Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бола алмайды. Осының өзі-ақ оның сөйлем үшін ең қажетті екенін
көрсетсе керек. Екіншіден, ол – сөйлемді тиянақтау жағынан да
басты тұлға. Сол сияқты бастауышты баяндауыш арқылы табу да
жүйелі принцип. Осы негізде келгенде қалайда сөйлемнен баян-
дауышты алғаш табу орынды.
Əрбір сөз табының өзіне ғана тəн көрсеткіштері бар екені
айқын. Зат есімге нөлдік, көптік, тəуелдік жалғаулары тəн болса,
сын есімдерге де нөлдік форма мен сапалық, қатыстық түрлері, сан
есім мен есімдік, үстеулер түрлері, ал етістікке əртүрлі категория-
лар тəн. Əрбір сөз табындағы мұндай категориялар – бір-біріне
ұқсамайтын өзіндік бір көрсеткіштер. Сөз таптарындағы осындай
тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшесіне де тəн. Бірақ əрбір
сөз табындағы тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшелерінің
тұлғалық ерекшелігіне қатысты болады. Мысалы, бір ғана
бастауыштың нөл дік, көптік, тəуелдік тұлғалары бастауыш бола-
тын барлық сөз таптарына бір жүйеде қатысты болады. Ал септік
жалғаулы сөз дер сөйлем мүшесі болған кезде əрі анықтауыш,
əрі пысықтауыш, əрі толықтауыш сөйлем мүшелерінің біріне қа-
тысты жұмсала береді. Сонда, əрбір сөз табының тұлғалық ерек-
шелігі əрбір сөйлем мүшелерінің тұлғалық ерекшелігіне қарай
ыңғайланады. Жалпы алғанда, əрбір сөз таптарының тұлғасы
сөйлем мүшелерінің тұлғасымен бір деп айтуға болмайды. Əрқай-
сысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Əрбір сөз табының да, əрбір сөйлем мүшелерінің де құры-
лымдық түрі бар. Сөз таптары құрылысына қарай дара жəне
күрделі болып, оның əрқайсысы сөз саны жағынан дараланады.
Олардың күрделі түрлерінің өзі дербес мағынасы бар бірнеше
сөзден немесе дербес мағынасы бар жəне көмекші етістіктермен
тіркесіп келіп те жасала береді. Бірақ сөз таптарының мұндай
құрылымды түрлері дара немесе күрделі болғанымен, сол тобы-
мен бір сұраққа жауап беріп, бір сөз табына ғана қатыстылығымен
ерекшеленеді. Əрбір сөйлем мүшелері де құрылысына қарай да-
ра, күрделі ерекшеліктерге ие болады. Бірақ сөйлем мүшелерінің
күрделі түрлері кемінде екі сөзден бола береді. Сөз таптарындағы
күрделі түрге қараған да, сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерінің
кейбір ерекшеліктері бар. Сөз табында көмекші есім, модаль сөз-
дер, шылаулар жеке-жеке сөз табы ретінде жұмсалса, сөйлем
389
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мүшелерінде олар күрделі сыңардың құрамында ғана жұмсала-
ды. Сол сияқты үйірлі анықтауыштар негізінде əртүрлі сөз тап-
тарынан жасалғанымен, сөйлемде бір-ақ мүше қызметінде жұмса-
луға тиіс. Өйткені үйірлі анықтауышқа енген сөздер сол тобы-
мен бір ғана сұраққа жауап береді. Кейде бір сөйлем мүшесі бол-
ған сөз таптары үйірлі анықтауыш іспетті бірнеше сөз таптарынан
жасалып, бір-ақ сөйлем мүшесінде жұмсалады. Міне, бұл жағы-
нан келгенде сөз таптарының құрылымдық түрлеріне қарағанда,
сөйлем мүшелерінің құрылымдық түрінің аумағы əлдеқайда кең.
Сөз таптарының күрделі құрамында негізінен бір сөз табына
ғана қатысты сөздер болса, ал сөйлем мүшелерінің құрамында,
біріншіден, бір сөз табына қатысты сөздер де, екіншіден, əртүрлі
сөз таптарына қатысты сөздер тобы да кездесе береді. Сөз тап-
тарының күрделі түрлері (етістікте ғана болмаса) көбіне екі сөзден
аспаса, сөйлем мүшелерінде ондай күрделі сөйлем мүшелерінің
саны (тұрақты тіркесті қоспағанда) бірнеше сөзді болып келе
береді. Тіпті, кейде бірнеше сөзді сөйлемдер де (онда бірнеше
сөз таптары бола береді) сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала
береді. Сөйлем мүшелері, оның жасалуы сөз таптарының негізінде
қалыптасады. Сондықтан да сөз таптары ғана сөй лем мүшелерін
құрайды. Сондай-ақ сөз таптарының қызметіндей дəрежеде тұ-
рақты тіркестер, тіпті оқшауланған сөйлемдер де қолданыла
береді.
Тұрақты тіркестер құрамы жағынан күрделі болып келетіні
белгілі. Олар – сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерін жасаудың
басты факторы. Əдеттегі сөз таптары сияқты тұрақты тіркестер
сөйлемде мол жұмсала келіп, сөз табы жағынан талданбағаны-
мен, сөйлемде сөйлем мүшесі болу дəрежесіне толық ие сөздер.
Олар сол тобымен бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ
мүшесі қызметінде жұмсала алады. Тұрақты тіркестер де əдеттегі
сөз таптарының тұлғалық ерекшелігіне сəйкес. Бұлар да əрі сеп-
теліп, тəуелденіп, жіктеліп, көптеліп, кейде кейбір жұрнақтарды
қабылдай отырып, сөйлемнің барлық мүшесі қызметінде жұмса-
ла береді. Бұған қарағанда, сөйлемді құрайтын элементтерге сөз
таптары ғана емес, лексикалық материалдар да қатысты бола-
ды. Осы сияқты сөйлемде тұрақты тіркестей болмағанымен,
синтаксистік топтар да өзара іштей бірнеше сөз таптарынан
390
Достарыңызбен бөлісу: |