Көсемшенің баяндауыш болуы. Көсемше баяндауыш қыз-
метінде жеке тұрғанда тек сабақтас құрмалас сөйлемде ғана
жұмсалып, сөйлемнің тиянақсыз түрін құрайтыны белгілі. Ал
жай сөйлем немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының
тиянақты баяндауышы болуы үшін түрлі көмекші сөздер
қосылып, жалғаулар жалғанып, күрделеніп барып қолданылады.
Біз бұл арада көсемшелердің тек тиянақты баяндауыш қызметінде
жұмсалуы турасында сөз етеміз. Көсемшенің негізгі жұрнақтары
-ып, -iп, -п, -а, -е, -й жəне -қалы, -келі, -ғалы, -гелі екені белгілі.
Бірақ А. Ысқақов көсемшенің жұрнағының бірі ретінде -ғанша
жұрнағын жəне оның нұсқаларын да жатқызады. Шынында, бұл
жұрнақ тұлғалық жағынан (-ған, -ша) есімше екені айқын. Бірақ
автор бұл жұрнақты сөздердің есімшеге тəн тіркесу қабілеті,
синтаксистік қызметі жағын ескере келіп, көсемше тобына қосқан.
Таз таранғанша, той тарқар (Мақал).
Көсемшенің осы жұрнақты түрлері сол жеке қалпында дара
тұрып, тиянақты баяндауыш бола алмаса керек. Бірақ кейде он-
дай тұлғалы көсемшелер баяндауыш қызметінде де жұмсалады.
486
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бірақ ондай көсемшелердің баяндауыш болуы үнемі көмекші
етістіктер немесе есімше тұлғалы етістіктердің дəнекер болуы
арқылы жүзеге асса, кейде көсемшелердің тиянақты баяндауыш
қызметінде жұмсалуына себеп болатын дəнекерлер сұраулық шы-
лаулар болады. Мысалы: Үйіңізде секіртетін емес, көкіртетін дəрі
табыла ма? (Ш.Сариев). Мені айта ма,сені айта ма? (F.Мүсі-
репов).
Осы сөйлемдегі табыла, айта алдағы уақыттағы амал-
əрекетті білдіруі керек, сөйтіп ол тиянақсыз дəрежеде тұр. Бірақ
осы тұлғалы көсемшелерді сұраулық шылаулар ғана тиянақтап,
өз алдында таза көсемшелі баяндауыш етіп тұр. Көсемшелер дара
күйінде баяндауыш қызметінде көбіне жіктік жалғауында келуі
арқылы ғана қолданылады. Кейде жіктік жалғаулы көсемшелер
көптеліп те баяндауыш қызметінде жұмсала береді: Шығармын
адам болсам тірі болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып
(С.Торайғыров). Бəтестің қалған сүрін бүгін түгел астырамыз
(С.Мұқанов). Компанияның жүз жиырма пайызының алпысын
маған бересіздер (Ғ.Мүсірепов).
Көсемшелердің күрделі түрінің баяндауыш болуының бірне-
ше жолы бар. Көсемшелер баяндауыш қызметінде күрделі түрінде
келсе де, бəрібір өз алдына тиянақтылық дəрежеде жұмсала
алмайды. Ондай кезде күрделі топтардың соңғысы қалай да
тиянақтылық дəрежеге түрлі формаларды қабылдап барып жете-
ді. Бірақ негізгі басты сыңарлары таза көсемше болуы қажет: а) Екі
не одан да көп көсемшелер жіктік жалғауын қабылдауы арқылы
ғана көсемшелі күрделі баяндауыш жасалады. Мұндай кезде -ып,
-in, -n жұрнақтары көсемше мен -а, -е, -й жұрнақты көсемшелер
өзара түйдектелуі арқылы жасалады. Мысалы: Үлкендері жаста-
рын наздана қарпып жібереді (X.Есенжанов). Кейбір өзі білмей-
тін қиын сөздерін ұстап қалады (М.Əуезов). Кең даланы бас-
қан қалың қар күн сайын жіпсіп ери түседі (С.Сейфуллин).
Теміржандар осылай қиғылықты салады да тұрады (Ғ.Мұстафин).
ə) Көсемшелер түрлі сөздердің тіркесі арқылы жасалады.
Негізінен көсемшеге көмекші етістіктер ғана арнайы қатыса ала-
ды. Мұның өзі көсемшенің етістіктің басқа топтарына қарағанда
өзіндік бір ерекшелігі болып табылады. Ондай көмекші сөздер
а) де, е; ə) отыр, тұр, жүр, жатыр; б) Сіздер маған кеп пе едіңіз-
487
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дер (З.Шашкин). Ол газетті лаулап жанған пешке салды, сонда
барып тұла бойын жайлаған үрей дірілі басылайын деді (М. Сера-
лин).
б) Көсемшелерге отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктері
тіркесі арқылы: Мен үйге келсем, Əбдірахманның қаладан келгенін
естіп, үй іші қуанып отыр екен (Б.Майлин). Қонақтар аттанғалы
жатыр (Ғ.Мұстафин). – Отағасы, сіз қашанғы хандықты жəне қай
хандықты айтып отырсыз? (Ғ.Мүсірепов).
в) Көсемшелерге түрлі негізгі етістіктердің көмекші қызметте
жұмсалуы арқылы. Мысалы: Кішкене жирені қолына тиген соң,
жігіт артына қарай-қарай ұзай берді (Ғ.Мүсірепов). Əуес ана үйіне
тұра жүгірсін («Лениншіл жас»).
г) Көсемшелерге бар етістігінің көмекші қызметте жұмсалуы
арқылы. Мысалы: Болыс, старшын, атшабарларын жəне песірін
ертіп барыпты (М.Əуезов).
Көсемшелі күрделі баяндауышта негізгі сөзі көсемше тұлғалы
сөз болады. Сондықтан да көсемшелі баяндауыштың бірінші
сыңары – таза көсемше, келесі сөздері көмекші етістіктер болып
келеді. Күрделі баяндауыштардың негізгі сөзі жіктік жалғаулы
етістіктер болады да, оны күрделендіруші етістік көсемше тұлға-
лы етістік болып, сол тобымен күрделі көсемшелі баяндауыш
құрайды. Олар қимылдың созылыңқы істелуін көрсетеді. Мысалы:
Қадірбай ақын Жəңгірдің арғы-бергі ата-бабасымен, үрім-бұта-
ғын, əйелі мен балаларын мақтап ағылады-ай кеп (Сөз тапқанға
қолқа жоқ). Ыдысты ашып жіберіп, əлгі екі тақтайға жабысқан
сары майды қос жеңді түріп жіберіп, сылиды келіп (Ш.Сариев).
Міне, осындағы ағылады-ай кеп, сылиды кеп күрделі баянда-
уыштары былай қарағанда құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сы-
ңарының баяндауыш формасына ұқсас. Бірақ бұл баяндауыштар-
дың соңғы сыңары тиянақсыз көсемшеде тұрғанымен, бəрібір ол
баяндауыштар тиянақты ойды білдіріп тұр. Өйткені форма жағы-
нан тиянақсыз сияқты болғанымен, бұл сөйлемдегі тиянақтаушы
негізгі сөздер ағылады-ай кеп, сылиды кеп етістіктері де, ал кеп,
келіп көмекші етістіктері өзінің көмекшілік қызметін атқарып
тұр. Сөйтіп, сол тобымен бір-ақ тиянақты баяндауыш болып
жұмсалып отыр.
488
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |