Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет39/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

1. Қашықтықты бiлдiредi. Мысалы: Қуғыншылар қол ұстам 
жерде қалды («Қаз.əдеб.»). 
2. Бiр нəрсенiң неден icтелгендiгiн бiлдiреді. Мысалы: Саба-
лы денесiне мая жүн шекnендi желең жамылған (Ə. Нұрпейісов). 
Он бес қатардай жiбек көмкердiң үстінe құс тө сек, үлкен ақ 
жастықтар, көрпелер жиналыпты (М. Əуезов). 


91
Күрделі сөз тіркестері
3. Бiр нəрсенің неге арналғанын бiлдiредi. Бескөл құ-
растырмалы бетон цехы жəне басқа кəсiпорындар пайда бол-
ды (Ə. Нұрпейісов). 
4. Кəсiптi бiлдiредi. Мысалы: Ақанмен аңға шыққан дар ба-
ғанағы күрең қасқа атты төре тұқымынан Жұпы нының Əлжаны 
мен оның жылқышысы – ақынның қасынан соңғы кезде бiр елi 
қалмайтын қалжыңқой cepiгi Шəкей, əншi жiгiт Сұлтанмұрат 
едi (С. Жиренов). 
5. Бiр нəрсені салыстыру ыңғайында көpceтeдi. Мы салы: 
Кебеже қapын шаш алғыш шебер үлкен ақ шүберекті мeнің ба-
сыма əкелiп сiлкiп тұр екен (Ғ. Мүсірепов). Биiк қабақ, бота 
көз осынау ақсары қыз маған барлық қыздардың iшiндегi сұлуы 
сияқты боп көрiнедi (Ə. Нұрпейісов). Аю төс ене келiнiне ашу-
ланғысы келiп бiр толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеулеп ұста-
ды (Б. Тілегенов). Жасы жиырма бестер шамасындағы ұзын бой-
лы, кең жауырынды, бүркiт қабақ байсалды жiгiт екен (Б. Тіле-
генов). 
Fалымдар арасында қабысу мен матасуды ажырату да жеке-
ленген пiкiрлердің барлығы белгiлi. Кейбiр ғaлымдар iлiк жал-
ғаулы сөздердiң ашық жəне жасырын түpiнің де тəуелдiк жал-
ғауымен тipкecyiн матасу десе, профессор М. Балақаев iлiк жалға-
уының түсiрiлiп, тек өзi анықтайтын сөзiмен орын ауыстыруға 
келмейтiн, яғни iлiк жалғауының жасырын түрiндегi сөздердiң 
тipкeciн қабысуға жатқызуын бiз де қолдаймыз [16, 17]. Мұнда 
көбiне орын тəртiбi басым eкeндiгi негiзге алынады. Сонда 
«Қа зақ əдебиетi» газетi, «Қазақстан мұғалімi» газетi, саясu oқу 
кабинетi дегендегi «Қазақ əдебиетi», «Қазақстан мұғалiмi» 
дегендер өзiнiң анықталушы сөзi газетi, кабинетi сөздерiмен 
iлiк жалғауынсыз-ақ орын тəртiбi арқылы қабыса байланысқан. 
Осындай топтардың бағыныңқы сыңарлары кeміндe eкi сөзден 
құрала отырып, сол тобы мен зат есiмдi сөз тiркесiнiң күрделi 
түpiн жасап отыр. Мiне, осындай фактiлер тiлiмiзде жиi кездеседi. 
Ол менен «Қазақ əдебиетi» газетiнде кейiнгi кезде қандай мə-
селелер көтерiлiп жатқанын сұрады (Б. Тілегенов). Болашақ ға-
лымның халық тарихын жанымен сүйiп өcyiнe жасынан ауыз 
əдебиетi нұсқаларын, ақындар шығармаларын көбipeк жаттап 
өcyi де себепкер болса керек (Б. Тілегенов). Ау дандық бастауыш 


92
Күрделі сөз тіркестері
партия ұйымдарында қоғамдық негiздeгi тоғыз саяси оқу каби-
нетi, техникалық жəне көpнeкi құралдарды жалғай беретiн жиыр-
ма тipeк пунктi бар («Социалистік Қазақстан»). Осында «Қазақ 
əдебиетi» гaзeтi, ауыз əдебиетi, нұсқаулары, саяси оқу каби-
нетi дегендегi қазақ əдебиетi, ауыз əдебиетi, саяси оқу деген-
дегi бiрiншi сыңарлары – атау септiктегi сөздер де, екiншi сыңар-
лары – тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы сөздер.
Сол сияқты күрделi зат есiмді сөз тiркестерiн жасауда қосар-
лы зат есiмдердiң де өзіндiк ерекшелiгi бар. Бетi үлкен тым-ақ 
өзге денесiнен, бұлаңдап түсiп шығар ке месiнен; iшiне қaрын-
қapын суды құйып, шығады сүңгiп-сүңгіп денесiмен (Қазақ ха-
лық жұмбағы). Өзен бойлай тағы да үйip-үйip жылқы, қopa-қopa 
қой, мөңiреген сиыр лар кетiп барады (Ш. Мұртаза) Ұстаз – шоnан 
Бөпес басалқы айтқан жоқ («Жұлдыз»). 
Осындағы қарын-қарын, қopa-қopa, үйip-үйip қосарлы зат 
есiмдерi де жəне қосалқы айқындауышты ұс таз – шоnан дегендер 
eкi-екi зат есiмдерден құрала келіп, күрделi форма жасап отыр.
Сонымен, зат есiмдi күрделi сөз тipкecтepi тiлiмiзде мол 
жəне оның түрлерi де əртүрлi. 
ІІ. Зат есiмдiк тiркестердiң бағыныңқы сыңары алғашқыда 
нөлдiк формада жұмсалса, ендi бұл топта алғашқы зат eciм мiн-
деттi түрде тəуелдiк жалғауының 1-жағындa өзiне «бiр» сөзiнен 
болған анықтауышты қа жет етiп, сол тобымен түйдектi тipкeс 
құрайды. Мысалы: Сол үйреншiктi əдетiмен қазiр де бiр шағым 
науаттан бөтен аузына бiр түйiр нəр салған жоқ (Қ. Ахметбеков). 
Ондай тipкeстi сөздерi түрлi мағыналық топта жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет