-сыз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыт-
тарда меңгеріле байланыста болғандығын мегзейді, бірақ қазіргі
212
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тілімізде ондай құбылыстың (жіктеу есімдіктері) -сіз жұрнағын
қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса,
бірде меңгеріле байланысатын формалардың таралу процесін
көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді
жəне етістікті деп екіге бөліп қарайды да, соның ішінде есімді
үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жал-
ғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:
барыс септікті – бірге
жатыс септікті – қайда, анда
шығыс септікті – қайдан
құралдық септікті – кундузун. Бұл фактіден морфологиялық
жəне фонетикалық өзгерістер нəтижесінде бұрын меңгеріле
байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу
процесін көруге болар еді
[13, 122].
Т. Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды
сəлем, т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс жəне
сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін, сондықтан да сөз жарыс-
тыру, сөз таластыру тəрізді тіркес құрағанмен, жарыс сөз тү-
рінде айтылмағандығын көрсетеді
[15, 46-47]. Ал қазіргі тілімізде
жарыс жəне сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жа-
ғынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түс-
кен. Якут тілінде септіктің жалпы болмауы, матасу байланысу
формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерінде көмектес септік-
тің мəні оның белəн шылауы арқылы берілуі (трамвай белəн
килдем) синтетикалық тəсілдің орнына аналитикалық тəсілдің
орнығып қалғандығын көрсетеді
[16, 169].
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер меңгеру, матасу тəрізді
байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер, бір байланыс форма-
сының тəсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтар-
мен байланысты болып келеді. Солар арқылы бір байланыс фор-
масы екінші түрге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мəн алуы да
сөз тіркесі құрамының дамуына əсер етеді.
213
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сөз тіркестерінің негізі – сөз таптары. Сөз таптарының бір-
бірімен тіркесуінің басты тірегі – тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның даму
дəрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің ма-
ғыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба əдеби тіл
құрамындағы дифференция – барлығы да оның синтаксистік
құрылысына əсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық
топтары құрамындағы болған семантикалық жəне грамматикалық
өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылым-
дық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан
қарастырсақ, тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті жəне ортақ басың-
қы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксис-
тік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобы-
ның тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық
дифференцияның нəтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің
басыңқы сыңарында үстеулердің жұмсалуы, соның нəтижесінде
үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі
кездің əсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік
қабілетінің артуының нəтижесі. А.Г. Гуломов, М.А. Асқаровалар
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына есімді, етістікті жəне (жуда
тез, оғыздан тез, уклон тез) деп, үстеуді де негізге алады
[17, 12].
Осы тəрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К.Аханов
та қолдайды
[18, 195]. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешелік-
тер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшелік-
терге негіз болады. Егер бүгінгі тіл фактілері Х–ХVІ, ХІХ ғғ.
нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттелсе, мұндай өзгерістер-
дің мол болғандығын байқауға болар еді. Əрине, əзір біздің
қолымызда ондай зерттеулер нəтижесі жоқ. Сөз тіркестері
құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің
фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы
тұрғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелер
мен тілдің бүгінгі нақты фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай
көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топта-
ры соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемі мен олардың
тіркесу қабілетін, соның салдарынан олардың синтаксистік қыз-
метінің аясын қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А. Ыс-
қақов: «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін,
214
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
салмағын, түсін (түр-түсін) жəне басқа сол сияқты сыр-сипатта-
рын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз» [19,
174], – деген тұжырым айтады. Осындай ереже басқа да ғылыми
əрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солай бола тұра, бұл
сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіркесіп
келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде
сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, ал етістіктермен
тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айты-
лады [19, 198].
Дұрысында сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік
қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олар-
дың тіркесімділік қабілетінің арту фактісін ескермеуден туса ке-
рек. Өйткені сөздердің грамматикалық ерекшелігі жайлы көзқарас
қазіргі жазба əдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде
қалыптасқан. Алайда əдеби тілдің кейінгі даму барысында əр-
түрлі объективті себептермен жеке сөз топтарының тіркесімділік
қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі – сын есімдер. Сын есім-
дердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне
алып келді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің
мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім ая-
сындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес, сөйлем
мүшесімен олардың орын тəртібі сияқты синтаксистің басқа да
салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс үстеу, көмекші
сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады.
Б.И. Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп «...тарихи
синтаксистің міндеттерінің бірі – синтаксистік жүйенің бұрынғы,
күні өткен құбылыстарға не жататынын, жаңа, прогресшіл құ-
былысқа не жататынын анықтау»
[20, 313] – деп жазады. Қазақ ті-
ліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сыңары мен қазіргі сыңарының
арасындағы кейбір айырмашылықтар, жеке формалардың ескіріп,
жаңа формалардың пайда болып дамуы негізінде қалыптасқан.
Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу
формасы, тəсілі, құрылысы жəне олардың құрылымдық түрлерінің
құрамдарынан да байқалады. Онда əрбір жаңалықтардың өзі екі
жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табымен
тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы
кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дəрежесінің молаюы
арқылы көрінеді.
215
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі
бағытта, яғни ішкі жəне сыртқы өзгерісі деп бөле отырып беруді
жөн көрдік.
Əрбір сөзді жан-жақты тануда оның лексикалық, морфология-
лық жəне синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар,
оның ішінде де тіркесу қабілеті, оны басқа сөздерден (немесе
оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға
тиіс. Дұрысында əрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем
мүшесі ретіндегі функциялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа
сөздермен тіркесу қабілеті оның синтаксистік белгілерінің басты
түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тір-
кесе бермейтіні белгілі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері
болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады.
Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есімдермен
тіркесте ғана жұмсалуға тиіс. Сондықтан да сөз таптары зат
есімдермен қабыса байланысып, есімді сөз тіркестерін құрай-
тыны белгілі.
Тіл дамуының барысында мұндай сөздер үнемі зат есіммен
тіркесіп қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгенін тарихи
фактілер көрсетеді. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана
тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе
алатын дəрежеге ие болуы. Соның нəтижесінде, сөз тіркестері
құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына
сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі құ-
рамында жаңа пікірдің қалыптасуына алып келсе, екіншіден,
пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа
түрдің қалыптасуына алып келді.
Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы
түркология жəне қазақ тіл білімінде əртүрлі пікірлер айтылып
келе жатыр. ХІХ ғасырда-ақ А. Казем-Бек «сын есімнен кейін
қандай да бір етістік қолданғанда немесе қолданған сияқты
болғанда үстеуге айналады»
[21, 318] – деп жазғаны мəлім. Осы
көзқарас біздің заманымызда Н.И. Ашмарин, А.Н. Боровков,
Ф.Г. Исхахов еңбектерінде де қолдау тапты. Бұл жерде сөздің
синтаксистік қызметі, яғни тіркес құрау қабілетінің ұлғаюы, оның
морфологиялық мəні деп қаралғандығы айқын.
Н.К. Дмитриев «Яхшы бала яхшы уный» деген мысалды тал-
дай келіп, көптеген зерттеушілердің бірінші «яхшы»-ны сын
216
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
есім (өйткені заттың алдында тұрғандығынан), екінші «яхшы»-
ны үстеу (өйткені етістіктің алдында) дей келіп, «ал башқұрттың
яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ, сондықтан оны
ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болады»
[22, 120] –
деп дұрыс көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М. Ба-
лақаев «Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты бо-
лып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы
лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды»
[23, 139],
мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нəти-
жесі деп тұжырымдайды.
Осы пікірді Н.А. Баскаков, И.А. Батманов, А. Исқақов,
Г.Ф. Зейналов, С. Кеңесбаев, сол сияқты қазақ тілінде сын есімді
арнайы зерттеген Ғ. Мұсабаев, Ж. Шəкенов
[24], т.б. ғалымдар-
дың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер мынаны
дəлелдейді.
Етістікті сөз тіркестері құрамында жиі жұмсалатындар – са-
палық сын есімдер. Сондықтан олар сөйлем құрамында анық-
тауышпен қатар пысықтауыш қызметінде де жиі кездеседі. Са-
палық сын есімдер затты да анықтайды, екіншіден, етістікті де
əртүрлі жағынан пысықтайды.
Қатыстық сын есімдер сан жағынан қаншалықты мол бол-
ғанымен, зат есімдермен тіркесуде аясы кең де, ал етістікпен
тіркесуде аясы тар.
Сын есімдер етістікпен тіркескен кезде жалпылама қолда-
ныла бермейді. Əсіресе қосарлы (қызыл-ала) жəне күрделі сын
есімдер (кейбір жағдайда болмаса) етістіктермен тіркесе бер-
мейді. Ал таза, сапалық сын есімдердің де етістікпен тіркесі
бірыңғай емес, олардың барлығы бірдей етістікпен тіркесуге қа-
білетті емес.
Əсіресе, түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары, т.б. сын есім-
дері еш уақытта етістікпен тіркеспейді. Логика тұрғысынан да
қимылдың түске қатысы жоқ. Қимылдың істелу мөлшері неме-
се оның түрлі сапасы мен амалы болуы мүмкін. Сондықтан еш
уақытта қазақ «қара жүрді», «қара айқайлады», т.б. деп айтпай-
ды. Дегенмен, түсті білдіретін сын есімдер ешқашан етістікпен
тіркеспейді дейтін қағида шықпауы тиіс. Кей жағдайда олар қи-
мылды білдіретін сөздермен тіркесе береді. Ондай жағдайда олар
217
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
пысықтауыш қызметінде емес, кім? не? сұрауының біріне жауап
беріп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады, яғни заттанып, зат
есім мəнін алады. Сын есімдердің басқа семантикалық топтары-
ның етістікпен тіркесі де бірдей емес.
Сын есімдер сияқты сан есімдердің де тіркес құрау аясын
тарихи тұрғыдан қараудың артықтығы жоқ.
Сапа жəне сан туралы ұғым – адам баласының синтездік ойы-
ның дамуының нəтижесі. Санау тек тілдік жағынан қаралмайды.
Олар негізінде математиканың да, философияның да объектісі
болып табылады. «Сөзіміз дəлелді болу үшін А.А. Реформатский-
дің мына пікірін келтірейік: «Сан жəне санаудың қиындығы тек
таза математикалық қисында емес, бұған қоса сан абстракт ой-
лаудың жемісі бола тұрып, қоғамда сан сөз немесе таңба (іші-
нара цифр) болып кездеседі»
[25, 384].
Санақ жəне сан жайындағы ұғым адамдардың практикалық
қызметінің негізінде пайда болды. Сан есімдер түп негізі жа-
ғынан көбіне заттарға қатысты, солай болғандықтан олар – зат
есімдермен тіркесетін сөздер. Бірақ олар барлық зат есімдермен
емес, санауға болатын заттармен тіркеседі де, абстракті зат
есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сондықтан проф.
М. Балақаев сан есімдердің зат есімдермен тіркесін екіге бөліп,
«сан есімдер нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі» деп
жазады [26, 43]. Мұның өзі сан есімдердің есімдермен тіркесу
қабілетінің түрліше екенін көрсетеді.
Бірақ сан есімдер конкретті зат атауларының өзімен де жап-
пай тіркесе бермейді. Конкретті зат есімдер жалқы есім жəне жал-
пы есім болып екіге бөлінетіні белгілі. Сонда сан есімдер жалпы
есімдермен тіркеседі де, жалқы есімдермен тіркеспейді. Мы-
салы: он алма, екі жұма, бес батыр деп айта береміз де, он бес
Алматы, жеті Жұмаш, жиырма Əлішер деп айтуға болмайды.
Өйткені жалқы есімдер даралықты, жекелікті білдіретін заттар-
дың өзіне тəн аты. Ал сан есімдер жалпы есімдермен еркін тіркесе
береді. Мысалы: Екінші тамды ашса, үш сауыт, үш қылыш,
үш ер, үш найза, үш мылтық, үш садақ тұр (Батырлар жыры).
Мұнда үш сан есімі сауыт, қылыш, ер, найза, мылтық, садақ
жалпы есімдерімен тіркесіп келген.
Сонымен, сан есімдер тек зат есімдермен тіркесуге қабілетті.
Бұл қасиет сын есімге де тəн екендігі белгілі. Бірақ сын есімдер
218
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
затты сындық жағынан анықтаса, сан есімдер тек сандық жағынан
анықтайды. Сандардың осы қасиетіне байланысты көптеген ға-
лымдар сан есім тек затты сандық жағынан анықтауға тиіс деп,
оларды біржақты көрсетеді
[27]. Дегенмен, мұндай көзқарас тілі-
міздің бүгінгі сипатындағы сан есімдердің қолданылу ерекше-
лігін түгел қамти алмайды.
Проф. М. Балақаев сөздердің өзара тіркесу заңдылығының
қалыптасуына тарихи тұрғыдан қарау керек екендігін көрсете
келіп, «Современная система словосочетания представляет
собой результат длительного развития языка. Она создается в про-
цессе исторического развития языка в связи с историей употребле-
ния слов. С обогащением лексического состава и усовершенство-
ванием синтаксического строя языка расширяются и возможности
сочетаемости слов. Чем больше вступают в контакт с другими
словами, тем ярче выражается их социальная функция»
[28, 407] –
деп жазғаны белгілі. Сол сияқты В.В. Виноградовтың редакция-
сымен шыққан «Грамматика русского языка» деген еңбекте
«...общие грамматические законы и отдельные грамматичес-
кие правила выводятся из самой языковой практики» – деп көр-
сетіледі. Осы пікірдің дұрыстығын санды білдіретін сөздердің
басқа сөздермен тіркесу қабілетінің артуынан да байқауға бола-
ды. Сандық құбылыс затпен тығыз байланысты. Бірақ тіл дамуы-
ның нəтижесінде оның байланысы тек зат есімдермен шектеліп
қалмай, сан есімдер етістіктермен де тіркесетін болды. Соның
нəтижесінде сан есім пысықтауыштық қатынаста жұмсалып, қи-
мыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайтын болды [29].
Тілдік фактілерге қарағанда, сан есімдер заттық анықтауыш-
тың қасиетін өз бойында үнемі сақтай отырып, зат қимылының
мөлшерін білдіруі бірден пайда болған жоқ. Мұның өз ерекшелігі
бар. Зат есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сан есімдер енді
етістікпен де тіркесуге қалай бейімделді? Көне ескерткіштер
тіліндегі санаудың біздің қазіргі тілімізбен салыстырғанда көп
ерекшелігі болған. Сан есімдердің етістікпен тіркесі орхон-ени-
сей жазуларында да, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғати ит-
түрк» сөздіктерінде де екі түрлі беріледі.
Көне ескерткіштер мұралары тілінде сан есімдер етістікпен
қосарлы сөздер арқылы тіркескен. Сонымен қатар, олардың етіс-
219
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіктермен тікелей де тіркесі кездеседі. Бұдан мынадай қорытын-
ды шығаруға болатын сияқты: сын есім таза күйінде тек зат
есімді анықтайды, дегенмен, сирек те болса, етістіктермен де
тіркеседі. Ал сан есімдер түрлі қосарлы сөздермен келіп, көбіне
етістіктермен тіркес құрайды. Сонымен қатар сан есімнің мұндай
түрлерінің зат есімдермен де тіркесі кездесіп отырады. Бұл
фактілер сан есімдердің етістіктермен тіркесі ең алдымен қо-
сарлы сөздер арқылы болғандығын дəлелдейді. Ондай даму ба-
рысынан қосарлы сөздердің тіркес құрамынан шығып қалуы сал-
дарынан, сын есімдердің етістіктермен тікелей тіркесуі қалып-
тасқан. Ал ондай дəнекер, біздіңше, мыналар: рет, есе, жуық,
қаралы, шамалы, дүркін, мəрте, т.б. Бұл қосарлы сөздер сан
есімдер мен етістіктерді байланыстырудың дəнекері болған. Бірақ
тіл дамуының нəтижесінде сан есімдер мен етістіктің тіркесі
жалпы айтылуға ыңғайлы бола бастауына байланысты тілдік
үнемдеушіліктің нəтижесінде, кейде түсіп қалып та қолданылған.
Сөйтіп, кейін келе-келе сан есімдердің етістікпен тіркесі дəнекер
сөздерсіз, яғни тікелей тіркесуі арқылы да пайда болады. Ал
қазіргі тілде дəнекер сөздерсіз келуі сирек. Жалпы сан есімдердің
дамуы тек түркологияда ғана емес, сол сияқты орыс, т.б. тілдерде
де өзіндік жолмен жасалған. Қазақ тілінде сан есімдердің бір-
неше түрлері барлығы мəлім. Бірақ сол түрлердің қалыптасуы
бірдей емес, əрқилы, олардың алғашқы бірқатары септік, реттік
сан есімдері болған. И. А. Батманов енисей немесе ортағасырлық
түркі ескерткіштерінде олардың бөлшектік түрлерінің кездес-
пейтіндігін дəлелдейді [30, 130]. Проф. К. Мусаев қазіргі қазақ
тілінде бөлшектік сан есімнің өте молаю процесін тіл дамуының
жаңа түрінің жемісі деп қарайды [31, 217]. Қазақ тілінде бөл-
шектік сан есімдер мол. Олар матаса, меңгеріле байланыса-
тын сөз тіркестерін құрайды. Сан есімдердің тіркес құраудағы
ерекшеліктері олардың түрлі қосарлы сөздер мен нумеративті
сөздер арқылы тіркесінен де айқын байқалады.
Сан есім кейде басқа сөздерге де қатысты жұмсалатын рет,
мəрте, т.б. қосарлы сөздері арқылы қабыса байланысқан сөз
тіркестерін құраса, қазіргі тілде ондай аналитикалық тіркесу
Биылғы астық жоспары екі есеге жуық артығымен орындал-
ды тəрізді, қосарлы сөздердің септелуі негізінде сан есімдердің
220
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
шылаулы түрлері де қалыптасты. Бұлардың бəрі тіл дамуының
нəтижесінде пайда болды. Жалпы нумеративті сөздердің өзі
байырғы, яғни кейінгі дəуірлерде қалыптасқан интернационал-
дық (километр, метр, килограмм, грамм, сағат, минут, секунд,
градус, т.б.) топтарға жіктеледі. Соңғы топтың қалыптасуы сан
есімдердің тіркесімділік қасиетіне де өзгеріс енгізді, жаңа фор-
ма пайда болды. Сонымен, сан есімдер құрамындағы өзгерістер
олардың етістіктермен тіркес құрамына ықпал жасады. Н.З. Гад-
жиева мұндай модельдің жалпы түркі тілдеріне ортақ екендігін
айтады [32, 65]. Қазіргі қазақ тіліндегі интернационалдық ну-
меративті сөздер – -лы, -лі, -лық, -лік жұрнақтарымен бірге
-дай, -дей (екі километрдей, бес метрдей) жұрнағын да қабыл-
дап, қабыса байланысса, нумеративті сөздер сан есіммен қо-
сарланып, анықтауыштық қатынаста жұмсалуымен бірге, енді
олар сан есім анықтауышымен қосарланып септеліп, басыңқы
сөзімен меңгеріле де байланысатын болып қалыптасты. Тіпті,
кейде түрлі шылау арқылы меңгеріле береді [33]. Бұған қара-
ғанда нумеративті сөздермен келген сөз тіркестерінен екі түрлі
нəрсені байқауға болады. Біріншіден, нумеративті сөздер басыңқы
сөзімен орын тəртібі арқылы қабыса байланысады, екіншіден,
нумеративті сөздермен келген сөз тіркестері меңгеру арқылы да
құрылатын болды. Мұның өзінен бұрын сан есімді нумеративті
сөзді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары тек есім болса, енді
ондай құрамды күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістік
болып, етістікті сөз тіркесінің аясы кеңейе түскенін көреміз.
Алайда сан есімдердің тіркесу қабілетіндегі осындай өзгеріс-
тер қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркологияда арнайы
зерттеу объектісі болған емес.
Үстеулер грамматикалық класс ретінде кейін қалыптасты.
Орхон-енисей немесе онан кейінгі ескерткіштер тілінде олардың
саны көп те емес. Үстеулер негізінде етістікпен тіркесе алатын
сөз табы деп қаралады.
Алайда қазіргі тілдің фактілері олардың қимылды ғана пы-
сықтап қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көр-
сетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Қазір
тілімізде үстеулер есімдермен түрлі қосымшалар арқылы жəне
сол тұлғасында қазақ тілінде үстеулік қасиетін сақтай отырып
221
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіркеседі. Ондай тіркестердің басыңқы сыңары қызметінде зат
есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктер жұмсалады. Мысалы:
1. Қазір бригадир, оқушы, ұшқыш, басшы, оқытушы.
2. Биыл көңілді, кең, орынды, таза.
3. Биыл жетіде, онда.
4. Бүгін мен, ертең сен.
Дегенмен, ондай қасиет барлық үстеулерге тəн емес. Көбіне
мезгіл, мөлшер үстеулері ғана сондай қолданысқа бейім. Ал
үстеулермен тіркесіп келетіндер көбіне зат есім, сын есім, басқа
да сөз таптарының үстеулермен тіркес құрауы – сирек кездесетін
құбылыс. Сонымен, үстеулердің есімдермен тіркесі – кейінгі
дəуірдің жемісі. Бүгінде олар жер астында отыр... Бүгінге дейін
майыспай келген байдың иілген түрі ме бұл, əлде құлақтың
тегеурініне шыдай алмай морт сынғаны ма? Бай өзінің бұл ойын
Достарыңызбен бөлісу: |