620
Қазіргі қазақ тілі
сұрау. Кісіден есту, (білімді)
кітаптан алу, үлкеннен үйрену,
сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу:
Жүсіп оның жайын Күншеден сұрап білді (Ғ.Мүсірепов).
Жұмыскерлер Ереминнен естігенін айтты (М.Əуезов).
Білімдіден
ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (Мақал).
3. Шығыс жалғаулы зат есімдер
айрылу, құтылу, айығу, жа-
зылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп,
бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы:
ау-
рудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу:
Қайғыдан халқым арылып,
Бақыт құсын ұстадым (Жамбыл).
Тиынды қызғанып,
теңгеден айрылу осындайдан туады
(Ғ.Мүсірепов).
Көзден кетсе, көңілден кетеді (Мақал).
4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім
шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың
сандық бөлшегін не дараланған мөлшерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: