Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет31/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58

Сан  есім:  Ағайынды  бұл  үшеуінің  жас  мөлшері  бір-біріне 

жақын:  Балтабек  жиырма  алтыда,  Темірбек  жиырма  төртте, 

Кенжетай  жиырма  екіде  (М.  Мұқанов).  Жиырма  үштегі  жігіт 

майданда да жиырма үште (Ғ. Мүсірепов).



Сын есім: Туған жері де адам білмес алыста (Ə. Əлімжанов). 

Зат  есім  мен  көмекші  есімнің  түйдектелуі  арқылы:  Мешіт  қала-

ның күншығыс кіреберісіндегі қырат үстінде (Д. Əбілев).

Қимыл  есімі:  Көзінің  қиығын  тастап  қойып,  жайбарақат  қа-

на өз ісімен айналысуда (Б. Қойшыбаев).



Қимыл  есімі  мен  көмекші  сөз  арқылы:  Бірақ  о  да  Бере-

геловқа қарсы болмау жағында («Социалистік Қазақстан»). Олар 



338

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

бүгіндері  көрші  Сайрам  жəне  Ленгір  аудандары  механизатор-

ларына көмектесу үстінде («Лениншіл жас»).

Шығыс  жалғаулы  баяндауыш:  Ақыл – жастан,  Асыл – 

тастан. Мейірімділік – жүректен, Мейірімсіздік – білектен (Ма-

қал). 


– Көрші, Қазақстанның қай түкпірінен дедің?

–  Оңтүстіктен  (Б.  Қойшыбаев).  Бір  сөйлем  мүшесінің  екін-



ші бір сөйлем мүшесіне ауысуы.

Н.Н. Прокопович орыс тіл білімінде синтаксистік термин ре-

тінде  «опрощение»  деген  терминді  енгізген  болатын [135, 127]. 

Осы  терминді  кейінгі  кезде  Е.А.  Иванчикова,  т.б.  қолдап  отыр. 

Негізінде  бұл  термин  туралы  лингвистикалық  сөздіктерге  назар 

аударсақ,  оны  морфологиялық,  тіпті  фонетикалық  термин  деуге 

де  болады [136, 17]. О.С.  Ахманованың  сөздігінде  «опрощение» 

терминін  «то  же,  что  деэтимологизация»  деп  немесе  «опроще-

ние  слова»  деумен  беріп  қана  қойса [77, 293], ал  І.  Кеңесбаев, 

Т.  Жанұзақовтың  лингвистикалық  сөздігінде  екі  сөзден  бірігіп, 

бір сөз болып, тұтас бір мағына берудегі морфологиялық процес-

тер көрсетіп, мынадай мысал берген: тасбақа – тас-бақа [94, 114]. 

Сонда бұл термин алғашқыда біріккен сөздің мағынасында жұм-

салған болса, соңғы кезде ол термин нағыз синтаксистік терминге 

де айналып отыр.

Мұның өзінен кейде термин сөздердің де мағынасының, жұм-

салу аясының кеңейгендігін көруге болады.

Бұрын  бұл  термин  екі  сөздің  қосылып  барып  бір  сөз  мағы-

насында  қолданылуы  туралы  еді.  Енді  синтаксисте  бұл  термин 

тілдік экономияның аясымен ұштасып, өзіндік жаңа мағынаға ие 

болып отыр.

Егер  «опрощение»  деген  термин  морфологияда  тас-бақа 

сияқты  екі  сөздің  бірігуі  арқылы  бір  сөздің  пайда  болуы  туралы 

сөз болса, синтаксисте бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларының 

(көбіне  басыңқы  сыңарларының)  түсіп  қалып,  ал  бағыныңқы 

сыңарларының  енді  басыңқы  сыңардың  орнына  жұмсалуы 

туралы  болмақшы.  Мұндай  құбылысты  эллипсистік  элемент  деу 

де  орынды.  Өйткені  лингвистикалық  сөздікте  эллипсиске  мы-

надай  түсінік  береді: «сөйлегенде  не  жазғанда  түсінуге  нұқсан 

келтірмейтін  сөздерді  тастап  кету,  мыс:  менің  кітабым  деудің 



339

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

орнына  кітабым  деп  айту» [94, 181]. Осы  тұрғыдан  алғанда 

«опрощение»  эллипсиске  синоним  терминдер  ретінде  алынатын 

сияқты.  Ал  «опрощение»  терминін  арнайы  түрде  қазақ  тілінде 

«ауысу» деп алу орынды. 

Жалпы  тілшілер  арасында  ауысудың  қандай  тілдік  катего-

рияларда болатыны туралы да əртүрлі пікірлер бар.

А.А. Потебнaя

 

[137, 79] ауысу процесі тек сөз таптарында ғана 



болады  десе,  ал  А.А.  Шахматов

 

[138, 20] ауысуға  морфология-



лық та, синтаксистік жағынан да назар аударады.

Қазіргі кезде бір сөйлем мүшесінің бір сөйлем мүшесіне ауы-

суы  туралы  айтылып  жатқанмен,  бір  байланысу  формасының 

басқы  байланысу  формасына,  яғни  сөз  тіркестеріндегі  мұндай 

процесс арнайы ескерілмей келе жатыр. Дегенмен В.Н. Мигирин: 

«Грамматикаға  сөз  тіркесі  деген  ұғымды  енгізген  жөн.  Мұндай 

сөз  тіркестерінде  əдетте  формалдық  бірлік  болғанымен,  лекси-

када  функционалдық  қатынас  дамымаған»

 

[139, 52] – деп,  тіпті, 



байланысу  формасының  араларында  да  ауысу  процесі  болаты-

нын тұңғыш көрсетіп отыр.

Бір  сөз  табының  бір  сөз  табына,  бір  сөйлем  мүшесінің  бір 

сөйлем  мүшесіне  немесе  бір  байланысу  формасының  екінші  бір 

байланысу  формасына,  етістікті  сөйлемнің  есімді  сөйлемге  ау-

ысуы  сияқты  мəселелердің  ішінде  біз  тек  бір  сөйлем  мүшесінің 

екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуын ғана сөз етпекпіз.

Əрбір сөз табының өзіне тəн лексикалық мағынасы мен мор-

фологиялық  тұлғасы    болатыны  сияқты,  сонымен  бірге  олардың 

əрқайсысының  белгілі  бір  сөйлем  мүшесі  болуы  шарт.  Мысалы: 

зат  есім,  есімдіктер  үнемі  бастауыш  пен  толықтауыш  қызметін-

де  жұмсалса,  сын  есімдер,  сан  есімдер  негізінде  анықтауыш, 

етістік – баяндауыш, үстеу – пысықтауыш қызметінде жұмсалуға 

тиіс. Осы сияқты пікірлер орыс тіліне де тəн құбылыс.

И.А. Сизова бұл туралы «Сөз табы мен сөйлем мүшесі тең құ-

былыс болғанымен, бір жағынан теңбе-тең деп қарастыруға бол-

майды.  Зат  есім  бастауыш  жəне  толықтауыш  қызметінде,  сын 

есім  анықтауыш  қызметінде,  ал  етістік  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалады. Сонда əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі 

болады  да,  олардың  басқа  да  сөйлем  мүшелері  қызметінде  жұм-

салуы екінші ыңғайда қалады»

 

[140, 25], – дейді. Бұған қарағанда, 



340

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

əрбір сөз табы арнайы түрде сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі 

қызметінде  жұмсалуымен  бірге  кейде  басқа-басқа  сөйлем  мүше-

лері  қызметінде  де  жұмсала  береді.  Тіпті,  бір  сөз  табы  ретіне 

қарай  барлық  сөйлем  мүшесі  бола  беретіндігін  тіл  фактілері  дə-

лелдейді.  Бұған  қарағанда,  əрбір  сөз  табының  синтаксистік  қыз-

метін үлкен екі топқа бөліп қарастыру дұрыс сияқты.

а) Əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі.

ə) Əрбір сөз табының қосымша синтаксистік қызметі.

Əрбір  сөз  табының  негізгі  синтаксистік  қызметі  оның  лек-

сикалық  мағынасымен  тығыз  байланыста  болса,  ал  əрбір  сөз 

табының қосымша синтаксистік қызметіне əртүрлі факторлар се-

беп  болмақшы.  Біз  бұл  арада  сол  екінші  топтың,  яғни  əрбір  сөз 

табының  қосымша  синтаксистік  қызметіндегі  эллипсистік  əсер-

лері туралы сөз етеміз.

Тілдік  экономия  немесе  эллипсис  негізінде  синоним  ретінде 

қолданылатын  сияқты.  Сондықтан  да  сөйлемнің  ішінде  кейде 

кейбір  сөздердің  түсіп  қалып  жұмсалуы  тілдік  нормаға  қатысты 

болса  керек.  Сол  процесс  арнайы  сөйлем  мүшесі  қызметінде 

жұмсалатын  сөздерді  енді  екінші  бір  сөйлем  мүшесі  қызметінде 

жұмсалуына  себеп  болып  отыр.  Осы  сияқты  мəселелер  орыс  ті-

лінде де кенже қалып отырғанын Н.В. Мигирин былай көрсетеді: 

«Лингвистикадағы  ең  басты  міндеттердің  бірі – тілдің  түрлі 

деңгейінде  болып  жатқан  өтпелі  процестерін  зерттеу.  Бірақ  бұл 

процесс  сөз  табы  мен  синтаксистік  конструкция  деңгейінде  бел-

гілі  болғанымен,  сөйлем  мүшелері  деңгейінде  əлі  жүйелі  түрде 

зерттеле  қойған  жоқ»

 

[139, 21] – дейді.  Бұл  пікір  қазақ  тіл  білі-



міне де тікелей қатысты демекпіз.

Жалпы  тіл-тілде  тілдік  экономия  мəселесі  айтылып  жүрге-

німен,  олардың  сөйлем  мүшелерінің  өзара  ауысу  процесіне  қа-

тысы  арнайы  сөз  болған  емес.  Сондықтан  да  біз  бұл  жұмыста 

тілдің  негізгі  даму  барысында  əрбір  сөз  табының  өзіне  тəн  ар-

найы  синтаксистік  қызметі  болатындығын  айта  келіп,  келе-келе 

оларда  қосымша  синтаксистік  қызметтердің  де  кездесетінін  сын 

есім,  сан  есім,  есімше,  т.б.  сөз  таптарының  негізінде  көрсетіп, 

айқындауды мақсат еттік.

Сын есім, сан есім, есімше сөз таптары негізінде анықтауыш 

қызметінде  жұмсалуы  тиіс.  Дегенмен  олардың  заттану  процесі 


341

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

негізінде  олар  тек  анықтауыш  қана  емес,  толықтауыштың  да, 

бастауыштың  да,  баяндауыштың  да  қызметінде  жұмсалатынды-

ғын  көрсеттік.  Əрине  олар  сондай  қызметке  ауысқанда  олардың 

субстантивтену кезіндегі морфологиялық көрсеткіші арнайы фак-

тор  болуы  керек.  Ол  сөз  таптарының  субстантивтену  процесі 

көптік,  нөлдік,  септік,  тəуелдік  формада  сөйлем  соңында  таза 

тұрып  жəне  септік  жалғауларында  келетіндігін  негізге  ала  оты-

рып, анықтауыштың – бастауышқа, толықтауышқа, баяндауышқа 

ауысуын көруге болады.

Мұндай тілдік фактіні айқындаудың теориялық та, практика-

лық та маңызы зор.

Біз бұл арада тек сын есім, сан есім, есімшелермен кейде үс-

теу,  қимыл  есімдерінің  заттану  процесінде  болатын  синтаксис-

тік  ерекшеліктеріне  тоқталдық.  Ондай  сөз  таптарының  заттану 

процесін мынадай топтарға бөлу арқылы көрсетуді жөн көрдік.



Анықтауыштың бастауышқа ауысуы.

1.  Атау  тұлға  арқылы  заттануы.  Сын  есім:  4–5  аттылы 

жарыса  шауып  келеміз («Жұлдыз»).  Арбалы  ауылға  төніп  келіп, 

біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). Тор бедеу күндегі əдеті бойын-

ша  əдемі  жортаққа  басты,  екі  құлағын  қайшылап,  шұлғып-шұл-

ғып алады (Ə. Сəрсембаев).

Сан есімАлтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел бол-

са, төбедегі келер (Мақал).



Есімше:  Қорыққан  бұрын  жұдырықтайды  (Мақал).  Көшіп 

келе жатқан – Абай ауылымен көрші ауылдар (М. Əуезов).

Есімдік:  Бұл – əңгіменің  басы  ғана  (Ə.Əбішев).  Анау  тағы 

келем деп жатқан көрінеді («Жұлдыз»).



2.  Көптік  жалғауы  арқылы  заттануы.  Сын  есім: – Кілең 

сұлулар бірыңғай отыр (С. Мұқанов). Қасқыр ішікті, түлкі тымақ-

ты  жуандар  үйге  кіре  бастады  (М.  Əуезов).  Не  жуандар,  мық-



тылар кетпепті оның қасынан (М. Əуезов).

Есімше:  Келгендер  үй  ішіне  баяу  амандасты  (М.  Əуезов). 

Отырғандар орнынан қозғалмады (М. Əуезов).

3.  Тəуелдік  жалғауы  арқылы  заттануы.  Сын  есім:  Үйде 

отырған алыптың үлкені ең кішкенесін жұмсады  (Қазақ ертегілері).



Сан есім: Оның біріншісі – кеңсе, екіншісі – қызыл отау, үшін-

шісі – мал дəрігерлік пункті, төртіншісі – сауда дүкені, бесінші-

сі – радиостанция (Ə. Əбішев).

342

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Есімше:  Рахыштың  айтып  отырғаны  ақыл («Жұлдыз»). 

Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз (Мақал).

4.  Септік  жалғауы  арқылы  заттануы.  Міне,  осы  мысал-

дарға  қарағанда  бұл  сөз  таптары  заттанып  барып,  сөйлемде  бас-

тауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Бірақ  тарихи  жағынан  келгенде 

осы төрт түрлі субстантивтену процесі қазіргідей бастауыш қыз-

метін атқармағаны белгілі.

Анықтауыш  сөйлемде  зат  есімнен  не  зат  есім  орнына  жұм-

салған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипат-

тап тұрады [23, 134]. Сонда анықтауыш болатын сөздер қалай да 

затқа  қатысты  жұмсалып,  оны  жан-жақты  айқындайды.  Дəл  осы 

арада  сол  затқа  қатысты  сөз  таптары  өзінің  анықталатын  заты-

ның  түсіп  қалуына  сəйкес,  енді  ол  заттың  орнына  қолдану  про-

цесі пайда болады.

Ол  үшін  жоғарыдағы  сөйлемдердегі  мына  мысалдарға  қара-

лық.  Жоғарыдағы  мысалдардың  бастауыштары  мына  сөздер – 



төрт-бес аттылы, арбалы, тор бедеу, алтау, төртеу, анау, бұл, 

ол,  көрмес,  қорыққан,  көшіп  келе  жатқан,  сұлулар,  жуандар, 

мықтылар,  келгендер,  біріншісі,  екіншісі,  үшіншісі,  төртіншісі, 

бесіншісі,  айтып  отырғаны,  білгенің,  білмегенің.  Негізінде  сөй-

лемде  анықтауыш  қызметін  атқаруға  тиісті  бұл  сөздер  атау 

тұлғасында  (арбалы,  тор  бедеу,  алтау,  бұл,  көрмес,  қорыққан), 

көптік  формада  (жуандар,  мықтылар,  сұлулар),  тəуелдік  фор-

мада  (біріншісі,  алтыншысы,  білгенің,  білмегенің)  келіп,  өздері 

анықтайтын  сөздердің  айтылмауы  салдарынан  бастауыш  қызме-

тін  атқарып  тұр.  Төрт-бес  аттылы,  арбалы,  қорыққан,  сұлулар, 

келгендер  деген  бастауыштардың  барлығы  адам  сөзінсіз  қолда-

нылып тұр, яғни негізінде ол сөздер келген адамдар, арбалы адам, 



қорыққан  адам  сияқты  анықтауыштық  қатынаста  қолданылуы 

тиіс  еді.  Бірақ  тілдік  экономияның  нəтижесінде  анықталынатын 

сөздер айтылмай, субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшеден 

болған  анықтауыш  сөздер  енді  сөйлемде  басқа  да  сөйлем  мү-

шелерін құрап отыр.

Сол  сияқты  сын,  сан  есім,  есімше  сөздері  тəуелдік,  көптік 

формада  не  бұл  сөздердің  анықталушы  сөздері  айтылмай  қа-

лып, соның нəтижесінде заттанған анықтауыш сөздер енді басқа 

сөйлем мүшелеріне ауысады. 


343

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Жоғарыда  келтірілген  мысалдардағы  келгендер,  сұлулар  сөз-

дері  де  адам  сөзіне  байланысты  айтылған  дедік.  Негізінде  бұл 

екі сөз де келген адамдар, сұлу қыздар (адамдар) сияқты басың-

қы  сөздерін  анықтап  тұрулары  шарт.  Бірақ  мұнда  да  олардың 

анықталушы  сөздері  айтылмауынан,  енді  бұл  сөздер  заттанып, 

яғни  əрі  заттық,  əрі  сындық,  əрі  қимылдық,  сапалық  мағына 

білдіре  отырып,  сөйлемнің  баяндауышымен  қиыса  байланыса-

ды (келгендер амандасты, сұлулар отыр, т.б.). Тəуелдік формада 

келген  кезде  де  бұл  сөздер  сөйлемде  анықталынатын  сөздің 

айтылуынан  субстантивтеніп  бастауыштың  қызметін  атқарады 

да,  баяндауышпен  қиыса  байланысады,  бесіншісі  радиостанция, 



білмегенім – тоқсан  тоғыз,  үлкені – жұмсады.  Сөйтіп,  біз  бұл 

талданған  мысалдардан  тілдік  экономияның  нəтижесінде,  яғни 

анықталынатын сөздің айтылмай қалуы салдарынан сын есім, сан 

есім, есімшеден болған анықтауыш сөздер атау тұлғада, тəуелдік, 

көптік  формада  келіп  субстантивтеніп,  сөйлемде  бастауыш  қыз-

метін атқаратынына көзіміз жетті.



Анықтауыштың толықтауышқа ауысуы.

Септік жалғаулы түрде заттануы. Мысалы:



Сын есім: Кəріге – құрмет, жасқа – жол (Мақал-мəтел). Бос 

өткізу өмірді, ақымаққа көңілді (Мақал-мəтел).



Сан  есім:  Жасы  сол  кезде  қырықтарды  алқымдаған,  сақал-

ды,  мұртты  кісі  еді  (С.  Мұқанов).  Сонда  ойлап-ойлап  қырыққа 

тоқтаған (Ғ. Мұстафин).

Есімше:  Үйіңе  бар  да,  неше  жыл  қызмет  істегеніңді,  қанша 

ақың кеткенін есепте де, арызыңды алып кел (Х. Есенжанов).

Бұл  сөйлемдердегі  жасқа,  кəріге,  ақымаққа,  қырыққа,  қы-

рықтарды,  ақың  кеткенін,  қызмет  істегеніңді  деген  сөздердің 

барлығы да толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Ал  бұл  сөз  таптары  сөйлемде  негізінде  анықтауыш  қызметін 

атқаруы  керек  еді.  Бұл  мысалдарда  осы  сөз  таптарынан  болған 

анықтауыш  сөздердің  анықталатын  сөздері  айтылмай,  ой  ық-

шамдалып  жеткізілген.  Мұндай  жағдайда  анықтауыш  сөздер 

субстантивтеніп,  зат  есімге  тəн  септік  жалғауларын  қабылдап, 

сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Сөйтіп,  анықтауыштың  толықтауышқа  ауысуы  тілдік  эконо-

мияның  нəтижесінде,  яғни  анықталушы  сөздің  айтылмай  қалуы-



344

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

нан  болғандығы  айқын.  Бұл  сөйлемдегі  сөз  тіркестерінің  байла-

нысына  да  əсер  етеді.  Мəселен,  кəріге – құрмет,  жасқа – жол 

деген мақалда кəрі, жас сын есім. Кəрі кісі, жас бала десек кəрі, 



жас сөздері анықтауыш болар еді.

Анықтауыштың баяндауышқа ауысуы.

Сын есім, сан есім, есімдіктің сөйлем соңында келуі арқылы.



Сын  есім:  Ештен  кеш  жақсы  (Мақал).  Ана  деген  қандай 

жақсы  (Б.  Майлин).  Барақ  үйшіктердің  бірі  он  кісілік  (С.  Сей-

фуллин). Көпшілігі қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт неме-

се  ақшыл  қызғылт  жүзді  (М.  Əуезов).  Айналадағы  жазық  пен 

төбешіктің бəрі де ал қаракөк (М. Əуезов).



Сан  есім:  Жылқы  мың  үш  жүз  (Ғ.  Мұстафин).  Құда – мың-

жылдық (Мақал). Берер жерім он екі (Х. Есенжанов).

Есімдік: Асқар көрген бір белгі осы (С. Мұқанов).

Жаңағы  жоғарыда  келтірілген  мысалдардағы  баяндауыш-

тар – жақсы,  он  кісілік,  қара  қас,  қара  көз,  қоңырқай  қызғылт 

немесе  ақшыл  қызғылт  жүзді,  ал  қара  көк,  мың  үш  жүз,  мың-



жылдық,  он  екі – сан  есім,  сын  есімнен  болған  баяндауыштар. 

Бұлардың барлығы да сөйлемдегі бастауыштың сынын, сапасын, 

санын білдіріп тұр. Ал бұл сөз таптарынан болған сөздер негізінде 

сөйлемде анықтауыш қызметін атқаруы керек еді.

Бірақ  бұл  сөйлемдерді  тиянақтап,  аяқтап  тұратын  етістік 

баяндауыштар  айтылмай  қалған.  Сөйтіп,  сын  есім,  сан  есім, 

есімшеден  болған  анықтауыш  сөздер  сөйлем  соңында  келіп  ба-

яндауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Мысалы:  Ештен  кеш  жақсы 

деген  сөйлемнің  бастауышы  –  кеш,  баяндауышы – жақсы.  Бұл 

сөйлемнің  болады  немесе  т.с.с.  баяндауышы  айтылмай  қалған, 

яғни ой ықшамдалып жеткізілген. Мұнда жақсы анықтауыш сөзі 

сөйлем соңында келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұр.



Толықтауыштың баяндауышқа ауысуы.

Септік жалғаулы сөздердің сөйлем соңында келуі.

Барыс: Ең жақсы кітап – балаларға («Қазақ əдебиеті»).

Жатыс:  Асқар  Кенжетай  үйінде  (С.  Мұқанов).  Барлығы  ты-

ным  алмай  қимылдауда  (С.  Ерубаев).  Мал  əлі  жайылымда,  жаз 

қызуы  бойда,  бүрсеңдер  кездің  белгілері  əлі  білінген  жоқ-ты 

(Ғ. Мүсірепов). Үлкендер қонақта, жастар ойында (Ғ. Мұстафин). 

Үсен биыл отыз жетіде («Қазақ əдебиеті»).



345

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Бұл  сөйлемдердің  баяндауыштары  балаларға,  үйінде,  қимыл-



дауда,  жайылымда,  бойда,  қонақта,  ойында,  отыз  жетіде.  Бұ-

лардың  барлығы  да  сөйлем  соңында  белгілі  бір  септік  жалғау-

ларында келіп, етістік – баяндауыш айтылмай қалуы салдарынан 

баяндауыш қызметін атқарып тұр. Асқар Кенжетай үйінде деген 

сөйлемде отыр немесе т.с.с. етістік баяндауыш айтылмай қалып, 

жатыс  септігі  жалғауындағы  үйінде  сөзі  сөйлем  соңында  келіп, 

сөйлемді  (өзінше)  тиянақтап,  баяндауыш  қызметін  атқарып  тұр. 

Ең жақсы кітап – балаларға – деген сөйлемде де балаларға сөзі 

барыс  септігі  жалғауында  келіп,  сөйлемде  болады,  беріледі  не-

месе  т.с.с.  етістік – баяндауыштың  айтылмауының  нəтижесінде 

баяндауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Ал  барыс,  табыс,  жатыс,  шы-

ғыс, көмектес септік жалғаулы сөздер негізінде сөйлемде толық-

тауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлемдерде ойдың ықшамдалып 

айтылуына  байланысты  етістік  баяндауыш  айтылмай  қалып, 

септік  жалғаулы  сөздер  сөйлем  соңында  келіп,  баяндауыш  қыз-

метін атқарып тұр, яғни толықтауыш баяндауышқа ауысқан.

13. Қазіргі қазақ тіліндегі 

салт-сабақты етістіктердің меңгерілуі

Барлық сөз таптарының ішінде ең көлемдісі жəне түрлі грам-

матикалық категорияларға бай сөз табы – етістік. Негізгі етістік, 

көмекші  етістік,  шақ,  рай,  есімше,  көсемше,  салт,  сабақты,  жақ, 

етіс категориялары етістік сөз табын қалыптастырады.

Етістіктің  осы  категорияларының  əрқайсысы  морфологиялық 

та,  синтаксистік  те  жағынан  жан-жақты  қарастырылуда.  Əрине, 

олардың морфологиялық жағынан зерттелуімен бірге, синтаксис-

тік тұрғыдан қаралуы да басты мəселе болуы тиіс.

1.  Етістіктер  болымды,  болымсыз  сөйлемдер  жасауда  жұм-

салады.  Мысалы:  а)  Алуа  осылайша  боратып  хатты  жаза  берді 

(С.  Бақбергенов).  ə)  Дос-жар,  қонағуар  үйдің  іші  əзірлігін  жасай 

бастаса да, Əбіштің бұларды шығындатқысы келмеді (М. Əуезов).

2. Сұраулы, бұйрықты сөйлемдер жасауда жұмсалады. Мыса-

лы: Тапсырманы орындап келдің бе? («Жұлдыз»). 

3.  Құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы,  басыңқы  сөйлемдерінде 

жұмсалады. Мысалы: Иванов Зинаның бұншалықты неге қысыл-


346

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

ғанын  білмесе  де,  кітап  жайындағы  əңгімені  бұдан  артық  қоз-

ғамаудың керек екенін түсінді (Ə. Нұрпейісов).

4. Сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалады. Мысалы: а) Ауыл 

қыстауға қонғаннан бері Абай өзі Некрасовты ерекше пейіл бере 

оқыды  (М.  Əуезов). (Баяндауыш).  ə)  Маған  олардың  бəрі  Сар-

жанды  құттықтауға  келіп  отырғандай  көрінді  (Ə.  Əбішев). 

(Толықтауыш.)  б)  Оқығанның  беті  жарық,  оқымағанның  беті 

көн-шарық  (Мақал). (Анықтауыш.)  в)  Қасындағы  жолдастарына 

оқтын-оқтын  көз  жүгіртіп,  əрқайсысына  бір  үнсіз  тесіле  қарап 

отырды (Ғ. Мүсірепов). (Пысықтауыш).

5. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде жұмсалады. Даусы 



дірілдеп шықса да,  қатты шықты (Ə. Əбішев).

6.  Оқшау  сөз  ретінде  жұмсалады.  Мысалы:  Қорытып  айтқан-

да, жалпы алғанда, сайып келгенде.

Біз  бұл  жұмыста  сол  етістіктердің  ішінде  олардың  лексика-

семантикалық  тобын  құрайтын  салт,  сабақты  етістігі  туралы 

ғана сөз етпекпіз. Етістіктердің салт, сабақты түрлері таза етістік 

жағынан да көп айтылып келе жатыр. Сондықтан да қай оқулық 

не  жеке  мақала,  монографиялық  еңбектерде  етістіктерді  салт 

етістік,  сабақты  етістік  етіп  бөліп  берушілік  басым  орын  алған. 

Ол дұрыс та, өйткені бір топ етістіктер тек таза объектімен ғана 

сабақталып  жұмсалса,  енді  бір  топ  етістіктер  керісінше  істің, 

қозғалыстың, қимылдың əртүрлі орнын көрсетеді. Мысалы: Абай 



мінезін  Кəкітай  топшылады  (М.  Əуезов) – дегендегі  топшылау-

ды етістігі сабақты етістік, өйткені ол етістік тек мінезін сөзімен 

тікелей байланыста жұмсалған.

Сəуірде неше түрлі жауар нөсер,

Нөсердің қуатымен жер, шөп өсер (Ы. Алтынсарин), –

дегендегі өсер етістігі салт етістік. Өйткені ол тек барыс, жатыс, 

шығыс, көмектес жалғаулы сөздерді ғана керек етеді.

Етістіктердің  салт,  сабақты  болып  бөлінуін  ғалымдар  түр-

ліше түсіндіреді.

А.  Хасенова  етістіктерді  бұлайша  топтауды  негізінде  лекси-

ка-грамматикалық  категория  деп  таниды [141, 208], ал  А.Н.  Ко-

нонов,  М.  Балақаев,  А.  Аманжоловтар

   


[142]  көбіне  оларды  сөз 

тіркесінде  меңгеру,  сөйлем  мүшесінде  толықтауыштық  ыңғайда, 

яғни  олардың  меңгеретін  сөзінің  ыңғайына  қарай  синтаксистік 

категорияға жатқызады.



347

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Шындап келгенде, морфологияда салт, сабақты етістік дегені-

мізбен,  оларды  сол  жеке  күйінде  алып  қарастыра  алмаймыз. 

Етістікті  таза  сөз  табы  ретінде  қарастырған  күнде  де  бəрібір 

оларды  тіркесетін  сөздерімен  бірлікте  ғана  қарастыруға  тиіс 

боламыз. Сондықтан да салт, сабақты етістіктер негізінде синтак-

систе қаралуы тиіс.

Жоғарыда  айтылғандай,  сабақты,  салт  етістіктер  барлық  ең-

бектерде айтылып келе жатқанымен, А. Хасенова: «Жеке тілдерде 

ғана  емес,  жалпы  түркологиялық  теориялық  еңбектер  мен  та-

рихи  зерттеулерге  де  арнайы  объекті  болған  бұл  категорияның 

алдағы  уақытта  арнайы  шешуді  қажет  ететін  проблемалары  то-

лып  жатыр», – дейді.  Шынында,  қазіргі  кездегі  немесе  ертедегі 

ескерткіштердегі етістіктер, олардың сабақты, салт ретінде жұм-

салуында өзіндік даму процесі бар екенін анық көреміз. Осы күн-

ге дейінгі еңбектерде салт, сабақты етістік оларды топтау, сабақты 

етістіктің  салт  етістікке  ауысуы,  керісінше  жағдайлар,  оларды 

жасаудағы етістің қатысы, тіпті бір етістіктің өзі əрі сабақты, əрі 

салт  етістік  ретінде  қолданылатындығы  сияқты  мəселелер  сөз 

болуда.  Дегенмен  етістіктердің  салт,  сабақты  түрлері  туралы  əлі 

де  болса  шешімін  таппаған  кейбір  жайттар  бар  екендігін  осы 

жұмыс арқылы дəлелдемекпіз.

Жалпы  салт,  сабақты  топ  негізінде  морфологияда  етістік  сөз 

табында,  ал  синтаксисте  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері 

жəне  сөйлем  мүшелерінде  оның  ішінде  толықтауыш  сөйлем 

мүшесінде сөз болады. Сонда етістік сөз табында салт, сабақтылық 

топ  бар  делінсе,  ал  сөз  тіркесінде  барыс,  жатыс,  шығыс  жəне 

көмектес  жалғаулы  сөздерді  салт  етістік  меңгереді  де,  табыс 

жалғаулы сөздерді сабақты етістік меңгерді, толықтауыш сөйлем 

мүшесінде де осы тұрғыда қаралады.

Барлық  оқулық,  жеке  еңбектерде  етістік  салт,  сабақты  бола-

ды  дейді  де,  оларға  қатысты  сөздерді  тізіп  берумен  шектеледі. 

Бұған  қарағанда  негізінде  қазақ  тіліндегі  етістіктердің  бір  тобы 

тек салт етістіктер, енді бір тобы тек сабақты етістіктер ғана бо-

латын сияқты. Н. Сауранбаев, Ғ. Əбухановтардың педучилищеге 

арналған  оқулығында  етістіктер  семантикасына  қарай  салт  етіс-

тік,  сабақты  етістік  болып  бөлінетіндігі  жəне  сабақты  етістік-

тердің  салт  етістікке,  салт  етістіктің  сабақты  етістікке  ауысуы, 



348

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

ондағы етіс жұрнақтарының қызметі көрсетілген. Бұған қараған-

да  қазіргі,  бұрынғы  кездегі  етістіктерді  үлкен  екі  топқа  бөлуден 

асып  кете  алмаймыз.  Қазақ  тіл  білімінде  толықтауыш  жəне 

меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері,  олардың  басыңқы  сыңар-

лары  етістік  болып  келгенде,  негізінен,  етістіктердің  салт, 

сабақты  болып  бөлінуі  басты  фактор  болып  табылады  делінеді 

жəне  міндетті  түрде  табыс  септікті  немесе  тура  толықтауышты 

сабақты  етістік  меңгереді,  ал  барыс,  жатыс,  шығыс  жəне  көмек-

тес жалғаулы сөздерді жəне жанама толықтауышты салт етістік-

тер меңгереді деп нақтылы айтылады.

Ал  орыс  тілі  немесе  түркологиялық  еңбектерді  шолу  бары-

сында  кейде  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері  мен  толық-

тауышты  меңгеретін  етістіктер  туралы  басқа  да  көзқарастарды 

көруге болады.

Орыс  тілінің  соңғы  академиялық  грамматикасында

 

[143, 31] 



бір  септік  жалғаулы  сөздерді  бір  етістіктің  меңгеруінде  немесе 

əртүрлі  септіктерді  бір  етістік  меңгереді  дегенімен,  сол  меңге-

ретін  етістіктердің  салт,  сабақты  тобына  назар  аудармайды  да, 

қай  септіктің  қай  сөз  табынан  болуын,  қай  мағынадағы  етістік-

тердің  меңгеруін  сөз  етеді.  Ондай  кезде  етістіктердің  салт,  са-

бақты  болып  бөліну  ерекшелігі  тіпті  ескерілмейді  де,  В.В.  Ба-

байцева  мен  Л.Ю.  Максимов  еңбектерінде  табыс  септігі  мен 

тура  толықтауышқа  байланысты  бір-ақ  рет  сабақты  етістік  ту-

ралы  айтқаны  болмаса,  ал  басқа  жағдайларда  сол  етістіктердің 

мағыналық  жағына  ғана  назар  аударады [144, 120]. Міне,  осы 

сияқты пікірлерді басқа да еңбектерден көруге болады [145].

Тіпті хакас тілінде етістіктерді салт, сабақты деп бөлмейді де. 

Міне, бұған қарағанда, жалпы етістіктерді бұлайша бөлу туралы 

түрліше көзқарастарды көруге болады. Енді қазақ тіліндегі əрбір 

оқулықтағы əрі салт, əрі сабақты етістіктердің берілулеріне шолу 

жасап көрелік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет