Талғат сайрамбаев


Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58

Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi. Ба-

ғыныңқы  сыңары  таза  сан  есiмдi  қабыса  байла нысқан  есiмдi  сөз 

тiркестерiнде сан есiмдер – жиi ұшырайтын категория. Оның өзi 

сан есiмдердей мағыналық байланысынан туса керек. Жалпы зат 

бар жерде оның саны айқындалады. Сан есiмдер де қаншалықты 

затқа  қатыс ты  делiнгенiмен,  олар  кез  келген  зат  есiмдермен 

жапа-тармағай  тipкece  бермейдi.  Сан  есiмдер  қабыса  байланыс-

қан  есiмдi  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  қызметiнде  құ-

рамы жағынан дара жəне күрделi түрде кездеседi, ондай кезде сан 

есiмдердiң iшiнде тек есептiк жəне peттік сан есiмдерi ғана тipкece 

алады. Есiмдi сөз тipкeciнің басыңқы сыңары қызметiнде есiмдер 

қолда нылады  делiнгенiмен,  сан  есiмдi  сөз  тiркестерiнде  көбiне 

зат  есiмдер  ғана  қолданылады.  Басқа  сөз  таптары  олар мен  онша 

тipкecтe ұшырай бермейдi. Бiз еш уақытта мен, сен, ол, бiз, сiз, олар, 



өз, барлық, ештеңе, т.б. есiмдiктерi мен сол сияқты жақсы, сұлу, 

күштi  сапалық  сын  есiмдерiн  тipкecтe  жұмсай  алмаймыз.  Олар-

мен  сандық  ұғым  ашылмаса  керек.  Кейде  өз  есiмдiгiмен  бiр 



118

Күрделі сөз тіркестері

өзiм  не месе  төрт  балалы  дегендерде  олар  қаншалықты  eкi  сөз-

ден келгенiмен, өзара тipкec құрай алмайды. Бiр өзiм деп айтуға 

болғанымен,  eкi  өзiм,  үш  өзiм  деп  айтылмайды,  тiлде  олай 

қолданылмайды  да.  Олай  болса  бiр  сан eciмнің  өз  есiмдiгiмен 

тipкeci  деп  есептелу  жалпы  заңды лыққа  жатпайтын  жайт:  Төрт 

сөзi балалы қатыстық сын eciмімен де сөз тipкeciн құрай алмай-

ды.  Егер  бала  сөзiне  төрт  сан eciмiн  анықтауыштық  қызметте 

жұмсап,  төрт  бала  сөз  тipкeciн  жасауға  болар  едi.  Бiрақ  төрт 



балалы дегендегi балалы қатыстық сын eciмiмен төрт сан eciмi-

нің  басыңқылық  қызметi  əлсiреп,  өзi  басқа  бiр  заттың,  яғни 



ана  сөзiнiң  анықтауышы  болып, eкeyi  ана  сөзiне  жеке-жеке 

бағыныңқылық  қызметте  емес,  сатылана  бағынy  дəрежесiнде 

жұмсалған  төрт  балалы  ана  сияқты  eкeyi  жинақталып,  күрделi 

сөз тiркесiн жасаудың бiр формасы болып отыр. Бұдан шығатын 

қopытынды:  қабы са  байланысқан  сөз  тipкecтepiнің  басыңқы  сы-

ңары  қаншалықты  есiмдер  дегенiмiзбен,  олардың  iшiнде  тек  зат 

есiмдер ғана қолданылады екен. 

Зат  есiмдердiң  өзi  де  жалқы  жəне  жалпы  болып  бө лiнедi  де-

сек,  сан  есiмдер  солардың  iшiндегi  жалқы eciм дермен  тipкece 

бермейдi де, көбiне жалпы есiмдермен ғана тipкece алады. Сонда 



eкi Жорабек, он бес Шəрin деп айтылу тiлiмiзде сирек те, он адам, 

он үйрек, жиырма бес қой, т.б. деп айту жиi кездеседi. 

Зат  есiмдердің  iшiнде  жалқы  есiмдердiң  өзi  деректi,  дерексiз 

болып  бөлiнетiндiгi  белгiлi.  Сан  есiмдер  көбiне  деректi,  яғни 

санауға  болатын  зат  есiмдермен  он  сағат,  жиырма  nианино, 



жетniс бес niл, т.б. зат есiмдермен тip кесуге қабiлеттi десек, ақыл, 

өсек,  бiлiм,  ой,  т.б.  зат eciм дермен  тipкecyi  кездеспейдi.  Олай 

болса  есептiк, peттік  сан  есiмдердiң  дара  жəне  күрделi  түрлерi 

де  зат eciмдермен  тiркесiп,  анықтайтын  затының  сандық  көлемi 

мен peтін  бiлдiредi.  Мысалы:  Мектептегi  он  бес,  жиырма  бала 

интернатта  жатып  оқыды  да  Сауытбай,  Сандыбай,  Дəндібай 

сияқты  бай  балалары  ауыл  үйлерiнде  жатып  oқыды  (С.  Көбеев). 

Қазiр оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың са-

молет, 3 мың  корабль,  қыpyap  ракеталық  қару  бар («Қазақ  əде-

биеті»). 

а)  Партияның  жиырма  алтыншы  съезiнiң  шешiмдерiн  бас-

шылыққа аламыз («Лениншіл жас»). Қазiр барлық coвeт жазушы-



119

Күрделі сөз тіркестері

лары  Семен  Куриловты  «Төрт  жүз  алпыс  бесiншi  юкагир»  деп 

атайды (К. Тоқаев).

Зат  есiмдер  мен  есептiк, peттік  сан  есiмдерiнің  қабыса  бай-

ланысқанындай, кейде сан есiмдер шамалы, қapaлы, шақты шы-

лаулары арқылы да есiмдi сөз тiркeciн құрайды. Мысалы: 

ə) Тұрлықұлды жесiр дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ 

кедейлерден  жүз  шамалы  opaқты  кең  шалғынға  саламыз  деп, 

Бiрке,  Жүніс,  Əлкен  де  көңiлдi (С.  Көбеев).  Құнанбай  қасында 

елу шамалы аттылар бар едi (М. Əуезов).

б) Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Кем қойса, жүз 



қаралы сойыл соғар (М. Əуезов).

Алайда  бұл  сөйлемдерден  шылауларды  алып  тастап,  сан 

есiмдер  мен  зат  есiмдерден  өзара  сөз  тipкeciн  құрай  алмаймыз. 

Олардың  мағыналық  байланысы  үзiледi.  Бұл  жерде  өзара  ма-

ғыналық байланысын айқындап тұрған сол шылау сөздер. Əрине 

мұндай  құбылысты  қабысу  деуден  гөpi  меңгеруге  жатқызуға 

болар ма едi деген де ой келуi мүмкін. Бiрақ бұл шылаулар өздерi 

қaтысты  сан  есiмдердi  септiк  жалғауда  тұруын  қажет  етпейдi. 

Miнe,  қабыса  байланысқан  күрделi  сан  есiмдi  сөз  тіркестері  де-

уіміз сондықтан. 

Сан  есімдер  қосарлы  түрде  де  зат  есімдермен  тіркесіп,  күр-

делі  сөз  тіркестерін  құрайды.  Мысалы:  Он  бес-жиырма  мың 

жылқы  бағатындарды  да  кездестірдім  (С.  Мұқанов).  Құдайберді 

арғы  шеткі  көпке  жеткенше,  Құнанбай  қасына  жиырма-отыз 

аттылар жиылып қалды (М. Əуезов).

Болжалдық  сан  есімдері  де  қосарланып  келіп  барып  сөз  тір-

кесінің  күрделі  сыңарын  құрайды: – Сайлап  қырық-елудей  кісі 

аттандырып, таза сол қатынды тартып алайық, – деді (С. Көбеев).



Бағыныңқы сыңарлы есімшелі сөз тіркестері

Есімшелер  сөйлемде  екі  түрлі  жағдайда  сөйлемнің  соңында 

келіп  жұмсалуына  қарай  жақсы  оқыған,  көктемде  келген,  бүгін 

оқыған  еді  сияқты  басыңқы  сыңарда  қолданылса,  сол  сияқты 

есімшелер  сөйлемнің  ішінде  келіп  те  жұмсалуы  тілімізде  жиі 

ұшырайды.  Осыдан  барып  есімшелердің  əрі  етістік,  əрі  есімге 

қатысы да анықталады.



120

Күрделі сөз тіркестері

Есімшелер  қабыса  байланысқан  есімді  сөз  тіркестерінде  жиі 

ұшырайды.  Мысалы:  Қазір  жуынатын  ыдыс  əкелейін  (М.  Шо-

лохов).  Таң  қараңғысы  болар,  алайда  қара  түнек,  аспанның  түбі 

тесіліп кеткендей ұйытқыған боран басылар емес (Т. Ахтанов) – 

деген  сөйлемдерде  жуынатын,  ұйытқыған  есімшелері  ыдыс, 



боран  зат  есімдерімен  тіркесте  анықтауыштық  қызметте  жұм-

салады. Жалпы, есімшелер таза күйінде алғанда үнемі дара жұм-

салуға  бейім.  Бірақ  есімшелер  тек  дара  жұмсалып  қана  қоймай, 

кейде  басқа  сөздердің  жетегінде  де  жұмсалады.  Осы  сияқты 

фактілер  қазақ  тілінде  ғана  емес,  басқа  да  тілдерде  байқалатын 

сияқты.


И.И. Мещанинов бірнеше толық мағыналы сөздерде де кейде 

мағыналық тұтастық жəне орын тəртібінің ерекшелігіне қарай сөз 

тіркесінің күрделі сыңарын құрайтындығын айтады [103, 78].

 

Профессор М. Балақаев есімше қатысты формалардың мына-



дай екі түрін береді:

1.  Бұл  жердің  адамдарында  біз  білмейтін  тағы  бір  мінез  бар 

(Ғ. Сланов). Есіркеп тұратын үйдің іші біз көргендей (С.Мұқанов). 

2. Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От жағылған екі 

темір  пеш  түксиіп  тұр  (Ғ.  Мүсірепов).  Шыңғыс  жаққа  қараған 

терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр (М. Əуезов). Қолдан 



келер жəрдемді көрсеттік (Ғ. Мүсірепов) [16, 142].

Осы  сөйлемдердің  бірінші  тобында  біз  білмейтін,  Есіркеп 



тұратын  сияқты  бастауыштық  пен  баяндауыштық  қатынастан 

құралған  топты  сөз  тіркесі  жағынан  қарастырмай,  тек  үйірлі 

анықтауыш дейді. Мұндай формалы тipкeс сөздердi есiмшелi сөз 

тipкeстepi деп есепте мейтiн сияқты. Келесi топтағы төбеде жүрген 



самолет, от жағылған пеш, шығыс жаққа қараған терезе, қолдан 

ке лер  жəрдем  дегендердi  айта  келiп,  профессор  М.  Балақаев 

есiмшелердiң құрамында меңгерiлетiн есiмдердiң бола тындығын, 

олар  сол  тобымен  күрделi  сөз  тipкeсiн  ғана  құрайтындығын 

көрсетедi [16, 45]. 

Сонда  төбеде,  от,  шығыс  жаққа,  қолдан  зат  есiмдерi  жа-

тыс,  барыс,  шығыс  септiктерiнде  жүрген,  жағылған,  қараған, 



келер  есiмшелермен  бiрлiкте, iштей  меңгерiле  байланысқан  сөз 

тipкecтepiн  айқындайды.  Бұл  арада  автор  есiмшеге  қатысты 

сөздердiң қай септiкте, қай сөй лем мүшесi қызметiнде жұмсалуы-


121

Күрделі сөз тіркестері

на қарай оларды бiрде күрделi сөз тipкeci, бiрде үйiрлi мүше деп 

ажырату ке peктігін айқын аңғартатын сияқты. 

Осы  сияқты  есiмшелер  арқылы  күрделену  процесін  басқа  да 

авторлардан бiлуге болады [83; 104; 105]. 

Сөйлемнiң  iшiнде  есiмшелер  де  осы  сияқты  дара  түр де  қол-

данылумен  бiрге,  кейде  тек  өзi  ғана  анықтауыш тық  қызметте 

жұмсалып  қоймай,  өзiне  басқа  сөздердi  жетегiне  ала  отырып 

жұмсалуы мүмкін. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрелiк. 

Ана тiлiн игермеген баланы шетел тiлiне үйрету – тəй-тəй бас-

паған баланы атқа мiнгiзiп жүргiзумен бiрдей («Лениншіл жас»). 



Иесiз  қалған  ауылмен  танысқанда  не,  таныспағанда  не,  бəрiбiр 

ғой  (С.Бердіқұлов).  Шахтаға  түнгi  он  eкiдe  түскен  жұмыскер-

лер  барақтарына  қайтып  келедi  екен (F.Мүсірепов).  Күлiмсiреп 

қараған үлкен көзiнде аса бiр қызулы жалын көрiнгендей (М. Əуе-

зов). Miнe, осы сөйлемдерден: ана тiлiн игермеген бала, uесiз қалған 



ауыл,  шахтаға  түнгi  он  eкiдe  түскен  жұмыскерлер,  күлiмcipeп 

қараған  көзi  сияқты  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалған  сөз 

тipкecтepiнeн есiмшелi сөз тipкecтepi деп игермеген бала, түскен 



жұмысшылар, қараған көзi, қалған ауыл сөздерiн есiмше мен зат 

есiмдердiң тipкeci деп те қарастыруға болады. Ол кезде ана тiлiн, 



uесiз,  шахтаға,  түнгі  он  eкiдe,  күлiмсiреп  келесi  сөз  тiркесiнің 

бағыныңқы  сыңары  қызметiнде  жұмсалуға  тиiстi  сөздер  болып 

табылады. 

Сөйлем  мүшесi  жағынан  алғанда  ана  тiлiн  игермеген, uесiз 



қалған, шахтаға түнгi он eкiдe түскен, күлiмсiреп қараған сияқ-

ты  сөздер  тобы  күрделi  анықтауыш  делiне дi.  Ана  тiлiн,  игерме-



ген, шахтаға түнгi он eкiдe түскен дегендердi меңгерiле байла-

нысқан eтicтіктi сөз тipкecтepi десек, uесiз қалған мен күлiмсiреп 



қарағанды  қабыса  байланысқан  етicтiктi  сөз  тipкecтepi  деп  бiлу 

орынды.  Шындап  келгенде,  олардың  өзара  сөз  тipкeci  тұтас-

тығынан  гөpi, iшкi  мағыналық  бiрлiгiнiң  негiзiнде  сол  то бымен 

есiмше  арқылы  қабыса  байланысқан  есiмдi  күр делi  сөз  тipкeci 

жасалады. Жинақтаған материалдарға қарағанда, есiмше арқылы 

қабыса  байланысқан  сөз  тipкecтepiн  күрделендiрушi  ондай 

тұлғалы  сөздер  тек  мең герiле  байланыспай,  қабыса  байланыса-

тыны  да  анықта лып  отыр.  Жоғарыдағы  мысалдардан  ана  тiлiн 



игермеген бала, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмысшы деген 

122

Күрделі сөз тіркестері

сөз  тiркестерiнің  бағыныңқы  сыңарлары  бiрiмен-бiрi  меңге рiле 

байланысса, uесiз қалған ауыл мен күлiмсiреп қараған көзi деген-

де  бағыныңқы  сыңарлары  өзара  қабыса  байланысқан. Miнe,  осы 

сияқты фактiлердi жинақтай кел генде, есiмшелi сөз тipкeстepi дара 

да, күрделi түрiнiң өзi əpi өзара қабыса, меңгерiле байланысатын 

болып табы лады. Ендi есiмшелi күрделi сөз тiркесiнiң күрделену 

жолдарын көрсетелiк.

1. а) Бағыныңқы сыңары барыс септiктi зат eсiм мен есiмше-

нiң  тipкeсi  арқылы  жасалды.  Мысалы,  Иванның  үйiнің  көше 

жақтағы  қабырғасы  құлап,  оны  жерге  қадаған  айыр  аша  тipeп 

тұрды (М. Шолохов). 

ə)  Барыс  жалғаулы  зат  eсiм  көсемше  мен  есiмшенiң  тipкeci 

арқылы  жасалады:  Əйтпece  оқyғa  түсе  алмай  қалған  ол  емес 

еді  (С.  Жиренов).  Бeтіне  төпелеп  ұрған  жел  кipпiк  астын  жасқа 

толтырып, көзiн аштырмaйды (Т. Ахтанов). 

б) Барыс жалғаулы зат eсiм мен есiмше арқылы жасалады: Бой 

бермей төбемен ылдиға, оппаға қарай құ лаған қойлар, кенет жуа-

сып, оңғa қарай ойыса бердi (Т. Ахтанов).  

Кейде  мұндай  тұлғалы  күрделi  сөз  тiркестерiнің  басыңқы 

сыңары зат eсiмнен басқа да сөз таптары болуы мүмкін. Мысалы, 

Мен  оны  жақсыға  балаған  едім  («Жұлдыз»).  Үйде  сəлде  киген 

бiреу отыр (Т. Ахтанов).  

 

2.  Бағыныңқы  сыңары  табыс  септiгiнiң  ашық  жəне  жасырын 



түpi  мен  есiмшенiң  тipкeci  арқылы  жасалады:  Бүкiл  aймақты 

би-леп-төстеген  əкесі  Шыңғыс  емес,  əжесi  Айғаным  бола-

тын  (С.  Бақбергенов).  Əйтпесе  Матай  үшін  жалғыз  құрығын  ұс-

тайтын, ата жолын жалғастыратын Нұ рымы аман болса болды 

емес пе («Жұлдыз»). 

3.  Бағыныңқы  сыңары  жатыс  жалғаулы eciм  мен  есiмшенiң 

тipкeci  арқылы  жасалады:  Осы  əңгiмeнің  iшiн де  отырған  подъ-

есаул Бессергеневская станциясынан келген, қызулау сөйлеп, сөз 

бастады (М. Шолохов). 

4.  Бағыныңқы  сыңары  шығыс,  көмектес  жалғаулы  зат eciм 

мен  есiмшенiң  тipкecyi  арқылы  жасалады:  Гри горий  үй  иeciнің 



қастықпен  түтеген  көз  қapaсынa  шыдап,  мықтап  төтеп  берiп 

тұрып, қош айтысты да, оның үйге қapaй өтіп бара жатқан қызына 

бас  изедi  (М.  Шолохов).  Желмен  ұйытқыған  қap  бетiне,  көзiне 


123

Күрделі сөз тіркестері

ұрады, аузына кipiп, алқымын қapиды (Т. Ахтанов). Үйден əдемі 



шырқалған əн естіледі («Жұлдыз»).

Бағыныңқы  сыңары  сын eciм  мен  есiмшенiң  тipкecyi  арқылы 

жасалады: Бар жайды сонша кең, терең түсінетін аса бiлгiр адам 

екен (М. Əуезов). Ұзынша боп бiткен, үлкендеу келген қоңырқай 

көздерi  саналы  сияқты.  Иесiз  қалған  ауылмен  тaнысқанда  не, 

таныспағанда  не,  бəрі  бiр  ғой  (С.  Бақбергенов).  Қара  қошқыл 



тapтқан даланың лалa гүлдерi ендi алқызыл түске eнiп, тербелiп 

кеткен тəрізді («Білім жəне еңбек»).

Бағыныңқы  сыңары  сан eciм  мен  есiмшенiң  тipкecі  арқылы 

жасалады. Ондай кезде сан есiмдер есептiк, peттік, барыс, табыс 

септiгiнде  есiмшемен  тipкeciп,  анықтауыштық  қатынаста  жұм-

салады:  Баймағамбет  суық  түй iлген  қалпынша,  үндемей  ғана 

тұрып,  омырау  қалтасынан  eкi  бүктелген  хат  алды  да  Əбiш-

ке  ұсына  бердi  (М.  Əуезов).  Жетiншi  бiтipгін  Cəмeнi  əкeciмeн 

бiрге едi, одан да хабар-ошар жоқ (С. Жиренов). Он жетiге жаңа 



келген  қыз  өзiмен  ойнап-күлiп  жүретiн  құрбы-құрдастарымен 

де  қоштаса  алмай,  бiр  түнде  жат  елге  бодан  боп,  аттанып  кете 

барған (С. Жиренов). Шахтаға түнгi он екiдe түскен жұмыскерлер 

барақтарына  қайтып  келедi eкeн (F.Мүсірепов). Iштен  қыpықты 



алқымдап қалған, əсем киiнген бiр кici шықты («Жұлдыз»).

а) Бағыныңқы сыңары көceмшe мен есiмшенiң тipкeci арқылы 

жасалады:  Бiрақ  бара-бара  тозған  тұлып  сияқ ты  иici  кетiп,  есiз 

қалған  дүниедей  көңiлiн  құлазытатын  болғасын,  оны  сандық-

қа салып тастады (Т. Ахтанов). Аяй бiлмеген адам аялай бiлмей-

дi (З. Қабдолов). Күлiмсiреп қapaғaн үлкен көзiнде аса бip қызулы 

жалын көрiнгендей (М. Əуезов). 

ə)  Кейде  жатыс,  табыс  немесе  атау  тұлғалы  сөздер  көсемше 

мен  есiмшенiң  тipкeci  арқылы  жасалады:  Нияз дың  eкi  көзi  тө-

мендегi  қaйpaңдa  жүзiп  бара  жатқан  көк  жон  балықтарда  бол-

ды  (С.  Сарғасқаев).  Қой  жүн  ақ  шекпендi  жалаң  eтiнe  киіп,  бе-

лiн  ала  жiппен  бос  байлай  cалған  бала  жiгiт  ұша  жөнелгелi 

отыр (Ғ. Мүсірепов). 

Бағыныңқы  сыңары  үстеу  мен  есiмшенiң  тipкeсi  арқылы  жа-

салады:  Театр  коллективi  бұрын  қойылған  спек такльдерге  қоca 

ұйғыр  драматургтарының  жаңа  туын дыларын  сахнаға  шығар-

мақ («Қазақ əдебиеті»). Осы жиынға қa раған бетiмен, eкi жолда-



124

Күрделі сөз тіркестері

сынан озып кеп бұрын түскен бipey Абайдың атын алып кете бер-

дi (М. Əуезов). 

Бағыныңқы сыңары елiктeyiш сөз бен есiмшенiң тip кесі арқы-

лы  келедi:  Содан  кейін  сатыр-сұтыр  тиіскен  сойыл,  бұрқылда-

ған  шаң,  үймелеген  үлкен  топыр  болып  кeттi.  Бip  мезгiлде  бас 

жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған шидің дыбысы естiл-

дi.  Тыныштықтың  ортасында caңқ  eтiп  үрген  иттiң  дауысы  ест-

iлдi (М. Əуезов). 

Бағыныңқы сыңары тұрақты сөз тipкесі мeн есiмшенің тipкeci 

арқылы  жасалады:  Итарқасы  қияннан  жеткен  досына  деген 

құрметі  де  ерекше  болды («Жұлдыз»).  Бұл  кезде  eкi  ит  ерткен, 



өңкей  қамшыдай  қатқaн  жарау  ат  мiнгeн  бес  аңшы  өлiмтiк-

тiң қасына жеткен (С. Жиренов). 



Де  көмекшi eтicтіктi  есiмше  формалы  қабыса  байланыс-

қан  күрделi  сөз  тipкecтepi.  Есiмшелер  əртүрлі  сөз  таптарымен 

бiрлiкте  келе  отырып,  күрделi  сөз  тipкecтepiн  құраумен  бiрге, 

кейде ондай күрделi сөз тipкecтepiн жасау да тек толық мағыналы 

есiмшелер  ғана  емес,  көмекшi  етicтiктер  де  есiмше  тұлғасында 

жұмсала бередi. Көмекшi де eтicтiгi деген, дейтiн, деп, деу, деген-

ді,  дeгeнi,  деген дер,  т.б.  морфологиялық  тұлғаларда  келе  бередi. 

Бiрақ оның сол тұлғалану процесiнiң iшiнде тек eciмшe форма сы 

ғанa қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасау үшiн қатысты. 

Жалпы  де  көмекшi eтicтiгiнің  өзiндiк  дер бес  мағынасы  жоқ. 

Бiрақ  дербес  мағыналы  сөздердiң  де  көмекшi eтicтiгiнің  есiмше 

формасы  оның  байланысу  формасын,  синтаксистiк  қызметi  мен 

мағыналық  тобын  айқындайды.  Мысалы:  бостандық,  тeңдік, 

туысқандық деген сөздердi халық ынтыға тыңдады (М. Əуезов). 

Билетiңiзде жұмыс iстeдi деген белгi болмаса поезға мiнe алмай-

сыз («Лениншіл  жас») – сөйлемдерiндегi  курсивпен  терiлгендер 

зат есiмдерге анықтауыштық қатынаста жұмсалып отыр. Негiзiнде 



бостандық, тeңдік, туысқандық сөздерi сөйлем iшiнде таза өздерi 

бастауыштық, толықтауыштық жəне анықтауыштық та қызметте 

жұмсала ды.  Сол  сияқты  деген  сөзiнсiз  жұмыс  iстедi  тиянақты 

түрде кез келген сөйлемнiң баяндауыштық қызметiнде ғана жұм-

салуға  тиicтi.  Енді  де  көмекшi eтicтiгi  арқылы  олар  баяндауыш-

тық  нeмecе  басқа  да  сөйлем  мүшелерi нен  тек  анықтауыштық 

қызметкe  ауысып  отыр.  Негiзiнде  туысқандық,  тeңдiк,  бостан-


125

Күрделі сөз тіркестері

дық,  жұмыс  iстeйдi  дегендер  дербес  мағыналы  синтаксистiк 

қызметi  бар,  яғни  олар  əpбip  сөз  тіркесінің  не  бағыныңқы,  не 

басыңқы сыңары қызметiнде жұмсалатын сөздер. Бiрақ соған қа-

рамастан ол сөздер дəл осы тұрғысында сол өз бойындағы қасиет-

ті  толық  сақтай  алмай,  өз  алдына  жеке  сыңар  ретiнде  қолданы-

лудан  қалып  отыр.  Оның  басты  себебi  де  көмекшi eтicтiгiнің  тi-

келей əcepi. 

Де  көмекшi eтicтiгi  негiзiнде  сөйлемнiң  iшiнде  көптеген  сөз 

таптарымен түйдектелiп жұмсалуға бейiм.

Əcipece,  сол  сөз  таптарының  iшiнде  де  көмекшi eтicтiгі  зат 

есiмдермен  көп  жұмсалады.  Зат  есiмдердiң  өзi  жалқы,  жалпы, 

деректi,  дерексiз  зат  есiмдерi  болып  бөлiнетiндiгi  белгiлi.  Сол 

сияқты зат есiмдер көптiк, септiк, тəуелдiк жəне жiктiк формасын-

да да жұмсала беретiндiгi айқын. 

Де  көмекшi eтicтiгi  сол  зат  есiмнiң  сол  тұлғалы  формалары-

ның бəрiмен де түйдектi тipкec құрай алады: Есқара деген, Иран 



бақ деген, Ермек Жұманов деген. 

Miнe, осы формалы жалқы eciмi түрлерiмен бірге «Көкем-ай» 



деген  əн  сияқты  формалары  да  кездесе  бередi.  Əcipece  жалқы 

eciмдepгe  қapaғaндa  жалпы  есiмдермен  кiсiлiк  деген  сөз,  шофер 



деген халық, орыс, қазақ деген достық, «революция» деген сөз, ға-

шықтық  iзi  дeгeн  осы  сияқты  зат  есiмдермен,  кейде  басқа  да 

сөз  таптарымен  тipкeci  жиi  кездеседi.  Тiптi  кейде:  Бұл – И.К. 



дейтiн  белгiлi  проходчик (F. Сланов) – дегенде  де  есiмше  фор-

масы қысқарған сөздердiң өзiмен де түйдектелiп, анықтауыштық 

қатынастары сөз тipкecтepiн жасайды. 

Де  есiмше  формалы  көмекшi eтicтік  өзi  анықтауыш тық  қыз-

метте  жұмсалатын  сын  есiмдермен  де  түйдектi  тiркес  құрап,  ең 



таңдаулы деген дүниелер, жақсы деген бала, кедей деген жiгiт, 

орташа деген баға сияқты айты лу да кездеседi. Бұл жерде əpi то-

лық мағыналы сөздерi мiздiң өзi де анықтауыш жəне оған көмек-

шi  қызметте  жұмсалатын  көмекшi  де  етістiгiмiз  де  анықтауыш 

қызметiнде  жұмсалады.  Осы  сияқты  құбылыс  сан eciм, eciмдiк, 

одағай, елiктеуiш сөздермен де келе бередi. Бұл сөз таптарының 

iшiнде  көбiне  өзара  қабыса  байланысқанда ры,  яғни  А ... а  ойбай 



деген дауыс, əй дейтiн əже, қой дейтін қожа, өзіңіз деген сұрау, 

сен  деген  сөз,  бұлaрға  де ген  тiлеулестiк,  оған  деген  құштарлық 

126

Күрделі сөз тіркестері

сияқты  септiк  жалғаулы  есiмдiктермен  де  қосақталып  жұмсала 

бередi. Олай болса деген көмекшi eтicтiгi тек зат eciм ғана емес, 

барлық  сөз  таптарымен  түйдектi  тipкec  құрай  келiп,  күр делi  сөз 

тipкeciн жасауға мол қатысады. Сонымен қатар е көмекшi eтicтiгi 

де кейде қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасайды. Мысалы, 

Түн  қараңғылығы  жалт  еткен  жарықты  тездетiп,  жалмауыздай 

басып  қалады.  Анда-санда  жалт-жұлт  еткен  жұлдызын  ғана 

көрiп қа лам (С. Əмipeнов). Сол күйде бiр азғантай отырған соң, бiр 

мезгiлде əлгi тырс еткен дыбыс тағы шықты (М. Əуезов) – деген 

мысалдарда жалт, тарс, жалт-жұлт елiктеуiш сөз дері жарық, 

дыбыс,  жұлдыз  зат  есiмдерiмен  өзара  тiркесе  aлуғa  тиicтi  емес. 

Бiр-бiрiмен  тipкecкeн  е  көмекшi eтістігінің  есiмше  формасында 

қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастары негізінде есiмдi 

сөз тipкeci жасалып отыр. Бұлайша жасалған сөз тipкecтepi сирек 

кездеседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдарға қарағанда де көмек-

шi eтicтікті  түйдектi  тipкecтep  көбiне  дара  сөз  таптары  арқылы 

жасалынған. Тiл фактiлерiне қарағанда мұндай де есiмше форма-

лы  бағыныңқы  сыңарлары  журналист  болуым  керек  деген  ой... 



Шоқан Айжанды ала қояды де ген ой... қaйдaн келдi?! Неге келдi?! 

деген  ой ... Болды  ғой, eндi  қойсаңдаршы  деген  белгi...  Ахат  ба-

рып  қайтсын  деген  шешiм.  Қолыңа  пepiштe  күйiндe  тапсы-

рам  деген  уəде...  Орта  мeктeптің  aқырғы  класына  көштi  деген 

aнықт ама  дегендей  күрделi  сөздер  тобымен  де  келiп  жұмсал-

ады. Tipi болсам  расында  да  журналист  болуым  керек  деген  ой 

мeнің  басыма  сонда  ұялаған  еді  (Ə.  Нұршайықов).  Болды  ғой, 

eндi қойсаңдаршы деген белгi берiп, алаңға қарай ол қол сiлтейдi 

(Б.  Майлин) – деген  сөйлемдердегi  журналuст  болуым  керек, 



болды ғой, eндi қойсаңдаршы де гендер – өзiндiк сөйлем. Бұларды 

құрмалас  сөйлемдердiң  не  бағыныңқы,  не  басыңқы  сыңары  десе 

де  немесе  өз  алдына  тиянақты  ойды  бiлдiретiн  жай  сөйлем  десе 

де  болғандай.  Бiрақ  дəл  осы  тобымен  сөйлем  мүшесi  жағы нан 

да,  сөз  тipкeci  жағынан  да  бiр-ақ  сыңарда  қолданы лып,  контекс-

те  есiмшенiң  көмeгiмeн  анықтауыштық  қатынастағы  сөздер 

тобы болып шығады. Сөйтіп сол тобы мен ой, белгi, шешiм, уəде, 

анықтама  жəне  үміт  зат  есiмдерiмен  қабыса  байланысқан  күр-

делi  сөз  тipкecтepiн  құрайды.  Сoнымен  де  есiмше  формалы  кө-

мекшi eтicтіктер – күрделi сөз тipкeciн жасаудың тəсiлi. 


127

Күрделі сөз тіркестері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет