, тек бірыңғай сұрауға жауап беретін
сөздер сөйлем мүшесі бола болады деп көрсетеді. Автор сөйлем
мүшелері дегенге сұрақ қоя келіп, енді өзіндік пікір ұсынады.
Біріншіден, сөйлем мүшелері болатын сөздер айтайын деген ойды
білдіруге қатысты ешбір көмекші
сөздерсіз жұмсалған негізгі
мағынаға ие сөздер болады. Екіншіден, сөйлемдегі айтайын де-
ген ойды білдіруге керекті негізгі сөзге енді көмекші сөздердің
қосақталып жұмсалуы арқылы сөйлем мүшесі жасалады дейді.
X.Басымовтың бұл пікіріне қарағанда сөйлем мүшелері
дербес
мағынасы бар жəне ондай дербес мағынасы бар сөздерге түрлі
көмекші сөздердің қосақталуы арқылы жасалады. Дегенмен автор
сол сөйлем мүшелері туралы берген ережелерді жан-жақты талдау
жасауға онша бара алмаған.