Талғат сайрамбаев


 Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет25/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58

7. Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері

Сөз  тіркестерінің  əрбір  сыңарының  жасалуы  туралы  едəуір 

дəрежеде айтылып келеді. Кейбір ғалымдар сөз тіркесі болу үшін 

кез келген сөздің тіркесін де сөз тіркесі дейді де, негізгі сөз бен 

көмекші  сөздердің  өзара  түйдектелуін  де  сол  топқа  жатқызады. 

Керісінше, көпшілік ғалымдар сөз тіркестері болу үшін оның əр-



268

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

бір  сыңары  да  тек  дербес  мағынасы  бар  сөз  таптары  дейтін  қа-

ғиданы  басшылыққа  алады.  Негізінде,  сөз  тіркесі  болу  үшін  тек 

толық мағыналы сөздер ғана оған арқау болу керек дейтін пікір əрі 

дұрыс, əрі қазіргі кезде түбегейлі орын алып отыр.

Толық  мағыналы  сөз  таптарының  негізінде  сөз  тіркестерінің 

байланысу  формалары  мен  амалдары,  синтаксистік  қатынастары 

мен түрлері, сол толық мағыналы сөз  тіркестерінің негізінде олар-

дың  өзара  семантикалық  ерекшеліктері  де  айқындалады.  Əрине, 

сөз  тіркестерінің  бағыныңқылы-басыңқы  сипаттарының  қалып-

тасуы  үшін  толық  мағыналы  сөз  таптарының  əртүрлі  конструк-

циясының негізінде оның бірнеше түрі қалыптасады.

Біз  сөз  таптарының  сөз  тіркестері  құралуында  басты  фактор 

екендігіне  назар  аудара  отырып,  сол  сөз  таптарының  өздерінің 

ішкі тіркесу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп қарастырдық. 

Ондай топтар мыналар:

1) Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.

2) Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.

3) Бір сөздің қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.

Осы кезге дейінгі ғылыми əдебиеттерде сөз тіркестерінің əрбір 

сыңарының  жасалуында  көбіне  осы  үш  топтың  бірінші,  кейде 

екінші топтары сөз болады да, ал  үшінші топты сөз тіркестері де 

арнайы қарауды қажет етеді.

Қазақ  тілінде  бір  сөздің  өзара  қайталануы  арқылы  да  сөз 

тіркестерінің  жасалатындығын  тіл  фактілері  көрсетіп  отыр.  Бұл 

сияқты факт тек қазақ тіл білімінде ғана емес, басқа да тілдерде 

бар екендігін көруге болады.

Н.И.  Филичева  сөз  тіркестерінің  сыңарларының  қай  сөз  та-

бынан  болуы  туралы  айта  келіп,  былай  дейді: «Сөз  тіркесі 

сөздердің  синтаксистік  тіркесуі,  яғни  олардың  бір-бірімен  бірі-

гуге  қабілеттілігі  негізінде  пайда  болады.  Бұл  қабілеттілік  əр 

дəрежедегі түрлі сөздерге (немесе түрлі мəндегі белгілі бір сөзге) 

тəн; мұны зерттеушілер біршама ерте аңғарған»

 

[74, 40].



Бірақ  фактінің  осылай  қалыптасуының  үлкен  тарихи  жолы 

болуы  керек.  Біздің  негізгі  қарастыратынымыз  бір  сөз  табының 

ішіндегі  бір  сөздің  өзара  сөз  тіркесін  құрауы  болмақ.  Мысалы, 

Мынау  көрген – көрген  емес  (М.  Əуезов).  Сыбаннан  көрерсің 



көреріңді (Ғ. Мүсірепов). Ақ десе ақ, нар десе нар, ақылды да мыр-

269

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

за  адам  көрінеді («Жұлдыз»).  Осы  сөйлемдерден  мынадай  бір 

сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерін көреміз.

1. ақ десе ақ, нар десе нар

2. көрерсің көреріңді

3. көрген – көрген емес

Бұл  жерде  айтылатын  негізгі  мəселе  осы  сияқты  бір  сөздің 

қайталануына  құрылған  сөз  тіркестері  қазақ  тіл  білімінде  осы 

уақытқа дейін арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр.

Бірақ  қаншалықты  зерттелмеді  дегенмен  де,  бұл  мəселені 

проф.  М.  Балақаев – қызылдың  қызылы  деген  бір  ғана  мысалы 

арқылы көрсетіп отырады [75, 50].

 

Осындай бір сөздердің қайта-



ланып  жұмсалуы  туралы  кейбір  пікірді  проф.  Р.  Əміровтен  де 

кездестіруге болады [50, 23]. Мысалы: жігіттің жігіті, аттың 



аты, күндердің күнінде, əдемінің əдемісі, жүйріктің жүйрігі.

Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің пай-

да  болуы  қазіргі  кездің  жемісі  емес,  ескі  ескерткіштерде  де  кез-

деседі:


іш ішлэ – «дело делать»,

су сулэ – «войско войны водить» (досл.: войско, воевать).

йағы йағыла – «воевать с врагами» (досл.: врага враждовать),

сөз сөзлэ – «слово говорить» (досл.: слово словать) и т.д.

 

[76, 



147].

Бір  сөздің  қайталануының  өзі  бірнеше  байланысу  формасын-

да келетіні белгілі. Н.Х. Демесинова бір сөздің қайталануын сөй-

лем мүшесі ыңғайына айта келіп, тек бастауыш пен баяндауыш-

тың жасалуын мына мысалдар арқылы былай көрсетеді: Бұл ауыл 

малды  ауылдардың  қалпы,  сұрқы  бөлек  көп  үйлі  ауыл  (М.  Əуе-

зов).  Сіздің  халық – менің  аңғаруымша  ақын  халық.  Бұл  екі  кі-

тап – осы ауыл, өлкенің Абайдан басқа көп жанына əлі де тілімен 

де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М. Əуезов). Ол жай жол емес – 

ақша келетін жол, ақша жолы (Ғ. Мүсірепов). Автор мұндай кон-

струкцияны  тек  орыс  тілі  арқылы  пайда  болған  деп  топшылауы 

көңілге қонымсыз.

Кейде  осындай  қайталама  сөздердің  тіркесі  арқылы  қай  сөз 

табының  тіркесі  аясынан  шығып  кететін  жайттар  да  баршылық 

екендігін  кездестіреміз.  Мысалы:  білсең  білерсің,  айтсаң  ай-

тарсың,  т.б.  сөз  тіркестерінде  шартты  рай  етістігі  мен  етістік 


270

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

тіркеседі дейтін жаңа тіркес те пайда болып отырғандығын айта 

аламыз.

Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестері бірнеше 



байланысу  формасында  келеді.  Оларды  өзара  қиыса,  матаса,  қа-

быса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері деп бөлу орынды.

Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінде ба-

ғыныңқы,  басыңқы  сыңардағы  сөздер  тек  бір  сөздің  қайталануы 

арқылы  жасалуы  керек.  Ондай  кезде  бағыныңқы  басыңқы  сы-

ңардың əрбір сөздері:

– біріншіден, дербес мағыналы сөздер;

– екіншіден, ол сөздердің өзара синтаксистік қызметі анық;

–  үшіншіден,  ол  сөздер  морфологиялық  жағынан  өзгере  ала-

тын сөздер;

–  төртіншіден,  ондай  екі  сөздің  тіркесінен  өзара  грамматика-

лық мағына пайда болуы тиіс.

Егерде  бір  сөздің  қайталануы  арқылы  құралған  сөздер  то-

бында  жоғарыдағы  қасиеттер  болмаса,  онда  олар  қаншалықты 

қайталанып келгенімен, өзара сөз тіркесі болмайды да, сол тобы-

мен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады.



І. Қиыса байланысқан сөз тіркестері

Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркес-

тері  негізінде  бастауыш  пен  баяндауыштың  арасында  болады. 

Олар қолданылу ерекшелігіне қарай əртүрлі жақтарда жəне дара, 

көпше түрінде де бола береді. Əсіресе мұндай кезде олардың қай 

сөз  таптарынан  болу  жағы  ерекше  қызмет  атқарады.  Біз  оларды 

қай сөз таптарынан болуына қарай былай топтап көрсетеміз:

1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді 

сөз  тіркестерінің  бастауышы  көбіне  нөлдік,  тəуелдік  формадағы 

зат есімдер болады.

а) Бастауышы нөлдік формада келуі: Тегі Есеней Есеней ғана 

бола алса керек (Ғ. Мүсірепов). Малсыз күй күй болмады (М. Қам-

баров). Бəйгесіз той той ма? (М. Қаназов). Жақсы жерге түскен 



келін – келін, жаман жерге түскен келін – келсап, – дейді ғой қазақ 

(«Қазақ əдебиеті»).

ə)  Бастауышы  тəуелдік  формада  келуі:  Қарғыс  атқандардың 

басы  да  бас  емес,  қолы  да  қол  емес  (Ə.  Нұрпейісов).  Əйтпесе, 


271

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

жаңағы  «Королева  Маргоны»  саудалап  жүрген  адамдардың  ісі 



іс  пе? («Жұлдыз»). – Не  айтайын,  шырағым,  не  айтайын... – де-

геннен  басқа  Күңше  де  еш  нəрсе  айта  алмады.  Уəдеміз – уəде 

(Ғ. Мүсірепов).

б)  Кейде  бастауышы  көмекші  сөздердің  қосақталуы  арқылы 

келе береді. Мысалы: Күнə екені күнə, бірақ қылмыс емес (Д. Дос-

жанов).


Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің ба-

яндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш бо-

латын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада да келе береді, 

кейде  бастауыш  жеке-дара  болғанымен,  сол  сөздің  қайталануы 

арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге 

түрлі  көмекші  етістіктердің  де  тіркесі  арқылы  жасалады.  Оны 

жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дəлелді түрде көрсет-

се керек.

2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тəуірі – тəуір (М. Қа-

назов).  Қызылы – қызыл,  жасылы – жасыл  болып  көсіліп  жа-

тыр (Д. Досжанов). Бетінің қызыл күреңденгені қызыл күреңден-

ген бе? («Қазақ əдебиеті»).

3.  Есімдік  пен  есімдіктің  тіркесі.  Өзгесі  өзге  еді,  бүгінгі  қы-

лығын не деп дəріптейді (М. Сқақбаев). Басқасы басқа, ал Əбекең-

ді  ойландырған  қатаң  сөгіс  те  емес,  ақшаның  табылуы  да  емес, 

тіпті басқа нəрсе, сол сейфке ақшаның баруы еді (Беласқан).

Менікі де менікі. 

Сенікі  де  менікі    (Маржан  сөз).  Сол  сол-ақ  екен,  Темір  əске-

рінің  ұзын  шеті  қиқуласып,  аш  қасқырша  ілгері  ұмтылысты 

(М. Сқақбаев). Əй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін 

естісеңші («Қазақ əдебиеті»).

4.  Етістік  пен  етістіктің  тіркесі.  Мынау  көрген – көрген  емес 

(М.  Əуезов).  Жоқ,  оны  жасамайды.  Осы  тоқтағаның  тоқтаған 



(«Жұлдыз»). Көзден сол бұлбұл ұшқаны ұшқан-ақ шығар (М. Қа-

назов). – Айтқаны айтқан (Ж. Молдағалиев).

5. Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе 

жол  болсын  (Беласқан).  Жұрт  бұрынғы  бұрынғы  ма,  енді  Жау-

лыбай  Ақсынды  менсінбей  тастап  кетіпті  деп,  түрлі  қауесеттер 

бықсытты («Жұлдыз»).

6. «Бар, жоқ» сөздерінің өзара тіркесі.


272

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ (Маржан

 

сөз). Бары 



бар-ау,  бірақ  менікі  елде,  күнде  жоқ  неме... – деп  қыбыжықтай 

берген Суыр Құсайынға шынын айтты (С. Жүнісов).



ІІ. Матаса байланысқан сөз тіркестері

1.Зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері.

а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек – Еманалының 

Еменалы  екенін,  Мүсірептің  түбі  құл  түрікпен  екенін  тал  түсте 

танытса  ғана  қайтпақ  (Ғ.  Мүсірепов).  Бұл  Сұлтанның  Сұлтан 



болғалы  ең  бірінші  алған  ақысы  еді,  ең  бірінші  жеген  таяғы  еді 

(І. Есенберлин).

ə)  Жалпы  есім  мен  жалпы  есімнің  тіркесі.  Əжелердің  əжесі-

нен бері тартып келе жатқан əйел зарын естімеген, əйел зары аза-

бын көрмеген, алмаған құдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғай-

ды  (Ғ.  Мүсірепов).  Достарымыздың  достары – біздің  достар 

(Маржан сөз).

2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.

Алақан  соғуға  қарап  арқасы  қозып  үйренген  қазақ  өнерпаз-

дарына  бұл  қиынның  қиыны,  қияметтің  қыл  көпірі («Қазақ  əде-

биеті»). – Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой 

(С.  Жүнісов).  Нанды  күлге  көміп  пісіру,  баяғының  баяғысынан 

бері  келе  жатса  да  көшпелі  қазақтың  аузынан  əлі  дəмі  кетпеген 

асы (Ғ. Мүсірепов). 

3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.

Сірə, менің мен екенімді біліп кетті, ұялтпайын дегені (Ш. Жан-

дарбекова).

4. Етістік пен етістіктің тіркесі. Бағудың да бағуы бар көрінеді 

(Беласқан).



ІІІ. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

1. Барыс септікті сөз тіркестері. 

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазға саз, сөзге сөз (Мар-

жан сөз).

ə) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, – өзіме өзім 

би  болсам,  реті  келсе,  басқаларға  да  үстемдік  жүргізсем  деген 

мұраты іске асар ма деген үміті бар («Жұлдыз»).


273

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

2. Табыс септікті сөз тіркестері. 

а)  Зат  есім  мен  зат  есімнің  тіркесі.  Мырзаны  мырза  десең 

желдіреді,  малайды  «малай»  десең  тірі  өледі  (Маржан  сөз). 

Терезесінде  зырылдауығы  жоқ  үйді  үй  деп  керегі  жоқ, – дейтін 

болды (Ғ. Мүсірепов).

б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен 

не қармарсың? (Маржан сөз). Бұлар үйге кіргенде атақты би ай-



тарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ. Мүсіре-

пов). Абзал соңғы айтарын айтса да, отыра кеткен Сəулеге ойлы 

көзімен қарап қалды (Ə. Əбішев).

3. Шығыс септікті сөз тіркестері. 

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. – Ой, көсегең көгерсін, Ақан 

балам, малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді 

(С.  Жүнісов).  Сол  жерде  сөзден  сөз  туды,  бұл  жігіт  өз  тағдыры 

жайында бір сыр шерткен еді (О. Сағынаев).

б)  Етістік  пен  етістіктің  тіркесі.  Өйтіп  езу  тартқанын  көр-

сеткенінен  көрсетпегені  жақсы  да  (Ғ.  Мүсірепов).  ЦУМ-ның 

бар  қабатын  түгел  ақтардық,  алғанымыздан  алмағанымыз  көп 

сияқты (Ш. Жандарбекова).

4. Көмектес септікті сөз тіркестері.

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. ...Шіркін-ай, досыңмен дос 

бол,  қасыңмен  қас  бол.  Досыңмен  қастаспа,  қасыңмен  достаспа 

деп, Ұлақшыға айта алмай қалдым-ау (І. Есенберлин). – Əй, кем-

пір  ішер  шайыңды  іштің  ғой.  Енді  жаспен  жас  болмай,  қазан-

дық жаққа барсаңшы (С. Жүнісов).

ə) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайынға зəбірің жоқ, өзімен 

өзі  болып  отыратын  ырыс  иесі  бір  момын  адам  едің,  күндердің 

күнінде  көре  тұра  айтпапсың  деген  өкпеңе  қалармын  деп  əдейі 

бұрылдым... – деді (Ғ. Мүсірепов).

IV. Қабыса байланысқан сөз тіркестері

1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. Демек, қоңыр деп қоңыр 



емес, күлгін деп күлгін емес (Беласқан).

2. Етістік пен етістіктің тіркесі. Тəрбиелеудей-ақ тəрбиеледім

бірақ болмады (Д. Досжанов).

Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз арқылы қайталанып сөз 

тіркесін құрауы əдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда, біріншіден, сөз 


274

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған 

сөз тіркестерінің тұрақты тіркестермен жігін айқындау да негізгі 

мəселе  болып  отыр.  Əрине  бұл  жерде  бір  сөздің  қайталануы   

арқылы  құралған  сөз  тіркестерінің  көптеген  заңдылықтарының 

басы ашылмаған. Ол туралы əлі де көптеген жұмыс істеу қажет. 

Мұндай  тұлғалы  сөз  тіркестері  сөз  тіркесінің  үлкен  тобын  құ-

райды.


8. Синтаксистік терминдер туралы

Терминологиялық  сөздіктер  саны  мол.  Бұл  соның  ішіндегі 

мамандыққа  қатысты  лингвистикалық  терминдерді  қарастыр-

мақпыз.  Орыс  тіліндегі  ең  жинақы,  əрі  толық  сөздік  О.С.  Ахма-

нованың сөздігі болса [77], қазақ тілінде С. Кеңесбаев пен Т. Жа-

нұзақовтың  лингвистикалық  терминдер  сөздігі  бар  екендігі 

айқын [78]. Сол  сияқты  қазақ  тіліндегі  жалпы  лингвистикалық 

терминдер  туралы  Ж.М.  Молдажаров  кандидаттық  диссертация 

қорғады [79]. Бұл  жұмыстарда  терминдер  тілдің  барлық  саласы 

бойынша  қаралып,  көптеген  мəселелер  сөз  болады.  Əрине,  лин-

гвистикалық  сөздіктердің  қолданылу  аясы,  дамуы  өте  күрделі 

мəселе.  Қоғамның  басқа  да  салаларының  өсуі  сияқты  лингвис-

тикалық  терминдерде  де  О.С.  Ахманованың  сөзімен  айтқанда, 

«соңғы  ширек  ғасыр  ішінде  лингвистикалық  мектептердің  саны 

мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвисти-

калық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті» [77, 4].

Міне, бұған қарағанда лингвистикалық терминдерді тілдің қай 

саласы  жағынан  болмасын  жан-жақты  даму  үстінде  деп  білген 

жөн.  Тілдің  орфография,  орфоэпия,  графика,  фонетика,  фразео-

логия, лексика, сөз тудыру, морфология, синтаксис бұларға қоса 

тіл  мəдениеті,  стилистика  мəселелері,  тарихи  грамматика,  əдеби 

тілдің  тарихы,  диалектология,  лексикография  жəне  жалпы  тіл 

білімі,  есептеу  машинасы,  экспериментальды  лингвистика  жəне 

методика, т.б. əрқайсысы əртүрлі тарихи дəуірлерге сəйкес өзіне 

тəн  түрлі  терминдерді  енгізіп  отыр.  Терминдерге  грамматика, 

морфология  мен  синтаксис  те  қатысты  болатын  болса,  соның 

ішінде  синтаксистік  терминдердің  де  өзіндік  қалыптасу,  даму 

процесі барлығы белгілі. Бұл арада біз тек синтаксистік термин-



275

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

дер,  олардың  қалыптасуы,  берілу  дəрежесі,  оның  синтаксистік 

объектілеріне қатысы туралы айтпақпыз. Ол үшін қазақ тіліндегі 

еңбектерді  басшылыққа алдық [80].

Сол сияқты тілге қатысты əртүрлі бағдарламалар да пайдала-

нылды.


Қазақ  тілінде  синтаксис  деген  термин  сол  қалпында  қолда-

нылып келе жатыр. Бірақ Қ. Жұбанов оны «қоспа» [81, 140] деп 

аударғанымен,  бірақ  ондай  баламаның  жалпы  қолдау  таппағаны 

айқын.


Қазіргі  синтаксис  саласы  соңғы  он  жылда  кеңінен  дамы-

ды.  Қазіргі  ғылыми  əдебиеттерде  синтаксистің  көп  аспектілері 

жиі айтылады. Яғни оны мынадай басты аспектіге бөліп қарауға 

мүмкіндік  беріп  отыр.  Біріншісі – логикалық  синтаксиспен  бір 

деңгейде  қарастырмау  үшін  Европаның  ғылыми  дəстүрі  бойын-

ша  логика – ориентирлі  деп  аталатын  тобы.  Бұл  аспекті  тіл 

заңдылықтарымен  (пəн  мен  оның  қасиеті,  сапасы  арасындағы 

арақатыс)  тығыз  байланысты.  Екіншісі – анағұрлым  өңделген 

аспект – сөйлем мүшелерінің дəстүрлі модельдерінде көрсетілген 

құрылымдық  аспект.  Үшінші  аспект – сөйлемнің  функционал-

дық  перспективасымен  байланысты.  Оны  актуалды  аспекті  деп 

атау  орынды.  Бұл  термин  сөйлемнің  актуалды  мүшеленуі  деп 

аталатын  теориямен  бірге  өмір  сүріп  келген.  Бұл  аспектінің  кө-

біне  коммуникативті  аспект  деп  аталуын  жиі  байқаймыз.  Бұл 

дұрыс  айтылмаған,  себебі  синтаксис  өзінің  барлық  аспектісін 

есептеу  машинасының  үлгісімен  синтаксистің  аналогиялық  ас-

пектісі  деп  атау  орынды [82, 37]. Біз  осы  синтаксистің  төрт 

аспектісінің  біріншісіне  қатысты  терминдерді  қарастырып  отыр-

мыз.  Қалған  аспектілерге  қатысты  терминдерді  жан-жақты  айту 

əзірше  мүмкін  еместігі  белгілі.  Сол  сияқты  синтаксистің  іштей 

түрлері туралы мынаны аңғаруға болады:

О.С.  Ахманова  синтаксистің  он  үш  түрінің  болатынын  көр-

сетеді.

1. Актуалды синтаксис. 2. Үлкен (большой) синтаксис. 3. Кіші 



(малый) синтаксис. 4. Сыртқы (внешний) синтаксис. 5. Ішкі (внут-

ренний)  синтаксис. 6. Грамматикалық  синтаксис. 9. Стилистика-

лық  синтаксис. 10. Фиксированный  (аударылмады)  синтаксис. 

11.  Етістік  синтаксисі. 12. Есімдер  синтаксисі. 13. Синтаксистік 

сөздік [77, 409].


276

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Н.С.  Валгина  «жай  сөйлемнің  синтаксисі,  сөз  тіркесінің  син-

таксисі» деген терминдермен бірге «синтаксис сложного целого, 

синтаксис  связной  речи» [83, 11], В.В.Бабайцева  «конструктив-

ный  синтаксис,  структурный  синтаксис,  пассивный  синтаксис, 

статистический синтаксис»

 

[84, 22] деген түрлерін көрсетеді.



Орыс тіл білімінде синтаксис пəнінің мəні туралы Н.С. Валги-

на «раздел грамматики, изучающий строй связной речи»

 

[83] десе, 



Г.А. Золотова «ведающий построением речи»

 

[85, 10] – дейді.



Синтаксис термині жалпы түркологияның бірі – қазақ тілінде де 

əртүрлі атаулармен кездесіп отырады. 1924 жылы орфографиялық 

конференцияда ұлтжандылардың  пікірі бойынша, қазақ тіліндегі 

терминдер  тек  түркі  халықтары  тілінен  алынуы  керек  дей  келіп, 

морфологияны – нахну,  синтаксисті – сафф  деп  аударуды  ұсын-

ған  болатын.  Бірақ  синтаксис  терминдерінің  ондай  баламасы 

сол кездің өзінде-ақ қолдау таппағандығы белгілі [86, 72].

Синтаксистік  терминдер  туралы  алғашқы  оқулықтарда  əр-

түрлі  атауларды  көруге  болады.  Сондықтан 30-жылдарда  ал-

ғашқы шыққан оқу құралында С. Аманжолов құрмалас сөйлемді 

сыйысқан, қиысқан құрмалас сөйлем деп те бергендігі айқын.

1939  жылы  шыққан  орталау  жəне  орта  мектепке  арналған 

С.  Аманжолов  пен  Н.  Сауранбаевтың  «Қазақ  тілінің  граммати-

касында»  жай  сөйлемге  қатысты  аралас  баяндауыш

   

[87]  десе, 



ал  құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  қатысты  бірнеше  терминдер 

берілген.

1. Бейтараптық салалас сөйлем.

2. Нұсқаулы сабақтас сөйлем.

3. Сілтеулі сабақтас сөйлем.

4. Тіркесті салалас сөйлем.

5. Үдетпелі салалас сөйлем.

6. Іргелі сабақтас сөйлем.

М. Балақаевтан жай сөйлем синтаксисіне байланысты «1. Зат 

анықтауыш; 2. Қосалқы  анықтауыш; 3. Сын  анықтауыш» [88, 

128],  ал  құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  байланысты  «дара  бас-

тауышты сабақтас сөйлем»

 

[88, 136] деген терминдерді кездес-



тіреміз.

Қ. Жұбанов еңбектерінде де «леп сазды сөйлем [81, 141], негізгі 



мүшелер [81, 144], сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем» [81, 

277

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

141],  ал  тыныс  белгісіне  қатысты»  көп  ноқат,  ноқат»

 

[81, 141] 



сияқты  қазіргі  кезде  қолданылмай,  бірақ  уақытында  белгілі 

дəрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті.

Тыныс  белгілерінің 1920–30 жж.  басылған  жазба  жұмыстар-

дағы  жəне  бүгінгі  əдеби  тіліміздегі  қолданылуы  бір  емес.  Ол 

кезде  осы  күнгі  пайдаланылып  жүрген  нүкте,  қос  нүкте,  сұрау, 

сызықша,  т.б.  белгілері  бар  болатын.  Алайда  олардың  кейбірін 

сөз  арасына,  сөйлем  аралықтарына  қоюдағы  принцип  басқаша 

болған. 1920–30 жылдарда прозалық шығармаларда нүктелі үтір-

мен қоса нүкте де қазіргіге қарағанда жиі қолданылған. Үтір бел-

гісін  жəне  нүктелі  үтірді  бұл  кезеңде  интонацияға,  дауыс  əуе-

ніне  қарап  қолдану  принципі  болды  ма  деп  жорамалдауға  мына 

нəрсе түрткі болады. Мысалы, 1896 ж. «Дала уалаяты газетінде» 

жалпы  тыныс  белгілерінің  сипаты  жайында,  олардың  қандай 

функция атқаратындығы туралы арнайы мақала жарияланады.

Онда  тыныс  белгілерінің  атауы  да  қазіргіге  көп  ұқсамайды. 

Мақалада  «тыныс», «тыныстың  жартысы», «тыныстың  төртінің 

бірі» тəріздес пунктуация атаулары кез болады. Ол кезде бүгінгі 

нүкте деп жүрген белгіміз «тыныс», ал үтіріміз «тыныстың төрт-

тен  бірі»  болып  аталған.  Осыған  байланысты  болар,  тыныс  бел-

гілерін дауыс ырғағының айтылу əуеніне қарай қолдану сөз етіп 

отырған кезеңде белгілі дəрежеде дəстүрлік сипат алған [89, 130].

1. Синтаксистік терминдердің əртүрлі атауы осы қарастырып 

отырған термин сөздердің оқулықтарда, кітаптарда қолдану дəре-

жесі əртүрлі. Яғни бір мағынадағы термин сөз түрлі қолданылған.

Ал  қазіргі  кездегі  «толымды  сөйлем,  толымсыз  сөйлем»  деп 

қолданылып  жүрген  термин  сөздерді  «толық  сөйлем» [89, 145], 

«олқы  сөйлем»

 

[89, 146] деп  берген.  Осы  кітабында  тұрлаулы 



мүше  деп  қолданып  жүрген  термин  сөзімізді  «негізгі  мүше-

лер» [89, 144]

  

деп берген.



М.  Балақаев  «Қазақ  тілі  грамматикасы»  оқулығында  тыныс 

белгісіне  байланысты  сұрау  белгісі  термин  сөзін  «сұрақ  белгісі»

 

[90] деп берген. Ал бағыныңқы сөйлем деген термин сөздің қол-



дануы  да  түрлі-түрлі.  Бірде  бағыныңқы  деп  қолданса,  енді  бірде 

бағыныңқылы сөйлем деп қолданылады. Бір кітаптың өзінде екеуі 

де қолданылады.

С.  Аманжолов  пен  Н.  Сауранбаевтың  «Қазақ  тілінің  грамма-


278

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

тикасы»  оқулығында  да,  де,  жəне  жалғаулықтары  арқылы  жа-

салған  салалас  сөйлем  тіркесті  салалас

 

[91, 51] делінген.  Ал 



М. Балақаев, Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабында мұн-

дай  салалас  сөйлем  мезгілді  (ыңғайлас)  салалас  сөйлем

 

[92, 233] 



деп берілген. Ал əрі жалғаулығы арқылы жасалған мезгілдес са-

лалас  сөйлемді  үдетпелі  салалас

 

[91, 52] деп  берген. «Қазіргі 



қазақ тілі» оқулығында талғаулы салалас деп берілген мейлі, күй 

жалғаулықтары  арқылы  жасалған  сөйлемді  Аманжолов  пен  Сау-

ранбаев бейтараптық салалас сөйлем

 

[91, 55] деп берген. Кейбір 



синтаксистік терминдер қазірдің өзінде де түрлі беріліп жүр.

М.  Балақаев  пен  Т.  Қордабаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқу-

лығындағы сөз тіркесіне қатысты:

1. Жатыс жалғаулы сөз тіркесі.

2. Матаса байланысқан сөз тіркесі.

3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі [91, 69].

4. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі.

5. Сан есімді сөз тіркестері.

6. Сын есімді сөз тіркестері.

7. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері.

8. Үстеулі сөз тіркестері.

Ал  енді  осы  терминдер  Р.С.  Əміровтың  еңбегінде: 1. Жатыс 

септікті  сөзді  меңгерген  етістікті  тіркестер [50, 36]. 2. Матасу 

амалы  арқылы  құрылған  сөз  тіркестері. 3. Меңгеру  амалы  ар-

қылы  құрылған  сөз  тіркесі [50, 24]. 4. Көмектес  септіктегі  сөзді 

меңгерген  етістік  тіркестер. 5. Сан  есім – зат  есім  типті  сөз 

тіркестері. 6. Үстеу – зат  есім  типті  тіркестер [50, 19]

 

деген  ата-



уларды  ұсынады.  Міне,  бұл  пікірлерге  қарағанда  синтаксистік 

терминдердің  қалыптасуы,  аталуы  əртүрлі  беріліп  жүргенін  кө-

руге болады.

Сөз  тіркестерінің  синтаксистік  қатынастары  қазіргі  кезде 

анықтауыштық,  толықтауыштық,  пысықтауыштық  деп  беріліп 

жүр.  Ал  алғашқы  түркологиялық  еңбектерде  бұл  синтаксистік 

қатынастардың  ішінде  тек  анықтауыштық  тобы  ғана  басым  бо-

лып  келді.  Қазіргі  кезде  ондай  үш  синтаксистік  қатынастар  бір 

деңгейде пайдаланылуда.

Кейбір    ғалымдар    тілдегі  қалыптасқан  терминдерді  өзгеше 

атауды  мақсат  етеді.  Т.С.  Кирилова  толықтауыш,  пысықтауыш 


279

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

терминдерін  пайдалана  келіп: «Семантикалық  кеңейтушілер 

семантикалық  объект,  семантикалық  атрибут  болып  бөлінсе,  ал 

пысықтауышты детерминативтік кеңейтушілер кеңістікті, мезгіл-

ді, шартты, себепті, мақсатты, т.б. білдіреді» [93] – дейді.

Тіл  ғылымының  саласының  əрқайсысына  қатысты  сөздіктер 

бар. Олар: диалектілік сөздік, фразеологиялық сөздік, тарихи сөз-

дік,  орфографиялық  сөздік,  орфоэпиялық  сөздік,  шет  тілдер  сөз-

дерінің  сөздігі,  лингвистикалық  терминдердің  сөздігі,  омоним-

дер  сөздігі,  паронимдер  сөздігі,  дыбыстық  сөздік,  синонимдер 

сөздігі,  қысқартылған  сөздердің  сөздігі,  жазушылар  тілінің  сөз-

дігі, түсіндірме сөздік, топонимдер сөздігі, жиілік сөздігі, этимо-

логиялық  сөздік.  Осылар  іспетті  енді  синтаксистік  сөздіктер  де 

дүниеге келді.

Совет  дəуірінде,  яғни 20 жылдардан  бастап  лингвистикалық 

терминдер  сөздігі  шыға  бастады. 1924 ж.  Н.Н.  Дурнованың 

«Грамматикалық  сөздігі»  шықты.  Содан  кейін  лингвистикалық 

сөздіктер  молынан  шыға  бастады.  Мəселен,  Л.И.  Жирковтың 

«Лингвистикалық  сөздігі» (М., 1946); С.В.  Кртотевич,  Н.С.  Роз-

зевичтің  «Лингвистикалық  терминдердің  сөздігі» (Рига, 1963); 

О.С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1966) 

бар.  Сонымен  қатар  шет  тілдерден  аударылған  мынадай  сөздік-

тер  бар.  Ж.  Марузоның  «Лингвистикалық  терминдердің  сөздігі» 

(1960),  сосын  Э.  Хэмптің  «Лингвистикалық  терминдердің  сөз-

дігі» (1964), И. Вахевтің «Прага мектебінің лингвистикалық сөз-

дігі» (1964), сол сияқты Д.Э. Розенталь, М.А. Теленкованың «Лин-

гвистикалық терминдердің сөздік анықтамасы» (М., 1976).

Жалпы тілде лингвистикалық сөздіктер қаншалықты мол бол-

ғанымен,  қазақ  тілінде  С.Кеңесбаев  пен  Т.Жанұзақовтың  «Рус-

ско-казахский  словарь  лингвистических  терминов»  деген  сөздігі 

ғана  бар.  Бұл  сөздіктің  қазақ  тіліндегі  лингвистикалық  термин-

дерді  жинақтап  беруде  маңызы  бар.  Бұл  сөздіктер  ең  алғаш  рет 

1956 жылы шықты, ал 1966 жылы қайта өңделіп, толықтырылып 

басылды.  Бұл  сөздікке 3000-ға  жуық  термин  енгізілген.  Ол  тер-

миндер тілдің барлық салаларын тегіс қамтуды мақсат еткен. Бұл 

кітаптағы синтаксистік терминдер саны – 153. Олардың:

1) Сөз тіркесіне қатыстысы – 26.

2) Жай сөйлемге қатыстысы – 82.



280

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

3) Құрмалас сөйлемге қатыстысы – 22.

4) Тыныс белгісіне қатыстысы – 13.

5) Жалпы синтаксиске қатыстысы – 10.

Енді осы топтағылардың əрқайсысына қандай терминдер жа-

татындығын көрсетелік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет