Етістік категорияларының
аралас түрде баяндауыш болуы
Етістіктің дербес мағыналы тобы да, көмекші тобы да тілімізде
мол жұмсалғанымен, синтаксистік қызметі тек дербес мағыналы
топтарында ғана болады, ал көмекші етістіктер өз алдына сөйлем
мүшесі бола алмайды. Дербес мағыналы етістіктерге есімше,
көсемше, қимыл есімі, шартты рай, етістер тобы мен жақты
білдіретін сөздер жатады. Етістіктің осы категориялары жеке-
жеке баяндауыш қызметінде мол жұмсалады. Мұндай құбылыс
бұрыннан бар болғанымен, олардың баяндауыш қызметінде
жұмсалу үлгілері арнайы сөз болған емес. Біз бұл етістікті топ-
тардың бір-бірімен араласып келуінде есімше, көсемше, шақ, етіс,
қимыл есімі, көбіне екі тобының ғана бірігіп, сол тобымен күр-
делі баяндауыш болуын көп кездестірдік. Мұндай етістіктердің
аралас құрамды баяндауышының бірінші сыңары көсемше
тұлғалы етістік қана болады. Онан кейін басқа категориялары
ретіне қарай жұмсала береді. Жалпы, мұндай аралас құрамды
баяндауыштар құрамына қарай екі, үш, тіпті бірнеше сөзді бола-
ды. Ал көмекші етістіктер көмекшілік қызметте жұмсалады. Екі
етістік қатар келгенде оның біріншісі негізгі мағынаға ие болып,
онан кейінгі етістіктер қанша дербес мағыналы болғанымен,
бəрібір көмекшілік қызмет атқаратыны белгілі. Miнe, олай болса
аралас құрамды етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары
көсемше (ондай кезде көбіне -а,-е,-ып, -iп; -п жұрнақтары көп
кездеседі) де, көмекші сыңарлары есімше, қимыл есімі, етістер,
492
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
-нікі, -дікі, -тікі жұрнақты есімшелер, т.б. жұрнақты сөздер де кез-
десе береді. Сонымен бірге кейбір модаль сөздер мен демеуліктер
де кездесіп отырады.
Таза көсемше мен етістіктің тіркесі арқылы: Жазғы ауылдардың
киіз-кілем сияқты үй жиһаздарын тонап кеткен (Ғ.Мүсірепов).
Кейде осындай құрамды баяндауыштың есімше тұлғалары
жіктеліп жəне -нікі, -дікі жұрнағын қабылдап та жұмсала береді:
Бұрын кең киімге үйреніп қалғандікі ғой (Қ.Жұмаділов). Сен де
мені аяғым кесілген күні тастап кетерсің (Т.Кеңесбаев).
Көсемше мен есімшеге көмекші етістіктердің тіркесі арқылы:
Мен келсем, менен əлдеқашан бұрын жұрт жиналып қойған екен
(Б.Майлин). Сенгішпін ашық жандарға, өзім де оларды сендіру
үшін ештемені аяп көрген емеспін (Ə.Тəжібаев). Көсемше -дай
жұрнақты есімшеге жəне көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы:
Далада мың албасты ойнақ салып, мың пері мен сансыз жын
соғысып жатқандай еді (Е.Айнабаев). От төгіп, өлім еккен
күшті жау қаланың шыбын жанын алқымына əкеліп қалған еді
(Ғ.Мүсірепов).
Көсемше, есімшеге модаль сөздердің тіркесуі арқылы: Көзі
ұясынан шығып барады, есінен танып бара жатқан тəрізді.
Іші тегенедей төңкеріліп, алқымына тіреліп тұрған сияқты
(Ғ.Мүсірепов). Көсемше, есімшеге жоқ сөзінің тіркесі арқылы:
Жасыратыны жоқ, су шаруашылығына ғылымның соңғы табысын
толық қолданып отырған жоқпыз (С.Мұқанов).
Көсемше мен тəуелдік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы:
Тағы бір саулық жол-жөнекей суда қоздағалы жатқаны да, Жыл-
да ылғи сан соқтыратын Сырдың суы ұрланып келіп басып алғаны
да (Ғ.Мүсірепов). Бірнеше көсемше мен тəуелдік жалғаулы (кей-
де көптеліп, кейде дара түрінде де жұмсалатын) есімшенің тіркесі
арқылы: Кəріліктің демдей бастағаны ма, насыбайын атып, анда-
санда таяғын тықылдатып қойып отырғаны (Ш.Қалиақбаров).
Күнде осылай таңдай қағысып, бас шайқасып айран-асыр болып
түнеме үйлеріне қайтып келе жатқандары (Ə.Кекілбаев).
Негізгі сыңары көсемшеге -дай, -дей жұрнақты есімшелердің
тіркесі арқылы. Ол өлең айтып бара жатқандай (Ғ. Мүсірепов).
Көсемшеге -мақ, -мек жұрнақты есімше, онан соң көмекші
етістіктердің тіркесі арқылы: Жалма-жан атты жектіріп мен алып
493
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жүрмекші болдым (Б.Майлин). Көсемше мен қимыл есімінің
(тұйық райлы етістік) тіркесі арқылы: а) көсемше мен таза қимыл
есімі немесе оның тəуелдік жалғауы арқылы: Хан иемнің ойы, со-
лар жеткенше, керей мен уақты алдастырып ұстай тұру (С.Мұқа-
нов). ə) Көсемше мен қимыл есіміне модаль сөздердің тіркесі
арқылы: Оларды қайта қаңғыртып жіберу керек («Лениншіл
жас»). б) Бір не бірнеше көсемшеге барыс жалғаулы қимыл есімі
жəне оған көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Енді оған суық
түскенде кəрі шешесін жəне Ұлжан қолындағы жас балаларын
тоңдырып отыра беруге болмады (М.Əуезов). Əрнеге бір бой
ұрып, күш-қуатты шаша беруге болмайды (С.Омаров). Көсемше
мен -шы жұрнақты қимыл есіміне көмекші етістіктердің тіркесі
арқылы: Көкке аунап, көлге шомылмай кетпейтін күндеріміз
қандай қызық еді! Далаға да қона салушы едік (Ғ.Мүсірепов).
Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары, заңғар күмбез-
дері көрініп тұрушы еді (М.Жұмабаев).
Баяндауышты күрделендіретін көмекші сөздер
Əдетте баяндауыш, оның ішінде етістікті де, ортақ баянда-
уыштарды да сөз еткенде оларға қатысты мəселенің бірі – олар-
ды күрделендіруші элементтер. Олар, біріншіден, əрбір сөз
табының күрделі түрі арқылы жүзеге асады. Екіншіден, негізгі
сыңары етістік жəне есімдерге көмекші етістіктердің түйдектелуі
негізге алынады. Əрине, мұның бірінші түрінің күрделенуі
онша қиындық келтірмегенімен, екінші тобының жасалуында
бірізділік жоқтың қасы. Оның өзі мына мəселелерге келіп тіреледі.
а) етістік баяндауыш пен ортақ баяндауышқа көмекші сөздерді
саралап жатпай-ақ, оларға көмекші етістіктердің тіркесі арқылы
күрделі баяндауыш жасалады деу басым; ə) етістікті баяндауыш
пен ортақ баяндауышты күрделендіруші көмекші сөздерде айыр-
машылық ескерілмейді; б) көмекші сөздер дегенде көбіне көмекші
етістіктер сөз болады да, одан да басқа топтардың қатысы
ескерілмейді.
Көмекші сөздердің етістік, есімдерге тіркесіп, олардың син-
таксистік қызметіне əсерінің барлығы немесе оның мағынасын
толықтыра түсетін ерекшеліктері де – ойлануды қажет ететін
494
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мəселе. Басқасын былай қойғанда, көмекші етістіктердің негізгі
сыңарлары мен тіркестерінің қасиеті ашылмайды. Осы күнге
дейінгі əдебиеттерде көмекші етістік туралы сөз болады. Күрделі
баяндауышты күрделендіруші көмекші етістіктер сөз болғанымен,
дара баяндауыш жəне күрделі баяндауыш бола алатын етістік-
тердің басы ашылып айтылмайды.
Баяндауыш болмайтын лексикалық мағынасы бар етістік
жоқ. Ретіне (яғни контекске) қарай барлығы да баяндауыш бола
алады. Бірақ сол етістіктердің өздері табиғи жағынан не дара, не
күрделі баяндауыш болуға өзінің қабілеті немесе өзіндік тұлғалық
ерекшелігі ғана əсер ететін сияқты. Баяндауыш қызметінде
жұмсалатын бұйрық райлы етістіктер тек дара баяндауыш
қызметінде жұмсалады. Мысалы: Шық, үйден! Шығарма үніңді.
Колхоз бастығына мына хатты тапсыр да, тез қайт! (Ғ.Сланов) де-
ген сөйлемде шық, шығарма, тапсыр, қайт дара етістікті баян-
дауыштар бұйрық райында тұруы арқылы жасалынған. Енді осы
етістіктер өздерінен соң көмекші етістіктерді керек етпейді. Біз
бұл етістіктерден кейін не арнайы көмекші сөз немесе басқа түрлі
көмекші етістіктерді тіркестіре алмаймыз. Көмекші етістіктер
ондай тұлғалы етістікпен тіркесе алмайды. Сол сияқты жіктік
жалғаулы етістіктер де баяндауыш болып тұрған кезде дара
тұлғада тұрады.
Қимыл есімдері мен есімшелер баяндауыш қызметінде əрі
дара, əрі күрделі түрде де жұмсала береді. Бұл олардың сөйлемді
тиянақтаудағы өзіндік ерекшелігі болса, көсемше (сабақтас
құрмалас сөйлемнің баяндауыш болғанда ғана дара болып
келе береді) тек күрделі түрде ғана жұмсалуға тиіс. Мұның өзі
көсемшелердің тұлғалық та, мағыналық та ерекшеліктеріне сай,
яғни олар дара тұрғанда сөйлемді өз бетінше тиянақтай алмай-
ды. Олар тиянақты баяндауыш қызметіне тек көмекші етістіктер
арқылы ғана жүзеге аса алады. Осы арада мынаны да ескерген жөн.
Əсіресе, күрделі баяндауыш жасауда етістіктің есімше, көсемше
қимыл есімді тұлғалары негізгі сыңарға ие болады. Күрделі
сыңарды құрауда көсемше – ең басты тұлға. Себебі көсемшенің
дара тұлғада келуі ойды аяқтай алмайтын тиянақсыздығын
білдіреді. Ал ой аяқталмаған соң сөйлем де болмайды. Олай бол-
са, көсемше жеке тұрып та, жанына келесі көсемшені іргелестіріп
495
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тұрып та өздерінен кейін көмекші етістік не дара етістіктің тұ-
руын қажет етеді. Сөйтіп барып қана көсемшелі күрделі баянда-
уыш жасалады. Мысалы: өлеңді айтып болды; жазып біте алма-
ды; сендерді көріп кеткелі келдім.
Етістікті баяндауыш, əсіресе оны күрделендіруші етістік ту-
ралы барлық еңбектерде айтылып келеді. С.Аманжолов күрделі
етістіктердің алты етістікке дейін де бола беретінін айта келіп,
көмекші етістіктерге түйдектелетін шылаулардың да шылау-
лы болып кететін жəне аздап мағынаға ие болатыны бар деп
бөліп көрсетеді. Бірақ автор қандай етістіктер көмекші ретінде
жұмсалатынын ажыратып көрсетпейді. Осы авторлардың мек-
теп грамматикасында көмекші етістіктер ретінде жүр, бер, ба-
стау сияқты етістіктері ғана ескерілген. М.Балақаев көмекші
етістіктер олардың негізгі етістіктерге қосатын мағыналарының
бірдей еместігін бере баста, түс, ал; тұра тұр, бер, қал; шыға
келді, бастады, қоймады, тұр, кіріп сияқты етістіктер арқылы
көрсете білген. Автор көмекші етістік арқылы жасалған күрделі
етістіктердің мағыналық тобын айқындауды мақсат ете келіп,
оның бес түрін береді. а) -а, -е, -й тұлғалы көсемше + баста;
ə) -ып, -in, -п, -а, -е, -й+қал, ал, бол, сал, жібер; б) -ып, -in, -п, -а, -е,
-й+кет, отыр, тұр, жатыр; в) жүр, бер, түс, кел, бар, жəне, қой.
М.Балақаев мұнда, басқа авторларға қарағанда, біріншіден,
көмекші етістіктерді мол қамтыса, екіншіден, оның көмекші
етістіктердің қандай тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесе
алатынын да ескертуі орынды. Бірақ автор ондай күрделі
баяндауыштардың бір-ақ түрін, яғни негізгі сыңары көсемшелі
түрін ғана көрсетумен шектелген. Оның үстіне автор күрделі
етістікті баяндауыштың жасалуында тек етістіктерді ғана сөз етіп
қоймайды, сонымен бірге модаль сөздердің де қатысын дұрыс
көрсетеді. И.Е.Маманов көмекші етістіктер туралы арнайы жазған
еңбегінде көмекші етістіктердің үш тобына: а) ет; ə) отыр, тұр,
жүр, жатыр; б) ал, бер, жібер, көр, қал, сал, қой, кет, түс, шық, тұр,
жазда, таста, ұса, (ұқса), бол, бар, кел етістіктеріне тоқтала келсе
де, олардың ішкі ерекшеліктеріне бара алмайды. Арнайы зерттеу
барысында көмекші етістіктерге мыналар жатады: 1) е жəне де
көмекші етістіктері. Бұл етістіктерді арнайы көмекші етістік деп
айтуға болады. 2) Отыр, тұр, жүр, жатыр. Бұл етістіктер бірде
496
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізгі мағынаға ие болса, бірде көмекшілік қасиетке ие болады.
Осы ерекшелігіне сəйкес оларды ауыспалы мағынадағы көмекші
етістіктер деу орынды. Үшінші топтағы етістіктерге лексикалық
мағынасы өз алдына бар, бірақ негізгі етістікпен тіркескен кез-
де ол мағынасы күңгірттеніп, ал негізгі мағына негізгі етістікте
қалады. Сонда, бір етістіктің өзі бірде негізгі мағынаға ие бол-
са, енді бірде көмекшілік қызметке ие болып отырады. Көмекші
қызметке ие болған етістік енді өзіндегі бұрынғы мағынасын дəл
бере алмай, көмекшілік қасиетке ие болады. Кейде көмекші болып
отырған етістіктеріміз негізгі етістікпен орын ауыстыру барысын-
да негізгі етістікке де айналып кете береді. Екіншіден, көмекші
сыңарлар таза етістікті ғана емес, модаль сөздермен де бірлікте
келеді. Тым-ақ оңбай жығылсам керек, мұз да шатұр-шұтыр ете
қалды, қарақұсымның қатты соғылғанына төзе алмай, жарылып
кеткен тəрізді (X.Ерғалиев). Өне бойы соққы жеген кісідей мыл-
жа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес. Жолдың
екі жағы тау сияқты да, сол таулар, жартастар бұған қарай өздері
сырғып, жылжып, қиыс өтіп келе жатқан сияқты (М.Əуезов).
Осы іспетті таза модаль сөздердің өздері де кейде қабаттасып
келіп жұмсала береді: Бақшадағы шат-шадыман сайранның ажары
кіре түсу үшін, менің үнім қосылу керек сияқтанды (С.Мұқанов).
Ол бүгін алған заттарын бере бастады. Ол бүгін концертті бастап
береді – деген күрделі баяндауыштардағы беру, бастау етістіктері
контекске қарай ауыса береді. Мұндай құбылыс барлық етістікке
тəн. Сондықтан əр автордағы он-он бес лексикалық мағынасы бар
етістіктер ғана көмекшілік қызметте жұмсалады деп, олардың
аясын тарылту орынды дей алмаймыз. Яғни күрделі баяндауыш-
тың құрамын ажырату – əлі біржақты.
Көмекшілік қызметте жоғарыда айтылған тек осы үш топ-
ты етістіктер ғана қатысып қоймайды. Сонымен бірге түрлі мо-
даль сөздер (керек, сияқты, тəрізді, секілді), бар, жоқ сөздері де
қатысты. Бұл соңғы күрделенуші элементтер де əдеттегі етістікті
көмекші етістіктер сияқты күрделендіруші қызметте жұмсала
келіп, негізгі етістікке əртүрлі реңктер қосады. Мысалы: Нұржан
келемеждеп жүрген сияқты (З.Шашкин). Осындағы сияқты
модаль сөзін алып тастап айтуға болады. Ондай кезде сөйлем
Нұржанның келемеждеп жүргенін, яғни бір уақытта айтып қана
497
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қойды деп ұғуға да болады. Енді модаль сөзінің тіркесі арқылы
айтқанда Нұржанның əлі де келемеждеуін қоймағанын, тіпті кім
біледі, жалғастыра беруі де мүмкін екенін білдіреді.
Əрине, негізгі сыңарлары етістік пен көмекші сыңары таза
етістіктен (оқыған еді, оқитын болар, оқып отыр) жасалған күрделі
баяндауыштарды етістікті деп айту орынды, ал оқыған сияқты,
айтып бар, көргенім жоқ сияқты негізгі сыңары етістіктер де,
көмекші сыңарлары модаль сөз, бар, жоқ сөздері етістікті не-
месе аралас құрамды күрделі деп айтқанымызбен, əрқайсының
мағыналық өзгерісі ойлануды қажет етеді. Көмекші сөздер негізгі
сыңарда əртүрлі реңктер беретіні туралы еңбектерде айтылуда.
Ол пікірлерге біз де қосыламыз. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің
ондай мағыналық топтары бір ғана көмекші етістіктердің кө-
мекшілік қызметі барысында айтылып жүр. Ал зерттеу барысын-
да мынаны да анық байқауға болады. Біріншіден, таза етістікті
сөздердің өзі де қабаттасып келуінен күрделі баяндауыш жасала-
ды. Мысалы: үйге кірдім де шықтым; айттым болды; оның бұл
жүрісі мағынасыз, келді кетті, т.б. Толық мағыналы етістіктерден
болған бірыңғай мүшелі баяндауыштар да тілімізде мол кездеседі.
Сол сияқты таза көмекші етістіктердің өздері де қабаттасып келе
береді де, баяндауыштың мағыналық жағын күрделендіреді.
Есімді баяндауыш
Əрбір сөз табының лексикалық мағынасымен бірге олардың
өзіне қатысты синтаксистік қызметтері болатыны анық. Сол əрбір
сөз табындағы синтаксистік қызмет, шындап келгенде, оның
бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Зат есім көбіне баста-
уыш, толықтауыш; сын есім, сан есімдер – анықтауыш, етістік –
баяндауыш, үстеулер – пысықтауыш қызметінде жұмсалуы –
олардың негізгі ерекшелігі. Дегенмен бір сөз табы тілдік
қолдануда үнемі ол қасиетке ие бола бермей, басқа да синтаксистік
қатынастарға ие бола беретіні қазіргі кезде жалпы ғылыми
əдебиетте танылған пікір. Бұған қарағанда, əрбір сөз табының ар-
найы жəне ретіне қарай басқа да сөйлем мүшелерінде жұмсалуы
айқын. Осы ерекшелік арқылы бір сөз табындағы синтаксистік
қызмет екінші басқа сөз табының қызметіне ауыса береді.
498
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Баяндауыш қызметінде арнайы жұмсалатын сөз табы – етістік.
Бірақ етістік үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып қоймай, басқа
да, яғни жоғарыдағы принципке сай анықтауыш, пысықтауыш,
толықтауыш, тіпті бастауыш қызметтерінде де жұмсала беретіні
белгілі. Осы іспетті баяндауыш қызметінде басқа да сөз таптары
жұмсалуы айқын. Ол көбіне бір сөз табына ғана қатысты емес,
бірнеше сөз табы да бола алады. Соның үлкен бір тобы – зат
есім, сын есім, сан есім жəне есімдік, үстеу, еліктеуіш жəне басқа
сөз таптары. Соның бірінші үлкен тобы есімдердің баяндауыш
қызметінде жұмсалуы бірізді болғандықтан, есімді баяндауыш
деп жүрміз. Əрине, есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
олардың негізгі қасиеті болмағанымен, сөйлемде олар қалайда
баяндауыш бола береді. Бірақ есімдер негізінде сөйлемде басқа
сөйлем мүшесі бола отырып, енді олардың баяндауыш сөйлем
мүшесі болуы үшін өзіндік ерекшеліктері де əсер етуі тиіс.
Сөйлемді тиянақтау процесінде етістік басты тұлға да, басқа
топтары оның бағыныңқы сыңары ретінде жұмсалуы арқылы
синтаксистік қызметке ие болады. Ал енді сөйлемде бастауыш,
толықтауыш болатын зат есім, есімдік, анықтауыш қызметінде
жұмсалатын сын есім, сан есімдер енді баяндауыш қызметіне
ауысқан кезде олардың бұрынғы өздеріне тəн табиғи орын тəртібі
өзгеріске ұшырайды. Жалпы алғанда, зат есім, сын есім, сан есім,
есімдіктер сөйлем ішінде анықтайтын затының алдында тұрса, енді
олар баяндауыш болу үшін сөйлемнің соңында келуі керек. Бұл сөз
таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтап тұра
алады. Сондай-ақ есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған
кезінде, тұлғалық жағынан əдеттегі қолдану ерекшеліктеріне,
яғни морфологиялық жағынан бұрынғы қалпымен салыстырғанда
өзіндік өзгерістері де болады.
Есімді баяндауыш туралы айтылып та келе жатыр. Деген-
мен есімді баяндауышқа қатысты мына жайттар тереңдей түсуді
қажет етеді: 1) Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының
ғылыми əдебиеттердегі берілу дəрежесі; 2) Есімдердің баянда-
уыш қызметінде жұмсалуындағы тұлғалық ерекшеліктері; 3) Есім-
ді баяндауыштардың жасалуында есімдердің ішкі ерекшеліктері;
4) Есімдердің баяндауыш қызметіндегі сұраулары; 5) Есімдердің
баяндауыш қызметіндегі мағыналық ерекшеліктері. Біріншіден,
499
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары баяндауыш
қызметінде жұмсалады делінсе, екіншіден, оларды есімді, етістікті
баяндауыштар деп топтап береді. Ол туралы басқаша айтатын-
дай сөз болмаса керек. Сонымен бірге есім сөз таптары да белгілі
дəрежеде сөйлемді тиянақтау барысында баяндауыш қызметінде
жұмсала береді. Біраз есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
барысында өзара ерекшеліктері бар екені айқын.
Қазақ тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде есімдердің баяндау-
ыш қызметінде жұмсалуының тұлғалық ерекшеліктері де сөз бо-
лып отырады. Бұл еңбектерде есімдердің баяндауыш болуының
өзі түрліше. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томанов
есімдердің баяндауыш болуын нақтылы көрсетсе, Ə.Нұрмаханова
есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады дегенмен, олардың
ішінен тек зат есімнің баяндауыш болуын көрсетумен шек-
телген. С.Аманжолов етістік, зат есім, сан есім, сын есім, үстеу
жəне есімдіктер баяндауыш болатын сөз таптары деп береді
де, бірақ оларды іштей етістікті, есімді деп бөліп көрсетпейді.
Бұл сөз таптарының баяндауыш болуын дұрыс көрсете келіп,
оның өзі екіжақты, яғни алдымен зат есім, сын есім, сан есім
жəне есімдіктердің баяндауыш болудағы қасиеті жəне олардың
əрқайсысының баяндауыш болуын жеке түрде арнайы мысалдар-
мен дəлелдеген. Н.Сауранбаев баяндауыш болатын сөздер алды-
мен етістіктер, одан кейін есімдер дей келіп, автор арнайы түрде
етістікті баяндауыштар, есімді баяндауыштар деп бөліп, алғашқы
авторларға қарағанда есімдерге есімдікті де жатқызады. Автор
сонымен бірге осылармен тең дəрежеде баяндауыш болатын сөз
табы ретінде үстеуді де жатқызады, бірақ оның баяндауыштың
қай тобына қатыстылығын көрсетпейді. М.Балақаев бұл мəселеге
1949 жылы шыққан мектеп грамматикасынан бастап-ақ көңіл
бөліп, есімді баяндауыштардың тұлғасына да баса назар аударады.
Осы пікірін 1954 жылы академиялық грамматикада жəне «Қазіргі
қазақ тілі» еңбектерінде де əрі қарай жалғастырды. Осы іспетті
пікірлер Р.Əміров, Ə.Нұрмаханова еңбектерінен орын алған.
Мұны сөз таптары бойынша көрсетсек мынаны байқауға бо-
лады. С.Аманжолов зат есімдер нөлдік тұлға мен жатыс, шығыс,
кейде диалогті сөзде көмектес септігі арқылы жасалуын көрсетсе,
мектеп грамматикасында жіктік жалғауы арқылы да жасалады деп
500
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
береді. Н.Сауранбаев, М.Томанов зат есімдер нөлдік тұлғада жəне
жіктеліп қана жұмсалады десе, М.Балақаев зат есімдер нөлдік,
көптік, жіктік, септік (жатыс, шығыс) жəне тəуелдік жалғауы
арқылы жұмсалады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |