Талғат сайрамбаев


Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделi сөз тip-



Pdf көрінісі
бет66/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделi сөз тip-
кeстepi 
а) Жатыс жалғаулы зат eciмгe сын есiмдердiң тipкeci арқылы 
жасалады: Олардың қауiп-қатерге толы əpi ауыр, əpi ұзақ сапа-
рында қиындық дегенiң сұмдық көп («Жалын»). Қар жамылған 
кең жазықта қозғалыс бүгiн тым күштi (Ғ. Мүсірепов).
ə) Жатыс жалғаулы зат eciм мен есiмдiктердiң тip кесі арқылы 
жасалады: Сөз ыңғайларына қарағанда, бұл үйдe қазiр екеу ғана 
(С. Сарғасқаев). Ол əзiрше əр фермада біреуден (Ə. Нұрпейісов).
б) Iлiк жалғауының ашық жəне жасырын формасындағы зат 
есiмдер мен жатыс септiгiндегi көмекшi eciм дердiң тipкeciнeн 
пысықтауыштық қатынастағы есiмдi күрделi сөз тipкeci жасалады: 
Баянауыл басында балалы құр, 
Бiр сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр. 
Ауылыңның тұсынан аттанғанда, 
Ақбоз үйге сүйенiп қара да тұр. 
в) Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделі сан есiмдер 
арқылы жасалады: Eкi үзiктiң етегiнде он бестен отыз дедеге 
(А. Құнанбаев). Ер бала он бесте отау иесi (Қазақ мақал-мəтелдерi). 
г) Iлiк жалғаулы сан eciм мен жатыс жалғаулы кө мекшi 
есiмнiң тipкeci арқылы жасалады: Eкeyiнің үстін де де қара тон 
(Ə. Нұрпейісов).
3. Бағыныңқы сыңары шығыс жалғаулы күрделi сөз тip-
кecтepi 
а) Күрделi зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте жұм салуы ар-
қылы тiркесiп келедi: – Төлеген Момбековтен, Генерал Aсқapов-
тaн, Ергентай Борсабаевтан бөлек (Т. Əлімқұлов). 


139
Күрделі сөз тіркестері
ə) Iлiк септiгiнiң ашық жəне жасырын түрiндегi зат есiмдер 
мен зат есiмдердiң тipкeci арқылы келедi: Ол ер емес, Борсақ 
аруағынан садаға... тiптi Тобықты аруағы нан садаға (М. Əуезов). 
Ақ шанаш боп кеуiп қалған дала қаракет белгiсiнен ада (С. Жи-
ренов). 
б) Бағыныңқы сыңары сын eciм мен шығыс септiктi зат 
есiмдер арқылы тiркеседi: Участоктағы механикалан дырылған 
комплекстердiң жұмыс өнiмдiлiгi – бассейн дегi орташа көрсет-
кiштен бiр жарым есе артық («Лениншіл жас»). Бұл көп нəрседен 
хабардар адам (М. Ғабдуллин). 
в) Бағыныңқы сыңары күрделi сан есiмдi шығыс жалғаулы 
сөздер арқылы тiркеседi: Оларға құймалас айна ла шеңбердей са-
лынған кiшкене бөлме құжыралар, олар дың жалпы саны eкi 
қанатында он eкiдeн жиырма төрт (А. Құнанбаев). 
г) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы есiмше мен зат eciм, 
есiмдiктердiң тipкeci арқылы жасалады: Осы ның нəтижесiнде 
Əбiлқайыр жасағы ханның өз ойлаға нынан екi-үш есе кем (І. Есен-
берлин). Қолдан тоқылған он кiлем, фабрuкада тоқылғаннан да 
он, қызыл жəне күлгiн түстi он бес шаршы орамал, т.б. зулатпады 
ма? («Жалын»). 
д) Бағыныңқы сыңары ара, жағы т.с. сөздер шығыс септiгiн-
де есiмдiк, сан есiмдермен түйдектi тipкec құрау арқылы жасала-
ды: Бiр жағынан əйел адамға бұл да дұ рыс. Қызылтау бұл арадан 
қашықтау (С. Сарғасқаев). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет