§17. Қабыса байланысқан зат есімдерден
құралған тіркестер
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір
түрі – зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде
қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына
бағынып тұрады: Мысалы; алтын сағат, ағаш қасық, жібек ора-
мал, т.б.
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі
сөзден құралады. Олар өзара əр уақытта анықтауыштық қатынаста
айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол,
т.б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде
бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып
жұмсалады: қамыс құлақ ат, бота тірсек ат, темір қанат бала-
пан, шаруа қол бала.
Осы тəрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат
есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: қой көз
бала, шоқпар басты темір таяқ.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қа-
рай байланысқанда, əрбір анықтауыштық тіркес фразалық (рит-
микалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып
тұрады.
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат
есім ене бермейді. Оған өзара байланыста бола алатын сөздер тілде
солай айтылып, үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан
тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше,
575
Қазіргі қазақ тілі
жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауы-
стырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты
білдіреді, мысалы: қалта сағат – сағат қалта, көз əйнек, əйнек
көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне-
се конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын
басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге, əрекет, айла, айбат,
сес, ұйқы, тəртіп, абырой, кінə, түс, обал сияқты абстракты зат
есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып ай-
тылмайды
1
.
Бірқатар зат есімдер, жоғарыдағыдай, анықтауыштық құрамда
жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды
керек етеді:
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана
олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң ай-
тылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен
анықтаушы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ə) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет қалпында
етістіктің аяғына -ым/-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есім-
дер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра ал-
майды: бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрам-
да ғана айтылады. Сонда екі заттың анықтауыштық қатынаста
айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланысты болады.
Бұлай болу – барлық затқа бірдей шарт емес.
б) Салпаң, қалқан, бұлаң сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан
зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла
алады:
қалқан – қалқан құлақ бала,
салпы – салпы ерін ат,
бұлаң – бұлаң құйрық түлкі.
в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында
келте, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын
есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал
қарт.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) ай-
тылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой,
үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол, т.б.
1
Сыр мінез, тұтқын қыз, күлім көз, сандырақ сөз сияқтылар бұған жатпайды.
576
Қазіргі қазақ тілі
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық
қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы зат-
тардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.
Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың
сыртқы құрылысы бірдей. Бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс
деген зат есім қораның алдында тұрып, қамыстан істелгенін
білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай
екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да
сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты:
тас үй – тастан салынған үй д.м. болса,
тас еден – тас төселген еден д.м.
тас балға – тасты сындыратын балға д.м.
тас көмір – тастай, тас сияқты көмір д.м.
күміс сағат – күмістен істелген сағат д.м. айтылса,
электр сағат – электр күшімен жүретін сағат д.м.
құс төсек – құстың жүнінен жасалған төсек д.м білдіреді.
Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны,
бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса,
екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің
заттық мағынасымен байланысты болады.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық
қатынаста жұмсалады.
1. З а т т ы ң н е д е н , қ а н д а й з а т т а н ж а с а л ғ а н ы н б і л -
д і р е д і : темір пеш (темірден жасалған пеш), күміс қасық (күміс-
тен істелген қасық).
Бұған қасқыр ішік (қасқырдың терісінен тігілген ішік), тас
жол (тас төселген жол) сияқтылар да енеді.
Мысалы:
Егер осы айтқаның келсе, мына алтын сағатымды сыйладым
саған. Болат тонын сындырып алсаң, немістер де, қоян да бір екен
(Ə.Əбішев). Мен ойнамаған ағаш ат қалған жоқ (Ғ.Мүсірепов).
Сапар шай ішіп отырған шыны аяғын үшінші рет босатты
(Ғ.Сланов). Немістер келіп темір найзамен мені түрткілей бас-
тады (Ə.Əбішев).
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
(С.Торайғыров)
577
Қазіргі қазақ тілі
Достарыңызбен бөлісу: |