77
Күрделі сөз тіркестері
қызметiнде жұмсалатындығын алғаш көрсетiп бердi. Бiрақ ав-
тор ол мəселенiң iшкi ерекшелiктерiн, ондай кезде бағыныңқы
сыңары қызме тiнде ғaнa жұмсалатындығын ескертумен қанағат-
танады [16, 32].
Тiлдiк фактiлер əр уақытта да бiр-бiрiмен тығыз бай ланыста
қолдануға тиic десек, фразеологиялық единица да тiлдiң басқа
салаларымен тығыз байланысты. ФЕ сол тiлдiк фактiлердiң
iшiнде синтаксис, оның iшiнде сөйлем мүшесiмен де, тiптi сөй-
лемнiң түрлерiмен де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы атал-
ған еңбектерде ескерiлiп отыр. Біздің байқауымызша, фразеоло-
гиялық единица лар – тек сөйлем мүшесi ғана емес, сол сияқты
сөз тipкecтepiнe де қатысы бар категория. Оның өзiндiк себептерi
бар. Жалпы жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнде фра зеология-
лық единицалардың, көбiне, сөйлем мүшесiне қaтысы көбiрек
айтылады да, ал олардың сөз тiркесiне қатысы тек З.В. Baлю-
синская-Донскова, В.П. Жуковтың мақалаларында ғана аздап сөз
болады [78]. В.П. Жуков ФЕ-ның сөз тiркесiне қатысы туралы
былай дейдi: «Лексикалық единицалар сияқты фразеологизм де
меңгерiлуге бейiм. Тiптi басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байла-
нысады. Бiрақ басқа сөздерге қарағанда оны бөл шектеуге кел-
мейдi, ол
бiртұтас нəрce», – деп сөз тiркесiнiң белгiлi бiр бай-
ланысу формасы арқылы жұмсалатындығын көрсетеді [79].
Жалпы сол мақалалардағы негiзгi пiкір ФЕ-дың сөйлем мүшесi
болатындығын тiлдiк фактiлермен дұрыс дəлелдейдi. Бiрқатар
авторлар сөйлемнiң бар лық мүшелерi, ендi бiреулерi тек бастау-
ыш қызметiнде жұмсалуы тиiс деп, олар қалайда сөйлемнiң кез
келген мүшелерi болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тip-
кeстep сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаратындығы айқын де-
сек, ендi арнайы сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсалатын он-
дай категориялардың сөз тipкeciнe де қатысы айқындалуға тиic.
Өйткенi сөз
тіpкeci мен сөйлем мүшелерiнiң де қызметiнде
ұқсастықтарының барлығы белгiлi. Eкeyi де өз тұсынан сөйлемнiң
аясын кеңейтiп, ойды жеткiзуде бiрдей қызмет атқарады. Сөз
тipкeсiнің сыңарларына қойылатын шарттың бiрi – олардың ба-
ғыныңқы сыңарларының анықтауыштық, толықтауыш тық жəне
пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы
(қызыл орамал,
Достарыңызбен бөлісу: