Талғат сайрамбаев


III. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет291/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

III. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ
§15. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында 
топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-
қатынасына қарай сөз тіркесін «предикативті» жəне «предикативті 
емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан «толықтауыштық», 
«анықтауыштық» жəне «пысықтауыштық» сөз тіркестерін 
шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара 
тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара 
тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін «сөйлем 
мүшелерінің тіркесі» деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік 
ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып 
жіберген боламыз. Бұл – бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлем 
мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дəрігері, 
қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір 
күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтасты-
руды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-
бірі тіркесу нəтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл 
жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді. Бірақ оның ең басты 
белгісі бола алмайды. 
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін 
сөз тіркесінің объектілері нелер екенін, оның басты-басты 
ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.
С ө з т і р к е с і с и н т а к с и с і н і ң н е г і з г і о б ъ е к т і с і – 
сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі – олардың 
грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке 
сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен жəне 
өзара т і р к е с у қ а б і л е т і , б а й л а н ы с у т ə с і л д е р і , сөздердің 
сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады. Осыларды негізге 
ала отырып, сөз тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, 
синтаксистік қызметтерін сөз ететін боламыз. Қазақ тілінің сөз 


572
Қазіргі қазақ тілі
тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне 
етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркестерінде 
есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде 
етістік басыңқы сыңар болады. 
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты 
əртүрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын жəне 
сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек 
– сөздердің байланысу формалары. Есімді жəне етістікті сөз 
тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа 
бөлінеді. 
Сөз тіркесі
Есімді 
Етістікті
Байланысу 
формасына 
қарай
Қабыса 
байланысқан 
с.т.
Матаса 
байланысқан 
с.т.
Меңгеріле 
байланысқан 
с.т.
Қабыса 
байланысқан 
с.т.
Меңгеріле 
байланысқан 
с.т.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса жəне меңгеріле байланы-
сады (соңғысы шылаулы жəне шылаусыз болуы мүмкін).
Жинақтап айтқанда, сөз тіркесінің басты-басты түрлерінің схе-
масы болады.
Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы 
бірнеше топқа бөлінеді – оларды бұдан былайғы талдаулардан 
көруге болады.


573
Қазіргі қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет