Талғат сайрамбаев


ІІ. КҮРДЕЛI СӨЗ ТIРКЕСТЕРIНIҢ



Pdf көрінісі
бет36/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   332
ІІ. КҮРДЕЛI СӨЗ ТIРКЕСТЕРIНIҢ 
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРI
Жалпы тiлдегi сөз таптарының барлығы бiр-бiрiмен тығыз бай-
ланыста жұмсалады. Miнe, осы жағынан алған да зат есiмдердiң 
қызметі – ерекше. Зат eciм зат атауы бола отырып, сол заттың 
өзiне тəн саны, сыны сияқты сандық, сындық қасиеттерi соның 
негiзiнде қалыптасса керек. Сын eciм, сан есiмдер өз алдына 
сөз табы екендiгi белгiлi болғанымен, олар затсыз дара қолда-
нылмайды. Үнемi затпен бiрлiкте ғана айқын болады. Сөйтiп, 
зат ол сөздердi өзiнiң жетегiнде бiрлiкте жұмсайды. Осы сияқ ты 
басқа сөздерге ұйтқы болуда етicтiктердiң де рөлi ерекше. 
Сөз тipкecтepi құрылымына қарай дара жəне күрделi болады 
десек, осы құрылымдық ерекшелiгiн əрi есiмдi, əpi етiстiктi сөз 
тipкecтepiнің ыңғайында қарастырамыз. Жалпы сөз тiркестерiнiң 
құрылысы оның бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларына да тəн. 
Басыңқы сыңарлары eciм мен eтicтік десек, оның əрқайсысына 
тəн бағыныңқы сыңарлары бар. Есiмдi сөз тipкecтepiнe қабысу, 
меңгеру жəне матасу, етiстiктi сөз тipкecтepiнe меңгеру мен қa-
быса байланысу формалары тəн. 
І. Есімді күрделі сөз тіркестері
1. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
Қабысу – түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі 
қолданылатын синтаксистік байланысу формасының бірі. Қабыса 
байланысатын сөз тіркестерінің грамматикалық байланысу амалы 
сөздердiң орын тəртiбi болады. 
Қабыса байланысатын есiмдi күрделi сөз тipкecтepiнің құ-
рамы əртүрлi: оның бағыныңқы сыңары зат eciм, сын eciм, сан 
eciм, есiмдiк, есiмше, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат 
есiм, субстантивтенген сөздер бо лады. 


85
Күрделі сөз тіркестері
Зат есiмдi күрделi сөз тipкeстepi
Қабыса байланысатын сөз тiркестерiнiң жиi қолданы латын 
бiр түpi – зат eciмнен құралатын тipкecтep. Екi зат eciм атау 
күйiнде қабыса байланысып, сөз тipкeciн құрау үшiн алдыңғысы 
соңғысына бағынып тұрады. 
Зат есiмдерден құралған күрделi сөз тipкecтepi мынадай 
мағыналық қатынаста жұмсалады: 
1) Заттың неден, қандай заттан жасалғанын бiлдiредi. 
2) Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады. 
3) Бiр затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады. 
4) Бiр зат екiншi затты мекенiне қарай анықтайды. 
5) Заттың өлшемдiк мағынасын бередi. 
6) Кəсiп-дəреженi бiлдiредi. 
7) Адамның жынысын бiлдiредi. 
8) Даралау мағынасында жұмсалады. 
Əрине, бұл мағыналық топ eкi зат есiмнiң тipкeci арқылы 
ғана пайда болады. Жалпы зат есiмдi сөз тipкecтepі құрылысына 
қарай дара да, күрделі де болады десек, осы уақытқа дейiнгi еңбек-
терде, көбiне, дара түpiн ғана айту бacым болып отыр. 
Зaт eciм морфологиялық жағынан мол зерттелгенiмен, син-
таксистiк, оның iшiнде, сөз тiркесiнде тек басыңқы ның қызме-
тi жағынан сөз болады да, бағыныңқы сыңар да жұмсалуы онша 
айтыла бермейдi. 
Жалпы, осы күнгi түpкi тiлдерiнде, қазақ тiлi еңбек терiнде 
зат есiмдердiң синтаксистiк қызметi деген бөлi мiнде eкi зат 
eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысына анық тауыштық қызметте 
жұмсалады деп, олардың сөйлем iшiндегi мүшелiк қызметi 
ғана айтылғаны болмаса, сөз тipкeci тұрғысынан арнайы сөз 
болған емес. Жалпы түркi тiлдерiндегi еңбектерде де бұл мəселе 
Н.К. Кононов, Н.К Дмитриев, Н.А. Баскаков еңбектерiнде де 
тек eкi зат eciм тipкeci бар деумен ғана шектелсе, С.С. Май зель 
«Изафет в турецком языке» деген үлкен еңбегiнде изафеттiң үш 
түрлi жасалу жолын айта келiп, сол изафеттiң бiр түpi жалғау-
сыз зат есiмдердiң тipкeci туралы арнайы мəселе қозғап, оның 
көптеген заңдылықтарын алғаш сөз етушi болып табылады [87]. 


86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет