Талғат сайрамбаев


Баяндауышты күрделендіретін көмекші сөздер



Pdf көрінісі
бет245/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Баяндауышты күрделендіретін көмекші сөздер
Əдетте баяндауыш, оның ішінде етістікті де, ортақ баянда-
уыштарды да сөз еткенде оларға қатысты мəселенің бірі – олар-
ды күрделендіруші элементтер. Олар, біріншіден, əрбір сөз 
табының күрделі түрі арқылы жүзеге асады. Екіншіден, негізгі 
сыңары етістік жəне есімдерге көмекші етістіктердің түйдектелуі 
негізге алынады. Əрине, мұның бірінші түрінің күрделенуі 
онша қиындық келтірмегенімен, екінші тобының жасалуында 
бірізділік жоқтың қасы. Оның өзі мына мəселелерге келіп тіреледі.
а) етістік баяндауыш пен ортақ баяндауышқа көмекші сөздерді 
саралап жатпай-ақ, оларға көмекші етістіктердің тіркесі арқылы 
күрделі баяндауыш жасалады деу басым; ə) етістікті баяндауыш 
пен ортақ баяндауышты күрделендіруші көмекші сөздерде айыр-
машылық ескерілмейді; б) көмекші сөздер дегенде көбіне көмекші 
етістіктер сөз болады да, одан да басқа топтардың қатысы 
ескерілмейді. 
Көмекші сөздердің етістік, есімдерге тіркесіп, олардың син-
таксистік қызметіне əсерінің барлығы немесе оның мағынасын 
толықтыра түсетін ерекшеліктері де – ойлануды қажет ететін 


494
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мəселе. Басқасын былай қойғанда, көмекші етістіктердің негізгі 
сыңарлары мен тіркестерінің қасиеті ашылмайды. Осы күнге 
дейінгі əдебиеттерде көмекші етістік туралы сөз болады. Күрделі 
баяндауышты күрделендіруші көмекші етістіктер сөз болғанымен, 
дара баяндауыш жəне күрделі баяндауыш бола алатын етістік-
тердің басы ашылып айтылмайды.
Баяндауыш болмайтын лексикалық мағынасы бар етістік 
жоқ. Ретіне (яғни контекске) қарай барлығы да баяндауыш бола 
алады. Бірақ сол етістіктердің өздері табиғи жағынан не дара, не 
күрделі баяндауыш болуға өзінің қабілеті немесе өзіндік тұлғалық 
ерекшелігі ғана əсер ететін сияқты. Баяндауыш қызметінде 
жұмсалатын бұйрық райлы етістіктер тек дара баяндауыш 
қызметінде жұмсалады. Мысалы: Шық, үйден! Шығарма үніңді. 
Колхоз бастығына мына хатты тапсыр да, тез қайт! (Ғ.Сланов) де-
ген сөйлемде шық, шығарма, тапсыр, қайт дара етістікті баян-
дауыштар бұйрық райында тұруы арқылы жасалынған. Енді осы 
етістіктер өздерінен соң көмекші етістіктерді керек етпейді. Біз 
бұл етістіктерден кейін не арнайы көмекші сөз немесе басқа түрлі 
көмекші етістіктерді тіркестіре алмаймыз. Көмекші етістіктер 
ондай тұлғалы етістікпен тіркесе алмайды. Сол сияқты жіктік 
жалғаулы етістіктер де баяндауыш болып тұрған кезде дара 
тұлғада тұрады.
Қимыл есімдері мен есімшелер баяндауыш қызметінде əрі 
дара, əрі күрделі түрде де жұмсала береді. Бұл олардың сөйлемді 
тиянақтаудағы өзіндік ерекшелігі болса, көсемше (сабақтас 
құрмалас сөйлемнің баяндауыш болғанда ғана дара болып 
келе береді) тек күрделі түрде ғана жұмсалуға тиіс. Мұның өзі 
көсемшелердің тұлғалық та, мағыналық та ерекшеліктеріне сай, 
яғни олар дара тұрғанда сөйлемді өз бетінше тиянақтай алмай-
ды. Олар тиянақты баяндауыш қызметіне тек көмекші етістіктер 
арқылы ғана жүзеге аса алады. Осы арада мынаны да ескерген жөн. 
Əсіресе, күрделі баяндауыш жасауда етістіктің есімше, көсемше 
қимыл есімді тұлғалары негізгі сыңарға ие болады. Күрделі 
сыңарды құрауда көсемше – ең басты тұлға. Себебі көсемшенің 
дара тұлғада келуі ойды аяқтай алмайтын тиянақсыздығын 
білдіреді. Ал ой аяқталмаған соң сөйлем де болмайды. Олай бол-
са, көсемше жеке тұрып та, жанына келесі көсемшені іргелестіріп 


495
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тұрып та өздерінен кейін көмекші етістік не дара етістіктің тұ-
руын қажет етеді. Сөйтіп барып қана көсемшелі күрделі баянда-
уыш жасалады. Мысалы: өлеңді айтып болдыжазып біте алма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет