2. Тəуелдік жалғауы. Тəуелдік жалғауы да А. Ысқақов айт-
қандай, морфологиялық, синтаксистік жəне аралас тəсіл арқы-
лы жасалады. Əрине, соның ішіндегі тəуелдік жалғауының мор-
фологиялық тəсілі үш жақта да жалғаулар арқылы берілетіні
белгілі.
Əрине, мұнда қай сөз таптары тəуелденеді дегеннен гөрі сол
тəуелдік жалғаулы сөздер қандай сөз тіркестерінде кездеседі де-
ген сұрақ басты мəселе болып тұр. Ондай кезде тəуелдік жалғау-
лы сөздердің сөзді өзі аяқтап тұруы ғана негізге алынуы керек.
Ал олардың балаларымның сияқты ілік жалғауының алдында
келуі сөз бен сөзді байланыстыра алады деп ойлаймыз.
Зерттей келгенде, тəуелдік жалғауы көбіне сөз тіркесінің соңғы
сөзіне жалғанады делінеді. Мысалы, Алтайдың қара шаңырағы
тұрғанда, қайда барамыз?(Ғ. Мұстафин), Алтайдың шаңырағы де-
ген сөз тіркесінде тəуелдік жалғауы басыңқы сыңарда айтылып,
өзіне ілік жалғауды керек етіп тұр. Сонда тəуелдік жалғаулы сөз-
дер осы қалпында матаса байланысқан сөз тіркесін құрауда үш
түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, ондай тіркесте тəуелдік
жалғауы үнемі айтылатын болса, екіншіден, бағыныңқы сыңарлары
біз, сіз есімдіктері болып келгенде тəуелдік жалғауы негізінде
түсіріліп те, кейде түсірілмей де айтыла береді, үшіншіден, тəуел-
дік жалғаулы сөздерге өзінен кейін тағы да септік жалғаулары
келе береді, ондай кезде тəуелдік жалғауының сөз бен сөзді
жалғастыру қызметі солғындап, өзінен кейінгі сөздің қызметі
арта түседі.
Үлкен ақ үйдің терме баулары барқыт пен жібекке, кесте
мен оюға, бояу мен сырға орап қойғандай (Ғ. Мүсірепов) деген
сөйлемдегі тəуелдік жалғаулы баулары сөзі (үшінші жақ, көпше
түрі) үйдің деген ілік жалғаулы есім сөзді керек етеді.
Кейде тəуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары
жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер (кейде есім-
247
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дер) жетектеп тұрады. Мысалы, Байжанның баласы Апақ суыр
інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездесті (Ғ. Мүсірепов). Мар-
тен цехында инженер Сағатова – құрышты ОТК-ға тапсырайын
деп жатыр екен (З. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі тəуелдік жал-
ғаулы сөз тіркестері суыр інінен, Мартен цехында, ондағы тəуел-
дік жалғаулы сөздерге шығыс, жатыс септіктері жалғанып тұр.
Тəуелдік жалғауларының матаса байланысқан сөз тіркесінің
басыңқы сыңары болуымен қатар, сөз тіркесінің бағыныңқы
сыңары болу қызметі де кездеседі.
Сол сияқты тəуелді жалғаулы сөздер сөйлемде тек мата-
са байланысқан сөз тіркестерін құрап қоймай, кейде қиыса
байланысқан сөз тіркестерін де құрауға қатысты. Ағаш көркі –
жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал) – дегендегі ағаш көркі,
адам көркі тəуелді жалғаулы бастауыштар тəуелдік жалғауының
ІІІ жағында келуі арқылы баяндауышпен қиыса байланысқан.
3. Жіктік жалғауы. Жіктік жалғауы қиыса, меңгеріле, қабыса
байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына жалғанады.
Əрине жіктік жалғауын қабылдауға бейім сөз етістік, сол сияқты
есімдер де жіктік жалғауды қабылдап, баяндауыш қызметінде
жұмсалады.
Жіктік жалғауы сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсала-
тын сөздерге екі түрлі жағдайда жалғанады. Біріншіден, ол жал-
ғау сөзге бірнеше жалғау жалғанғанымен, олардың барлығынан
соң жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз. Екіншіден, кейде жіктік
жалғаулары көптік жалғауларының алдында келіп жұмсала
береді. Мысалы, оқа емес, сендер өз аттарыңды тарихта онсыз да
қалдырдыңдар («Лениншіл жас»).
Бірақ жіктік жалғаулары мейлі сөздің соңында, мейлі
белгілі бір жалғаулардан бұрын келгенімен, бəрібір біріншіден,
баяндауыштық тұлға болып есептеледі де, екіншіден, сөйлемдегі
басқа сөздерге басыңқылық қызмет атқарып, сөйлемнің ішінде
сөз тіркестерін құрауға себеп болады.Əрине, етістіктер сөйлем-
нің соңында келіп, сөз тіркесінде басыңқылық қызметте жұм-
салған кезде олар əртүрлі тұлғада да жұмсала береді. Яғни бер,
берген, беріп, т.б. тұлғаларда келіп, сөз тіркесінің басыңқы сы-
ңарында жұмсала береді.
Таяқ жесе же, Елена Павловна жылаған баланы уатып, ал-
дында қарусыз елге қожаңдап тұрған Хайровты көзімен атып тұр
248
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
(Ə. Шəріпов). Міне, осында уату етістігі көсемше тұлғасында
бала сөзімен меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрауда.
Бұл процесс – тек құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары
кезінде ғана болатын құбылыс. Ал құрмалас сөйлемнің басыңқы
сыңарының жəне жай сөйлемнің баяндауышы кезінде етістіктер
тиянақсыз тұлғада емес, міндетті түрде өзіндік тиянақты тұл-
ғасында немесе көмекші сөздердің қызметі арқылы ғана келеді.
Жіктік жалғауының етістікке жалғанып, басыңқы сыңарда жұм-
салуында, əдеттегі есімше, көсемше тұлғасында етістіктерге
қарағанда қалайда тиянақтылық қасиет басым болады.
4. Көптік жалғауы. Көптік жалғауы тіліміздегі көп қолда-
нылатын жалғаулардың бірі. Мысалы, 1. Мен үйге бара берейін,
сендер асықпай келерсіңдер (І. Жақанов). 2. Есік алдында тұрмай
үйге кіріңіздер. 3. Жұмысшылар интернационалға кіре бастаса-ақ
болды (Э. Золя). Бұл сөйлемдердегі көптік жалғаулы сөз тіркес-
тері жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды, сендер келерсіңдер,
сіздер кіріңіздер.
Жалпы көптік жалғауы зат есімге, субстантивтенген сөз тап-
тарына жалғана-тындығы белгілі. Əрине, көптік мағына лекси-
калық, морфологиялық жəне синтаксистік тəсіл арқылы беріледі.
Ал сөз тіркесінің бір сыңары болуы үшін немесе сөз бен сөзді
байланыстыруда біздің негізгі объектімізге көптік жалғаулы
сөздердің морфологиялық тəсілі негізге алынады. Ондай мор-
фологиялық тəсіл арқылы жасалатын көптік жалғауының көрсет-
кіші -лар, -лер (оның варианттары). Осы көптік жалғауларының
сөзге жалғануының өзінің екі жолы бар сияқты. Жаңаларды жеке
жібермей, ескілерді баулыса қайтеді? (Ғ. Мұстафин) – деген
сөйлемде жаңаларды жібермей, ескілерді баулу сияқты меңгеріле
байланысқан сөз тіркестері бар. Міне, осы сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңарларындағы сөздерде жаңа, ескі сөздеріне əрі
көптік, əрі септік жалғаулары бірдей жалғанған. Бірақ осындағы
сөз бен сөзді байланыстыру рөлін көптік жалғауы атқарып тұр
дей алмаймыз. Өйткені оның бұл жердегі қызметі сол сөздің көп-
тік мағынасын білдіреді де, ал ол сөзді басыңқымен байланыс-
тыруда табыс септігі негізгі қызметке ие болып отыр. Біз бұл
жерде көптік жалғаулы сөздер туралы айтқанымызбен, оны жеке
алып қарау мақсатын қойып отырғанымыз жоқ. Біз көптік жал-
249
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ғаулы сөздердің басқа сөздермен байланысып, сөз тіркесін құрау
жағын ғана қарастырамыз. Сөз тіркестерінің қабыса, меңгеріле,
қиыса жəне матаса байланысқан түрлерінің ішінде көптік жал-
ғауы тек қиыса байланысу формасын құрауға қатыса алады. Бас-
қалары көптік жалғауы арқылы байланыспайды. Ал қиыса бай-
ланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бастауыш жəне баянда-
уыш екендігі белгілі. Сонда көптік жалғауы ондай сөз тіркесінің
бірінші, екінші сыңарына да жалғанады. Бірақ ол жалғаудың он-
дай кездегі қызметі бірдей емес. Ондай сөз тіркестерінде көптік
жалғаулары көбіне бірінші, яғни бастауыш болып тұрған сөздерге
жалғанады да, ал баяндауыш болып тұрған сыңарлары етістік бо-
лып келсе, оған көптік жалғауы ІІ жақтың көпше түріне жалға-
нады. Мысалы: Сендер келіңдер, сіздер келіңіздер. Ал есімдер-
ден баяндауыш болып келгенде де ретіне қарай жалғануы
мүмкін. Бұған қарағанда, көптік жалғауы сөз тіркестерінің көбі-
несе бірінші сыңарына ғана жалғанады.
Біздіңше, көптік жалғауларын сөз бен сөзді байланыстыру-
дағы осындай ерекшеліктеріне қарай екіге бөліп қарау керек
сияқты.
1. Көптік жалғауы -лар, -лер сөздерді өзара байланыстыруға
қатысады, бірақ ол бағындырушы тұлға болмайды. Мысалы,
жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды деген сөз тіркесіндегі -лар
көптік жалғауын алып тастап, жұмысшы кіре бастаса-ақ деп те
айтуға болады.
2. Есімдіктерге көптік жалғауы жалғанғанда ол сөз екінші сөз-
дің міндетті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. Мыса-
лы, сендер келерсіңдер, сіздер кіріңіздер – деген сөз тіркестерін-
дегі сендер, сіздер сөздері кел, кір сөздерінің міндетті түрде көптік
жалғауында тұруын керек етеді. Сендер келің, сіздер кіріңіз деп
айтуға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды: жалғаулар сөз
бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. Бірақ сол қызметтегі
жалғаулардың барлығы бірдей сөзді сөзге бағындырушы тұлға
бола алмайды.
5. Жұрнақтардың байланысу тəсіліне қатысы. Сөз тіркесі
жайлы жазылған көптеген еңбектерде синтетикалық байланысу
тəсіліне жалғауларды жатқызады. Расында бұл дұрыс та. Бірақ
сөз бен сөзді байланыстыруда тек жалғаулар емес, жұрнақтардың
250
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
да рөлі баршылық. «Əсіресе етістіктің көсемше, шартты рай
тұлғаларының рөлі ерекше» [70, 18]. Мысалы, Мен етпеттей
жығылдым (Ж.Тəшенов). Мен жүре келе көп нəрсеге түсіндім.
Ол күліп сөйледі (І. Есенберлин) сөйлемдеріндегі етпеттей
жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестерін-
дегі əрбір сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары
арқылы байланысып тұр. Алайда сөз тіркестеріндегі сөздердің
жұрнақтар арқылы байланысу тəсілі жалғаулар арқылы байла-
нысу тəсілдеріндей актив құбылыс емес. Сонда да біз қазақ тілін-
дегі синтетикалық байланысу тəсілдерінің осы бір ерекшелігін
ескеріп, оны сөздердің жалғаулар арқылы байланысуына қоса
жұрнақтар арқылы да байланысу, яғни қосымшалар арқылы
байланысу деп атауды жөн көрдік.
ІІ. Аналитикалық деген термин грек тілінің analytikos «ана-
лиздің нəтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жа-
салған. Демек, аналитикалық тəсіл сөздің сыртында болады, яғни
көмекші сөздер, сөздердің орын тəртібі жəне интонация тəсіл-
дерін қамтиды.
1. Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысы. Сөз бен сөзді
байланыстыратын синтаксистік тəсілдің бірі – сөздердің орын
тəртібі.
Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінде белгілі бір жүйелілік
бар. Сөз тіркесінің сыңарлары қалай болса, солай тіркесе салмай-
ды. Олар белгілі тəртіппен орналасып тіркеседі. Синтаксистік
байланыстың бұл амалы сөздердің жалғаулар арқылы байла-
нысуынан кем түспейді. Біздіңше, қайта, жалғаусыз тұрған ор-
нына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады.
Сондықтан бұндай сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының
орнын қалай болса, солай өзгертіп айта бермейміз. Сөз тіркесінің
құрамындағы сыңарларының орны ауысса, онда бүтіндей сөз
тіркесінің білдіретін мағынасы өзгеріп кетеді. Мысалы, көз əйнек,
əйнек көз, қалта сағат, сағат қалта деген тіркестердің орны
өзгергендері мағынасыз болып тұр. Сөз тіркесіндегі сөздердің
орын тəртібі грамматикалық функцияны да атқарады (порядок
слов выполняют грамматические функции). Мысалы, орыс ті-
ліндегі снежная зима мен зима снежная деген сөз тіркесіндегі
снежная сөзі нақты қатынасты (определительные отношения)
251
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
білдірсе, екінші сөз тіркесінде (зима снежная) предикаттық қа-
тынасты білдіреді [71, 404].
Сөздердің орын тəртібі арқылы тіркесу қабілеттілігінің күш-
тілігінің тағы бір дəлелі ретінде сөз тіркестеріндегі сөздердің
əрбір сыңарларының сөйлемде іргелес тұруымен қатар, алшақ та
тұру ерекшелігін айтуға болады. Бұндай құбылыс көбіне мезгіл
үстеу мен көмекшілердің қатысымен жасалған сөз тіркестерінде
кездеседі. Мысалы. Бүгін, міне, қарасам бір көш кетіп бара-
ды (Жамбыл) деген сөйлемдегі бүгін сөзі кетіп барады сөзінен
алшақтап тұр.
Кейде мамандар арасында сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі
мен интонацияны бір нəрсе деп қараушылық бар [72, 133]. Бұл
дұрыс емес. Себебі сөздердің орын тəртібі мен интонацияның
зерттейтін объектілері бір емес. Орын тəртібінің объектісі сөз
тіркестері болса, ал интонацияның объектісі көбіне сөйлем бо-
лып келеді. Интонациялық құбылыс сөйлемнің айтылу мақсатына
қарай сөз болады. Біз бұл арада интонацияның сөз тіркесіне
қатысын сөз етпекпіз.
Сөз тіркесінде де интонацияның өзіндік қатысы бар. Оның
өзі сөздердің орын тəртібі арқылы жасалатын сөз тіркестерінің
кейде ерекше айтылуына байланысты жұмсалады. Мысалы, ағаш
отын, бұл бала, ол үй сияқты анықтауыштық қатынастағы сөз
тіркестері орын тəртібі арқылы есімдік пен зат есімнің, зат есім
мен зат есімнің тіркесі десек, кейде осындай анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркестері интонацияның қатысы арқылы енді.
Ағаш – отын
Бұл – бала
Ол – үй сияқты бастауыш пен баяндауыштан құралған
қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болып отыр. Бұған
қарағанда, интонациялық құбылыс сөз тіркесінің бір байланысу
формасындағы сөз тіркестерін екінші бір байланысу формасына
ауыстырудың бір тəсілі ретінде қолданылады.
2. Сөздердің көмекші сөздер арқылы байланысы. Осы
уақытқа дейінгі зерттеулерде аналитикалық байланысу тəсілінің
бір түрі ретінде сөздердің шылаулар, оның ішінде демеуліктер
арқылы тіркесуі беріледі. Бұл дұрыс та. Бірақ сөз тіркестеріндегі
сөз бен сөз тек шылаулар арқылы ғана байланысады ма? Осы
252
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сұраққа келгенде қазақ тіл білімінің осы саласын зерттеуші
ғалымдарда əртүрлі көзқарас пайда болады. Қазақ тіл біліміндегі
сөз тіркесін алғаш жан-жақты жүйелі түрде зерттеген проф.
М. Балақаев шылау сөз тіркесінің аясына көмекші есімді де
қосады [73, 81]. Лида терезенің алдында тұр (Х. Ерғалиев) – де-
ген сөйлемдегі терезенің алдында тұр деген сөз тіркесі алды кө-
мекші есімі арқылы жасалып тұрған күрделі сөз тіркесі.
Сөз бен сөзді байланыстыруда шылау мен көмекші есімде-
ріне қоса көмекші етістік, модаль сөздерді де қатысты деп біле-
міз. Сөйтіп, сөз бен сөздің арасын байланыстыруда тек шылау
деген сөздің орнына көмекші сөздер (шылау, модаль сөз, көмекші
есім, көмекші етістік) деп беру, біздіңше, орынды сияқты. Бұл
төрт көмекші сөздердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына
жалғануы сөз бен сөздің байланысына тікелей қатысы бар. Он-
дай кезде бұл көмекші сөздер кез келген сөздермен түйдекті тір-
кес құрай бермей, өздері мағыналық жағынан қатысты сөздері-
мен ғана бірлікте жұмсалады. Бұлардың сөз бен сөзді байла-
ныстырудағы морфологиялық түрленуі біркелкі емес. Егер шы-
лау сөздер көбіне атау тұлғасында келіп қана жұмсалатын болса,
ал қалған үш тобы əрі нольдік, əрі түрлі жалғаулардың жалғануы
арқылы өзгеріп те отырады. Ал соңғы үш көмекші сөздердің
ішінде көбіне жиі ұшырайтыны – көмекші есім.
1) Көмекші есім негізінен көп емес. Оларға: алды, арты, асты,
үсті, төбесі, жаны, маңы, басы-қасы, тұсы, арасы, іші, сырты,
шеті, түбі, ортасы сияқты сөздер жатады. Бірақ сан жағынан аз
болғанымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі кең. Көмекші есімдер
көбіне негізгі сөзбен тəуелдік жалғауында тұрып байланысады,
сөйтіп сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарын құрайды. Мысалы,
Стол басы сілтідей тына қалды (Ə. Нұрпейісов) – дегенде стол
басы сөз тіркесінің бірінші сыңары болып тұр. Көмекші есімдерге
тəуелдік жалғауынан кейін түрлі септік жалғаулары жалғану
құбылысы да баршылық. Мысалы, Баймағамбеттің əңгімесі жаңа
басталғанда бұл екеуінің қастарына Кішкене Молда, Байтоқалар
келді (М. Əуезов) – деген сөйлемдегі екеуінің қастарына келді
көмекші есімді сөз тіркесі. Мұндағы қастарына көмекші есімін-
де көптік, тəуелдік, септік жалғаулары жалғанып барып, екеуінің
жəне келді деген екі негізгі сөздерді байланыстырып тұр.
253
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
2) Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модаль сөздердің де
қатысы бар. Модаль сөздер көбіне сөз тіркесінің бағыныңқы
сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді
басыңқы сөзбен байланыстырады. Мысалы, Сонан басқа сөзге
сұқтануға бұл сияқты оның да шамасы жетпеді (Ə. Нұрпейі-
сов) – дегендегі бұл сияқты шамасы сөз тіркесінде сияқты мо-
даль сөзі бұл мен шамасы деген сөздерді өзара байланыстырып
тұр. Себебі, мұндағы сияқты сөзін алып тастасақ, бұл шамасы
болып, өзара ол сөздер тіркеспеген де болар еді. Демек, мұндағы
сөздерді байланыстыруда сияқты модаль сөзінің рөлі бар-
шылық.
3) Сөз тіркесіндегі сөздердің көмекші етістіктер арқылы бай-
ланысуы дегенде көмекші етістіктер тілімізде көп емес екені бел-
гілі. Бірақ саны аз болса да олардың сөз бен сөзді байланысты-
руда өзіндік орны бар. Əрине, сөз бен сөзді байланыстыру кө-
мекші есімдер сияқты актив құбылыс емес. Дегенмен, тілімізде
кездесетін бұл да бір құбылыс екендігі даусыз. Мысалы, Оның не
екенін жүрегің сезіп тұр (Ə. Нұрпейісов).
Тіліміздегі осындай құбылыстардың барлығын негізге ала
отырып, сөз бен сөзді байланыстырудағы аналитикалық тəсілдің
бір түрі ретінде шылау дегеннің орнына (шылау, көмекші есім,
көмекші етістік, модаль сөздерді жинақтап) жалпы көмекші сөздер
деп атауды жөн көрдік.
ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілі. Де-
мек, бұл тəсілде аналитикалық тəсілдің де, синтетикалық тəсіл-
дің де элементі болуға тиіс.
Біздің оқушылар кеше мектепке дейін біраз ағаштарды склад-
тан тасыпты («Лениншіл жас») – деген сөйлемдегі мектепке
дейін тасыпты сияқты сөз тіркестерін көпшілік ғалымдар
аналитикалық тəсіл арқылы байланысып тұр дейді. Бірақ бұл
жерде мынаны да ескерген жөн. Дəл осы сөз тіркесінің өзін
таза аналитикалық тəсіл деп айтуға болмайды. Себебі, бұл сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарында мектеп сөзіндегі барыс жал-
ғауы синтетикалық тəсілдің элементі болса, ал ол барыс жалғаулы
сөзге дейін шылауы қосылуы аналитикалық тəсілдің элементі.
Сөйтіп, бір бағыныңқы сыңарда əрі синтетикалық, əрі аналитика-
лық тəсілдің элементі бар екені айқын. Олай болса, мұндай сөз-
254
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
дерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдің де элементтері
болуына байланысты аналитикалық-синтетикалық деп алып отыр-
мыз.
Байланысу тəсілдерінің аналитикалық-синтетикалық тəсілін
іштей жан-жақты талдай келіп, біз олардың мынадай жасалу жол-
дарын белгіледік.
1. Көмекші сөздер арқылы жасалуы:
а) көмекші есімдер арқылы. Таңғы салқын ауада бойы тоңа-
зып, терезенің алдында тұрды («Қазақ əдебиеті»). Столдың
үстіне жақындатып дайындап қойған шай-суы мен дəрі-дəр-
мектері сол қол тимеген күйі мөлиіп тұр («Қазақ əдебиеті»).
ə) шылаулар арқылы. Жылқылар батысқа таман ығысты
(Ғ. Мұстафин). Оспан өзенге қарай беттеді (М. Əуезов).
б) көмекші етістік арқылы. Асан дегеннен алдым («Лениншіл
жас»).
Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілінің көмекші
сөздердің ішінде көмекші есімдер мен шылаулар арқылы келуі
актив құбылыс. Ал оның модаль сөздер мен көмекші етістік
арқылы келуі сиректеу. Яғни аналитикалық-синтетикалық бай-
ланысу тəсілінің көмекші сөздер арқылы байланысуы дегенде
көмекші сөздердің барлығының қызметі бірдей емес.
Сонымен, біз сөз бен сөзді байланыстыруда
1. Көптік
2. Септік
3. Жіктік
4. Тəуелдік
5. Жұрнақтар
6. Орын тəртібі
7. Интонация
8. Көмекші сөздер сияқты сегіз дəнекерлер қатысты деп біле-
міз.
Осыларды аналитикалық жəне синтетикалық деп топтаумен
бірге, біз байланысу тəсілдерінің үшінші түрі етіп аналитика-
лық-синтетикалық тəсілді алып отырмыз.
Енді осылардың əрқайсысының жасалу жолын төмендегіше
нақтылы көрсете аламыз:
І. Синтетикалық байланысу тəсілі:
а) септік жалғауы арқылы;
255
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ə) тəуелдік жалғауы арқылы;
б) жіктік жалғауы арқылы;
в) көптік жалғауы арқылы;
г) жұрнақ арқылы;
ІІ. Аналитикалық байланысу тəсілі:
а) сөздердің орын тəртібі арқылы;
ə) интонация арқылы;
б) көмекші сөздер арқылы;
ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық тəсіл:
Көмекші сөздер:
а) шылаулар арқылы
ə) көмекші есімдер арқылы
б) көмекші етістіктер арқылы
в) модаль сөздер арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |