Талғат сайрамбаев


Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов). Өнер-білім бар жұрттар Тастан



Pdf көрінісі
бет324/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов).
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин).
Болаттан сұңқар ұшырып,
Мұхиттан əрі асамыз.
Қуаттан дария ағызып,
Ерліктен ерлік туғызып
Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл).
Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің 
жетегінде тура толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы 
жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байла-
ныста тұрады.
2. Мағлұматтың, əрекеттің ш ы ғ у к ө з і н білдіреді. Ондай 
сөз тіркестерін құрайтын етістіктер – кісінің қабылдау əрекетін 
білдіретін сабақты етістіктер: алу, алдыру, білу, есту, оқу, үйрену, 


620
Қазіргі қазақ тілі
сұрау. Кісіден есту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену, 
сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу:
Жүсіп оның жайын Күншеден сұрап білді (Ғ.Мүсірепов). 
Жұмыскерлер Ереминнен естігенін айтты (М.Əуезов). Білімдіден 
ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (Мақал).
3. Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жа-
зылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, 
бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: ау-
рудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу:
Қайғыдан халқым арылып,
Бақыт құсын ұстадым (Жамбыл).
Тиынды қызғанып, теңгеден айрылу осындайдан туады 
(Ғ.Мүсірепов).
Көзден кетсе, көңілден кетеді (Мақал).
4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім 
шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың 
сандық бөлшегін не дараланған мөлшерін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет