617
Қазіргі қазақ тілі
§37 Барыс жалғаулы сөз тіркестері
Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-
тері өзара меңгеріле байланысады да, жанама т о л ы қ т а у ы ш -
т ы қ , п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастарда жұмсалады. Барыс
жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қаты-
насының əртүрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуы-
мен байланысты, мысалы,
тауға шығу (б е т а л ы с ),
тоғайға кіру,
үйге келу (м е к е н ),
балаға беру (а р н а у ),
оқуға келу (м а қ с а т ),
кешке келу,
жазға киіну (м е з г і л ). Барыс жалғаулы есімдер
кез келген етістіктермен тіркесе бермейді, олармен мағыналық
үйлесімді бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынан-
дай етістіктер:
беру, кету, келу, жату, отыру, ұмыту, сену, нану,
жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беттеу, шығу, түсу,
тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу,
қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындау, т.б.
Бұл етістіктердің көпшілігі – күйді, қимылды, сезімді білдіре-
тін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс
жалғауы есімдер (зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, есімше)
басыңқы сөздерге тікелей жəне демеулер арқылы қатысты болады.
Бұл сөз Абайға жеткенде,
Тəкежан қатты сескеніп қалды
(М.Əуезов).
Байжан іске кірісті (С.Мұқанов).
Абайға ағашты таулар... шидем айналдырып киген кəрінің
өңіндей көрінеді (М.Əуезов).
Паромға мініп, ар жаққа бұлар да
өтті (С.Мұқанов).
Олар заңға бағынады.
Ол Нұрланды көрген
соң,
табалдырықтан əрі аттамай тұра қалды (З.Шашкин).
Сабақты етістіктер де барыс жалғаулы есімді меңгере ала-
ды, бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт
етістіктермен жасалған сабақтылар болады. Олармен тіркесетін
барыс жалғаулы есімдер тура объект қызметіндегі заттармен де
мағыналық байланыста тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: