Сын есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сын есім-
дер – табиғатында анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз тапта-
ры. Олар заттың түрлі сындық, сапалық белгісін, көлемін, аумағын
білдіретін сөздер. Сондықтан да олар – тек зат бар жерде пайда
болып, оның қасиетін сапалық жағынан айқындаушы сөздер. Сын
есімдер осы қасиетіне сай зат есімдердің алдында келіп, яғни оны-
мен қабат тұруы арқылы бастауыш қызметінде жұмсалады. Сын
есімдер затқа қатыстылығы арқылы сол зат есімнің анықтауышы
ретінде жұмсалып, келе-келе олар сөйлемде тек анықтауыштың
қызметімен бірге басқа да сөйлем мүшелері, соның бірі баста-
уыш қызметінде де жұмсала алатын дəрежеге ие бо лып отыр.
Мұның өзі – бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тіпті, зерт-
тей келгенімізде осы тұлғаның Орхон-Енисей ескерткіштерінде
де кездесетіндігі айқын болды. Сонда затқа қатысты сын есімдер
енді олардан ажырап, өз алдына жеке сөйлем мүшесі болуда нен-
446
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дей өзгерістердің негізінде қалыптасуы мүмкін деген сұрақ та
туады. Сын есімдер бастауыш қызметінде дара жəне күрделі
түрінде жұмсалады.
Сын есімді дара бастауыштар. Ондай кезде сын есімдер кө-
біне нөлдік тұлғада заттану процесінде көп кездессе, ішінара
қосарлану арқылы да кездесіп отырады: Жақсы ісімен жақсы.
Жаңа ескіге өлшеуіш (Мақал). Бас бəйгеге ірі қара тігіледі
(Ə. Қоңыратбаев). Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздер дара
түріндегі бастауыштар болса, кейде қатыстық сын есімдер де
заттық мағынаға ие болып, бастауыш бола береді: «Білекті бірді
жығар, білімді мыңды жығар» дейді қазақ (Ə. Қоңыратбаев). Ар-
балы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин).
Көптік жалғаулы сын есімдер. Көптік жалғаулы сын есім-
дердің сапалық та, катыстық та түрлеріне жалғанып барып, он-
дай бастауышты сөздердің көптік қасиетін көрсетеді. Мысалы:
Үлкендер қатты қорқытқан болу керек, өйткені үйдегілер дауыста-
рын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды. Үйдегілер тегіс
есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б. Тілегенов). Əсіресе, ажымы
мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді (М. Əуезов). Қазақ
даласын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар
келді (Ж. Аймауытов). Əлсіздер бұраңдан, сабырсыздар шатынай
бастаған (Ғ. Мұстафин).
Тəуелдік жалғаулы сын есімдер. Сын есімдер зат есімдер-
дей дəрежеде болмағанымен, олардың заттану процесінің бір
түрі – тəуелдену процесі. Мысалы: Мықтысы əлсізін талап, қыр-
қысып жатқан мына қиянаты мен күнəсі мол дүниеде күнəһар
болмай, тал бойын таза аялап жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты
(«Жұлдыз»). Үлкендері жастарын наздана қарпып жібереді
(X. Есенжанов). Игі істің ертеңгісі жақсы (Мақал).
Сын есімді күрделі бастауыштар. Сын есімді күрделі бас-
тауыштар күрделі сын есімдердің заттануынан жасалады.
Мұндай кезде күрделі сын есімдер əдеттегі дара сын есімдерше
заттық мағынаға ие болады. Күрделі сын есімді бастауыштарға
келгенде екі нəрсеге баса назар аудару қажет. Бірінші – сын
есімдерді күрделендіретін жайттар, екінші – күрделі сын есімді
бастауыштардың тұлғасы. Сын есімді күрделі бастауыштардың
күрделенуіне тек күрделі сын есімдер ғана қатыспайды, соны-
447
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен бірге басқа да сөз таптары да қатыса алады. Жалпы, сын
есімдер – өздері анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы.
Сондықтан да олар заттану процесінде сол заттың қасиетіне
лайық сын есімдермен мағыналық бірлікте бір-ақ сөйлем мүшесі,
яғни күрделі бастауыш ретінде жұмсалады. Шалдыққаны білінер
ме екен деген күдік күшейген кезде, күрең төбел, тіпті, егесе
түскендей (М. Əуезов). Есіктен салқын ауамен бірге үстіне қалың
тон киген жуан қара кіріп келеді (Т. Ахтанов).
Қатыстық сын есім мен заттанған сын есім арқылы: Қасқыр
ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Кө-
беев). Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның
қайсы? (М. Əуезов).
Кейде заттанған сын есімдер дербес мағыналы болғанымен,
бəрібір сөйлемде иелік мағынаға толық жете алмай, міндетті
түрде тағы да толықтырушы сөздерді керек етіп тұрады. Он-
дай кездегі толықтырушы сөз таптары əртүрлі. Зат есімдер мен
заттанған сын есім арқылы: Бұл жиында Ызғұтты, Жақып,
Майбасар сияқты үлкендер жəне баладан Құдайберді, Абай бар
(М. Əуезов). Ілік жалғаулы зат есім мен заттанған сын есім арқылы:
Көздерінің аласы қызарып, кезерген ерні кебек жалағандай ақ
шаңдақтанып кетіпті (Р. Райымқұлов). Ауылдың үлкендері көрсе
жібермейді (М. Əуезов). Сан есім мен заттанған сын есім арқылы:
Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды. Екі жаман қосылса,
кең дүниеге сыйыспайды (Мақал). Жадау бір торы мұның үйінің
алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Есімдік
пен заттанған сын есім арқылы: Осыдан соң барлық үлкендер
қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Бұл кəрілер сұрау
салмайды (М. Əуезов). Етістік пен заттанған сын есім арқылы:
Соқтыққыш жуандар көкірек керсін. Қайтпас қария жалғыз ауыз
өлеңмен жайратты да салды (М. Əуезов).
Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сан есімдер
де сын есімдер тəрізді затқа қатысты, яғни онымен тіркесте
көбіне анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. Егер сын
есімдер бүтіндей затқа қатысты ғана жұмсалуға тиіс болса, ал
сан есімдердің қызметі əртүрлі. Сан есімдердің ішінде бастауыш
қызметінде жұмсалуға ыңғайы барлары есептік, реттік сан есім-
дері, кейде жинақтық, болжалдық сан есімдері туралы да осы-
448
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ны айтуға болады. Мұның өзі сан есімдердің морфологиялық
өзгерісіне байланысты. Морфологиялық өзгеріске көбірек ұшы-
райтындары есептік, реттік сан есімдері. Сан есімнің жоғарыда
көрсетілген түрлері көбіне тəуелдену арқылы ғана бастауыш
қызметінде жұмсала алады. Міне, бұған қарағанда сан есім
түрлерінің бастауыш қызметінде жұмсалуының бəрі бірдей
қолданыла бермейтінін көреміз. Сан есімдердің ішінде есептік,
реттік сан есімдері атау септігінде көптеліп, тəуелденіп келіп те
бастауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне
күрделі түрінде немесе заттанған сан есімдер енді өздері де түрлі
анықтауыш сөздерді жетегіне алып, сол тобымен күрделі баста-
уыш қызметінде жұмсалады.
Сан есімді дара бастауыштар. Дара бастауыш қызметіндегі
сан есімдер нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғауында тұрады.
Атау септікті сан есімдер. Ондай кезде көбіне есептік жəне
жинақтық сан есімдер көп кездеседі: Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Аларманға алтау аз,
берерменге бесеу көп (Мəтел).
Тəуелдік жалғаулы сан есімдер: Төрт баладан біреуі-ақ қалды
деп жазарсыз, – деді Неволя Əлішерге (Ғ. Мүсірепов). Үшеуі
келгелі айдан асты (Ғ. Мұстафин). Оқып жүргенде екеуміз сыр-
ласушы едік (Б. Момышұлы). Екеуіңіз бір жерден шықтыңыз
(X. Есенжанов). Ондай кезде реттік сан есімдер де тəуелденіп
мол жұмсалады: Екіншісі өзінің қолындағы кіші ұлының
келіншегінің төркінінікі (С. Сейфуллин). Тəуелденіп жұмсалатын
сан есімдер қосарланып келіп, бастауыш қызметінде жұмсала
береді: Ал үш қудың біреуі не тіпті екеу-үшеуі бірдей кездесіп
қалса ше? (С. Сейфуллин).
Сан есімді күрделі бастауыштар. Сан есімдердің ішінде күр-
делі бастауыш қызметінде таза сан есімді түрлері көп жұмсала-
ды. Ілік жалғаулы сан есім мен тəуелдік жалғаулы сан есім тіркесі
арқылы жасалады. Ондай кезде бағыныңқы сыңарлары ілік
жалғаулы сан есімнің екінші сыңарлары есептік, реттік жəне топ-
тау сан есімдері тəуелдік жалғауында келеді: Əлде екеуінің біреуі
қора маңында адасып жүр ме екен? (Т. Ахтанов). Бұл екеуінің
біріншісі – Нияз, екіншісі Отар еді (С. Сейфуллин). Бөлшектік
сан есімдердің қатысуы арқылы: Сауын сиырдың жүзден жиыр-
449
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұста-
фин). Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға бай-
ланысты (А. Шопенгауер). Алты қанат қызыл отауға жиналған
халықтың оннан бірі сыймайды (Ғ. Мұстафин).
Атау тұлғалы зат есім мен тəуелдік жалғаулы сан есімдердің
тіркесі арқылы: Магид екеуміз бізді қарсы алған жергілікті
жазушылардың соңына ердік (А. Шамкенов). Ілік жалғаулы есім-
дік пен тəуелдік жалғаулы есептік сан есімнің тіркесі арқылы:
Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап
кеткен тəрізді (З. Шашкин). Атау тұлғалы есімдіктер мен тəуелдік
жалғаулы сан есімдердің тіркесі арқылы: – Е-е, сыбаға үлесті-
руші сен екеуің болсаң,
айтарсың? – деп, қолын сілікті (М. Əуе-
зов). Ол екеуі де бұған өтірік көлгірсіп жүрген жоқ (Т. Ахтанов).
Сен екеуміз қайтеміз шариғат салыстырып, – деп, Шыңғали сөз
аяғын бұра салды (Б. Аманшин).
Кейде сан есімдер басқа сөздермен түйдекті түрде келуі арқылы
жұмсалады. Мысалы: Таиланд, Сингапур халқының тоқсан бес
процентіне жуығы қытайлар (С. Бердіқұлов). Шотбаев баяғыда
Қызылордада кездескен Нартуғанды ұмыта алмай жүргенге
ұқсайды. Отыз жетінші жылғысы анау. Қырқыншы жылғысы
мынау (О. Сəрсенбаев).
Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің
əрбір тобының бастауыш қызметінде жұмсалуының дəрежесі
əртүрлі. Жіктеу, өздік есімдіктері ондай қызметте мол жұмсалса,
басқа топты есімдіктер ретіне қарай қолданыла береді. Есім-
діктердің кейбір топтары бастауыш қызметінде сол қалпында
жұмсалса, енді бірі заттанып барып қана жұмсалады. Сондықтан
да есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалу аясы əртүрлі.
Атау тұлғалы есімдіктің бастауыш қызметінде ең жиі ұшырайтын-
дары – жіктеу есімдіктері: Мен бе, мен, мен ертең сөз өзіме тие
қалғанда, сіз жіберген қатені қайталамаймын (С. Бақбергенов).
Сол сияқты сілтеу, сұрау, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау
есімдіктері де нөлдік тұлғада жұмсалады: Ұстаздың бəрі сіздей
болса ғой, шіркін! («Жұлдыз»). Асқардың олай еткенін ешкім
сезген жоқ (С. Мұқанов).
Көптік жалғауында есімдіктердің ішінде белгісіздік есімдік-
тері ғана жұмсалады: Тіпті, сойқаны сол, алда-жалда əлдебіреу-
450
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лер талант-қабілетімен ілгерілеп бара жатқандай болса, оны
еркіне жібермейді (С. Шаймерденов). Тəуелдік жалғауындағы
есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы əлдеқайда көп. Өз
есімдігі арқылы: Мені өрге сүйреймін деп жүріп, өзіңіз кері кетіп
қап жүрмеңіз (Б. Əлімжанов). Сілтеу есімдігі арқылы: Бəрінен
осының жақсы, Ибрагим Кунанбаевич (М. Əуезов). Бар бəлесінің
алдын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген
соққы болды (Б. Əлімжанов). Сұрау есімдігі арқылы: Сендей ақ
көңілге салмақ салмағанда, кіміміз бар біздің (Ғ. Мүсірепов).
Қайсымыз қандай мəселені көтеріп, қандай тақырыпқа жазып
жүргенімізді сөз еттік (А. Шамкенов). Ал, қайда барамыз, – де-
ген Тұрарбек əдейі. – Қайдасы несі? Кеңсеге соғатын шығарсыз
(Қ. Найманбаев). Жалпылау есімдігі арқылы: Барлығы тыным
таппай қимылдауда (С. Ерубаев). Ақыры, ол əңгіме де, басқа
əңгіме де, бəрі-бəрі ұмытылып қала берген (Ə. Асқаров).
Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі жəне оның
тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың
бірінші сөзі атау тұлғада не ілік жалғаулы есімдіктер болады:
Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен
қызметтеріңді ұмыт (Сирия мақалы). Кейде өз есімдігіне сан
есімнің тіркесі арқылы да күрделі бастауыш жасалады: Бүкіл за-
водты бір өзің жүргізіп тұрсаң ғой (Ғ. Мұстафин).
Етістіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Басқа сөз тап-
тары сияқты бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптарының
бірі – етістік. Етістіктер табиғи қызметі – баяндауыш қызметінде
жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен ғылыми немесе практикалық
еңбектерде етістіктер, оның ішінде есімше, қимыл есімі немесе
негізгі сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп бастауыш бо-
латыны айтылады. Етістіктің бұл үш тобының ішінде бастауыш
қызметінде көбірек сөз болатыны – есімше тұлғалы етістіктер.
Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы – оның өзіндік
бір ерекшелігі. Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы
олардың заттық мағынаға ие болуы арқылы ғана жүзеге асса ке-
рек. Міне, бұл жағынан келгенде етістіктердің ішінде заттануға
ыңғайлы категориясы – есімше. Есімше сын есім, сан есім сөз
таптары сияқты қимылдық қасиетті білдірумен бірге септеліп,
көптеліп, тəуелденіп жəне нөлдік тұлғада бастауыш бола алады.
Оның осы дəрежеге жетуі сөйлем ішінде анықталатын затының
451
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
түсіп қалып айтылуына байланысты. Анықтауыштық қатынастағы
есімше енді сол заттың орнына жұмсалып, нөлдік тұлғада баста-
уыш бола алады. Сонда, есімшенің бастауыш болуының алғаш-
қы сатысы – нөлдік тұлға арқылы заттанып келуі. Етістіктердің
бастауыш қызметінде көп жағдайда жұмсалатыны есімше болса,
сол дəрежеде болмағанымен, қимыл есімді етістіктер де баста-
уыш қызметінде жұмсала береді. Қимыл есімді бастауыштар
көбіне интонациялық кідіріс арқылы айтылады. Етістіктер баста-
уыш қызметінде дара жəне күрделі түрде де келе береді.
Етістікті дара бастауыштар. Нөлдік тұлғадағы дара баста-
уыштар қызметінде есімше де, қимыл есімді түрі де жұмсалады:
Ерінбеген етікші болар. Көрмес түйені де көрмес (Мақал).
Сұрамақ пен білмек бар (М. Əуезов). Айтушы сен бол, орындау-
шы біз болайық (Б. Майлин). Көптік жалғауында көбіне -ған,
-ген жұрнақты есімшелер мен -а, -е, -й жұрнақты есімше кей-
де түрлі жұрнақты жалғау арқылы қимыл есімді етістіктер де
жасалады: Бүгінгі күн көшкен жалғыз Бөкенші емес, Құнан-
байдың өз ауылынан көшкендер де бар (М. Əуезов). Бір кезекке
тұрғандары үшін мақтанатындар да көбейе бастады (Д. Иса-
беков). Тəуелдік тұлғалы етістікті бастауыш көбіне -ған, -ген,
кейде -а, -е, -й жұрнақты есімшелерден жасалады: Əкеміздің жо-
лымен ара ағайын болып қана жүргеніміз жөн еді ғой! (Шəкəрім).
Тоқтамы – көптің қаулысы болады. Жоспарды басқарма бекіткен
күйінде қабылдайтының қол көтер (Ғ. Мұстафин). Келгеніміз
– Абьян деп аталатын провинция (А. Шамкенов). Қимыл есімді
тəуелдік жалғаулы бастауыштар: – Ал, енді мақтауың келісті,
ақтауың қандай болар екен, ə? (Б. Əлімжанов). -іс жұрнақты
етістіктердің тəуелдік жалғауы арқылы: Алайда бір қадам атта-
ған соң жүрісі де, жүгірісі де түзелді (О. Бодықов).
Етістікті күрделі бастауыштар. Етістікті күрделі бастауыш-
тар туралы осы күнгі еңбектерде онша сөз бола бермейді.
Негізінде, етістіктер күрделі бастауыш қызметінде екі түрлі
жағдайда кездеседі. Біріншіден, таза етістіктер арқылы жасалса,
екіншіден, етістіктер өзінің жетегінде басқа да сөз таптарымен
мағыналық бірлікте ғана күрделі бастауыш болады. Көсемше мен
есімшенің тіркесі арқылы: Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен
көрші ауылдар (М. Əуезов). Көсемше мен қимыл есімді етістіктің
тіркесі арқылы: Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең та-
452
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
маша адамгершілік қасиет (Ч. Дарвин). Атып өлтіру, дарға асу –
олардың ата кəсібі, қанына сіңген қашанғы əдет (С. Мəуленов).
Көсемше мен көптік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы: Біреу
азық, біреу сойыс əкеліп көмектесе келгендер де болды (Ə. Қо-
ңыратбаев). Сөз таластыру көп адамның қолынан келеді, ал
жай ғана əңгімелесе білетіндер аз-ay (А. Олкотт). Көсемше мен
тəуелдік жалғаулы есімшелердің тіркесі арқылы: Сонда қыл-
мыс жаса дейсіз бе? Мынау айтып келе жатқаныңыз сол ғой
(Б. Əлімжанов). Жалғыз барасыз дегенде кəдімгідей жүрексініп
қалғаным рас еді (А. Шамкенов). Айтып тұрғаны – «Көзімнің
қарасы» (М. Əуезов).
Бастауыштардың жасалуында көбіне есімше, қимыл есімі не
негізгі, не көмекші етістіктер де мол жұмсалады. Негізгі сөз бен
көмекші етістікті қимыл есімді бастауыштардың өзін бірнеше
нұсқада көруге болады. Ондай кезде негізгі сөз бірнеше септік
жалғауында келуі мүмкін де, соған сəйкес қимыл есімді етістік те
сол өзі қатысты сөздермен мағыналық байланыста болады. Мыса-
лы: Мысқылды түсінуден қалу – жаман ырым (Ф. Достоевский).
Етістікті күрделі бастауыштың құрамында негізгі сыңары
етістік болып, оған қоса есімдер де сол етістіктермен мағыналық
байланыста келеді де күрделі сыңар құрайды. Мұндай кезде не-
гізгі мəн етістіктерде болады. Етістіктер ондай кезде тəуелдік те
жəне көптік тұлғада да келіп, сол топты күрделі бастауыш жа-
сауға икемдеп тұрады. Əсіресе, ондай кезде бірінші сыңары зат
есім, екінші сыңары нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғаулы
етістіктер тобы жиі кездеседі. Зат есімдер – ілік, табыс септігінің
ашық не жасырын түрі жəне шығыс септігіндегі сөздер болып
келеді.
Ілік жалғаулы зат есім мен етістіктің тіркесі арқылы: Ұлттық
əдебиетіміздің мерейін көтерген кесек шығарма қазақ халқының
энциклопедиясы деп бағалануы да əбден орынды (С. Шаймерде-
нов). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес
(F. Мүсірепов). Табыс септігінің не ашық, не жасырын түріндегі зат
есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: – Рас, атын біле бермес,
ал түсін танитындар, біздіңше, көп болуға тиіс (М. Иманжанов).
Ал ағаға шаруа айтып келдім, айып па? (Б.Əлімжанов). Ойбай-ау,
тіпті қара қағаз алғандар да отырған жоқ па? (Т. Ахтанов). Шығыс
септікті зат есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анадан
453
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
айырылу кімге оңай дейсің (F. Мұстафин). Əртүрлі септікті
сөздер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Жолдасын жауға қал-
дыру – жамандықтың белгісі; Жолдасын жаудан құтқару – адам-
дықтың белгісі (Мақал). Ілік жалғаулы сан есім мен етістіктің
тіркесі арқылы: Екеудің жинағаны үшеуге жетеді (Мақал).
Есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған күрделі бас-
тауыштар іштей былай бөлінеді. Ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері
мен етістіктердің тіркесі арқылы: Олардың айналдыратыны
төрт-бес қарасының асты-үсті (А. Тоқмағанбетов). Сілтеу есім-
дігі мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анау көрінген не деген көп
мал («Лениншіл жас»). Ал сенің сол айтқаның қайта-қайта есіме
түсе береді (Ш.Мұртазаев). Кейде зат есімдерге есімшенің тір-
кесіп келуі арқылы күрделі бастауыш жасала береді: Өткен ай,
өткен күн, өткен сəт қайта орала ма? (М.Мағауин).
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің де
бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы əуелден-ақ ғылыми
əдебиеттерде аздап болса да сөз болды. Бірақ үстеулердің ба-
стауыш қызметінде жұмсалуын тек тəуелденіп тұруы арқылы
келгенін ғана көрсетеді. Ол дұрыс та. Үстеу сөздер сеп теліп те,
көптеліп те, тəуелденіп те жұмсала береді. Үстеулердің бастау-
ыш қызметінде жұмсалуын былайша көрсетуге болады. Нөлдік
тұлғадағы үстеулердің заттануы арқылы: Бүгін – өткеннің нəтиже-
сі əрі болашақтың бастамасы (В. Белинский). Үстеулер тəуелдік
жалғау арқылы заттанып барып бастауыш қызметінде жұмсалады:
Бұрындары бүгінінен ертеңі қызығырақ, мəндірек, көкжиегі
кеңірек көрініп, ылғи алға ұмтылдыра түсуші еді (Д. Досжанов).
Өлімнен басқаның ертесі жақсы (Мақал). Бөріктің астынан ки-
ген тақиядай жоғарысы болған соң төмендегісін өзі-ақ жасап ала
береді (Б. Қыдырбекұлы). Кейде үстеулерге көмекші етістіктің
тіркесі арқылы: Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы
(Ə. Кекілбаев). Кеше деген əлсіздіктің екінші аты (Ə. Кекілбаев).
Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Одағайлар
жалпы алғанда сөйлем мүшесі болуға тиіс емес. Олар сөйлемде
басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні белгілі.
Бірақ одағай сөздер кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге
түсуге байланысты ғана бастауыш қызметінде жұмсалады. Мы-
салы: Үһлеулер үдей түсті. Қиқулары тынық ауаны толқытып тұр
(Ғ. Мұстафин) дегенде курсивпен жазылған сөздер табиғи жағы-
454
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
нан одағай сөздер болғанымен, қазір заттанып, зат есім мағы-
насында жұмсалған.
Достарыңызбен бөлісу: |