70
Күрделі сөз тіркестері
дар ол сөздердi шылау сөздер деп бiлсе [69], ендi бiр топ ғалым-
дар ондай сөздердi бейтарап сөзге жатқызады [70, 66]. Шындап
келгенде, мұндай сөздердi модаль сөздер деп берудi біз де жөн
деп бiлемiз.
Өйткенi шылауларға қарағанда олардың төмендегiше өзге-
шелiктерi бар.
Бiрiншiден, шылаулар морфологиялық өзгерicтерге ұшыра-
майды, ал модаль сөздер морфологиялық өзгерiс терге ұшырайды.
Екiншiден, шылау сөздер белгiлі септiк жалғаулы сөздер
apқылы қимылға қатысты ғана жұмсалса, ал модаль сөздер əрi
есiмдермен, əрi eтicтіктермен тipкeстe қабыса жəне меңгерiле
байланысады.
Сонымен, жоғары оқу орындарына
арналған еңбек тер мен
жеке зерттеу жұмыстарда есiмдi (именные) жəне етістіктi мо-
даль сөздер (глагольные) деп екіге бөлген.
Осыған орай есiмдi модаль сөздер тобына
сияқты, сықылды,
секiлдi, тақылеттi, рəуiштi, шамасы, тəрiздi, зады, pac, мүмкін,
бəлки, расында, шынында, керек, тuic, қaжет, əрине сөздерiн, ал
етістіктi модаль сөздер тобына
бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар,
шығар сөздерiн жатқызады.
Модаль сөздер сөйлемде, бiрiншiден, синтаксистiк байла-
нысқа түспейдi, екiншiден, өздiгiнен сөйлем мүшесi
бола ал-
майды. Соған қарамастан олар əрбiр сөйлем мүшесі болатын
сөздермен белгiлi дəрежеде мағыналық байланысқа енiп, жиi
қолданылатын сөздер. Модаль сөздер, көбiне, сөйлем орта-
сы мен соңында келедi. Мысалы: Барлық
қыздар секiлдi Суат
та тамаша жiгiттi apмaндайтын («Қазақ əдебиеті»).
Сибирь
сияқты, қазақ даласы
сияқты бос
жатқан жерлерге көшiру ке-
рек (С. Мұқанов) – деген сөйлемдерде
секiлдi, сияқты модаль
сөздері сөйлемнiң iшiнде қолданылып,
барлық қыздар, Сибирь
зат есiмдерiмен тipкeсiп, сөз тiркесiнiң бағыныңқы сыңарының
құрамында жұмсалса, Омбы оған қақпасыз
қора сияқты (С. Мұ-
қанов). Meнi Алматыға айдап келген де
сол болар. Ондай қaдaм
жасауға жiгiттiң батылы жетпейтiн сияқты (Ө. Қанахин) – деген
сөйлемдерде модаль
сөздер сөйлем соңында сын eсім, есiмдiк,
есiмшелермен тipкecтe сөз тipкeciнің басыңқы сыңарының же-
тегiнде жұмсалған.
71
Күрделі сөз тіркестері
Бұл сөйлемдерде
сықылды, сияқты, ceкiлдi сөздері сөйлем-
нiң ортасында да,
соңында да қолданылады, ал
мүмкін, керек,
қажет, тuic, т.б. модаль сөздер сөйлемнiң соңында тұрып жұм-
сала бередi.
Бiздiң негiзгi мақсатымыз – сол модаль сөздердің сөз тiркесiне
қатысы мен мағыналық тобын жəне синтаксистiк қызметiн ай-
қындау.
Модаль сөздер туралы қазақша түсiндiрмелi сөздiкте былай
делiнген:
Сияқты – шылау (тəрiздi, секiлдi). Украина жырлары да қазақ
жырлары
сияқты арнаулы əнiмен ғана айтылады (С. Мұқанов).
Елтiрiден iшiк, бас киiм, жаға жəне тaғы
сол сияқты жылы киiм-
дер жасалады (Ермеков).
Секiлдi – шылау (сықылды, тəрiздi, сияқты).
Шалқы дария, шалқы көңiл, шырқат əн,
Даусымыз ассын алты қырқадан.
Үнiмiз бар алтын
жалау секiлдi
Күйiмiз бар көк дауылдай бұрқаған (Қ. Аманжолов).
Достарыңызбен бөлісу: