Талғат сайрамбаев


Көсемше тұлғалы баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет44/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58

Көсемше тұлғалы баяндауыштар. Көсемше тұлғалы баянда-

уыштар екі түрлі формада кездеседі. Біріншіден, дербес мағынасы 

бар  етістіктердің  көсемше  тұлғасы  арқылы  баяндауыш  болады. 

Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітер ме (Махамбет). 

Бір  сəтте  су  бетіне  мыңдаған  ракеталар  атылып,  жібек  қанаттар 

желбіреп, асылып-асылып тұра қалды (Ғ.Мүсірепов). Екіншіден, 

дербес  мағыналы  етістіктерге  көмекші  сөздер  түйдектеліп  келіп, 

көсемше  тұлғасында  жұмсалады:  Қара  басыма  пайдасыз  екен 

деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын (С.Мұқанов). Жаңа 

жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға 

жіберуге  тыйым  салынған  (Ғ.Мұстафин).  Бүгін  ерте  келемін  деп 

еді (Ə.Нəбиев). 


473

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Есімше  тұлғалы  баяндауыштар.  а)  -ған, -ген  есімшесіне 

-ша, -ше  жұрнағының  жалғануы  арқылы:  Сен  бұл  жұмысты 

бітіргенше,  бригадир  де  келіп  қалар («Социалистік  Қазақстан»); 

ə)  -ғaн, -ген  есімшеге  -дай, -дей  жұрнағының  жалғануы  арқылы: 

Жаңағы  тұрған  жерінен  өз  көлеңкесі  тапжылмағандай,  жалғыз 

бейне елестеді (А.Хангелдин); б) -ған, -ген, -ар, -ер есімшелерінің 

септелуі арқылы: Осы Шыңғыс туарда, Уəлінің үйіне Айғанымның 

апасы  Пірəлі  келіп  жатты  (С.Мұқанов).  Өзен  түбі  таза,  құмайт 



болғандықтан,  су  айнадай  мөлдір  боп  сырғиды  (М.Əуезов). 

в) -ған, -ген жұрнақты атау тұлғалы есімшесіне түрлі шылаулар-

дың  тіркесуі  арқылы:  М.Өтемісовке  ескерткіш  орнатқаны  үшін, 

партия  мен  үкіметке  колхозшылар  атынан  көптен-көп  алғыс  ай-

тамын    («Қазақ  əдебиеті»).  г) -ған, -ген  есімшесінен  соң  барыс, 

шығыс  септіктерінің  жалғауы  жалғану  арқылы:  Мұның  бұлай 

өсуі  жас  күнінен  көп  қолпаштағаннан  (А.Байтанаев);  ғ)  -ар, -ер 

тұлғалы есімшенің болымсыз түрінен кейін шылаулардың тіркесі 

арқылы:  Сережа  мен  шешесі  дұшпандардың  шеңгеліне  ілікпес 

үшін,  аудан  орталығы  халқымен  бірге  теміржол  станциясына 

жөнелтілді  (Б.Соқпақбаев).  д)  Осы  тұлғалы  есімшелердің  жа-

тыс,  шығыс,  көмектес  септігінде  келуі  арқылы:  Отыз  екі  жасқа 

келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ 

кірді  (В.Катаев).  Аға  шопанды  көрісімен,  қой  қорасының  қақпа-

сын ашуға кетті (Ə.Нəбиев.) 

Шартты рай тұлғалы баяндауыштар: Егер сəулең болмаса, 

Мейлің тіріл, мейлің өл (Абай).



Қимыл  есімі  мен  шылаулардың  тіркесуі  арқылы:  Əңгі-

мені  басынан  бастау  үшін,  Саржанмен  кездескен  күнді  есіме 

толық түсіріп көрейін (Ə.Əбішев).

Есімді  тұлға.  Баяндауыш  қызметінде  жұмсалатын  сөз  тапта-

ры – есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы бірдей 

дəрежеде емес. Оңдай кезде көп жұмсалатыны – зат есімдер. Де-

генмен,  есімдердің  бəрінің  де  баяндауыш  болу  принциптері  бір 

іспеттес.  Есімдер  де  етістіктер  сияқты  түбір  күйінде  жəне  түрлі 

жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: Қаланың іш-сырты – əскер 

(X.Есенжанов).  Ауа  тұп-тұнъқ,  тап-таза,  жібектей  жұмсақ 

(Ғ.Мүсірепов).  Қонақ  үй  шешелер  үйіндей  емес,  сыртынан    да 

салқын, үнсіз (М.Əуезов). Мен танктерді санай бастадым. Барлы-

ғы – он жеті (А.Байтанаев). Хасен қазір колхозшы (С.Керімбеков).



474

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Есімдердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуында  жалғаулар-

дың  да  қызметі  ерекше.  Əсіресе,  ондай  кезде  жіктік,  тəуелдік, 

көптік,  септік  жалғаулары  ретіне  қарай  қолданыла  береді.  Ол 

жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баянда-

уыш  қызметінде  мол  жұмсалады:  Ұлпан    биыл  жетіде  (Б.Май-

лин). Бұл екі кітап – бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жа-

нына əлі тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М.Əуезов). 

Мен  саған – кіммін?  (С.Ерубаев).  Екі  жұмадан  бері  тынышпыз 

(Ғ.Мүсірепов).  Барым – бір  өзің  (М.Əуезов).  Есімді  баяндауыш-

тардың  негізгі  тұлғалық  белгісі – түбір  күйінде  жəне  түрлі 

жалғаулы түрлері. Əсіресе, ондай кезде септік жалғаулы есімдер 

барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауында келеді.

Құрама  баяндауышты  тұлға.  Есімдерге  түрлі  көмекші 

етістіктердің  тіркесі  арқылы  да  күрделі  баяндауыш  жасалады. 

Кейде  ондай  көмекші  етістіктер  септік  жалғаулы  есімдермен  де 

тіркесте жұмсалады. Мысалы: Ара ағайын сен емессің  (М.Əуезов). 

Апырмай,  адамзат  та  ондай  сұлу  болады  екен-ау?  (Б.Майлин). 

Қасындағы тобықты жуандарының жасы үлкені Байғұлақ еді. Бір 

өзінен басқа ешкімге мəлім емес (М.Əуезов). Əрқайсысы да ойдың 

соңында еді (С.Сейфуллин). Түсі торыдан гөрі күреңге жуық бол-

са керек (Ə.Сəрсенбаев).

Баяндауыш  қызметінде  есімдерге  түрлі  көмекші  сөздердің 

тіркесі  арқылы  да  жасалуы  мол  кездеседі.  Əдетте,  көмекші 

сөздер  пысықтауыш,  кейде  тағы  басқа  сөйлем  мүшелері  үшін 

ғана  қолданылып  келсе,  қазіргі  кезде  баяндауыштың  жасалуын-

да  едəуір  дəрежеде  қолданылады  жəне  олар  да  баяндауыштың 

көрсеткіші болып табылады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе – 

егіс  жоспарын  өсіру  туралы  (Б.Майлин).  Осы – терең  сайдың 



тұсы (М.Əуезов). Мен білмейтін жер астында (С.Мұқанов).

Баяндауыш қызметінде жұмсалатын қосымша -нікі, -дікі, -тікі. 

Олар жалғанған сөздер баяндауыш сөйлем мүшесі ғана бола алады. 

Мысалы: Бұл ауыл – біздікі (С.Мұқанов). Ал осы күнгі əдебиеттерде 

оның бірінші сыңарының тұлғалық ерекшелігін негізге алмай-ақ, 

тек  құрама  баяндауыштар  деп  қоя  салады.  Ол  шынында,  оңдай 

кезде құрама баяндауыштың бірінші сыңары да көптік, тəуелдік, 

жіктік, тіпті септік жалғуларында келе береді. Ал екінші сыңары 

туралы айтқанда көмекші есімдер ілік, барыс септіктерінен басқа 


475

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

септіктерде де жұмсала береді. Сондықтан болар, септеулі түрінде 

де  кездеседі.  Ал  модаль  сөзді  шылаулы  түрлері  бұрын  сөз  бол-

майтын. Енді көмекші сөздерді, модаль сөздерді, шылауларды да 

баяндауыштық тұлға деп санау орынды.

Баяндауыштың жасалу жолдары

Барлық  түркітану  жəне  қазақ  тіл  білімінде  арнайы  түрде 

сөз  болатын  негізгі  мəселе – баяндауыштың  жасалу  жолдары. 

Баяндауыштың  ережесі,  тұлғасы,  сұрауы – барлығы,  негізінде, 

жасалу  жолдарымен  тығыз  байланысты.  Негізінен  баяндауыш 

қызметінде  сөз  болатын  сөз  таптары – етістік  пен  есімдер  тобы. 

Кейбір  еңбектерде  баяндауыштың  жасалуында  етістіктердің 

баяндауыш  қызметінде  жұмсалуын  айта  келіп,  оның  ішінде 

есімшенің  де  баяндауыш  болуын  А.Байтұрсынов  арнайы 

бөліп  көрсетеді.  Ал  Е.И.Убрятова  етістіктер  тек  сөйлемнің 

соңында  жұмсалып  қана  баяндауыш  болады  деп  ерекше  атап 

кетеді.  Жалпы  алғанда,  етістіктер  мен  есімдердің  баяндауыш 

қызметінде  жұмсалуы  туралы  көптеген  пікірлердің  негізі  де  –

осы екі сөз табы. Сонымен бірге баяндауыш қызметінде есімдік, 

үстеу  мен  кейбір  көмекші  сөздер  туралы  түрліше  көзқарастарды 

байқауға  болады.  А.Байтұрсынов  баяндауыштың  жасалуын  жан-

жақты  айта  келіп,  кейде  автор  есімдік,  одағайлар  да  баяндауыш 

болады деп көрсетсе, Е.И.Убрятова тек сұрау есімдіктері ғана ба-

яндауыш болады дейді.

Зерттей  келгенімізде,  есімдіктер  де  басқа  есімдер  сияқты 

баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді.  Ондай  кезде  есім-

діктердің  тек  сұрау  есімдіктері  ғана  емес,  оның  басқа  да 

түрлері  баяндауыш  қызметін  атқарады.  Сондықтан  баяндауыш 

қызметінде  есімдер  жұмсалады  дегенде,  есімдіктерді  де  сол 

дəрежеде  түсінуіміз  керек.  Əсіресе,  баяндауыштың  жасалу-

ында  əртүрлі  пікір  айтылып  жүрген  сөз  табы – үстеу.  Үстеу  –

табиғатында  мезгілді,  мекенді  білдіріп,  арнайы  пысықтауыш  бо-

латын  сөз  табы.  Дегенмен  осы  күнгі  еңбектерде  үстеулер  де  ба-

яндауыш  қызметінде  жұмсалады  дейтін  пікір  орын  алып  жүр. 

Бұл  туралы  алғашқы  пікірді  С.Аманжолов  айтса,  Е.И.Убрятова 

мен Н.Сауранбаев жəне К.Аханов пен М.Серғалиев та қолдайды. 


476

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Үстеудің  осы  сияқты  қызметі  туралы  қарақалпақ  тілінің  ав-

торлары  да  айтады.  Жалпы  алғанда,  үстеулердің  қазіргі  кез-

де  қолданылу  аясы  жан-жақты  кеңейгендігін  көреміз.  Бұрын 

үстеулер  морфологиялық  жағынан  өзгермейтін  сөз  табы  делініп 

келсе,  ал  қазіргі  кезде  олар  септеледі,  көптеледі.  Соған  бай-

ланысты  олар  тек  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінде  ғана 

емес,  енді  меңгеріле,  қиыса  да  байланысатын  дəрежеге  ие  бол-

ды.  Оның  үстіне  сөз  тіркестерінің  басыңқы  сыңары  қызметінде 

етістік,  есімдер  мол  қолданылатын  болса,  əзірше  үстеу  туралы 

да  осыны  айтуға  болады.  Бұған  қарағанда,  үстеулердің  түбінде 

баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  активті  процесс  болуы  тиіс 

дейміз. Баяндауыштың жасалуында С.Аманжолов шылауларды да 

ескертіп кетеді. Əрине, шылаулардың дербес мағынасы жоқтығы, 

соған сəйкес олардың дербес сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала 

алмайтындығы айқын. Дегенмен автордың бұл пікірін де теріске 

шығаруға болмайды. Шылаулар өзі сөйлем мүшесі болмағанымен, 

басқа  сөздердің  жетегінде  келіп,  сол  тобымен  сөйлем  мүшесі, 

соның  ішінде  баяндауыш  та  бола  беретіні  дəлелденіп  отыр. 

Тіпті,  тек  шылаулы  түйдекті  тіркес  қана  емес,  негізгі  сөздер 

мен  көмекші  есім,  көмекші  етістік  жəне  модаль  сөздердің  де 

түйдекті  тіркесі  баяндауыш  бола  алатындығы  дəлелденіп  отыр 

(ол  туралы  бірінші  тарауда  арнайы  тоқталғанбыз).  Сонымен, 

негізгі  сөз  бен  түйдекті  тіркес  құрайтын  көмекші  сөздер  де  –

баяндауыш жасаудың негізгі бір жолы. 

Əдетте  сөйлем  мүшелері  сөйлемнің  негізгі  элементі  дейміз 

де,  сөйлемнің  ішкі  бөлшектері  ретінде  сөйлем  мүшелеріне  тал-

даумен шектелеміз. Зерттей келгенімізде, тиянақты ойды беретін 

сөйлемдердің өздері де ретіне қарай сөйлем мүшелері болатынын 

уақытысында  А.Байтұрсынов  алғаш  көрсетуші  болды.  Бұл 1920-

25 жылдарғы алғашқы сөз болған мəселе қазіргі кезде қолданысқа 

ие болып отыр. Қазіргі кезде сөйлемдер таза сөз таптары арқылы 

жəне  түрлі  көмекші  етістіктер  арқылы  да  баяндауыш  болуы 

тілімізде жиі айтыла бастады. Сол сияқты баяндауыш қызметінде 

жұмсалуға  тиісті  категорияның  бірі – тұрақты  тіркестер.  Олар 

сөйлемді  тиянақтай  келе,  сөйлемнің  баяндауышы  бола  алады. 

Тіпті,  баяндауыш  қызметінде  жеке  дыбыстар  да  қолданылатыны 

дəлелденіп отыр. 



477

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сонымен,  баяндауыш,  оның  жасалуын  біз  мына  топ  арқылы 

көрсетеміз: 1) Дербес  мағынасы  бар  сөз  топтарының  қатысы 

арқылы  жасалуы; 2) Негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздер  (көмекші 

етістік, көмекші есім, модаль сөздер мен шылаулар); 3) Тұрақты 

тіркестер  арқылы; 4) Сөйлемнің  сөйлем  мүшесі  болуы  арқылы; 

5) -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы арқылы; 6) Жеке дыбысты сөйлем 

мүшелері арқылы.



Баяндауыштың түрлері

Түркітану,  оның  ішінде  қазақ  тіл  білімінде  баяндауыш  жай-

лы  сөз  болатын  басты  мəселе – оның  түрлері.  Баяндауыштың 

түрлерін  айқындауда,  негізінен,  түрліше  көзқарастар  бар. 

А.П.Поцелуевский  баяндауыштың  есімдерден  де,  етістіктерден 

де  жасалуына  қарай  құралған  сөйлемді  есімді  сөйлем  жəне 

етістікті сөйлем деп қарастыруды ұсынады. Ал басқа еңбектердің 

бəрінде  де,  негізінен,  баяндауыштың  түрлерін  сөз  таптарының 

ыңғайына  қарай  топтастырған.  А.Н.  Кононов,  Н.  Сауранбаев, 

сондай-ақ  қарақалпақ  тілінің  мамандары  есімді,  етістікті  баян-

дауыш  түрін  көрсетсе,  С.Аманжолов  «Асанның  келгені  жақсы 

болды»  дегендегі  баяндауышты  аралас  баяндауыш  деп  береді. 

Ол 1940 жылғы  еңбегінде  етістікті  баяндауышты  арнайы  көр-

сеткенімен,  есімді  баяндауышты  арнайы  айтпайды,  бірақ  құрама 

баяндауыш деген терминді енгізеді. М.Балақаев 1949 жылғы мек-

теп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық грамматикада ба-

яндауышты есімді жəне етістікті деп берсе, 1971 жылғы еңбегінде 

құрама баяндауышты қоса береді.

Осылайша, баяндауыштардың түрлері жағына  ғалымдар пікір-

лерінде онша алшақтық жоқ. Ал кейбір ғалымдар баяндауыштар-

дың есімді, етістікті жəне құрама түрлерімен бірге арнайы түрде 

бар,  жоқ  сөздерінің  де  баяндауыш  болуын  көрсетіп  отырады. 

Сонда, бұл екі сөзді баяндауыштардың қай сөз табына тəндігінің 

басы ашылмайды. Оның өзі ондай сөздердің қай сөз таптарына тəн 

екендігімен ұштасып жатса керек. Осы іспетті рас, қажет, керек 

сөздері қатысты баяндауыштардың да қай топқа қатысты жағы да 

ескерілмейді.  Мысалы:  Айып  менде  екені  рас.  Бұл  кітаптардан 

алған  хабардың  бəрі  қазір  аттанатын  жолаушы  үшін  керек 

(М.Əуезов). 



478

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Баяндауыштарды қай сөз таптарынан жасалуына қарай есімді, 

етістікті  жəне  құрама  баяндауыштар  деп  бөлуін  біз  де  қолдай 

келе, сонымен бірге олардың əр тобындағы кейбір ерекшеліктерге 

де  назар  аударуды  жөн  деп  білеміз.  Етістікті  баяндауыштардың 

өзі  дара  жəне  күрделі  болып  бөлінетіндігі  белгілі.  Етістікті 

баяндауыштардың дара түрі таза етістіктен келсе, күрделі түрі осы 

дара  етістіктерге  отыр,  жатыр,  тұр  деген  ауыспалы  мағыналы 

етістіктер жəне көмекші етістіктер түйдектелуі арқылы жасалады.

Зерттей келгенімізде, күрделі баяндауыштар тек осы құрамда 

келуімен  бірге  шартты  рай,  көсемше,  есімше,  кейде  қимыл 

есімдері  мен  түрлі  модаль  сөздер  арқылы  күрделі  формада  мол 

кездеседі.  Ондай  құрамды  баяндауыштардың  бірінші  сыңарлары 

əртүрлі  тұлғалы  етістіктер  негізгі  мағынаға  ие  болады,  ал 

оны  күрделендіру  үшін  жұмсалатын  сөздер  əдеттегі  көмекші 

етістіктер  сияқты  көмекші  қызметте  жұмсалады.  Сонда  етістікті 

баяндауыштағы  етістікті  көмекші  сөздер  сол  негізгі  мағыналы 

шақ,  жіктік,  тағы  басқа  ерекшеліктерін  қалай  айқындауға    себеп 

болса, бұл тіркескен сөздер де сондай қызметке ие болады. Мыса-

лы: Ол ағасымен кездесіп қап, өзін таныта білсе керек. Өз жүрегінің 

жұмбағын өзі шешуі керек. Осы күні оның бірі жоқ,басқа бір Рай-

ханды  ауыстырып  тастап  кеткен  тəрізді  (З.Шашкин).  Балалар 

жұмысқа қызу кірісе бастаған болуы керек (Ғ.Мұстафин). Гүлсімге 

Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты (З.Шашкин). 

Күтпеген  жерден  төбеден  түскен  бомбалар  немістердің  үрейін 

ұшырып, есін жиғызған жоқ (Ғ.Мүсірепов). Художник неғұрлым 

көп білуге міндетті (М.Əуезов.) Осы сөйлемдерде мынадай баян-

дауыштар бар: білсе керек, шешуі керек, тастап кеткен тəрізді, 



кірісе  бастаған  болуы  керек,  басталған  сияқты,  есін  жиғызған 

жоқ,  білуге  міндетті.  Бұл  баяндауыштардың  бірінші,  негізгі 

сыңарлары – етістік. Ал екінші сыңардағы керек, тəрізді, сияқты, 



жоқ  сөздерінен  жасалған  баяндауыштарды  етістікті  деуге  келе 

ме?  Сол  сияқты  құрама  баяндауыштар  туралы  да,  əсіресе,  оның 

əрбір  сыңары  туралы  да  осы  сияқты  пікірлерге  тап  боламыз. 

Сонда,  құрама  баяндауыштардың  жасалуында  осы  күнге  дейінгі 

еңбектерде негізінен көмекші етістіктер қатысты делінеді де, сол 

көмекші етістіктерге е, де тұлғаларын жатқызып жүрміз. Шалқып 

жүрген  еркенің  еркесі  тəріздімін.  Ішіміздегі  ширағымыз  да, 


479

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сергегіміз  де  өзің  болдың.  Қолдан  келсе,  бұл  жолы  Құнанбайды 

əшкерелеп,  көп  алдында  тентек  қып  алмақ  (М.Əуезов).  Бұл 

келген  Дəрмен  тəрізді («Жұлдыз»).  Ал  осы  сөйлемдердегі  ба-

яндауыштар:  еркесі  тəріздімін,  өзің  болдың,  тентек  қып  алмақ 

Дəрмен тəрізді негізгі сөздер есімдер болып келгенімен, көмекші 

сыңарлары модаль сөздер. Сол сияқты Оның сөзі рас болып шықты 

(С.Сейфуллин). Рақым, саған көптен бері айтайын деп жүрген бір 

сөзім  бар  еді  (Б.Тілегенов)  дегендегі  күрделі  баяндауыштардың 

бірінші  сыңарларын  есім  деп  айтуға,  тіпті,  болмаса  керек.  Бірақ 

бұл  топты  баяндауыштар  да  құрама  баяндауыш  іспетті.  Міне, 

бұған  қарағанда,  баяндауыш  болатын  сөздердің  баяндауыш 

қызметінде жұмсалу дəрежесі есімді, етістікті, құрама баяндауыш-

ты топтарына сыймаса керек. Олай болса, күрделі етістікті құрама 

баяндауыштардың  да  құрамдары  аясының  кеңейгендігін  көруге 

болады. Оның өзі етістікті құрама баяндауыштардың құрамында 

жұмсалатын  көмекші  сөздердің  аясының  кеңдігінен,  түрлерінің 

молдығынан шығатын сияқты.

  Сонымен,  етістікті  күрделі  баяндауыштың  негізгі  сыңары 

етістік,  көмекші  сыңары  көмекші  етістіктер  деген  пікір – бұл 

күрделі  баяндауыштың  жасалу  жолының  тек  бір  түрі  ғана.  Ал 

басқа түрлері алдағы тарауларда сөз болмақшы. 

Модаль  сөздер  мен  бар,  жоқ  сөздері  етістікті  жəне  құрама 

баяндауыштың  құрамында  ғана  жұмсалып  қоймаса  керек.  Олар 

жоғарыдағы көрсетілген мысалдардағыдай өздері де жеке тұрып, 

баяндауыш  қызметінде  жұмсала  алатын  дəрежеге  бұрыннан 

ие  сөздер.  Бірақ  осы  модаль  сөздердің  баяндауыш  болуы 

əртүрлі  еңбектерде  бірен-саран  сөздермен  айтылғаны  болмаса, 

олардың  баяндауыштық  қызметі  арнайы  сөз  болмайды.  Зерттей 

келгенімізде,  модаль  сөздер  мен  бар,  жоқ  сөздері  жəне  көп,  аз 

сөздерінің  баяндауыш  қызметінде  мол  жұмсалатыны  анық.  Со-

нымен,  етістікті,  есімді,  құрама  баяндауыштармен  тең  дəрежеде 

модаль сөзді баяндауышты да енгізуді жөн көрдік. Оның өзіндік 

себептері де бар. Біріншіден, бұл сөздерді етістікті баяндауышқа 

жатқызуға  келмейтіні  сияқты  есімді  (зат  есім,  сын  есім,  сан 

есім,  есімдік)  баяндауышқа  да  қоса  алмаймыз,  өйткені  ол  сөз 

таптарының құрамында мұндай сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлемде 

қолданылуы  жағынан  сол  сөз  таптарының  ешқайсысынан  кем 


480

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

түспейді.  Үшіншіден,  ол  сөздер  өздері  тек  таза  түрінде  ғана 

қолданып  қойылмай,  түрлі  морфологиялық  құрамда  жəне  басқа 

сөздермен өзара тіркесіп те жұмсалуы олардың аясының кеңдігін 

көрсетеді.

Сонымен, баяндауыштар түрлеріне қарай етістікті (негізгі, 

көмекші), есімді (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік), құрама 

(үстеу, модаль сөздер, бар, жоқ сөздері, еліктеуіш сөздер жəне, 

т.б. көмекші сөздер) болып келсе, тұлғасына қарай дара жəне 

күрделі болып жұмсалады.

Етістікті баяндауыш

Əрбір  сөйлем  мүшелерінің  жасалуына  белгілі-белгілі  бір 

сөз  таптары  негіз  болады.  Сол  сияқты  баяндауыштардың  жа-

салуында ең негізгі сөз табы – етістік. Етістік – басқа сөз тапта-

рына  қарағанда  ең  күрделі  сөз  табы.  Жалпы,  етістік – қимылды 

білдіруге  байланысты  сөйлемді  тиянақтаудың  ең  басты  шарты. 

Бірақ  етістіктердің  əртүрлі  категорияларының  баяндауыш  болу-

ында  əрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мұның  өзі  оның 

құрамдық ерекшеліктерінен де анық байқалады.

Етістікті дара баяндауыш. Етістікті дара баяндауыш негізінде 

синтетикалық  тəсіл  арқылы  дербес  мағынасы  бар  етістіктерден 

ғана  жасалады.  Жалпы  алғанда,  баяндауыш  болатын  негізгі  сөз 

табы – етістік. Етістіктер негізінде баяндауыш болғанда сөйлемді 

тиянақтап, көбіне сөйлемнің соңында тұрады. Əрине, дара етістік-

ті  баяндауыштың  жасалуы  туралы  барлық  əдебиеттерде  айтыла-

ды. Бірақ ол туралы қазіргі ғылыми əдебиеттерде онша бірізділік 

жоқ. Орыс тіл білімінде В.В.Бабайцева дара баяндауышқа райлар, 

негізгі етістіктер, демеулік шылаулардың тіркесуі, фразеологиялық 

тұтастықтардың  соңғы  сыңары  етістіктен  құралған  түр-

лерін жатқызса, Е.С.Скобликова тек жіктік жалғаулы етістіктерді 

ғана  айтумен  шектеледі.  Ал  түркологияда  А.  Жапаров  дара 

баяндауыштардың  жасалуында  райлардың  да  баяндауыш  бо-

луының ішінде тек шартты рай туралы айтып, ал қалған райлар ту-

ралы сөз қозғамайды, көбіне дара баяндауыштардың шақ тұрғысын 

ғана  сөз  етеді.  Сонымен  бірге  автор  дара  есімше,  кейде  ондай 

есімшелерге  екен  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  жасалуын 



481

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

да дара етістікті баяндауышқа қосуына келісе алмаймыз. Бірақ ав-

тор қимыл есімді дара баяндауышқа жеке тоқталмағанымен, ондай 

тұлғалы етістіктерге -шы жұрнағының қосылуы арқылы дара ба-

яндауыш жасалатынын орынды көрсете білген. Ал қазақ тіл білі-

мінде етістікті дара баяндауыштар туралы əртүрлі көзқарастарды 

айтуға    болады.  М.  Балақаев  дара  етістікті  баяндауыштар  рай, 

шақ,  етіс,  салт,  сабақты,  болымды,  болымсыз  жəне  есімше  мен 

көсемшелер  (сабақтас  құрмалас  сөйлемдерде)  арқылы  жасала-

ды десе, ал мектеп грамматикасында райлар, тұйық етістік жəне 

есімшелер  арқылы  жасалатындығы  аталады. «Қазақ  тіл  грамма-

тикасында»  сөйлем  мүшелерін  жазған  М.Томанов  дара  етістікті 

баяндауыштардың  есімше  жəне  көсемше  арқылы  ғана  жасалған 

түрін береді.

Міне,  бұған  қарағанда,  дара  етістікті  баяндауыштардың  жа-

салуында  олардың  етістіктің  қай  категорияларынан  болуын-

да  бірізділік  жоқ.  Бұл  пікірлерді  М.Балақаевтың  салт,  сабақты 

етістіктер түрін қосуы сол көрсетілген басқа да етістік тұлғаларын 

толықтыра  түссе  керек.  Сол  сияқты  болымды,  болымсыз 

етістіктер туралы осылай айтуға болады. Бұл арада дара етістікті 

баяндауыштардың  жасалуын  мектеп  грамматикасында  нақты  əрі 

жан-жақты  берілген.  Ал  академиялық  грамматикада  дара  баян-

дауыш  туралы  мағлұмат  жоқтың  қасы.  Етістіктер    дара    күйінде  

бұйрық  рай,  шартты  рай,  көсемше,  есімше,  қимыл  есімі,  түрлі  

етістік жұрнақтары арқылы жəне түрлі туынды түрінде де жұмсала 

береді.  Бірақ  осылардың  ішінде  жай  сөйлемнің  немесе  құрмалас 

сөйлемнің  басыңқы  сыңарының  баяндауыштары,  яғни  тиянақты 

баяндауышы ретінде бұйрық рай, есімше, қимыл есімі мен туын-

ды етістіктер ғана жұмсалса, ал шартты райлы немесе көсемшелер 

əдеттегі жай сөйлемнің баяндауышы  қызметінде арнайы жұмсала 

алмайды.  Өйткені  олар  сөйлемді    тиянақтай  алмайды.  Дегенмен 

соңғы кезде мұндай процестен ауытқу жағын да көруге болады.

Əдетте  шартты  райлы  баяндауыштар  сабақтас  құрмалас 

сөйлемнің ғана құрамында жұмсалса, енді өз алдына да жұмсалатын 

дəрежеге  ие  болып  отыр.  Мысалы:  Тек  əлі  де  шындап  жетілдіре 

түссе,  профессионалдық  дəрежеге  жеткізсе  (Н.  Мағзұмов). 

Екіншіден,  көсемшелер  де  тек  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы 

қызметінде ғана жұмсалып қоймай, əдеттегі жай сөйлемнің баян-



482

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

дауышы қызметінде жұмсалуы да соңғы кездің жемісі: – Əй, анау 

үйге Дүйсекең келді, қайдан таныдың? – Е, ұстазымды танымай?! 

(М.Қалдыбаев) (Біздіңше,  бұл  сөйлемдерде  тілдік  үнемдеу  бар 

екені байқалады. Түсінікті нəрсені бүгіп қалғандай).

Бұйрық райлы дара етістікті баяндауыш. а) Серпілсін, сергіп, 

қуанып сілкінсін ел (Б.Майлин). Дастарқан үстіндегі семіз қойдың 

тоңазыған еті, күлше нан, жантая бір қара торсық тұр. – Ей, бері 



қара, кел, отыр, біз Жалпақсазға барамыз (Ш.Айтматов). Тілімізді 

алсаң, мұнда тұра көрме, шырағым! Біздің үйге жүр (С.Мұқанов). 

ə) -ғын, -гін, -қын, -кін. Көп жыл өтті арада, Келдің Əлім, Түсінесің 

ағайын, сөздің мəнін. Ешкі емес, Сүйінбайға жылқы бітті. Қымыз 



ішкін, отырғын, татқын дəмін (Сөз тапқанға қолқа жоқ). Апыр-

ау, бір жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ.Мүсірепов). б) Бұйрық 

райлы  етістіктер  жіктеліп  те  жұмсала  береді:  Қалаға  қонайын, 

далаға қонайын, өз тамағымды өзім тауып жей алам (С.Мұқанов). 

Бақыт  беріп,  бақ  беріп  еңбектен  өрнек  салғыздың  (Жамбыл). 

в)  Қалау  рай  арқылы:  Жақсы  ағаның  зор  дəмесін  əмсе  өстіп 



ақтағай-сың (М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет