Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет43/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58

БАЯНДАУЫШ

Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. X. Басымов: 

«Баяндауыш  мүше  шығаратын  мағынасы  жағынан  бастауыштың 

болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді», – де-

се [1], I. Бəйтенов: «а)  қара  сөзде  сөйлемнің  аяғына,  көбінесе 

етістіктен  кейін  тұрған  сөзді  баяндауыш,  ə)  сөйлемнің  ішіндегі 

барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш, 

б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз баян-

дауыш болады», – деп талдайды [2]. С. Аманжолов: «Бастауыштың 

ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің 

мүшесін баяндауыш [3] жəне бастауышқа бағынып, онымен жақ 

жағынан  жекеше,  көпше  түрде  үйлесіп  айтылатын  тұрлаулы 

мүшені  баяндауыш» – дейді [4]. М.  Балақаев: «Бастауыштың 

жайын,  ісін  білдіретін  сөйлем  мүшесі» – десе [5], X. Арғынов: 

«Баяндауыш  бастауыштың  қимылын,  ісін,  жайын,  күйін,  заттың 

сындық  сапасын,  санын,  мөлшерін,  мекенін,  мезгілін  білдіреді» 

деген  тұжырым  айтады [6]. Р.  Əміров: «Предикативтілік  іс-

əрекетті,  сапаны  білдіретін  сөйлем  мүшесі» [7], М.  Серғалиев: 

«Бастауыштың іс-əрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем 

мүшесі» – деп  қорытады [8]. Ал  Ə.Нұрмаханованың  пікірінше, 



463

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

баяндауыш  «бастауышпен  предикаттық  байланысқа  түсіп,  оның 

қимылын,  іс-əрекетін,  күйін  білдіреді» [9]. Сол  сияқты  кейбір 

түркітанушы  ғалымдар  баяндауыш  туралы  мынадай  пікірлер  ай-

тады.  Н.К.Дыренкова: «Баяндауыш  бастауыштың  əрекетін,  ама-

лын білдіретін сөйлем мүшесі» [10], Н.А. Кононов: «Баяндауыш 

грамматикалық  жағынан  бастауышқа  бағынышты  екі  құрамды 

сөйлемнің  бас  мүшесі»  [11],  А.Жапаров: «Сөйлем  бастауышы-

на  грамматикалық  жағынан  бағынышты  болып,  оның  қимыл-

əрекетін,  амалын,  кім  екендігін,  белгісі  мен  сан  ретін,  тағы  со-

лар  сияқты  қасиетін  баяндап  тұрған  бас  мүшесінің  бірі» – деген 

тұжырым жасаған [12]. 

Баяндауышқа  байланысты  бұдан  басқа  да  ережелерді  кел-

тіруге болады. Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарт-

тар  барын  көрейік:  1)  Баяндауыштың  бастауышқа  бағынышты 

сөйлем  мүшесі  екендігі; 2) Баяндауыштың  сөйлемдегі  ойды 

тиянақтайтындығы; 3) Баяндауыш  бастауыштың  əртүрлі  қасие-

тін  көрсетеді  дегенді  əр  автор  түрліше  көрсетеді:  а)  ісін,  қи-

мылын,  ə)  оған  қоса  жайын,  күйін,  заттың,  сындық  сапасын, 

мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс-əрекеттің сапасын; в) қасиетін; 

г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін; 4) Баяндауыш-

тың  бастауышпен  жақ,  жекеше,  көпше  түрде  үйлесуі; 5) Пре-

дикативтілік  білдіруі; 6) Олардың  екі  құрамда  болатындығына 

байланысты; 7) Сөйлемнің бас мүшесі екендігі.

Бастауыштың  сөйлемдегі  негізгі  ойға  ие  екендігіне  дау  бол-

маса керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты 

болуы – оның  негізгі  қасиеті  де.  Сондықтан  бастауышқа  баян-

дауышты  бағынышты  деген  пікір  дұрыс.  Баяндауышсыз  жалпы 

(атаулы  сөйлем  болмаса)  сөйлем  құралмаса  керек.  Баяндауыш – 

қай  сөз  табынан  болмасын  бəрібір  сөйлемді  тиянақтау  жағынан, 

оны  сөйлем  дəрежесіне  жеткізу  жағынан  қандай  тұлғада,  қай 

орында келуіне қарамастан басты тұлға. 

Баяндауыш  бастауышқа  бағынышты  бола  отырып,  оның  əр 

іс-əрекет  қасиетін  көрсететіндігі  туралы  пікір  əрқилы.  Соның 

бəрін жинақтай келгенде, баяндауыш болатын сөздің қай сөз та-

бынан  болатындығына  байланысты  оның  (яғни  баяндауыштың) 

мағынасы айқындалады.

Етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, 

іс-əрекетін,  жайын,  күйін,  амалын  білдіреді.  Сөйлемде  осылар-

дың бəрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. 



464

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Баяндауыш  ережесіне  жайын,  күйін  сөздерін  қолдану  ма-

ғыналық та, стильдік жағынан да келе бермесе керек.

Зат  есімнің  баяндауыш  болуы  арқылы  бастауыштың  кім, 

не  екендігін,  заттың  мекенін  білдіреді  дейтін  де  сөздерді    кез-

дестіреміз.  Əрине,  зат  есімнен  болған  баяндауыштардың  мағы-

налық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдер-

дің қолданылуына байланысты.

Зат  есімдер  жалқы  есім,  күрделі  атаулар  болып  қандай  тұл-

ғаларда  келуіне  байланысты  олар  əртүрлі  мағынаны  білдіреді. 

Мысалы:  Отаным – алтын  бесігім («Социалистік  Қазақстан») 

дегендегі  баяндауыш  заттық  мағынаға  ие  болса,  Колхозшылар – 

Бірлік колхозында («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік 

қасиетке ие болып отыр. Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыш-

тар бастауыштың заттық қасиетін білдіреді. Оның өзін іштей зат 

есімнің  баяндауыш  болу  кезіндегі  тұлғалық  ерекшелігіне  байла-

нысты қандай мағыналарда қолданылуында. Мəселен: Ол  сту-

дент, ол  Асан дегенде оның кім екенін, Мынау – қант дегенде 

заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіреді. 

Осы  ережелердегі  амалын,  мезгілін  деген  сөздер  туралы 

oйлану  керек.  Сөйлемде  қай  сөз  таптары  амалды  білдіріп,  баян-

дауыш  бола  беруі  онша  келе  бермесе  керек.  Амалды  білдіру 

қимылға қатысты сөздерде ғана болуы тиіс емес пе? Олай болса, 

бұл мағыналық сөздер де баяндауыш болуы туралы айту орынды 

емес.  Ал  мезгілді  білдіру  арқылы  баяндауыш  болу  үстеу  сөз  та-

бына ғана байланысты. Əрине, зат есімдер де септеліп келіп істің 

мезгілін білдіреді. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім 

дегендегі  жасымдағысы  мезгілді  білдіріп,  пысықтауыш  болып 

тұрғанымен, тұлғалардың  ондай мағыналарда баяндауыш болуы 

əзірше  қалыптаса  қойған  жоқ  сияқты.  Баяндауыш  бастауыштың 

мезгілін  білдіруі  тек  үстеуге  ғана  қатысты  деп  ойлаймыз.  Бірақ, 

жоғарыда  айтылғандай,  үстеулердің  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалуы қазіргі əдеби тілде кездесе бастайды.

Кейбір ережелерде ғана бастауыштың баяндауышпен жақ, же-

кеше,  көпше  түрде  қиысуы  сөзге  тиек  болады.  Негізінде  барлық 

тілде де бастауыш пен баяндауыш өзара үйлесіп айтылуы – əртүрлі 

болғанымен,  олар  үшін  бұл  қасиет  негізгі  мəселе.  Жоғарыда 

айтылған ережелерді салыстыру барысында олардың баяндауыш 


465

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

қасиетіне сай келетіні де, кемшін тұстары бар екені де байқалды. 

Біздіңше, синтаксистегі ең күрделі мүше – баяндауыштың алатын 

орны, ережесі төмендегі бағытта болғаны орынды.

Сонымен, баяндауыштың ережесі нендей нəрселерді қамту ке-

рек  деген  мəселе  төңірегінде  былай  деп  айтуға  болатын  сияқты. 

Біріншіден,  баяндауыштың  бастауышқа  бағынышты  сөйлем 

мүшесі  екендігі;  екіншіден,  сөйлемді  тиянақтап  тұруы,  сөйлемді 

сөйлем етудегі баяндауыштың қызметі ерекше аталуы; үшіншіден, 

баяндауыш  бастауыштың  қимылын,  əрекетін,  кім,  не  екенін, 

заттық қасиеті, мекені, сапасы, саны, т.б. қасиеттерін айқындауы. 

Баяндауыштың сұраулары

Баяндауыштың  негізгі  бір  мəселесі – оның  сұраулары.Баян-

дауыштың сұраулары туралы зерттеу барысында мынаны байқа-

дық. Біріншіден, А.Н. Кононов, Н.К. Дмитриев, сол сияқты қазақ 

тілі ғалымдары Н. Сауранбаев, Р. Əміров, Ə. Нұрмахановалардың 

еңбектерінде  жалпы  баяндауыштың  сұраулары  сөз  болмайды. 

Екіншіден,  көптеген  ғалымдар  баяндауыштың  сұрауларын  ар-

найы  беріп  отырғанымен,  оларды  толық  əрі  жан-жақты  көрсете 

алмайды. 

Енді сол сұрауларды келтірсек: А.Байтұрсынов: не етпек? не 



қылмақ?  қай  етпек?  не  болмақ?  нешік?  немене?  қалай?  кімдікі? 

ненікі? қайсы?; С.Аманжолов: не қылдың? кім? не? қандай? нен-

дей? қанша? неше? не еткен? не қылған? қайда? неде?; X.Арғынов: 

не істеді? не болды? не етеді? қайтеді? кім? не? қанша? қайда? 

қашан?; М.Серғалиев: қайтті? не қылды? не қылады? не қылмақ? 

не қылам? не етеміз? не істейміз? неше? қанша? қаншасы? кімі? 

несі?;  Ғ.Əбуханов:  не  қылды?  не  істеді?  не  қылады?  қандай? 

қанша?  неше?  нешінші?  кім?  не?  деп  көрсеткен  болатын.  Міне, 

осы  сұрақтардың  өзінен  бірнеше  құбылысты  байқауға  бола-

ды.  Біріншіден,  етістікті  əрі  есімді  баяндауыштың  сұраулары 

түгел  емес.  Екіншіден,  бір  сұраудың  бірнеше  нұсқасын  беріп, 

сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық сұраулар 

əуелі тілдік жағынан келе де бермейді (қай етпек?). Төртіншіден, 

тəуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы түрі алы-

нады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді. Бесіншіден, 



466

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сұраулардың  көбіне  дара  түрі  сөз  болады  да,  көптік  жағы  да 

ескеріле  бермейді.  Алтыншыдан,  септік  жалғауларының  ішінде 

тек жатыс септігі ғана ескерілген. 

Морфологиялық  еңбектердегі  есімдік  сөз  табындағы  сұрау-

лар  құрамына  қарай  тек  дара  болып  келеді.  Сол  дара  сұраулар 

зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тəн бо-

лып келсе, етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз таптарына 

екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы не қылды? не істеді? 

дегендей күрделі болып келеді. Осы күрделі сұраулардың бірінші 

сыңарлары  көбіне  не?  есімдігі  болып,  екінші  сыңарлары  істеді 

етістігі болып табылады. Демек, етістіктің сұраулары əрі есімнің, 

əрі  етістіктің  элементтері  арқылы  құралады.  А.Байтұрсынов 

баяндауыштың  сұраулары  құрамына  не  есімдігімен  бірге  қай 

есімдігін де қосады. 

Сұраулардың  осы  сияқты  құрамды  түрлері  синтаксисте  қол-

данылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда 

синтаксисте  қолданылуының  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Бұл    арада 

біз тек етістіктердің немесе  баяндауыштың сұрауларын ғана ар-

найы сөз етпекпіз. Етістіктің де, баяндауыштың да (оның ішінде 

етістіктен жасалған баяндауыштың) сұраулары бір екендігі айқын. 

Мұндай  құбылыс  тек  қазақ  тілінде  ғана  емес,  орыс  тілдерінде 

де  осы  іспетті.  Əрі  қарай  баяндауыштың  сұраулары,  олардың 

өзіндік ерекшеліктері туралы кейбір ойларды ортаға салуды жөн 

көрдік.  Орыс  тілінде  етістікті  баяндауышты  ең  негізгісі  ретінде 

қарастырады,  сұрауы  что  делает?  Орыс  тіліндегі  что  делать? 

сұрауын Л.Д.Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті 

қалыпқа ие болған деп берсе [13], А.И.Зарецкий ондай сұраулар 

есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған. Сондықтан да олар 

етістікті есімдік немесе «местоимение-глагол» деп өзінше атауды 

ұсынады [14]. Міне, бұған қарағанда, етістіктің сұраулары жөнінде 

орыс тілінде де əртүрлі көзқарасты байқауға болады.

Етістіктің  (баяндауыштың)  орыс  тілі  мен  қазақ  тілі  бойын-

ша  негізгі  сұрағы – не  істейді?  сұрауы.  Осының  негізінде  қазақ 

тілінде не есімдігіне қыл, бол, ет көмекші етістіктерінің тіркесуі 

арқылы  да  біршама  етістіктің  құрама  сұраулары  пайда  болды. 

Сонда,  баяндауыштың  сұраулары  не  істейді?  не  қылды?  не  бол-

ды? не етпек? болып, оның əрқайсысынан етістіктің мағынасына 


467

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

қарай  бірнеше  тұлғалық  ерекшелігі  пайда  болады.  Сөйтіп,  таза 

баяндауыштың,  етістіктің  сұраулары  осы  тəсіл  арқылы  құралса 

керек. 


Баяндауыш сұрауларының ішінде бұл топтан ерекше бір сұрау 

қайтеді?  сұрауы.  Бұл  негізінде  кіріккен  сөз.  Мұның  бастапқы 

құрамы есімдік пен көмекші етістігінің қосылуы арқылы жасалған. 

С.Аманжолов  баяндауыш  сұрауларының  ішінде  дара  сұраулар-

дың  қатарында  неткен?  сұрауын  қоса  береді.  Бұл  да  алдыңғы 

сұрау  тəрізді  құрама  болып  табылады.  Сондай-ақ  қолданыста 

кездесетін  қайтеді?  қайтті?  сұраулары  да  екі  сөзден  кіріккен 

сұраулар.

Сонымен,  етістікті  баяндауыштың  сұраулары  ретінде  не 



істейді? не қылды? не болды? не етпек? сұраулары негізге алына-

ды да, осылардың əрқайсысы етістіктің тұлғасына қарай əрі қарай 

жалғаса  береді.  Мысалы:  не  қылды?  не  қылады?  не  қылмақ?  не 

қыламын?,  т.б.  тəрізді  өзгере  береді.  Сол  сияқты  істе,  қыл,  бол, 

ет  етістіктерінің  алдына  не  сұрауы  қосылып,  олар  да  əрі  қарай 

жалғаса береді. 

Баяндауыштың есімді түрлеріне байланысты сұраулары тура-

лы да жоғарыда аталған еңбектерден толық мағлұмат алуға бол-

майды. Мұның өзі жоғарыдағы баяндауыштың тұлғасын нақтылы 

ажыратпағаннан туып отырған мəселе. Жалпы алғанда, баяндау-

ыш зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктен де жасалатындығы 

айқын.  Бірақ  осы  сөз  таптарына  қатысты  сұраулардың  берілуі 

төмендегіше: а) Зат есімге қатысты сұраулар: кім? не? кімі? несі? 

қайда?неде?; ə) Сын есімге қатысты сұраулар: қандай? нендей?; 

б)  Сан  есімге  қатысты  сұраулар;  қанша?  неше?  қаншасы?  Есім-

діктен  болған  баяндауышқа  үйлесіміне  қарай  есімдіктің  барлық 

түрінің сұраулары қойылады.

X. Арғынов баяндауыштың сұраулары ішінде қашан? сұрағын 

да берген. Ал А.Байтұрсыновтың баяндауыштың сұрауы ретінде 



нешік?  деген  сұрауын  ойлану  керек  сияқты.  Бұл  сұрақтар  тура-

лы мынаны айтуға болады: біріншіден, əрбір сөз табына қатысты 

сұраулар  толық  емес.  Ол  сұраулар  əрбір  сөз  табына  баяндауыш 

болу негізіндегі тұлғалық ерекшелігін толық айқындай алмаса ке-

рек.  Екіншіден,  тиісті  бір  сөз  табының  сұраулары  баяндауышқа, 

сөйлем  мүшелеріне  сай  келе  бермейді.  Зат  есімге  байланысты 



468

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сұрауларда зат есімнің нөлдік тұлғасына кім? не? сұраулары ар-

найы  берілгенімен,  зат  есімдер  көптік  тұлғада  да  келіп  кімдер? 

нелер?  сұрақтарына  жауап  беретінін  бірде-бір  автор  ескермейді. 

Ақыл берген, өнерлі еткен ұям  – мектебім. (С. Мұқанов) дегендегі 



мектебім I жақтық зат есімнен жасалған баяндауыштарға нем? деп 

сұрақ  қоюға  мəжбүр  боламыз.  Осы  сияқты  ондай  баяндауыштар 

II жақта да айтыла береді. Олай болса, зат есімнен жасалған түріне 

бірінші,  екінші,  үшінші  жақтың  да  жекеше,  көпше  сұрауларын 

қоюға тиісті боламыз. 

Сол  сияқты  баяндауыш    болатын  септелген  сөздерден  жо-

ғарыдағы  сұраулардың  ішінде  неде?  қайда?  сұраулары  ғана  ес-

керілген.  Шындап  келгенде,  септік  жалғаулы  сөздердің  ішінде 

тек  неде?  мен  қайда?  сұрауларын  ғана  баяндауыштың  сұрауы 

деу  жеткіліксіз.  Баяндауыш  қызметінде  тек  жатыс,  шығыс 

жалғаулары  ғана  жұмсалып  қоймай,  қазіргі  кезде  барыс,  жа-

тыс,  кейде  көмектес  жалғаулы  сөздер  де  жұмсала  береді  емес 

пе?  Олай  болса,  септік  жалғауының  ішінен  жатыс    жалғауының 

неде? сұрауымен қоса кімде? сұрауы да тікелей жауап бере алады. 

Бұған  қоса  баяндауыштың  сұрауы  ретінде  барыс,  жатыс,  шығыс 

жəне  көмектес  жалғауларын  алу  орынды.  Мəселен, «Барлық  

базарлық – балаларға»  деп  қазіргі  кезде  айта  береміз.  Осындағы 



балаларға өзіне қайда? сұрауын қою тіпті келмейді. Сын есімнен 

болған  баяндауыштың  сұрауларына  нендей?  қандай?  деп  екі-ақ 

сұрақ  берілген.  Баяндауыштың  сұрауларына  жауап  беретін  сын 

есімдерді  талдап  көрейік.  Сіздікі  дұрыс  (М.Əуезов).  Ештен  кеш 



жақсы (Мақал). Көпшілігі қара қас,қара көз, қоңырқай, қызғылт 

немесе ақшыл қызғылт жүзді (М.Əуезов). Осы сөйлемдердегі кур-

сивпен жазылған сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалған. 

Бірақ осыларға қандай? нендей? сұрауларын қоюға келе ме? Қайта, 

қандай? сұрауынан гөрі қалай? деген сұрақ көбірек келетін сияқты. 

Сонда  сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде  жұмсалғанмен,  сұрау 

жағынан  көбіне  пысықтауыштың  сұрауына  ауысатын  сияқты. 

М.Балақаев:  Тасбұлақ  өзенінің  суы  мөлдір  (С.Омаров)  дегендегі 

баяндауыш  қалай?  деген  сұраққа  жауап  беріп  тұр  дейді.  Бұл 

арада ол сөзге қалай? деген сұрақ қойылмайды (бұл – терілуден 

кеткен кемшілік). Ал негізінде, сын есімдердің дара, күрделі не-

месе  қосарлы  түрлерінің  баяндауыш  болуының  сұрауларға  кей-



469

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

де  өзіндік    əсері  де  болатындығы  бар.  Сонымен,  сын  есімдердің 

сұрауларының ішінен баяндауыштың сұрауы ретінде негізінде тек 

қандай? сұрауы қатысатын сияқты. 

Сан  есімдерге  байланысты  қанша?  неше?  қаншасы? 

сұраулары  негізге  алынған.  Осы  сұраулардың  бірінші,  екіншісі 

жиі қолданылады да, соңғы сұрау қолданылмайды десе де болады. 

Мысалы: Жылқы – мың үш жүз (F.Мұстафин). Сөйтіп, сан есімнен 

жасалған  баяндауыш  үшін  қанша?  неше?  сұраулары  толық 

жететін сияқты. Бірақ кейде реттік сан есімді баяндауыштарда жиі  

кездеседі.  Ондайда  баяндауышқа  реттік  сан  есімнің  сұраулары 

қойылатыны анық.

Баяндауыштардың  үлкен  тобы – құрама  баяндауыштар. 

Құрама  баяндауыштар  есімдер  мен  етістіктерден  жасалады. 

Құрама  баяндауыштардың  таза  бірінші    сыңарларына  (зат  есім, 

сын  есім,  сан  есім,  есімдік)  сұрақ  қою  есімді  баяндауыштарға 

тəн  болғанымен,  ал  құрама  баяндауыштың  жанындағы  көмекші 

етістіктердің  сұрау  құрамына  енуі,  енбеуі – ойланарлық  жайт. 

Мəселен, Ол оқушы еді. Ол жақсы еді. Ол үшеу еді. Ол мен едім – 

дегенде,  баяндауыштары  есімдер  мен    көмекші  етістік.  Ол  бала 

тəрізді. Ол жақсы. Ол екеу сияқты. Ол мен тəрізді  сөйлемдерінде 



тəрізді, сияқты сөздерінің қабаттасып келуі ол баяндауыштарға 

қойылатын сұрақтар жөнінде де  ойлануды керек етеді.

Осындай  топты  баяндауыштардың  құрамында  зат  есім,  сын 

есім, сан есім, етістіктер мен модаль сөздер арқылы жасалуының 

мағыналық  та  айырмашылығы  бар.  Бірінші  топтағы  көмекші 

етістіктерде шақтық мағына үстесе, екінші топтағы сөйлемдерде 

модаль сөздер түрлі болжам, ұқсату, тағы да басқа мағыналарды 

айқындайды.  Бірақ  осы  сияқты  құрама  баяндауыштардың 

сұраулары  есімді  баяндауыштың  сұрауларымен  бір  делініп, 

бұлардағы  сұраулардың  өзіндік  ерекшелігі  ескерілмейді.  Біздің 

балалар  үйдің  қасында  дегенде  немесе  баяндауыштың  құрамын-

да шылау болып келгенде де осыны айтуға болады.

Кейде мынандай құрамды баяндауыштарға сұрақ қоюдың өзі 

тіпті ойландырады. Түсі торыдан гөрі күреңге жуық болса керек 

(Ə.Сəрсенбаев).  Танабай  ауылы  Ақмоланың  оңтүстік  жағындағы 

Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді (С.Сейфуллин). Мариям 

бұлардың асты-үстіне түсумен болды (Б.Майлин) сияқты септік 


470

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

жалғаулы негізгі сөздерге шылау, көмекші етістік, модаль сөздер 

мен  көмекші  есімді  сөздер  қатысты  баяндауыштарға  сұраулар 

қою қиындық келтіреді. Екіншісі – өзінің қолындағы кіші ұлының 

келіншегінің төркінінікі (С.Сейфуллин). -нікі, -дікі баяндауышы-

на  қойылатын  кімдікі?  ненікі?  деген  сұрау  тек  А.Байтұрсынов 

еңбегінде  ғана  ескерілгені  болмаса,  ешбір  жерде  арнайы  сұрау 

ретінде айтылмайды.  Сонымен, баяндауыштың сұраулары туралы 

айтқанда ocы  сияқты  бірнеше  мысал  негізінде  мына  сұрауларды 

оған жатқызуға болады:



Кім? не?

Кімдер? нелер?

а) Кімім? нем? кімдерім? нелерім?



ə) Кімің? нең? кімдерің? нелерің? кімдеріңіз? нелеріңіз? 

б) Кімі? несі? кімдері? нелері?

Кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден?қайдан? 

Кім еді? не еді? қандай еді? қанша еді? нешеу еді?

Кімдікі? ненікі?

Қандай? канша? қалай?

Сонымен, қорытындылай келгенде, баяндауыштың сұраулары 

мыналар  деп  айтуда  олардың  қай  сөз  таптарынан  болатындығы 

жəне  олардың  тұлғалық  ерекшеліктеріне  қарай  да  нақтылау 

орынды-ақ.

Баяндауыштық тұлға

Баяндауыш,  оның  қандай  тұлғалардан  жасалуы  да  басты 

əңгіме  болуы  тиіс.  Баяндауыштық  тұлға  туралы  Н.Сауранбаев, 

С.Аманжолов,  М.Балақаев  еңбектерінде  əртүрлі  дəрежеде  сөз 

болады.  Н.Сауранбаев  баяндауыштық  тұлға  ретінде  сөздердегі 

жалғаусыз  түрі  мен  жіктік  жалғауы,  тəуелдік  жалғауы,  көптік 

жалғауы  жəне    -нікі, -дікі    қосымшалары  арқылы  келуін  айт-

са,  С.Аманжолов  тек  атау  күйіндегі  сөздер  мен  жіктік  жалғаулы 

сөздерді  ғана  көрсетеді.  Баяндауыштық  тұлғаны  М.Балақаев 

екі  топқа  бөліп  көрсетеді,  яғни  сөздердің  түбір  күйінде  жəне 

сөздердің  грамматикалық  тұлғалар  арқылы  түрленген  күйінде 

келуін көрсетеді. Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуын əрі 

есімдерге де, əрі етістіктерге де тəн дейді. 


471

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Міне, бүл пікірлерге қарағанда, жалпы баяндауыштық тұлғаның 

жалғаулы (тəуелдік, жіктік, септік, көптік) жəне жалғаусыз түріне 

-нікі, -дікі, -дүр  қосымшалары  қосылатындығы  белгілі  болды. 

Əрине,  бұл  баяндауышты  тұлғалар – осы  сөйлем  мүшесі  үшін 

негізгі фактор. Бірақ бұл баяндауыштың барлық түрлеріне бірдей 

сай келе бермейді. Сондықтан біз баяндауыштық тұлғаның əрбір 

түрінің жеке-жеке ерекшелігін рет-ретімен көрсетуді жөн көрдік. 



Етістікті  тұлға.  Етістіктер  баяндауыш  қызметінде  түбір 

күйінде  жəне  түрлі  жұрнақ,  жалғау  арқылы,  сондай-ақ  түрлі 

көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. 

Жіктік  жалғауы  ең  негізгі  баяндауыштық  тұлға  болып  та-

былады.  Жіктік  жалғаулы  сөздер  көбіне  сөйлемнің  соңында 

келеді.  Мұндай  тұлғалы  баяндауыштарды  тиянақты,  тиянақсыз 

деп  бөліп  карастыру  орынды.  Өйткені  баяндауыштардың  басым 

көпшілігі  сөйлемді  тиянақтауда  жұмсалғанымен,  енді  бір  тобы 

сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баяндауы-

шы ретінде де жұмсалуға тиіс. Тиянақты тұлғадағы баяндауыштар 

– негізінен жіктік жалғаулы етістіктер, есімше тұлғалы етістіктер 

жəне қимыл есімді етістіктер. – Кəне, жол беріңдер, – деді ойын 

ағасы (X.Есенжанов).  Бөгемеңдер,  жол  беріңдер  (Ғ.Мұстафин). 

Сендер келсеңдер, асты болдырайын (Т.Ахтанов). Əй, тұрыңдар 

(Б.Тілегенов).  Не  сабақ  оқыдыңдар?  (С.Мұқанов.)  Менің  аралап 

қайтқым  келеді  (С.Мұқанов.)  Менің  əлі  сізбен  сөйлескім  келеді 

(М.Əуезов).

Сөйлемде  бас  мүшелердің  өзіндік  қызметінің  ерекшелігінің 

барлығы  айқын.  Ал  екеуінің  бірлігі  сөйлемдік  қасиетті  ерекше 

дəлелдей  түссе  керек.  Бас  мүшелердің  əрқайсысының  өзіндік 

қызметінің  ерекшеленетіні  тағы  бар.  Бастауыш  сөйлемде  ойдың 

иесі  болу  арқылы  көрінсе,  баяндауыш  сөйлемді  тиянақтап, 

ойдың  басын  қосып,  бəрін  біріктіруші  болып  табылады.  Баянда-

уыш айналасына толықтауыш пен пысықтауышты жəне (сапалық, 

меншікті)  анықтауыштарды  да  қатыстыра  отырып,  сөйлемдегі 

ойды тиянақтауда үлкен рөл атқарады.

Баяндауыш  осы  ерекшеліктеріне  қарай,  басқа  сөйлем 

мүшелерінен ерекшеленеді. Баяндауыштың осындай касиеті оның 

екі түрде жұмсалуы арқылы көрінеді. Негізінен баяндауыштардың 

барлық  еңбектерде  тек  тиянақты  формасы  арнайы  беріледі.  Ал 


472

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сабақтас құрмалас сөйлемде ғана баяндауыштың тиянақсыз фор-

масы сөз болады.

Тиянақты баяндауыштар – сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. 

Сондықтан  олар – əрбір  сөйлем  (сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 

бағыныңқы  сыңарының  баяндауышынан  басқа)  үшін  негізгі 

фактор.  Ал  тиянақсыз  баяндауыштар,  біріншіден,  тек  құрмалас 

сөйлемде ғана кездеседі. Олар тиянақсыз формада айтылғанымен, 

баяндауыш екендігі анық. Тиянақты баяндауыштың өзі тиянақсыз 

баяндауыштың  негізінде  жасалатыны  айқын.  Мысалы:  Ол 



қызықты  кітапты  оқып  шықты  дегенде  баяндауыштың  негізгі 

сыңары көсемше де тиянақсыз, ал оны тиянақтап тұрған көмекші 

етістіктің тұлғасы екені белгілі. Етістіктің есімше, көсемше фор-

масы  жеке  тұрғанда  тиянақсыз  болып  келеді,  олардың  тиянақты 

формаға  ауысуы  арнайы  немесе  басқа  да  сөздердің  көмекшілік 

қызметі  арқылы  жасалады.  Сабақтас  құрмаластағы  бағыныңқы 

баяндауыштардың  да  бірінші  сыңары  əдеттегі  баяндауыш-

тар  сияқты,  тек  оларда  көмекші  сөздер  қатыспайды.  Сонымен, 

тиянақсыз  баяндауыштар  да – баяндауыш.  Бірақ  олар  жалпы 

баяндауыштың  объектісінде  қаралмай,  тек  құрмалас  сөйлемде 

қаралуы – жалпы баяндауыш мəселесінің бір көрінісі. Тиянақсыз 

баяндауыштар,  олардың  жасалуы  синтаксисте,  жоғарыда  айтып 

өткеніміздей,  тек  сабақтас  құрмалас  сөйлемде  ғана  айтылады. 

Сұрыптай    келгенде,  тиянақсыз  баяндауыштардың  жасалуында 

шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі жəне бар, жоқ сөздері 

қатыса алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет