383
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
рынан жасалатындығы арнайы сөз болып отыр. Жалпы, сөз тап-
тарының синтаксистік ерекшеліктері, біріншіден, əрбір сөз табы-
ның соңында олардың арнайы түрде сөй лем мүшесі болуы,
екіншіден, əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында белгілі бір сөз
таптары жан-жақты айтылады. Осындай тығыз байланыстылық
көп еңбектерде жалпылай айтылғанымен, кейде ол мəселелер ар-
найы түрде де қаралып жүргенін көреміз.
Осы тақырыпқа қатысты еңбектерде сөз таптарының алды-
мен өздеріне тəн, яғни сөйлем мүшелерінен ерекшелейтін жайт-
тары айтылады. Сонымен бірге сол сөз таптарының сөйлемге
мүше болу кезіндегі кейбір ауытқу процестері сөз болады. Бұған
қоса, əрбір сөйлем мүшеле рінің жасалуында сөз таптарының өзін-
дік орны,
қатысу ерекшеліктері, мағыналық өзгерісі арнайы қа-
ралады. Мəселен,
Аманкелді өзінің жігіттерін 20-30-дан бөліп-
бөліп, таса жерге орналастырды деген сөйлемдегі
Аманкелді,
жігіттер, жер сөздері заттық мағынаны білдірсе,
бөліп-бөліп
орналастырды сөздерінде қимылдық қасиет,
20-30-дан сөзде-
рінде сандық табиғи қасиеттер бар.
Лексикалық мағына – əрбір
сөздің ешбір жалғаусыз атау
күйіндегі мағынасы десек, грамматикалық мағына – сол лекси-
калық мағынасы бар сөзге түрлі қосымшалардың жалғануы
арқылы пайда болған мағына. Əрбір сөз сөйлемде нөлдік тұлғада
жəне түрлі қосымшалар жалғануы арқылы əрі сөз табы, əрі
сөйлем мүшесі ретінде жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасы
енді ол сөздер сөйлем мүшесі болған кезде сақтала ма? Мы-
салы:
өзінің есімдігі енді анықтауыш,
жігіттерін,
20-30-дан
толықтауыш болып жұмсалып, ол мағынасынан қалай да алшақ-
тап кеткендігін көруге болады. Осы сөздердің сөз табы кезіндегі
мағынасының енді сөйлем мүшесі
кезінде болатын алшақтығы,
шындап келгенде, сөздерге грамматикалық мағынаның əсерінен
болуы тиіс. Грамматикалық мағынаға ие болу, негізінде, сөздерге
түрлі жалғаулардың жалғануы немесе түрлі көмекші сөздер мен
демеулердің түйдектелуі арқылы жүзеге асса керек. Сөз табының
лексикалық мағынасы бойынша сөйлем мүшесі болатын əрбір
сөздің, біріншіден, əрқайсысы бір-біріне қатысты, яғни біріне-
бірі бағынышты, бағыныңқы дəрежеде жұмсала келіп, екіншіден,
олардың
əрқайсысының сөйлемде белгілі дəрежеде мағынасының