Етістік категорияларының
аралас түрде баяндауыш болуы
Етістіктің дербес мағыналы тобы да, көмекші тобы да тілімізде
мол жұмсалғанымен, синтаксистік қызметі тек дербес мағыналы
топтарында ғана болады, ал көмекші етістіктер өз алдына сөйлем
мүшесі бола алмайды. Дербес мағыналы етістіктерге есімше,
көсемше, қимыл есімі, шартты рай, етістер тобы мен жақты
білдіретін сөздер жатады. Етістіктің осы категориялары жеке-
жеке баяндауыш қызметінде мол жұмсалады. Мұндай құбылыс
бұрыннан бар болғанымен, олардың баяндауыш қызметінде
жұмсалу үлгілері арнайы сөз болған емес. Біз бұл етістікті топ-
тардың бір-бірімен араласып келуінде есімше, көсемше, шақ, етіс,
қимыл есімі, көбіне екі тобының ғана бірігіп, сол тобымен күр-
делі баяндауыш болуын көп кездестірдік. Мұндай етістіктердің
аралас құрамды баяндауышының бірінші сыңары көсемше
тұлғалы етістік қана болады. Онан кейін басқа категориялары
ретіне қарай жұмсала береді. Жалпы, мұндай аралас құрамды
баяндауыштар құрамына қарай екі, үш, тіпті бірнеше сөзді бола-
ды. Ал көмекші етістіктер көмекшілік қызметте жұмсалады. Екі
етістік қатар келгенде оның біріншісі негізгі мағынаға ие болып,
онан кейінгі етістіктер қанша дербес мағыналы болғанымен,
бəрібір көмекшілік қызмет атқаратыны белгілі. Miнe, олай болса
аралас құрамды етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары
көсемше (ондай кезде көбіне -а,-е,-ып, -iп; -п жұрнақтары көп
кездеседі) де, көмекші сыңарлары есімше, қимыл есімі, етістер,
492
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
-нікі, -дікі, -тікі жұрнақты есімшелер, т.б. жұрнақты сөздер де кез-
десе береді. Сонымен бірге кейбір модаль сөздер мен демеуліктер
де кездесіп отырады.
Таза көсемше мен етістіктің тіркесі арқылы: Жазғы ауылдардың
киіз-кілем сияқты үй жиһаздарын тонап кеткен (Ғ.Мүсірепов).
Кейде осындай құрамды баяндауыштың есімше тұлғалары
жіктеліп жəне -нікі, -дікі жұрнағын қабылдап та жұмсала береді:
Бұрын кең киімге үйреніп қалғандікі ғой (Қ.Жұмаділов). Сен де
мені аяғым кесілген күні тастап кетерсің (Т.Кеңесбаев).
Көсемше мен есімшеге көмекші етістіктердің тіркесі арқылы:
Мен келсем, менен əлдеқашан бұрын жұрт жиналып қойған екен
(Б.Майлин). Сенгішпін ашық жандарға, өзім де оларды сендіру
үшін ештемені аяп көрген емеспін (Ə.Тəжібаев). Көсемше -дай
жұрнақты есімшеге жəне көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы:
Далада мың албасты ойнақ салып, мың пері мен сансыз жын
соғысып жатқандай еді (Е.Айнабаев). От төгіп, өлім еккен
күшті жау қаланың шыбын жанын алқымына əкеліп қалған еді
(Ғ.Мүсірепов).
Көсемше, есімшеге модаль сөздердің тіркесуі арқылы: Көзі
ұясынан шығып барады, есінен танып бара жатқан тəрізді.
Іші тегенедей төңкеріліп, алқымына тіреліп тұрған сияқты
(Ғ.Мүсірепов). Көсемше, есімшеге жоқ сөзінің тіркесі арқылы:
Жасыратыны жоқ, су шаруашылығына ғылымның соңғы табысын
толық қолданып отырған жоқпыз (С.Мұқанов).
Көсемше мен тəуелдік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы:
Тағы бір саулық жол-жөнекей суда қоздағалы жатқаны да, Жыл-
да ылғи сан соқтыратын Сырдың суы ұрланып келіп басып алғаны
да (Ғ.Мүсірепов). Бірнеше көсемше мен тəуелдік жалғаулы (кей-
де көптеліп, кейде дара түрінде де жұмсалатын) есімшенің тіркесі
арқылы: Кəріліктің демдей бастағаны ма, насыбайын атып, анда-
санда таяғын тықылдатып қойып отырғаны (Ш.Қалиақбаров).
Күнде осылай таңдай қағысып, бас шайқасып айран-асыр болып
түнеме үйлеріне қайтып келе жатқандары (Ə.Кекілбаев).
Негізгі сыңары көсемшеге -дай, -дей жұрнақты есімшелердің
тіркесі арқылы. Ол өлең айтып бара жатқандай (Ғ. Мүсірепов).
Көсемшеге -мақ, -мек жұрнақты есімше, онан соң көмекші
етістіктердің тіркесі арқылы: Жалма-жан атты жектіріп мен алып
493
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жүрмекші болдым (Б.Майлин). Көсемше мен қимыл есімінің
(тұйық райлы етістік) тіркесі арқылы: а) көсемше мен таза қимыл
есімі немесе оның тəуелдік жалғауы арқылы: Хан иемнің ойы, со-
лар жеткенше, керей мен уақты алдастырып ұстай тұру (С.Мұқа-
нов). ə) Көсемше мен қимыл есіміне модаль сөздердің тіркесі
арқылы: Оларды қайта қаңғыртып жіберу керек («Лениншіл
жас»). б) Бір не бірнеше көсемшеге барыс жалғаулы қимыл есімі
жəне оған көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Енді оған суық
түскенде кəрі шешесін жəне Ұлжан қолындағы жас балаларын
тоңдырып отыра беруге болмады (М.Əуезов). Əрнеге бір бой
ұрып, күш-қуатты шаша беруге болмайды (С.Омаров). Көсемше
мен -шы жұрнақты қимыл есіміне көмекші етістіктердің тіркесі
арқылы: Көкке аунап, көлге шомылмай кетпейтін күндеріміз
қандай қызық еді! Далаға да қона салушы едік (Ғ.Мүсірепов).
Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары, заңғар күмбез-
дері көрініп тұрушы еді (М.Жұмабаев).
Достарыңызбен бөлісу: |