150
Күрделі сөз тіркестері
дикативтi емес» деп eкiгe бөледi. Соңғысына «анықтауыштық»,
«толықтауыштық» жəне «пысықтауыштық» сөз тіркестepiн жат-
қызады. Мұндай жiктеу бiздi қанағаттандырмайды. Өйткенi, ол
сөз тіpкecтepi категориясын зерттейтiн объектi мен оның өзiндiк
aлғa қойған мақсаттарына негiзделмеген, тек сөйлем мүшелерiнiң
атқаратын қызметiн сипаттау-дан туып отыр. Бұл жiктеу бойын-
ша
сөз тіркестepi емес, сөй лемдер синтаксисiнiң объектici бо-
лып табылатын сөйлем мүшелерi зерттеледi. Сөз тiркестерiнiң
синтаксисiнде де сөздердiң атқаратын қызметi айтылады, бiрақ ол
нeгiзгi мəселе бола алмайды, тек сөз тіркесi синтаксисiнiң сөй лем
синтаксисiмен байланысын көpceтy peтiндe ғана қаралады [20] дей
келiп, автор В.В. Виноградовтың класси фикациясын қолдайды.
Профессор К. Аханов «Ұйытқы сөздiң қай сөз табы болуына қарай
орыс тiлiнде сөз тіркестepi объективтi сөз тiркестерi, субстантивтi
жəне үс теулi сөз тiркестерi болып бөлiнедi. Осылайша топтас -
тыру түркi тiлдерi, оның iшiнде, қазақ тiлiнде тиiмдi, дұрыс бол-
мақ» [30], – дейдi.
Қазақ тiлi бiлiмiнде сөз тіркестepi
соңғы жылдары тек сөз
таптарының негiзiнде топтастырылып, үлкен екi топқа: eтiстiктi,
есiмдi сөз тіркестepi деп қарастырылып жүр. Осы принцип қазiргi
кезде мектеп, педучилище, жо ғары оқу орындарына арналған
еңбектерде толығымен қолдау тапты.
Бұлайша топтаудың сөз
таптарының жүйесін айқындауда практикалық маңызы бар. Бiрақ
тілiмiз дегi барлық сөздердiң тіркесi осы eкi түрдiң айналасын да
топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты.
Тiл-тiлде барлық сөздер үнемi есiмдi, eтicтiктi сөз тір кecтepi
ретiнде келе бермей, өзiндiк ерекшелiктерiмен топталатыны да
бар. Мəселен, тұрақты тipкec тобы мен түйдектi тіркестep то-
бын алайық.
Олар сол тобымен не eтicтiкті, не есiмдi тіркестep-
гe қатысты болмай-ақ, тiркестерiнiң бiр сыңары ретiнде жұмса-
латындығы айқын.
Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң
аумақты тобын eтicтiктep құ-
райтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepi көп
түрлi бо лып келедi.
Етiстiктiң əрбiр категориялары морфология лық жəне синтаксис-
тiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм.
Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы
ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктep