Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет294/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Алтын орден алғаным,
Терең жырдың тиегі.
Көрікті Отан алдына
Ақын жырын үйеді. 
(Жамбыл)
2. С а л ы с т ы р у , т е ң е у м а ғ ы н а с ы н д а ж ұ м с а л а д ы : қа-
мыс құлақ (ат) –аттың құлағы қамыстай д.м.; пісте мұрын (қыз) – 
қыздың мұрны пістедей д.м.; жібек жүн – жүні жібектей д.м.; 
құрыш білек – құрыштай қатты білек д. м. Мысалы:
Қаракер қамыс құлағын қайшылап оқта-текте жерден ба-
сын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ.Сланов). Жібек 
жүнің желкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат 
денееңбек сүйген бала жаста (Ə.Сəрсенбаев). Құлаш мойын, кез 
құлақ бір бедеу ат, денсаулық ер жігіттің сұрағаны (Ғ.Сланов).
3. Б і р з а т т ы б а с қ а з а т қ а а р н а у м а ғ ы н а с ы н д а қ о л -
д а н ы л а д ы . Мысалы: ат қора – ат тұратын қора; мал қора – 
мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге арналған кесе
кір сабын – кір жууға арналған сабын; қазан пышақ – қазан 
қыру үшін жұмсалатын пышақ (қырғыш); өкше біз – өкшеге шеге 
қағу үшін жұмсалатын біз.
Арнау мағынасында анықтауыштық тіркес құрамында жұм-
салатын сөздердің өзара бірлігі күшті. Əдетте, олар бөлек 
жазылғанмен, мағыналық, ритмикалық бірлігі жағынан біріккен 
сөздер тəрізді. Сондықтан олар сөйлемнің бір мүшесі ретінде 
жұмсалады. Мысалы: Баймырза Қалампырға қараған кезде, Қалам-
пырдың қолы өгіздің мүйіз жібіне тиді (С.Мұқанов).
4. Б і р з а т е к і н ш і з а т т ы м е к е н і н е қ а р а й а н ы қ т а й -
д ы : тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта са-
ғат, т.б. Олардың екі түрі бар.
а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер-су аты болып, ба-
сыңқысы заттың сонда өсіп-өнетінін (мекенін) білдіреді: тау ешкі, 
су жылан, көл бақа, түрікпен кілем, т.б.
ə) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есім болып, 
бірі екіншісінің қ а й ж е р д е г і , қ а й о р ы н д а ғ ы зат екенін 
анықтайды: мойын ет, желке тамыр, тамақ без, ауыз үй, тамақ 
бау, т.б. 
Бұлар – бір лексикалық бірлікте айтылатын тіркестер. Мысалы: 
Мұныма біреу қарсылық айта қалса, шеке тамырым көгерген-


578
Қазіргі қазақ тілі
ше, өңешім қызарғанша айтыса кетуге де əзірмін (Ғ.Мүсірепов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет