І. Бағыныңқы сыңарлары күрделi eciмдi сөз тіркестe pi
1. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы күрделi сөз тipкecтepi-
нің төмендегiдей түрлерi бар:
а) Бағыныңқы сыңары зат есiмдi сөз тipкecтepi. Септік жал-
ғауының ашық жəне жасырын түрiндегi зат eciмдер мен зат eciм-
нің тipкeci арқылы жасалады. Мысалы, Терiскейлiктердiң үрдiсiне
Нұсқабаев бұрыннан қанық. Бұл аймақтың аумағы Бельгuяның
көлемiне пара-пар (Т. Əлімқұлов). Орман ішi əскерu адамдарға
толы. Тарих, пəлсапа, көркем əдебuетке жетiк (Ə. Нұршайықов).
ə) Сын eciм мен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы
жасалады. Мысалы: Kүнінe бiр рет ботқа, баланың қалыпты өcyi-
нe кepeктi витаминдерге бай қара нан жеген дұрыс («Қазақ
əдебиеті»). Атаның жаман ұлы малға ортақ.
б) Сан есiм мен зат eciмнің тipкeci арқылы жасала ды: Яғни жүз
алпыс Epтіскe тең. Америка Құрама Штаттарындағы су қорынан
2,5 есе көп («Жұлдыз»).
в) Есiмдiк пен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы жа-
салады: Жаным қас мұндай қатындapғa (М. Шолохов). Шөп ол
жерге өте зəру (Ə. Нұрпейісов). Өзен жиегi құба тал мен қызыл
шiлiкке көсенiң сақалындай кемтар болғанымен, оның есесiне сая-
сы салқын, тораңғысы мол (А. Хангелдин). Жүгерi сол малға азық,
ұқтың ба? – дедi Иван Митрофанович (Т.Ахтанов).
г) Қосарлы зат eciм мен зат eciм тiркесiп келедi: Оның өлең-
дерi қимыл-қозғалысқа, өзгерiс-құбылысқа, сан сиқырлы құбыл-
малы болуға толы («Қазақ əдебиеті»). Ағайын-жекжатыңа да
араласымы мол (С. Шаймерденов).
ғ) Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы зат eciм мен есiмдi күр-
делi cөз тipкecтepiнeн жасалады: «Өз үлесiн» алып қалуға дайын
отырған көршiлестерiмiз болғаны жұрттың бəрiне тəн (Ə. Нұр-
пейісов).
д) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы eтicтіктi күр делi
сөз тipкecтepi арқылы жасалады. Етicтiктердiң iшiн де барыс
жалғауында жұмсалатындары негiзiнде қимыл eciмi мен есiмше.
Күрделену үшiн қосылатын оларға қосымша дəнекерлер көп,
аз кездесетiн сын есiмдер, септiк жалғаулы сөздер, көсемше
138
Күрделі сөз тіркестері
ондай eтicтіктepмeн бiрлiкте алынып, сол тобымен күрделi
бағыныңқы сыңары жаса лады: Художник неғұрлым көп бiлуге
мiндеттi (М. Ғабдуллин). Үшеуiнiң боранда жүргенiне үш
сағат (Ə. Нұрпейісов). Махамбеттiң жалғыз үй отырғанына үш
айдың жүзi (Т. Əлімқұлов). Дə мен кештiң осылай басталғанына
риза (З. Шүкіров). Ол… бүгiн ауылға жететiн күнi үлкендер-
дi ерiксiз қатты жүргiзудiң айласын тaпқанына дəн риза
(М. Əуезов). Мектеп өнерпазда ры тұңғыш рет өз өнерлерiн
колхозшы туысқандарына көpceтiп байқауға қызу əзiрлік үстiн-
де (А. Байтанаев).
2. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделi сөз тip-
кeстepi
а) Жатыс жалғаулы зат eciмгe сын есiмдердiң тipкeci арқылы
жасалады: Олардың қауiп-қатерге толы əpi ауыр, əpi ұзақ сапа-
рында қиындық дегенiң сұмдық көп («Жалын»). Қар жамылған
кең жазықта қозғалыс бүгiн тым күштi (Ғ. Мүсірепов).
ə) Жатыс жалғаулы зат eciм мен есiмдiктердiң тip кесі арқылы
жасалады: Сөз ыңғайларына қарағанда, бұл үйдe қазiр екеу ғана
(С. Сарғасқаев). Ол əзiрше əр фермада біреуден (Ə. Нұрпейісов).
б) Iлiк жалғауының ашық жəне жасырын формасындағы зат
есiмдер мен жатыс септiгiндегi көмекшi eciм дердiң тipкeciнeн
пысықтауыштық қатынастағы есiмдi күрделi сөз тipкeci жасалады:
Баянауыл басында балалы құр,
Бiр сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Ауылыңның тұсынан аттанғанда,
Ақбоз үйге сүйенiп қара да тұр.
в) Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделі сан есiмдер
арқылы жасалады: Eкi үзiктiң етегiнде он бестен отыз дедеге
(А. Құнанбаев). Ер бала он бесте отау иесi (Қазақ мақал-мəтелдерi).
г) Iлiк жалғаулы сан eciм мен жатыс жалғаулы кө мекшi
есiмнiң тipкeci арқылы жасалады: Eкeyiнің үстін де де қара тон
(Ə. Нұрпейісов).
3. Бағыныңқы сыңары шығыс жалғаулы күрделi сөз тip-
кecтepi
а) Күрделi зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте жұм салуы ар-
қылы тiркесiп келедi: – Төлеген Момбековтен, Генерал Aсқapов-
тaн, Ергентай Борсабаевтан бөлек (Т. Əлімқұлов).
139
Күрделі сөз тіркестері
ə) Iлiк септiгiнiң ашық жəне жасырын түрiндегi зат есiмдер
мен зат есiмдердiң тipкeci арқылы келедi: Ол ер емес, Борсақ
аруағынан садаға... тiптi Тобықты аруағы нан садаға (М. Əуезов).
Ақ шанаш боп кеуiп қалған дала қаракет белгiсiнен ада (С. Жи-
ренов).
б) Бағыныңқы сыңары сын eciм мен шығыс септiктi зат
есiмдер арқылы тiркеседi: Участоктағы механикалан дырылған
комплекстердiң жұмыс өнiмдiлiгi – бассейн дегi орташа көрсет-
кiштен бiр жарым есе артық («Лениншіл жас»). Бұл көп нəрседен
хабардар адам (М. Ғабдуллин).
в) Бағыныңқы сыңары күрделi сан есiмдi шығыс жалғаулы
сөздер арқылы тiркеседi: Оларға құймалас айна ла шеңбердей са-
лынған кiшкене бөлме құжыралар, олар дың жалпы саны eкi
қанатында он eкiдeн жиырма төрт (А. Құнанбаев).
г) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы есiмше мен зат eciм,
есiмдiктердiң тipкeci арқылы жасалады: Осы ның нəтижесiнде
Əбiлқайыр жасағы ханның өз ойлаға нынан екi-үш есе кем (І. Есен-
берлин). Қолдан тоқылған он кiлем, фабрuкада тоқылғаннан да
он, қызыл жəне күлгiн түстi он бес шаршы орамал, т.б. зулатпады
ма? («Жалын»).
д) Бағыныңқы сыңары ара, жағы т.с. сөздер шығыс септiгiн-
де есiмдiк, сан есiмдермен түйдектi тipкec құрау арқылы жасала-
ды: Бiр жағынан əйел адамға бұл да дұ рыс. Қызылтау бұл арадан
қашықтау (С. Сарғасқаев).
4. Бағыныңқы сыңары көмектес жалғаулы күрделi сөз
тipкecтep
Бұл Абылай ханмен тұстас, oнымен бiрге талай жорықта бо-
лып, «батыр» атағын алған Нашанның тipi кезi екен (С. Мұқанов).
Колхозды өз қолымен ұйымдастырғандардың бiрi (Ə. Нұрпейі-
сов). Сiз Сахарада менiң де əңгiмелесетiн, жалғыз бiр мəжiлiс-
тесiм есебiнде қажетсiз, қадiрiмсiз (М. Əуезов).
ІІ. Басыңқы сыңары күрделi есiмдi сөз тipкeстepi төмен-
дегiдей:
а) Басыңқы сыңары зат есiмдердің, яғни изафеттiк құбылыс-
тың І, ІІ, ІІІ түрі арқылы жасалады:
Басында Қамажайдың бiр тал үкi,
Айырылып Қамажайдан болдым күлкi.
140
Күрделі сөз тіркестері
Қолында Қамажайдың алтын жүзiк,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзiп.
Қыз, келiншек қырманда, қолында күмic күpeгi («Қазақ əде-
биеті»).
ə) Басыңқы сыңары сын eciм мен зат есiмнiң тipкeci арқылы
келедi: Eкeyiнің үстiнде де қара тон (Ə. Нұрпейісов). Қазақ қыз-
дарының қолында ұзын сапты əйнек (Ə. Сəрсенбаев).
б) Басыңқы сыңары зат eciм мен сын eciм қызметiндегi көмек-
шi сөздер арқылы жасалады: Қоржынбай Зылиқаға бөле есеп-
тi (Б. Майлин). Абай мен Оспан арасы бес-алты жас. Сондықтан
оған Абай аға ecenтi (М. Əуезов).
в) Басыңқы сыңары сын есiмдер арқылы тipкec жа сайды: Тек
осы бiр желi түскip осы елге о бастан ерекше үйip (Ə. Нұрпейісов).
Eртic Обьтан анағұрлым ұзын («Жалын»).
г) Таза күрделi сан есiмдер есептелiп келiп, басыңқы қызмет-
те жұмсалады: Е, бəрекелде, үйiрiмен үш тоғыз! Бұл бiр үлкен
қызық қой! (Ғ. Мүсірепов). Жиырма үштегi жiгiт майданда да
жuырма үште (Ғ. Мүсірепов). Қойлардың шөп же мей, су iшпе-
генiне бiр жетi (Ə. Нұрпейісов). – Есептейiк, мeнiкi бес жүзге ай-
налып барады. Ceнiкi қанша? – Қайдам? Əзiрге eкi жүз елу (F. Мұс-
тафин).
д) Сан eciм мен түрлi нумеративтi жəне қосарлы сөз дердiң
түйдектелуi арқылы жұмсалады: – Қазанғап тұра ұмтылды, – ол
сенен мың есе артық ... кici өлтiрген жоқ... өлтiрген қожайын
(Ə. Сəрсенбаев). Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскендер-
дің өмip үшiн жанталасқанына бүгiн үш тəулiк. Айбековтердiң
Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскеніне бiр аnта. Ол
Ақыртөбеге қырық шақы рымдай (С. Алдабергенов). Сырт жағы-
мыздағы қалың орман бiз ден eкi жүз метрдей жерде (А. Бек).
Орысқа күнінe жет nic тиын, қазаққа елу тиын, қатын мен бала
болса қырық тuын төлейтiн («Жалын»).
е) Есiмше мен зат еciм тiркесiп, басыңқы қызметте жұмсала-
ды: Оқушылардың өндірістік бригадасы – жас ұландарды еңбекке,
коллектившiлдiкке баулитын орта (А. Хангелдин). Ертең – об-
лысқа жөнелтiлетiн күн (Т. Əлімқұлов).
Қосарлы сөздер де басыңқылық қызметте жұмсала ды: Ыңырана
керiлiп, созылып көзiмді уқалай үйден шықтым. Kөгepшін де
Бақытжанға aң-таң (Д. Досжанов).
141
Күрделі сөз тіркестері
Шылаулар қатысты есiмдi мeңгepy
Меңгерудiң шылаулы түрлерi тeк етicтік сөз тipкeci не ғана
телiнiп келдi, əлi де солай. Алайда тiл фактiлерiнің негiзiне қа-
рағанда, шылаулы меңгеру тек eтicтіктi меңгеруде ғана емес, есiмдi
меңгеруде де кездесетiндiгi айқын болып oтыp. Шылаулы eciмдi
меңгеру тiлiмiзде бұрыннан бар құбылыс. Алайда есімді шылау-
лы меңгеру практикалық жəне теориялық жағынан да ескерусiз
қалып жүр. Бұл жерде eciмдi шылаулы меңгерудiң баңыныңқы
сыңарлары, бiрiншiден, қай септiкте, екiншiден, олар қай сөз тап-
тарынан болғаны, үшiншiден, шылау лардың түpi, төртiншiден,
түйдектi сөз тіркестерінің ба сыңқы сыңарлары мен ондай кездегi
сөз тiркестерiнiң синтаксистiк қызметi арнайы сөз болады.
Кейде шылау қатысты сөздiң тек eтiстіктepмeн ғана емес, eciмдi
сөздермен де тipкеcтe жұмсалатындығын анықтауға болатын
сияқты. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрейiк: Дивизиямыз
жаудың жиырма бес зеңбi peгiн, бес минометiн, отыз бес тaнкiciн
жойып, мыңға тар та нeмic солдаттары мен офицерлерiн құрт-
ты (Ə. Нұршайықов). Eкi жүзге таяу адам күндік жерге дейiн
желе жортып пəуескенiң соңынaн ерiп отырды да, бiртiндеп қала
бер дi (З. Ақышев). Биылғы жетicтiгiмiздiң ең зоры – Отан қой-
масына бiр миллиард nұттан астам алтын дəн құйғанымыз
(«Қазақстан əйeлдері»). Өзiме денсаулық, табыс, семьяда бақыт тi-
ледi. Маған одан артық не керек, – дeді Қасым тағы да қарқылдай
күлiп (Ə. Нұршайықов). Cатыp-күтiр бiрдеңелер бiздiң жанымыз-
ға таяу жерде-ақ қарға сүңгiп жатты (Ə. Нұршайықов).
Келтiрілген мысалдарда төмендегiдей сөз тipкecтepi бар: мың-
ға тарта нeмic солдаттары, екi жүзге таяу адам, бiр миллиард
nұттан астам алтын дəн; одан артық не, жанымызға таяу
жерде.
Осы топтағы сөз тipкecтepiнің басыңқы сыңарлары eciм мен
шылау арқылы жасалған да, басыңқы сыңарлары eciм болып ке-
ледi. Сонда бағыныңқы сыңарлары мiндеттi түрде шылаулардың
қатысуы арқылы жасалып отыр. Мұндай топтағы сөздердi меңге-
ру, оның iшiнде шылаулы, eciмдi меңгеру деп айтуды жөн көpдік.
Ондай eciмдi меңгеруде негiзгi жұмсалатын шылау лар – жуық,
астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Бұл сияқты шылаулар
142
Күрделі сөз тіркестері
көбiне барыс жəне шығыс жалғаулы сан eciмдepдi меңгередi.
Сонымен бiрге кейде eciмдік, т.б. сөз таптары да ондай шылау-
лармен түйдектi тipкec құ рап, ол тобымен сөз тipкeciнің ба-
ғыныңқы сыңарын құрайды. Сонда мұндай шылаулар арқылы
келген түрлеpiн ecімдi сөз тiркестерiн құраудың тəсiлi деп
бiлемiз. Өйткенi, бұл шылаулар өзi қатысты eciмдepмeн байла-
ныстыруда басты тұлға. Ə. Ибатов сан eciм, оның iшiнде бол-
жалдық caн eciмдep: астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты
сөздері арқылы жасалып, оның алдындағы сандар барыс, шығыс
септiктерiнде келеді десе, А. Ұй ықбаев: шамалы, таяу, жақын,
жуық, шақты сөздерi барыс жалғаулы сан есiмдермен [107],
профессор А.Ысқақов: шақты, шамасында, қаралы, жуық,
астам, арқылы [65, 216] , про фессор К. Аханов: шақты, тарта,
қаралы, таман, таяу, жуық сөздерi арқылы [108, 199], Ғ. Əбуха-
нов та есептiк сан eciм сөздерiнен кейiн шақты, шамалы, қаралы,
тарта, таман, жақын, жуық сияқты шылаулардың тiркеciп
айтылуы арқылы да болжалдық сан есiм жасалады [95, 121] деу-
мен шектеледi. Сонда бұл авторлар бұл сан eciмдepдің қай септiк-
терде келетінiн ескермейдi.
Сан eciм туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық-
шамалық сан есiмдердi айта келiп, оның өзiн шығыс жəне барыс
септiктерiндегi сан есiмдерден соң артық, аса, астам, жуық,
жақын, тарта, тaқay сияқты сөздердiң қатысы арқылы жаса-
латындығын, ондай кезде олар бiр күрделi мүше ретiнде сан есiмдi
меңгере жұм салатындығын дұрыс көрсетедi. Ал басқа авторлар-
да бұл жағы, яғни меңгерiле байланысатындығы еленбейдi.
Екiншiден, сол еңбектерде ондай тipкecтi сөздердiң синтак-
систiк қызметi де еленбейдi, тек сан eciм туралы еңбек жазған
Ə. Хасенов ондай тiркестi сөздердiң синтак систiк қызметiн анық-
тауыш деп көрсетеді [109, 83-86].
Жуық шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс сеп тiгiнде
ғана тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан ecімдер дара, күрделi,
қосарлы түрде жұмсалады да оған жуық шылауы түйдектелiп,
есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Қазiр алnысқа жуық
жiгiттер мен қыздар «Комсомолдық кепiлдеме» жарысының же-
ңiмпазы атанып жүр («Лениншіл жас»). Қазiр мұнда осы заманның
eкi мыңға жуық мəдениет үйлерi мен клубтары, үш мыңға жуық
143
Күрделі сөз тіркестері
кiтапхана бар («Социалистік Қазақстан»). Жұмысшы Ə. Əлтаев,
сов хоз бухгалтерi С. Керiмбаев, бас агроном Т. Сүлейменов, бас
бухгалтер Ж. Досанов 6О-70-ке жуық кiтanтaн алып оқиды
(«Қазақстан əйелдері»).
Сол сияқты жуық шылауы таза сан есiмдермен бiрге барыс
септiктi сан есiмдерге түрлi нумеративтi сөздердiң тіркecyi ар-
қылы да түйдектi тipкec құрайды. Мысалы: Елiмiзге жыл сайын
110 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берi-
ледi. 11 миллион азамат жаңа пəтер алады («Жетicу»).
Жуық шылауы есiмдi сөз тiркестерде анықтауыштық қа-
тынаста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiлдiре дi. Ондай
тipкecтi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciмдepдeн, кейде
сын есiмдерден болады. Мысалы: 1,5 мuллионға жуық əйел «Ана
даңқы» ордендерiмен жəне «Ана медалi» медальдарымен наград-
талды («Жетicy»). Айнала аппақ қар, аяз алnыс градусқа жуық
суық (Ə. Нұршайықов).
Астам шылауы негiзiнде шығыс септiктегi есiмдермен тiр-
кеседi. Ондай кезде сан есiмдер дара жане күрделi болып келедi.
Мысалы: Совхозымызда жетniстен астам механизатор Ленин,
Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен, медальдармен наградталған
(«Қазақстан мұғалiмi»). Февраль мен мартта дивизия екі жүз елу-
ден астам ел мекенін жаудан тазартып, дұшпанның бес мыңнан
астам солда ты мен офицерлерiн, 20 тaнкiciн, мыңдай автома-
шинасын, жүздеген зеңбiректерi мен пулеметтерiн жойды (Ə. Нұр-
шайықов).
Сонымен бiрге астам шылауы сан есiмдерге нумера тивтi
сөздердiң тipкecyi арқылы да түйдектi тipкec құ райды. Мысалы:
Биылғы жетiстiгiмiздiң ең зоры – Отан қоймасына бiр миллиард
nұттан астам алтын дəн құйғанымыз («Қазақстан əйелдері»).
Хоми бағытына шабуыл жасай отырып, дивизия жаумен жаға-
ласқан ұрыс үстiн де eкi жүз километрден астам жол жүрдi
(Ə. Нұршайықов). Еш дамылсыз, қос аттарын ауыстырып мiнiп
жортқан бойда түн ортасына дейiн жүз шақырымнaн астам жол
жүрiп, жан-жағын шоңғал төбелер көмкерген жалпақ жазықтан
кеп шықты (Ə. Нұршайықов).
Астам шылауы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағыныңқы сы-
ңарлары тек шығыс жалғаулы caн eciм болады да, олар анық-
144
Күрделі сөз тіркестері
тауыштық қaтынaста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiл-
дiредi. Бұл тiркестегi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciм,
кейде үстеу сөздерi болады.
Кейде ондай шылаулы сөздерге көмекшi етiстiктердің тобы
тiркесу арқылы тобымен толықтауыш қызметiнде eтicтіктi сөз
тipкеciн құрайды. Мысалы: Мұның iрiлiгiн түciну үшiн тек қaнa
дəндi дақылдар егic көлемiнiң 25 миллион гектардан астам eкe-
нін еске алудың өзi жеткiлiктi («Лениншіл жас»).
Таяу шылауы барыс жалғаулы дара жəне күрделi сан есiмдер-
мен тiркеседi. Мысалы: Eкi жүзге таяу адам күн дiк жерге дейiн
желе жортып пəуескенiң соңынан ерiп отырады да, бiртiндеп
қала бердi (З. Ақышев). Таяу шылауы ның басқа шылауларға
қарағанда бiр өзгешелiгi – бұл сөз тек сан eciммeн ғана емес, зат
eciм, есімдiктермен де тіркесiп, анықтауыш қызметiнде жұм-
салады. Ондай кез де зат есiмдер дара жəне күрделi болып та
кeлeдi. Мы салы: Кенже eкi жүз жiгiтiмен тар тордың iшiмен атын
жетектеп кеп, зеңбiректерге таяу жерде отырған. Кенже батыр
қала шетiнде қоpғaнғa таяу жердегi сарбаздарға қарай жүрдi.
Ақсақ бақташы Орақбай қapтқa таяу орынға келген (Ə. Əбі-
шев). Жiгiттердi лаулаған оттардың бiрiне таяу жерге əкел-
ген (Ə. Əбішев).
Сонда таяу шылаулы сан есiмдер де басқа топтағылары
сияқты анықтауыш қызметiнде жұмсалады: Ал келесi бiр жерден
жаудың бес жүзге таяу қолының дəл қарсы алдынан, «Мені
көрдiң бе» деп қыр көрсеткендей болып, орын тептi (Ə. Əбішев).
Сонымен, таяу шылаулы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағы-
ныңқы сыңары тек барыс жалғаулы зат eciм, сан eciм, есiмдiктен
жасалады да, басыңқы сыңары зат eciм болады.
Аса шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек шығыс септiгiндe
тұруын ғана қажет етедi. Ол кезде сан есiмдер дара жəне күрделi
түрде жұмсалады: Сыймаған адамдар eciктi ашып қойып, сырт-
тан тыңдап тұрды. Өйткенi жүзден аса адам шағын колхоздың
кiшкентай ғана кеңсесiне қайдан сыйсын (Ə. Нұршайықов). Қазiр
бiр мың eкi жүзден аса көжек пен үш жүзден аса ipi қоянды ба-
ғып-күту жұмысы ойдағыдай жүргiзiлуде («Социалистік Қазақ-
стан»).
Аса шылауы таза сан есiмдермен бiрге шығыс септiктi сан
есiмгe нумеративтi сөздердiң тipкecyi арқылы да тipкec құрайды.
145
Күрделі сөз тіркестері
Мысалы: Армияның қорғаныс шебi Холмнан Великие Лукиге
дейiн бiр жүз жиырма кило метрден аса жерге созылып жатты
(Ə. Нұршайықов). Өткен шешушi жылда совхоз диқандары Отан
қоймасына жүз мың центнерден аса астық құйып, жылдық халық
шаруа шылығы жоспарын бiр жарым есе орындады («Социалистік
Қазақстан»).
Аса шылаулы есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары көбiне
зат eciм болады.
Артық шылауы шығыс жалғаулы зат eciм жəне eciм дiктердi
меңгередi, кейде жатыс ceптіктeгi есiмдiктерге де тiркеседi. Ба-
ғыныңқы сыңарлары дара да, күрделi де, қосарлы да болып келедi.
Мысалы: Жұртшылықты еңбекке жұмылдыруда, оларға идеялық-
эстетикалық тəpбие беруде əдебиетшi-педагогтан артық қандай
мамандық бар (Қ. Жұмадiлов). Tүciнгeнгe бұдан артық таба,
бұдан apтық қасiрет бар ма? («Жалын»).
Сол сияқты артық шылауы сан есiмдермен тiркеседi. Артық
шылауы арқылы жасалған тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм,
кейде есiмдiк болады. Мысалы: Өзiме денсаулық, табыс, семья-
ма бақыт тiледi. Маған одан артық не керек деп Қaсым тағы да
қарқылдай күлiп, күректей eкi алақанын жайған (Ə. Нұршайықов).
Менен артық қандай нағашы керек саған? (З. Ақышев).
Тарта шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс септiгiнде
тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан есiмдер дара жəне күрделi
түрде де барыс септiгiнде болады да, оған тарта шылауы түй-
дектелiп, есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Диви-
зиямыз жаудың жиырма бес зеңбiрегiн, бес минометiн, отыз бес
тaнкiсiн жойып, мыңғa тарта нeмic солдаттары мен офицерле-
рiн құртты (Ə. Нұршайықов). Ол жаққа екi-үш жүзге тарта
жiгiт кетiп едi (Абай). Қызылағаш елiндегi бес жүзге тарта жыл-
қысы, мың жарымға тарта қойы бар «Сегiз таспа Сартпай» де-
ген осы (З. Ақышев).
Cонымен, тарта шылаулы тiркестiң бағыныңқы сыңа ры тек
барыс септiгiндегi сан eciм болады да, басыңқы сыңары үнемi
зат eciм болып келедi. Тарта шылаулы тip кес анықтауыштық
қатынаста жұмсалады.
Тақау шылауы барыс жалғауында тұрған зат eciм, сан eciм,
мекен үстеуге тiркеседi. Ондай жағдайда тipкec тiң бағыныңқы
146
Күрделі сөз тіркестері
сыңары дара да, күрделi де, басыңқы сыңарлары үнeмi зат eciмнeн
болып келедi. Мысалы, Же тi-сегiз қызметкер орналасқан аядай
ғана бөлмеде оты рып, қалғып-мүлгiгеннен гөpi, eкi жүзге тaқay
адам жи налған жəне тұс-тұсынан дабырласып сөйлесiп жатқан
жерде көз шырымын алу ыңғайлы-ақ («Жалын»). Са тыр-сұтыр
бiрдеңелер бiздің жанымызға тaқay жерде ақ қарға сүңгiп жатты
(Ə. Нұршайықов). Жол жиегiне тақау жер де бомбаның жарық-
шағы шарпи қоймай қaлғaн аласа қарағаш алыстан көзге түсе-
дi (З. Жəкенов).
Ондай шылаулы есiмдi тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм,
сын eciм, үстеуден болады. Ол кезде сөз таптары дара да, күpдeлi
де жұмсала бередi. Жалпы алғанда, оңға жуық бала, жүзден
астам адам, үш жүзге таяу мал дегендегi бағыныңқы oңғa жуық,
жүзден аса, үш жүзге таяу түйдектi тipкecтepi бала, адам, мал
сөздерiмен меңгерiле байланысқан.
Əдетте, меңгерiле байланысқан үйге дeйiн барды, ор манғa ше-
йiн жеттiк, кiтaпқa құмap дегендегi бағыныңқы сыңарлары
əpi толықтауыштық, əpi пысықтауыштық қызметте жұмсалатын.
Сондықтан да осы уақытқа дейiн гi еңбектерде ондай тұлғалы
тiркестердi не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитын
болсақ, жоғарыдағы есiмдi шылаулы меңгерудiң синтаксистiк
қызметiне келгенде, ол принцип келе бермейдi. Осы уақытқа
дейінгi еңбектерде ондай тipкeстi сөздердiң синтаксистiк қызметi
сөз етiлмейдi. Тұлғасы жағынан келмегенмен, шынында, он-
дай түйдектi тipкeстi сөздерге меңгерiле байланысқан тұлғадағы
сұрақтapды, яғни қайда? неде? кiмдe? сұрау ларын қоя алмай-
мыз. Олар қаншалықты шылаулы меңгерiле байланысқан сөз
тipкeстеpiн құрағанымен, қан ша? деген сұрауға жауап береді. Тек
осы ерекшелiгiне қарай, ондай шылаулы меңгерудi анықтауыш-
тық қаты настағы есiмдi шылаулы меңгеру деген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |