Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет286/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Жай сөз тіркестері 
 
Күрделі сөз тіркестері
көлге қонады 
көл жағалай қонады
тез енеді
жыл құсымен енеді
асықпай сөйле 
асықпай сөйлеп ала жөнелді
жаңа домбыра 
қос шекті домбыра


564
Қазіргі қазақ тілі
§12. Сөз тіркестерінің құрылысы
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құры-
лысы əртүрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің мағынасына 
кейде үйлесе тұлғаланады, кейде грамматикалық формасына 
сəйкес тұлғаланады. Мысалы, кітап оқып, хат жаздық деген 
екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері (кітап, хат) жалғаусыз 
табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы сөздердің 
қосымшалары -п (оқып), -дық (жаздық) себепкер болып тұр. 
Сондай-ақ кітапханадан шықтым, трамвайға міндік деген сөз 
тіркестеріндегі бағыныңқы сөздер барыс, шығыс жалғауларында 
айтылған. Сол жалғауларды керек етіп тұрған – басыңқы сөздердің 
қосымшалары -тым, -дік (міндік) емес, шық, мін етістіктерінің 
лексикалық мағыналары. Сонымен қатар жоғарғы етістіктердің 
түрлі тұлғада айтылуына бағыныңқы сөздердің өзара əсері 
жоқ. Сондықтан кітап оқы, кітап оқып, кітап оқыған, кітап 
оқыдық дегендей басыңқы сөздерді түрлендіргенімен, олардың 
бағыныңқылары бұрынғы қалпын өзгертпейді. Солар сияқты: ал-
тын білезік, алтын білезіктің, алтын білезікке, алтын білезігім 
деп есім сөз тіркесінің де басыңқы сыңарын түрлендіріп айтуға бо-
лады, бірақ оған қарап бағыныңқы сөз (алтын), орыс тіліндегідей 
(золотой браслет, золотого браслета, золотому браслету ...) 
грамматикалық тұлғасын өзгертпейді.
Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің екі сыңары да 
белгілі морфологиялық тұлғаларда айтылғанда, олар бірімен-бірі 
байланыста болады. Мысалы, күннің сəулесі, менің түсінгенім де-
гендерде сөз тіркестерінің алдыңғы сыңарларының (күннің, менің
ілік септікте айтылуы басыңқы сөздердің тəуелдік жалғауларда 
(сəулесі, түсінгенім) айтылуымен байланысты жəне керісінше. 
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады.
1. Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатыла-
на байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде 
жатыр екен дегенде, үлкен сөзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес – 
ағаштың сөзі көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес 
жасаған, ал көлеңкесінде сөзі жатыр екен етістігімен тіркескен. 
Олардың сол сатылана байланысу жігі былай болады:
Үлкен ағаш –
– «
– тың көлеңкесі –
– «
–нде жатыр екен.


565
Қазіргі қазақ тілі
2. Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар 
бір басыңқыға о р т а қ т а с ы п тұрады. Мысалы, Кеше театрға 
апаммен бардық деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар.
кеше
театрға
бардық
апаммен
Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі 
ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, 
сапалық есімдер (сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) 
мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. Сөз 
тіркестерінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлем-
дерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңді сөйлемдерде керісінше 
орналасуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет