Талғат сайрамбаев


§11. Сөз тіркесінің құрамы



Pdf көрінісі
бет285/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§11. Сөз тіркесінің құрамы
Сөздер синтаксистік топ құрап, сөз тіркесі болғанда, олардың 
құрамына əр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфо-
логиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің тұлғалары, лексика-
грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатына-
сына үйлесімді айтылады.
Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. 
Өзара м а ғ ы н а л ы қ б а й л а н ы с т а айтыла алатын сөздер ғана 
синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айты-
лады. Мысалы, үркек сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да 
оны үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ дегендей сөз тіркестерінің 
құрамында айтуға болады, ал үркек ешкі, үркек бала, үркек тауық 
деу ерсі болады. Сол сияқты жуас сөзін ат, түйе, бала сөздерімен 
тіркестіруге болады, ал оны тауық, ағаш сөздерімен тіркестіруге 
болмайды. Болмайтын себебі – бұлар өзара мағыналық байла-
ныста айтылмайды, сондықтан олар тіркесу қабілеті жоқ сөздер 
деп есептеледі.
Сөйтіп сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар 
сөздер енеді. Əдебиетте «терең бұрғы», «аналық қой», «жеңіліс 
тапты» сияқты тіркестер кездеседі. Мұндайлар теңін таппай 
тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.
Көркем əдебиетте бір затқа тəн қасиетті басқа затқа телу 
арқылы сөз кестелерін əшекейлеуге болады. Ондайда əдеттегіден 
өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долда-
нып, буырқанып ... дегенде, Асау сөзін Терек (өзеннің аты) сөзімен 
тіркестіріп айту арқылы ол өзеннің көркем бейнесін көз алдыңа 
елестете қояды. Сондай-ақ асау сөзі əдетте, асау ат, асау тай, 
асау бие сияқты құрамда кездесетін болса, көркем əдебиетте 
асау жел (Иса) асау қиял (Жамбыл), асау жүрек (Абай), тəтті 
қылықтарын, есалаң тілек (М.Жұмабаев) тəрізді тіркестер де 
кездеседі. Мұндайды м е т а ф о р а л ы қ т і р к е с дейміз.


563
Қазіргі қазақ тілі
Енді бірқатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік бола-
ды, мысалы: жүрек шайылу, қаһарын төгу, үмітін үзу, жүрек 
жұту, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп 
айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р 
дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз 
тіркесінің бір сыңары бола алады. Мысалы; Балаларға көз қырын 
сала жүр, əкеңе тілің тимесінЕркін бала атаулы дегенге, ішкен 
асын жерге қойғанда, Сəрсенбай неге бала деп аузын ашпайды
(М.Жұмабаев).
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, 
биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге 
болады: жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, 
жақсы ниет, биік тау, биік жер, биік ағаш, биік там, ақылды 
бала, ақылды оқушы, ақылды қыз
Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді 
е р к і н т і р к е с дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. 
Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан 
құралады: бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің 
грамматикалық діңгегі – оның б а с ы ң қ ы с ы ң а р ы , екіншісі –
оның б а ғ ы н ы ң қ ы с ы ң а р ы . Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл 
құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
1) Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);
2) Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы).
Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады 
немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында 
күрделі сөздер жəне басқа түйдекті тіркестер (§12) болады. Мыса-
лы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет