Талғат сайрамбаев


Сықылды – шылау (секiлдi, тəрiздi, сияқты).  Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейдi,  Ол немене жоқтықтың əcepi емей (Абай).  Тəрiздi



Pdf көрінісі
бет31/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сықылды – шылау (секiлдi, тəрiздi, сияқты). 
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейдi, 
Ол немене жоқтықтың əcepi емей (Абай). 
Тəрiздi – шылау (сияқты, секiлдi, тақылеттi). Мағыш тə-
рiздi Мəкен де көп тыңдаған, көп ұққан, жаттаған өлеңдерi 
бар (М. Əуезов). Кең дала оның көңiлiн де кеңiтiп жiберген тəрiз-
дi (Ғ. Мұстафин). 
Тақылеттi – сын (ұқсас, сияқты, секiлдi, тəрiздi). Желnуiш 
тақылеттi пальмалардың жапырақтары теле граф бағаналары-
ның үстінe бас шұлғып, баяу теңселедi. Скориковтың Орта Азия 
халықтары тақылеттес бет сү йегi, шығыңқылау келген ша-
ралы дөңгелек жүзi болмашы тершiп жадыраған (Ə. Нұрпейісов). 
Ұқсас – сын (ұқсайтын, сəйкес келетiн, тəрiздес, шамалас). 
Жауырыны жап-жалпақ, шалқақ кеуде, 
Сұңғақ бойлы бiтiмi ұқсас дəуге –
Комбайншы рульге отырғанда, 
Денесiне себiлдi күннен cəуле [69]
(С. Мұқанов). 
Модаль сөздер жеке колданылмайды. Олардың басқа сөз тап-
тарымен тipкecy қабiлетi əртүрлi. Мысалы: сияқ ты сөзі барлық 


72
Күрделі сөз тіркестері
сөз таптарымен тipкece бередi, ал бас қалары таңдап тiркеседi. 
Бұл сөздердiң басыңқы қызметте жұмсалатын сөздерi де əртүрлi. 
Мысалы, модаль сөздер зат есiмдердiң iшiнде көпше атау тұлғалы 
форма сымен көбiрек тipкece алады. Сонда бiз Асан сияқты бала, 
Алматы сияқты қала, nүлiш тəрiздi мата, қазақ тəрiздi халық, 
атай сияқты шал, бала сuяқты, бала icпеттес сөйлейдi деп 
тiлiмiзде айта беремiз. 
Модаль сөздер жiктеу, өздiк, сiлтеу жəне кім? не? де ген сұрау 
есiмдiктерiмен де түйдектi тiркесте жұмсала бередi. Мысалы: мен 
сияқты бала, сол тəрiздi ел, осы ic nеттес ic, сол тəрiздi oқиғa, 
кім сияқты сөйлейдi, не тəрiздi ойланады. 
Осы сияқты сын есiмдермен де бiршама тiркеседi. Мұнда сын 
eciмнің түбiр, туынды, күрделi түрлерiмен сияқты модаль сөзiнiң 
тipкece алатындығын мына мысалдардан көруге болады. 
1. Түбір сын есім мен модаль сөз:
жақын
қызық
дұрыс
сияқты
əдемі
ыстық
2. Туынды сын есім мен модаль сөз:
басқаша
қонымды
сияқты
жайлы
күлкілі
Мұндай тiркестер, көбiне, сөйлемнiң соңында жұмсалады.
Кейде мұндай сөздер тек сын eсiммен ғана емес, coл сын 
есiмдерге көмекшi етістік e-нің (түрлi формадағы) тipкeciнeн 
соң да келiп, онымен мағыналық байланыста келедi. Мысалы: 
Бойындағы бар қанын басқа бiр ыдыcқa қотарып алып, оның ор-
нына ып-ыстық сұйық қopғacын құйып жiбергеннен сау емес 
сияқты, тұла бойы күйiп-жанып, өртенiп барады (Ө. Қанахин).
Мұндай модаль сөздер кейде -ғы, -гi қосымшалы сөздерге де 
тiркесiп, көбiне, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, 
Mінici түciнікті: азық-түлiк, дүние-мүлiк дүкендерiндегi сияқты 


73
Күрделі сөз тіркестері
жазушы лабораториясындағы бұйым да тұтынушыға жеткенше 
алаң ашық жатуға тиiстi eмec (Ө. Қанахин).
Сияқты (тəрiздi, сықылды, секiлдi) модаль сөздер қолда-
нылуы, лексикалық мағынасы жағынан бiрдей, яғни адамдарды 
немесе заттарды бiр-бiрiне теңестiру жағдайында қолданылады. 
Мысалы, Бiрақ бiр қapaғaнда көз жетер төңiрек бiртeгic құлпыр-
ған қызыл пүлiш сияқты боп көрінедi (Ə. Сəрсенбаев). Бүгiн 
бұл сөздерде дaғдылы арман емес, жалын сезiм тəрiздi жарық 
сəуле eлесі бар (М. Əуезов). Менiң ойымша, жаңағылар да сол 
мөлдір бұлақ іспетті (Ө. Қанахин). Көктем күлсе, гүлдердей 
құлпырасың. Тау өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ əдебиеті»). 
Осы сөйлемдердегi сияқты, секiлді, сықылды, тəрізді, іспет-
ті сөздерi бiр құбылысты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншi-
ciмен салыстыру, ұқсату мағынасында берiл ген. Жалпы əр сөз 
табының арнайы синтаксистiк қызметi бар екендiгi белгiлi. Алай-
да шылау, модаль сөздердiң синтаксистiк қызметi туралы айту 
қиын. Дегенмен сөйлем iшiнде қолданылатын модаль сөздердiң 
қызметiнде өзiндiк ерекшелiк бар. Мысалы, Асан сияқты бала 
кел ді – десек, осындағы келдi – баяндауыш, бала – бас тауыш, 
ал Асан сөзiнiң синтаксистiк қызметi бұл арада тек сияқты 
сөзiне байланысты айқындалады. Сөйтiп, Асан зат есiмiнiң өзiн-
дiк синтаксистiк қызметi əлсiреп, сияқты сөзiнiң əсерiнен ендi 
анықтауыш қызметiнде жұмсалып отыр. Бұған қарағанда, мо-
даль сөздер белгiлi сөз таптарымен түйдектi тipкec құрау кезiнде 
бұлардың мағыналық тобын да, синтаксистiк қызметiн де анық-
тайды.
Miнe, осы сияқты мəселелер онша ескерiлмей жүр. Мектеп 
жəне жоғары оқу оpындарына арналған оқулықтарында ондай 
сөздер арқылы жасалған анықтауыш немесе модаль сөздердiң 
септелiп, т.б. сөйлем мүшелерi болуы тiптi еленбейдi. 
Eciм сөздерге бағыныңқы болып келетiн модаль сөздi күрделi 
сөз тiркестерiн сөз еткенде зат есiмдерге байла ныстысын ерек-
ше қарастырғанымыз жөн. Себебi, бiздiң əдеби шығармалардан 
жиған мысалдарымызда, негiзiнен, eciм сөз таптарының iшiнде 
зат есiм түйдектелiп жұмса луы көп кездеседi. Сияқты сөздердiң 
қатынасымен болған күрделi сөз тipкecтepi сөйлем iшiнде зат 
eciмдepгe бағыныңқы болып келгенде төмендегiдей қызметте 
жұм салады. Мысалы: Сен сияқты адасқандар əдебиетте де жүр-


74
Күрделі сөз тіркестері
ау (М.Сүндетов). Сондай-ақ Зарыққан Смағұловтың орын дауын-
да А. Тоқмағамбетовтің «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың-
ның баяндамасы» сияқты сықақтap да кө рермендердi ауық-
ауық күлкi құшағына бөлеп отырды («Мəдениет жəне тұрмыс»). 
Осы eкi сөйлемдегi сияқты сөзiне қатысты тipкecтep 
aдacқaндap, сықақтар дeгeн зат eciм сөздерге бағыныңқы бо-
лып келген. Бiрақ екi сөйлемдегi сөз тipкecтepiнің атқаратын қыз-
меттерi eкi түpлi. Осы сөйлемдердегi мо даль сөз қатысқан сөз 
тipкecтepi (сен сияқты) «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың-
ның баяндамасы» сияқты өзiнен соңғы зат eciм сөзiмен бiр тipкec 
құрап, айқын дап тұр. Eкi сөйлемдегi күрделi сөз тipкeci өзінен 
соңғы зат есiмнiң анықтауышы қызметiн атқарады. Сен сияқты, 
«Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжыңның баяндамасы» сияқты 
деген тipкecтep қандай? деген сұраққа жауап бе рiп, сөйлемнiң 
бастауышын анықтап тұр. Сияқты сөзiнiң басқа түрлерi де зат 
есiмдермен тiркесiп, əртүрлi синтаксистiк қызметте жұмсалады.
Н. Базарбаев сықылды, секiлдi, сияқты, тəрiздi сөздердiң 
күрделi сөз тipкeciн құрауға қатысты емес, тек сөз тipкecтepiн 
байланыстырушы деп ғaнa санайды [44, 31].
Бұл пiкiрге толық қосылуға да болмайтын сияқты. Себебi 
сөйлемдегi алғашқы толық мағынасын жойып жiберiп, əcipeсe, 
анықтауышқа, т.б. сөйлем мүшелерiне ай налдыратын сөздер – 
осы жоғарыда аталған модаль сөздер. 
Модаль сөздер кейде тек жеке сөздермен ғaнa тipкeсiп қой-
май, бiрыңғай зат есiмдермен де ортақтасып жұм салады. Модаль 
сөздi сөз тipкecтepi сөйлем iшiнде eтicтіктepмeн қабыса жəне 
меңгерiле байланысады. 
Қорыта келгенде, модаль сөздердiң сөз тipкecтepiнe қатысы 
туралы мынадай тұжырым жасауға болатын секiлдi. 
1. Модаль сөздер де, өз алдына қолданылатын сөздер тобы. 
2. Модаль сөздер сөйлемде түрлi морфологиялық қосымша-
ларды қабылдай алады. 
3. Модаль сөздер eciм (зат eciм, сын eciм, есiмдiк) жəне 
eтicтіктepмeн тiркесiп (түйдектi тiркес), яғни күрделi тiркестер 
құрайды. 
4. Модаль сөздер əрбiр сөз табымен тeк мағыналық байланыста 
ғана тipкece алады. Модаль сөздердiң есiмдермен тiркесулерiнде 
өзгешелiк болады. 


75
Күрделі сөз тіркестері
5. Есiм немесе етiстiктердiң таза күйiнде басқа сөз дермен 
тipкeсiнe қарағанда модаль сөздер арқылы тipкeстepдің аясы тар.
6. Модаль сөздi сөз тiркестерінің таза сөз тaптapымeн жасал-
ған жалаң сөз тіpкeстepінe қарағанда мағынасы күрделi. 
7. Модаль сөздi сөз тipкecтepi сөйлем ішінде жəне сөйлемнiң 
соңында келедi. Сөйлем соңында келген мо даль сөздер сөйлемге 
əр түрлi модальдiк peңк бередi. 
8. Яғни олар тipкeceтін сөз таптарының синтаксистік қызме-
тiн жойып, өзiнiң тұлғасына қарай оның синтаксистiк қызметiн 
өзгертiп отырады. 
9. Модаль сөздi сөз тipкecтepi көбiне aнықтaуыш, пысықта-
уыш, кейде сөйлемнiң басқа да мүшелерi қызметiнде жұмсала 
бередi. 
10. Модаль сөздi сөз тipкecтepi есiмдi, eтicтікті тipкecтepiнде 
де жұмсалады.
5. Фразеологиялық единица, оның сөз тipкecтepiне қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет