Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемнің ішінде сөйлемдік құрамда келіп, басқа көмекші сөз-
дердің көмегімен сол өзі қатысты сөйлемнің бір мүшесі ретінде
жұмсалынады. Тұрақты тіркестерге қарағанда бұл сөйлемдер
іштей өзара бірнеше сөз таптарынан құралады. Əрбір сөз жеке-
жеке сұрауларға жауап бергенімен, сол тобымен сөйлемде бір-ақ
сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесін құрайды.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі де, былайша айтқанда, тарихи
категория. Əрине, жоғарыда айтылғандай, шығуы, қалыптасуы
жағынан сөйлем мүшесі алғашқы орынға ие болатыны белгілі. Бірақ
осы категорияның даму процесінде де өзіндік өзгерістер, біріне-
бірі ұқсамайтын жайттары баршылық. Сөз тіркестері негізінде сөз
табы мен оның тіркесі болғандықтан, олар сөз таптарының қа-
лыптасуымен тығыз байланысты. Əрбір сөз табының өзіндік шығу
тарихы бар. Сол жеке-жеке сөз таптарындағы əрі лексикалық, əрі
грамматикалық құбылыстар олардың өзара тіркесу аясының даму-
ына немесе тарылуына əкеліп соғады. Бір ғана зат есімнің септе-
лу аясының өзіндегі өзгерістер немесе оның əрбір жұрнақтары-
ның көнеленуі, түптеп келгенде, ол сөздердің тіркесу аясының
тарылғанын, енді ондай тіркестердің болмайтынын айқын көрсетсе,
кейбір зат есімдердің архаизмге айналып, қолданудан шығуының
өзі, тіпті, енді ол сөздердің тіркесі жоққа шығуымен бірдей. Бұған
қарағанда, əрбір сөз табындағы болатын архаизм, тарих мəселелері
сөздердің тіркесу қабілетіне үлкен əсер етуі айқын. Керісінше, сөз
тіркестерінің аясының кеңеюіне тіліміздегі жаңа сөздер, түрлі ау-
дарма мəселелері өз əсерін тигізбей қалған жоқ. Бұрын бір ғана
сөздермен тіркесуге тиісті сөздер, енді басқа сөздермен де тіркесе
алатын дəрежеге ие болады. Бұл жөнінде мына жайтты да көрген
жөн. Əрбір сөз табының қазіргі ережелері өз бойындағы қасиетті
толық сақтай алмаса керек. Сын есім ережесінің мəні олардың тек
затқа қатысын, ал үстеу тек қимылға қатысын анықтайтын бол-
са, олар қазіргі кезде сол ережелердегі қағидалардан əрі ауытқып,
сын есім, сан есімдер енді етістіктермен де, ал үстеу есімдермен
де тіркесе алатын дəрежеге ие болды. Сонда, сөз таптарындағы
ішкі, сыртқы даму процесі олардың тіркесу аясының не тарылу, не
кеңею процесіне əкеліп соғады екен.
Сөйлем мүшелеріндегі негізгі мəселе, қай сөйлем мүшесі қай
сөз таптарынан жасалатындығында. Əрбір сөйлем мүшесі үшін
391
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөз таптарының жұмсалуы негіз болса, енді бір сөйлем мүшесі
болу үшін бірнеше сөз таптары да негіз бола береді. Тіпті, кей-
де сөз таптарына жатпайтын топтар, яғни тұрақты тіркестер мен
сөйлемдер де сөйлем мүшесі бола береді. Бірақ əрбір сөйлем мү-
шесі үшін сөз таптарының көлемі əртүрлі. Олай болса, сөз тап-
тарына қарағанда сөйлем мүшелерінің аясы əлдеқайда кең. Сөз
таптарын сөйлемнің негізгі құраушы элементі дейміз. Шынын-
да, сөз таптарынсыз сөйлем де болмақ емес. Бірақ қалыптасуы,
қолданылуы жағынан сөйлем жəне оның мүшелері сөз таптары-
на қарағанда ерте қалыптасты деу орынды. Оның өзі – тарихи
құбылыс.
Сөз таптарын сөйлемнің ішінде екіжақты қарастырған жөн.
Біріншіден, сөйлемдегі сөз таптарын сөз тіркесінің ыңғайында
саралаймыз. Сөйлемдегі сөз тіркестері байланысу формалары-
на қарай қабыса, меңгеріле, матаса жəне қиыса байланысқан сөз
тіркестері деп топтау басым. Біз сөз тіркесінің, негізінен, қай сөз
табы қай сөз табымен тіркесе алатындығы тұрғысынан ғана сөз
етеміз. Сонда сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларына
қарай сөз таптары əңгіме болады. Екіншіден, сөйлемдегі сөздерді
сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне талдау барысында біз енді оларды қай сөйлем мүшесі
қай сөйлем мүшесімен байланыса алатындығын негізге алып,
сөз таптары мен сөз таптарының арасындағы тіркесті сөйлем
мүшелерінің байланысу қабілетіне қарай саралайтын боламыз.
Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары бар дедік. Ал
сөйлем мүшелерінде дəл ондай қасиет болғанымен, бəрібір бас-
тауыш пен баяндауыштан басқасы соларға қатыстылығымен
ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің сыңарлары тұрғысында қай
сөз табы қай сөз табымен тіркесе алу процесі сөз болса, сөйлем
мүшелерінде баяндауышқа, бастауышқа қатысты неме се, т.б.
сөйлем мүшелеріне қатысты жағы ескерілсе керек. Сөз тіркесінде
сөздердің тіркесімділігі, ал сөйлем мүшелерінде байланыс мəселесі
сөз болатынын байқауға болады. Сөз тіркесі сөйлем мүшелеріне
қарағанда қалыптасуы жағынан кеш пайда болған. Оның тари-
хи себептері бар (ол тура лы грамматикалық категориялардың
қалыптасуы бөлімін қараңыз). Оның өзі олардың құрамдарына
да қатысты демекпіз. Сөз тіркестері тек дербес мағыналы сөздер
392
Достарыңызбен бөлісу: |