Талғат сайрамбаев


Еліктеуіш  сөздер  арқылы  бастауыштың  жасалуы



Pdf көрінісі
бет42/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58

Еліктеуіш  сөздер  арқылы  бастауыштың  жасалуы.  Мыса-

лы, əр жерде электр лампалары орнатылған... вагонеткаға айдау-

шы жұмысшылардың тарсылы естіледі (Ғ. Мұстафин).

Тұрақты  тіркестердің  (ТТ)  бастауыш  қызметінде  жұм-

салуы.  Нөлдік  тұлғадағы  ТТ  бастауыш  болуы  туралы  айтқанда, 

біз  оның  бірнеше  сөзден  құралу  процесінде  тек  соңғы  сыңары-

ның тұлғасына ғана қараймыз. Ондай тұлғадағы тұрақты тіркестің 

жасалу  жолы  мынадай.  Сыңарлары  сын  есім  мен  зат  есімдерден 

құралған тұрақты тіркес: Алданып, алабұртып тұрғанында, Алдың-

нан  қарсы  шықса  ақша  маңдай  (I.  Жансүгіров).  Қашаннан  қара 



ниет  қанға  жерік  (Ө.  Тұрманжанов).  Көңіл  араздығы  тосқауыл-

дың тар кезеңінде кездесіп отырмыз ғой, ала көңіл артта қалсын 

(М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен зат есімнен құралған тұрақты 

тіркес:  Осындай  шытырман  оқиғалардың  үстіне,  мына  жақтан 

жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді (С. Мұқанов). 

Сыңарлары  заттанған  сын  есімдер  арқылы:  Қалай  дегенмен  де 

Құлагердей ерен жүйрік Ақаннан басқа бір адамда да болмайды 

(А.  Жұбанов).  Сыңарлары  зат  есім  мен  есімшеден  құралған  тұ-

рақты  тіркес:  Майхана  көрмеген  əзілге  тоқ  (А.  Тоқмағанбетов). 

Ана көрген тон пішер, Ата көрген оқ жонар (Мақал). Сыңарлары 

зат  есім  мен  қимыл  есімінен  құралған  тұрақты  тіркес:  Тағы 

директордың  табалдырығын  тоздыру  басталды («Лениншіл 

жас»).  -Мақ, -мек  жұрнағы  бар  тұрақты  тіркесті  бастауыштар: 

Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құр өзімшілдік, 

əрбір  адамды  бұзатын  пиғыл  (Абай).  Тұрақты  тіркестер  мен  кө-

мекші  сөздердің  тіркесі.  Нөлдік  формадағы  тұрақты  тіркес 

бірыңғай да келе береді. Мысалы: Қара мен төре таласып, Форы-

мына қарасып, Алдыңнан өтті көріктен («Қамбар батыр»). 

Тəуелдік  жалғаулы  тұрақты  тіркестің  бастауыш  болуы. 

Тұрақты тіркес тəуелденіп жұмсалған кезде олар жекеше де, көпше 

де  түрде  қолдана  береді.  Олардың  көпше  түрлері  арнайы  көп-

тік жалғауларының жалғануы арқылы немесе -мыз, -міз жұрнақ-

тарының  қатысуы  арқылы  да  жүзеге  асады.  Тəуелдік  жалғаулы 

тұрақты  тіркесті  бастауыштар  үш  жақта  да  бірдей  жұмсала 

береді.  І  жақтағы  тұрақты  тіркесті  бастауыштар:  Дамыл  таппай 

от  жұтудан,  Өр  жүрегім  жүр  лаулап  (Б.  Күлеев).  Анадан  туып 


455

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

едік  бір  ұл,  бір  қыз,  Алпыс  өгей  анамыз  дұшпандықпен,  Бізге 

жəбір  қылыпты  тыңдаңыз  сіз  (Қазақ  ертегілері).  Азан  шақырып 

қазанның құлағын қағып, қойған атым аталмай, Қара бала атану-

шы  едім  (Қ.  Жармағанбетов).  ІІ  жақтағы  тұрақты  тіркесті  баста-

уыштар:  Торғын  шəлің  басыңда,  Нақ  сүйерің  қасыңда,  Ақ  сары 

аттай  айқасып,  Күнде  ойна-ай,  ашына  (Ғ.  Мүсірепов).  Сары  мо-

йын балаларың шапқылап жүр ме? (А. Тоқмағанбетов). ІІІ жақтағы 

тұрақты тіркесті бастауыштар: Қазір ойласам, сол оқиғалардың өз 



ақылыма  сыймайтындары  да  бар  (А.  Лекеров).  Соңғы  сыңары 

қимыл  есімді III жақ  бастауыштар:  Біздің  қазақтың  ала  қозыдай 



бөлінуі біз үшін көңілді нəрсе емес («Айқап»). Қыздың күйеу тас-

тап,  жігіттің  қатын  тастап,  сүйген  қызды  алып  қашуы  көбейген 

еді (М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен қимыл есімнен құралған 

тұрақты  тіркестер:  Ішіндегі  іліп  алары –  менің  əкем  Жетібай 

(Д. Еркінбеков). Бірыңғай мүшелі тұрақты тіркестер: Өңкей бет-

ке  ұстар  мықтылар.  Осы  күні  ығайы  мен  сығайы  жиналған  екен 

(А. Тоқмағанбетов). 

Тұрақты  тіркес  пен  көмекші  сөзді  бастауыштар.  ТТ  пен  кей-

де  көмекші  сөздер,  көбіне  есімше  тұлғалы  де  көмекші  етістігі 

мол  жұмсалады.  Ондай  кезде  тұрақты  тіркеске  түйдектелетін 

көмекші  етістіктер  нөлдік  тұлғада  да,  тəуелдік  жалғауында  да 

келе береді. Лаж жоқ, кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б. Мо-

мышұлы). Қара жол ма дегенім шұбырынды із болды, Ала жаздай 

нəр татпай іздегенім қыз болды (Қазақ əндері). Бұл ауылдағы көзі 



ашық  деген  екеуміз-ақ  болғандықтан,  Қамзамен  сырлас,  достас 

болып кеттім (С. Мұқанов). 



Сөйлемді  бастауыштар.  Сөйлемді  бастауыштар  да  əдеттегі 

сөз  таптарынан  жасалған  бастауыштардың  тұлғасына  сəйкесте-

леді. Мұнда көбіне нөлдік тұлға мен тəуелдік жалғаулы тұлғасы 

көбірек  кездеседі  де,  ал  көптік  тұлғасы  онша  кездесе  бермейді. 

Əрине  олардың  бастауыштық  тұлғасы  сөйлемнің  өзінен  көрін-

бейді, көбіне оларды байланыстырушы дəнекерлердің көрсеткіші 

айқындайды. Нөлдік тұлғалы сөйлемдік бастауыштар де көмекші 

етістігінің  есімше  жəне  қимыл  есімді  тұлғасы  арқылы  беріледі. 

Бұл  жерде  аралады  деген  артықтау  (Д.  Досжанов).  Əсте  бұл 

қазынаның  Балқаш  ауданы  үшін  өте  қымбатқа  түсіп  отырғанын 



мамандар,  диқандар,  сушылар  білмейді  деу  əбестік  болар 

(Т. Қаупынбаев).



456

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Тəуелдік  жалғаулы  сөйлемдік  бастауыштар  үш  жақта  бірдей 

айтылады. I жақ: Жылқы бақтым, жылап бақтым, сиыр бақтым 

сидаң  қақтым,  ешкі  бақтым  еңіреп  бақтым,  қой  бақтым 

қоңыраулаттым,  түйе  бақтым,  түйме  тақтым  дейтініміз  де 

сондықтан  (Ө.Қанахин). II жақ:  Айырылмастай  дауыңа  қайы-

рылмастай сөз айтпа деуің жөн секілді, – деді хан (О. Бодықов). 

III жақ: Қазақтың «мұндай тірлікті итке бермесін» дегені менің 

басымда  емес  пе? (О.  Бөкеев.)  «Айтайын,  аңғартайын»  дегені  

бұл күндері мына момақан түліктің арқасына мінгесіп жүргендей 

елестейді (Д. Досжанов).

-нікі, -дікі  жұрнақты  бастауыштар.  Ондай  жұрнақты  сөз-

дер  бастауыш  қызметінде  таза  күйінде  өзінің  баяндауышымен 

іргелес  те,  алшақ  тұрып  та  байланыса  алады.  Ондай  кезде  -нікі, 

-дікі  жұрнақты  сөздер  жекеше  де,  көпше  де  барлық  жақта  жұм-

сала береді. Мысалы: Менікі де сол  бала табу, нан жабу (Ө. Қа-

нахин).  Сіздікі  дұрыс  (М.Əуезов).  Біздердікі  ең  болмаса  арты-

мыздағы қатын, балаларымызға аяушылығы болар ма екен деген 

далбаса тілек (Ə.Кекілбаев).

Көмекші  сөзді  бастауыштар.  Көмекші  етістікті  баста-

уыш.  Күрделі  бастауыштың  көмекші  етістіктер  арқылы  жасалуы 

тілімізде  жиі  кездеседі.  Əрине,  көмекші  етістіктердің  ішінде  ар-

найы көмекші етістік түрлері көп қолданылады. Арнайы көмекші 

етістіктерге -е, -де көмекші етістігі жататындығы белгілі. Əдетте, 

бұл  көмекші  етістіктер  туралы  айтқанда,  негізінде,  олардың 

сөйлемнің  соңында  келіп,  баяндауыштың  құрамында  жұмсалуы 

көп  сөз  болады  да,  олардың  сөйлемнің  ішінде  түрлі  морфоло-

гиялық  құрамда  келіп,  өзі  қатысты  сөздерді  бастауыш  қызме-

тінде өзгертуі арнайы қаралған емес.

Де  көмекші  етістігі  қатысты  күрделі  бастауыш.  Де  көмекші 

етістігі  есімше  тұлғасында  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік, 

тіпті  етістіктермен  де  түйдекті  тіркестер  құрай  келіп,  бастауыш 

қызметінде  жұмсала  береді.  Ондай  кезде  негізгі  сөздер  көбіне 

нөлдік формада, кейде септік жалғаулы есімдер болып келе береді. 

Мəселен, Ана деген қандай жақсы (Б. Майлин). Тұрақты тіркес те 

де  көмекші  етістігі  арқылы  келеді.  «Шешінген  судан  тайынбай-

ды» – деген  бар  емес  пе.  Сонан  соң  алдымен  «Көрмеген  жердің 

ой-шұқыры көп» деген бар емес пе? («Қазақ əдебиеті»).

Де  көмекші  етістігінің  есімше  түрі  көптік  те,  тəуелдік  те 

жалғауларында  əртүрлі  сөз  таптарымен  түйдекті  түрде  келе  бе-



457

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

реді: Біздің совхозда Шатырбаев дегендер жоқ қой? («Социалис-

тік  Қазақстан»).  Кереге  мен  уық  бояйтын  жоса  дегеніміз  осы 

дейді тағы да Қуанышбай («Қазақ əдебиеті»). Ерінен қалған мал-

мүлікке  əйел  еншілес  емес  дегендеріңіз  үлкен  жəбір  (Ғ.  Мүсі-

репов).  Барыс  жалғаулы  есімдер  тəуелдік  жалғаулы  де  көмекші 

етістігі  арқылы:  Қит  етсе  əйеліңе,  əйеліңе  дейтінің  бар  екен 

(С. Жүнісов).

Негізгі  сөздер  қимыл  есімді  тұлғалы  де  көмекші  етістігі 

арқылы.  Ондай  кезде  қимыл  есім  тұлғалы  де  көмекші  етістігі 

атау  жəне  тəуелдік  формаларда  да  келе  береді.  «Себемін», 

«көтеремін», «жөндеймін»  деу  аузыңнан  шықпасын  (Д.  Досжа-

нов). – Рас, солай деуің де дұрыс, Айша келін (Ж. Молдағалиев). 

Жетпей  тұрса  бір  тиын,  теңге  деу  де  тым  қиын  (Маржан  сөз). 

Кейде  де  көмекші  етістігі  есімше,  онан  кейін  жатыс  септігінің 

жалғауында тұрып та, сөйлемде қимылдың иесі ретінде жұмсалу 

процесі  пайда  бола  бастайды.  Əрине,  де  көмекші  етістігінің 

екінші тұлғасы арқылы жасалуы мол кездессе, ал бұл процесс тек 

қалыптасу  дəрежесінде.  Мысалы:  Содан  үйге  кірдік,  үй  дегенде 

біздің  ауылдағы  сияқты  тоқал  там  (Ш.  Мұртазаев).  Əсіресе,  зат 

есімге  шартты  райлы  бол  етістігі  арқылы  да  бастауыштың  жаса-

луы  қазіргі  кезде  жиі  кездесе  бастады.  Мысалы:  Мағжан  болса 

Алматыға  кетуге  асық.  Ал  мен  болсам  сезіктенемін («Лениншіл 

жас»).  Кейде  бол  етістігі  сын  қосымшасын  жалғап  барып  та  зат 

есімдермен түйдекті тіркестер арқылы бастауыш жасалады: Шы-

нымды  айтсам,  аудан  болсын,  облыс  болсын  үлкен  кеңселерден 

қаймығады (С. Бердіқұлов).

Шылаулы бастауыш. Қазіргі əдеби тіліміздің дамуы барысын-

да  септеулік  шылаулардың  өзі  қатысты  сөздердің  синтаксистік 

қызметіне  əсері  арта  түскенін  көруге  болады.  Осы  күнгі  публи-

цистика,  көркем  əдебиетте  шылаулардың  өте  жиі  қолданыла 

бастағандығы айқын. Осы күнге дейін шылаулар қатысты сөздер 

тек пысықтауыш бо лады делініп келсе, енді септеулік шылаулар 

арқылы бастауыш та жасалатындығын көруге болады.

Бастауыш – сөйлемдегі  ойдың  негізгі  иесі.  Бастауыштар-

дың  жасалуында  шылау,  оның  ішінде  септеулік  шылаулардың 

жұмсалу процесі əлі күнге дейін тіпті елене бермейді. Сондықтан 

да əдеби тілімізде септеулік шылаулар арқылы да жаңа қалыптаса 

бастаған  бастауыштық  тұлғалардың  бар  екені  белгілі.  Ол  үшін 



458

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

мына  сөйлемдерді  талдап  көрелік.  Қараңғы  қазақ  даласында  Ле-

нин  атын  тілі  шыққан  жас  балаға  дейін  біледі  (Ғ.  Мұстафин). 

Уақытында  Шұғаның  əңгімесін  бұл  өлкенің  баласына  шейін 

біліп  болып  еді  (Б.  Майлин).  Олардың  ішінде  балалар  өмірінен 

жазылған повесть, əңгімелерден бастап пионер активтеріне көмек 



кітапшаларға  дейін  бар («Пионер»).  Осы  сөйлемдердегі  балаға 

дейін, аласына шейін, кітапшаларға дейін сияқты барыс жалғаулы 

зат  есімдер  мен  дейін,  шейін  шылаулы  түйдекті  тіркестер  негі-

зінде  пысықтауыш  деп  айтылуы,  түсіндірілуі  тиіс.  Ал  негізінде 

дəл  сол  түйдекті  тіркестердің  құрамында  шылаулар  қатысуына 

қарамастан,  сол  қалпында  олар  бастауыш  қызметінде  жұмсалып 

тұр.  Сонда  балаға  дейін,  баласына  шейін,  кітапшаларға  дейін 

барыс жалғаулы сөздері мен шылаудың тіркесі арқылы жасалған 

мұндай  формалар  негізінде  бастауыштық    тұлға    емес,  бірақ 

мағыналық  жағынан  бастауыш  қызметін  атқарып  тұр.  Негізінде 

ондай тұлғалы бастауыштар балалары да, кітапшалары да  сияқты 

тұлғада айтылуы тиіс еді, енді тілдік айтылу жүйесінің кеңеюіне 

байланысты  тіпті  бастауыштық  жаңа  тұлға,  яғни  шылаулы  түрі 

айқындалып  отыр.  Бастауыштық  мұндай  тұлғаға  шылаулардың 

ішінде  тек  кейін,  шейін  шылаулары  ғана  қатыса  алады.  Барыс 

жалғаулы  сөз  бен  шылау  арқылы  бастауыштық  тұлға  кейінгі 

кездің жемісі дегенімізбен, мұндай құбылыс қазіргі кезде көркем 

əдебиет,  публицистикада  едəуір  орын  алып  отыр:  Қатын-бала, 

кемпір-шалға  шейін  тыста  (М.  Əуезов).  Кəрі-құртаңдарға  дейін 

жалғыз  атына  міне  салып,  асыға  келіп  жатқан  себептері  де  сол 

(С. Жүнісов). Салалы келген аппақ сұлу саусақтарына шейін өз-

геше (М. Əуезов).

Көмекші есімді бастауыш. Жалпы, көмекші есімдер ілік жал-

ғаулы  сөздің  ашық  жəне  жасырын  түрімен  түйдекті  тіркес  құ-

райды. Ондай кезде ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі 

сөздер  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалатын  сөздер  бо-

луы  тиіс.  Арнайы  синтаксистік  қызметі  бар  дербес  мағыналы 

сөздердің  синтаксистік  қызметін  өзара  синтаксистік  қызметі 

жоқ  көмекші  есімдер  əртүрлі  сөйлем  мүшесіне  ауыстыра  алады. 

Əсіресе, көмекші есімдер тəуелдік жалғауында тұрып, бастауыш 

қызметінде жұмсала алады. Үстім  көк, астым  теңіз, атым  – кеме 

(Т. Жароков). Ілік жалғауының жасырын түріндегі əртүрлі сөздер 

мен  көмекші  есімнің  тіркесі  арқылы:  Кешікпей  мектеп  алды 


459

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

адамға толды (С. Адамбеков). Үлбіреген бет пердеден үй іші қара 

көлеңкеленіп, айқындалмай бұлаң көрінеді (Ə. Əлімжанов).

Ілік  жалғауының  жасырын  түріндегі  сөз  таптары  мен  тəуел-

діктің III жағындағы көмекші есімді мұндай түйдекті тіркестерде 

негізгі  сөздің  ілік  жалғауының  жасырын  екендігі  айқын  болып 

тұрады.  Бірақ  кей  жағдайларда III жақ  көмекші  есімі  қатысты 

сөздер  тобы  бастауыш  қызметінде  жұмсалған  кезде  ол  көмекші 

есім  тəуелденіп  те  жұмсала  береді.  Ол  оның  бір  ерекшелігі 

болса,  екіншіден,  оның  негізгі  сыңарларындағы  ілік  жалғауы 

онша  біліне  де  бермейді.  Мысалы:  Жоғарғы  жағы  күміс  білем 

(Ғ. Мүсірепов). Оң жағы – кішкене Нева (С. Ерубаев). Үлкенді-

кішілі  екі  жағы  да  мақта («Қазақ  əдебиеті»).  Бұл  көмекші  есім-

дердің ішінде тек жақ сөзіне қатысты бір ерекшелік деп білеміз. 

Ілік  жалғауының  ашық  түрі  мен  тəуелдік  жалғаулы  көмекші 

есім  арқылы:  Базардың  іші  тағы  да  даң-дұңға  толып  кетті 

(Ə. Əлімжанов). Оның алды алаң, айналасы  алма (Ғ. Мұстафин). 

Кейде  мұндай  тіркестерде  көмекші  есімдер  қосарланып  та  жұм-

сала береді: Қаланыц іші-сырты əскер (X. Есенжанов).

Модаль  сөзді  бастауыш.  Бастауыштың  ендігі  бір  түрі  модаль 

сөздер арқылы келуі. Модаль сөзді бастауыш осы уақытқа дейін 

сөз болған емес деуге де болады. Өйткені модаль сөзге жатқызып 

жүрген  сөздердің  өзі  туралы  да  осы  уақытқа  дейін  ғалымдар 

белгілі  бір  пікірге  келген  емес.  Ол  сөздерді  белгілі  сөз  тапта-

рына  жатқызу  жөнінде  бірнеше  пікір  бар.  Кейбір  ғалымдар  оны 

сықылды,  секілді,  сияқты,  болар,  тəрізді  сөздерін    шылау  деп 

білсе,  енді  бір  топ  ғалымдар  оны  бейтарап  сөздерге  жатқызып 

жүр. Шындап келгенде, мұндай сөздерді модаль cөздер деп беруді 

біз  жөн  көріп  отырмыз.  Жалпы,  мұндай  модаль  сөзді  бастауыш-

тар  тілімізде  бар  делінгенімен,  ондай  модаль  сөзді  бастауыштар 

сияқты,  тəрізді  сөздерінің  көптеліп  келуі  арқылы  ғана  жасала-

ды. Ондай кезде ол модаль сөздер көбіне зат есім, есімдіктермен 

ғана түйдекті тіркесте келеді. Мысалы: Мына Əлжанов сияқ-тылар 

алдаса  керек  мені  (С.  Адамбеков).  Сен  сияқтылар  да  əдебиетте 

жүр-ау («Қазақ  əдебиеті»).  Совет  өкіметі  болмаса  сіз  сияқтылар 

өмірі  мұқтаждықтың  тырнағынан  шыға  алар  ма  еді  (С.  Сейфул-

лин).  Іштерінде  «əкесі  болды  жетесіз,  шешесі  болды  некесіз» 

деген сияқтылары да бар (С. Мұқанов).

Бар,  жоқ  сөздерінің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы. 

Қазір  жұрт  ферма  басына  үй  салып  жатыр.  Сауыншылардың 



460

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

үстіндегі халаты дəрігер халатынан кем емес. Ал біздің барымыз 

осы (Қ. Найманбаев).

Қысқарған  сөздердің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы. 

Жалпы ЗАГС дегенің жай сөз (Қ.Найманбаев). 



Жеке  дыбыстардың  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы. 

Оның үстіне фотокөшірмеде оның қандай дивизия екені көмескі 

шығыпты, д-сы айқын да, оның алдындағы əрпі адам танығысыз 

(Ə. Нұршайықов). «М» жатыр «У»-дың қасында, «Жу» деген сөз 

жоқ  расында.  «Д»  отыр  «О»-ның  солында,  Мəнісі  жоқ-ау  оның 

да. «Е» əрпі «Ф»-мен көрші екен, Үйлессіз көрші ерсі екен... Ды-

быстар  дəл  де  тап  баса,  Дəніс  жоқ  орнын  таппаса.  «О»  мен  «Т» 

қатар  дөп  келіп,  Оқылды,  маздап  от  болып. «Е»-ге  кеп  «Р»  да 

жанасты, «Ер  ғой»  деп  ол  жұрт  тарасты.  «Т»  мен  «У»  да  келді 

деп,  Ту    шалқиды  желбіреп. «А»-ға  кеп  «Я»  таянды,  Аты  боп 

шықты  Аяның.  Əр  сөзде  дыбыс  орны  бар,  Орайын  тауып  орны-

ғар (М. Əлімбаев).



Бір  сөздің  қайталануы  арқылы  жасалған  бастауыштар. 

Бойжетіпсің.  Əдемінің  əдемісі  сендей-ақ  болар,  қарағым.  Сағын 

атамның  əкесінің  əкесі  мен  Қабыш  ағамның  əкесінің  əкесі  аға-

йынды  екен  (Б.  Нұржекеев).  Алданыштың  «папа»  дегені  қыз-

ғаныш тудырар, тағы-тағылар сылтау іздеген адамға толып жат-

қан жоқ па (Б. Нұржекеев).



Сонымен,  бастауыш  сөйлемде  орындалған,  орындалып 

отырған,  орындалатын  істің  иесі  бола  отырып,  барлық  сөз 

табынан,  заттанған  барлық  тұлғадағы  сөздерден,  түрлі  кө-

мекші сөздерден, тіпті жеке дыбыстан да жасалады демекпіз.

ƏДЕБИЕТ

1.   Мещанинов  И.И.  Структура  предложения.  М.-  Л., 1963; Золото-

ва  Г.А.  Очерк  функционального  синтаксиса  русского  языка.  М., 

1973.


2.   Насилов

  

В. Роль



 

сказуемого в уйгурском предложении. Труды Инс-

титута востоковедения. №1, 1939.

3.   Шахматов  А.А.  Синтаксис  русского  языка.  Л.,  1941;  Смирниц-

кий А.И. Синтаксис английского языка. М., 1957. 

4.   Абрамов В.П.Синтаксические потенции глагола в сопоставлении с 

потенциями других частей речи//Филологические науки. № 3, 1966; 


461

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Холодович  А.А.  Проблемы  грамматической  теории.  Л.,  1979;  Рас-

попов  И.П.  Сказуемое  как  конструктивный  центр  предложения. 

В книгах: Теоретические проблемы синтаксиса  современных индо-

европейских языков. Л., 1975.

5.

  

Бархударов  Л.С.  Структура  простого  предложения  современного 

английского языка. М., 1966;  Белошапкова В.А. Заметки синтакси-

ческой связи между подлежащим и сказуемым. В книгах: Вопросы 

русского языкознания. М., 1979.

6.   Мещанинов И.И. Члены предложения и части речи. Изд. 2-ое. М., 

1978; Русская грамматика. М., 980.

7.

  

Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал-

маты, 1940.

8.   Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974.

9.

  

Қазақ  тілінің  грамматикасы.  Алматы, 1967; Əміров P.С.  Жай  сөй-



лем синтаксисі. Алматы, 1983.

10.   Аманжолов  С.  Сөйлем  мүшелерін  топтастыру  мəселесі // Тіл 

мəселелері.  Мақалалар  жинағы.  ІІ  кітап.  Алматы,1976;  Бəйтенов  І. 

Сөйлем  мүшелері  туралы // Ауыл  мұғалімі, 1939; Балақаев  М. 

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері // Халық мұғалімі, 1949; Бастауыштың 

жақтық  мағынасы // Халық  мұғалімі. 1946;  Активизация  субъекта 

в  казахском  языке // Известия  АН  КазССР,  Серия  лингвистичес-

кая. 1948; Тұрлаулы  мүшелердің  байланысы // Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының  Хабарлары.  Лингвистикалық  серия, 1950; Басы-

мов X. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939; Хасенов Ə. 

Есім  сөздерден  жасалған  бастауыш  пен  баяндауыштар  жəне  олар-

дың тыныс белгілері //Халық мұғалімі, 1955; Аманжолов С. Баста-

уыш туралы // Қазақстан мектебі, 1974; Бастауыш // Қазақ совет эн-

циклопедиясы. Алматы, 1973.

11.

  

Бектаева  Ш.  Бастауыш  пен  баяндауыштардың  инверсиялары // 



Қазақстан мектебі, 1968; Миллер Е.Н., Чукуев А.А. Место подлежа-

щего в простом предложении в русском, немецком и казахском язы-

ках. В кн.:  Зарубежное языкознание и литература (КазГУ), Вып.3. 

Алма-Ата, 1978; Тұрлаулы мүшелері зат есім сөйлемдердің стиль-

дік қызметі //Қазақстан мектебі, 1979.  

12.


  

Басымов X. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939.

13.   Аманжолов  С.  Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің  қысқаша  курсы. 

Алматы,1940.

14.   Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1949. 

15.   Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.

16.   Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.

17.   Аманжолов С.,Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім. 

1939.

18.   Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің  қысқаша курсы. Ал-



маты, 1950.

462

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

19.   Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.

20.   Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.

21.   Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 

1939; Арғынов X. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 

1967.


22.   Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 

23.


  

Жапаров А. Азыркы кыргыз тили. II бөлім. Фрунзе, 1966. 

24.   Хозирги узбек адабий тили. ІІ. Ташкент, 1966.

25.   Санжеев Г. Д. Грамматика бурято-монгольских языков, М.-Л., 1941.

26.   Убрятова Е. ПИсследования по синтаксису якутского языка. М.-Л., 

1950.

27. 


  

Баскаков  А.Н.  Предложение  в  современном  турецком  языке.  М., 

1984.

28.   Кононов  А.Н.  Грамматика  современного  узбекского  литературно-



го  языка.  М.-Л., 1960; Һазирқи  заман  уйгур  тили.  Алматы, 1966; 

Хəзирги қарақалпақ тили. Синтаксис. Нукус, 1986.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет