142
Күрделі сөз тіркестері
көбiне барыс жəне шығыс жалғаулы сан eciмдepдi меңгередi.
Сонымен бiрге кейде eciмдік, т.б. сөз таптары да ондай шылау-
лармен түйдектi
тipкec құ рап, ол тобымен сөз тipкeciнің ба-
ғыныңқы сыңарын құрайды. Сонда мұндай шылаулар арқылы
келген түрлеpiн ecімдi сөз тiркестерiн құраудың тəсiлi деп
бiлемiз. Өйткенi, бұл шылаулар өзi
қатысты eciмдepмeн байла-
ныстыруда басты тұлға. Ə. Ибатов сан eciм, оның iшiнде бол-
жалдық caн eciмдep:
астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты
сөздері
арқылы жасалып, оның алдындағы сандар барыс, шығыс
септiктерiнде
келеді десе, А. Ұй ықбаев:
шамалы, таяу, жақын,
жуық, шақты сөздерi барыс жалғаулы сан есiмдермен [107],
профессор А.Ысқақов:
шақты, шамасында, қаралы, жуық,
астам, арқылы [65, 216]
, про фессор К. Аханов:
шақты, тарта,
қаралы, таман, таяу, жуық сөздерi арқылы [108, 199], Ғ. Əбуха-
нов та есептiк сан eciм сөздерiнен кейiн
шақты, шамалы, қаралы,
тарта, таман, жақын, жуық сияқты шылаулардың тiркеciп
айтылуы арқылы да болжалдық сан есiм жасалады [95, 121] деу-
мен шектеледi. Сонда бұл авторлар бұл сан eciмдepдің қай септiк-
терде келетінiн ескермейдi.
Сан eciм туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық-
шамалық сан есiмдердi айта келiп, оның өзiн шығыс жəне барыс
септiктерiндегi
сан есiмдерден соң артық, аса, астам, жуық,
Достарыңызбен бөлісу: