Талғат сайрамбаев


Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет45/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58

Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Етістіктердің ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы жағы-

нан өте аз айтылатыны – қимыл есімі. Қазіргі ғылыми еңбектер-

дегі қимыл есімдерінің баяндауыш болуы тек -у жұрнағы арқылы 

ғана  жұмсалатындығы  белгілі.  Ал  қимыл  есімді  баяндауыштар 

дара да, күрделі де түрде жұмсалады. Қимыл есімді баяндауыштар-

дың  тұлғалық  түрлерінің  əртүрлі  болуы  оларға  түрлі  жалғаулар-

дың  жалғануы,  көмекші  сөздердің  қосарлануы  жəне  олардың 

септеліп келуіне байланысты. 

Қимыл  есімдері  таза  түрінде  келуі  арқылы  баяндауыш  болу-

ында негізінде у жұрнағы түбір етістікке тікелей де немесе түрлі 

етістіктердің басқа жұрнақты түрлеріне кейін де жалғана береді: 

Күн тəртібіндегі мəселе егіс жоспарын өсіру (Б.Майлин). Мұндағы 

басты  мақсат,  тиімді  тəсіл – сүтті  күбіден  шайқап  май  шығару 

(Ш.Сариев). Кейде қимыл есімдері тəуелденіп барып та жұмсала 

береді: Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы (Ж.Руссо). Аузың 

кенердей болып, қара басып отыруың... (Ж.Аймауытов).


483

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Қимыл  есімді  етістіктер  септеліп  келіп  те  баяндауыш  бола-

ды.  Ондай  кезде  олар  дара  күйінде  алынып,  жатыс  септігінде 

тұрады. Мысалы: Жергілікті қазақ жылқысы түбірімен жақсарды 

жəне  жақсаруда  (С.Көбеев).  Қасқыр  аяқтарын  серпіп  жантала-

суда (С.Мұқанов). Қимыл есімді баяндауыштар күрделі түрде де 

жұмсалады. Ондай кезде қимыл есімдері негізгі мағынаға ие бо-

лып, тəуелденіп, септеліп жəне түрлі жұрнақтар жалғап, сондай-ақ 

түрлі көмекші сөздер арқылы түйдектеліп жұмсалады.

Таза  қимыл  есімді  баяндауышқа  көмекші  сөздердің  тіркесуі 

арқылы  баяндауыш  жасалуында  өзіндік  ерекшелік  бар.  Егер 

көсемше, есімшелер күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалғанда 

оларды күрделендіруші негізінен көмекші етістіктер болса, қимыл 

есімді  күрделі  баяндауыш  кезінде  алдымен  модаль  сөздер  көп 

жұмсалады, одан кейін барып көмекші етістіктер келе береді. Мы-

салы: Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек (С.Мұқанов). 

Сол  жайлы  осында  жеткенше,  Айгүлдің  əні  үзілмеу  керек 

(Ғ.Мүсірепов).  Құшақтар,  сүйер  деп  едім,  өйтпеді,  жұрттың  бəрі 

самсап қарап тұрған соң ибалық қылды білем... ұялды, құшақтау 



керек еді, сүю керек еді (Б.Майлин).

Қимыл  есімді  күрделі  баяндауыштардың  бірінші  сыңарлары 

көбіне  барыс,  кейде  көмектес  жалғауында  келеді  де,  оларды 

күрделендіруші етістіктер əдеттегідей өз мағынасы бар етістіктер 

болып  келеді.  Бірақ  бұл  етістіктер  əдетте  дербес  мағыналы 

етістіктер  болғанымен,  бұл  жерде  міндетті  түрде  көмекшілік 

қызмет  қана  атқарады.  Сені  үрейлендірмеймін  деп  айта  алмай 

отырған  сөзімді  енді  амалсыз  айтуға  тура  келеді  (С.Мұқанов). 

Көпке шейін Абай тек Тоғжанның жүзіне телміре қараумен бола-

тын (М.Əуезов). Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың қимыл 

есімі -шы,-ші жұрнағы арқылы келеді де, оған көмекші етістіктер 

көмекшілік  қызмет  атқарады.  Мысалы:  Жаның  кеудеңе  сыймай 

бара  жатса,  соған  апара  сал,  бірақ  өзіңнен  басқа    сезуші  болма-



сын, сезуші болса сен де, мен де тірі болмаймыз, – деді (Ертегіден). 

Беркімбайға  арқа  сүйеп,  Есімбек  «сол  өгіз  сойған»  ең  шұрайлы 

жеріне қонушы еді (Б.Майлин). Кейде ондай қимыл есімді негізгі 

сыңарлары -лы,-лі жұрнағы арқылы келе береді. Мысалы: Ұлпан 

туған  аулына  келсе,  əке-шешесінің  ескі  үлкен  қоңыр  үйі  тігулі, 

бар-жоғы  төсеулі  екен  (Ғ.Мүсірепов).  Сонымен  бірге,  кейде 



484

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

негізгі сыңары қимыл есімдерінен соң, есімшенің жұрнағы, онан 

кейін көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасала береді. Бұл кате-

гория  басқаларына  қарағанда  сиректеу  кездеседі:  Əлденені 

білдіргісі келмей шешесін алдаусырататын сияқтанады (Ғ. Мү-

сірепов). 



Шартты райлы етістіктердің 

баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Əдетте  шартты  райлы  баяндауыш  сабақтас  құрмалас  сөй-

лемнің  бағыныңқы  сыңарында  ғана  жұмсалады  делініп  келеді. 

Ол  дұрыс  та. Оның  олай  болу  себебі  шартты  райлы  етістіктерде 

тиянақтылықтың  болмауынан.  Осы  қасиетіне  сай  олар  құрмалас 

сөйлемнің  басыңқы  сыңарындағы  əдеттегі  жай  сөйлемдерде 

қолданылмайды. Бірақ тіл үнемі даму процесінде болатыны белгілі. 

Сондай даму немесе əдеттегі сөйлемдерді тиянақтау – шартты рай-

лы етістіктерге де тəн құбылыс болу – кейінгі кездің жемісі. Шарт-

ты райлы етістіктердің баяндауыш болуының бірнеше тəсілі бар. 

Соның  бірі  шартты  райлы  етістіктердің  таза  күйде  келіп  жұмса-

луы  болып  табылады.  Мысалы:  Əйелге  ердің  шашы  ағарғаны, 

бетінің  əжімденгені  есеп  емес,  тек  ер  құшағында  əйелді  өртей 

білсе  (Ғ.Мүсірепов).  Етістіктердің  негізгі  сыңары  көсемше  тұл-

ғалы  етістік,  яғни  негізгі  мəн  өртей  етістігінде  екендігі  белгілі. 

Бірақ көсемше де өз алдына жай сөйлемде баяндауыш бола алмай-

ды. Сонда осы арада өртей де, білсе де –мұндай екі тұлғалы етістік-

тер тиянақты баяндауыштық тұлға бола алмайды. Осы тұрысында 

олар сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз бағыныңқы түрі бо-

лып  жұмсалуы  тиіс.Жоғарыда  берілген  сөйлемдегі  ойды  осы  екі 

етістік дəл осы жерде сөйлемді тиянақтап тұрған сияқты. Десек те 

олар  бəрібір  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердегі  шарттылық  мəнін 

бұл жерде де сақтап тұрған тəрізді.

Шартты  райлы  етістіктер  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  ба-

яндауышы  ретінде  жіктеліп  те  жұмсала  беретіні  белгілі.  Он-

дай  тұлғада  олар  қалайда  бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышы 

қызметінде  жұмсалғанымен,  кейде  ондай  жалғаулардан  соң 



-шы,-ші,  жұрнағының  қосылуы  арқылы  енді  тиянақты  баянда-

уыш  қызметінде  де    жұмсала  алады.  Мысалы:  Өшірет  демекші, 



485

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

аузыма қайдан түсті өзі, жарықтық, арақтың өшіретін айтсаңшы 

(Ш.Сариев).

Шартты райлы етістіктердің тиянақты баяндауыш қызметінде 

жұмсалуында  көмекші  сөздердің  қызметі  ерекше.  Тек  көмекші 

етістік  немесе  модаль  сөздер  тіркесіп  жұмсалуы  арқылы  оларда 

тиянақтылығы нақтылана түседі де, сол тобымен күрделі баянда-

уыш  қызметінде  жұмсалады.  Ондай  күрделі  баяндауыш  кезінде 

шартты райлы етістіктер таза күйінде жəне жіктік жалғауларында 

да келуі арқылы жұмсала береді. Кейде шартты райлы баяндауышқа 

бір  немесе  бірнеше  көмекші  етістіктер  де  бірлікте  келе  береді. 

Шартты райлы ондай баяндауыштар көбіне жай немесе құрмалас 

сөйлемнің  басыңқы  сыңарларында  ғана  жұмсалып  қоймай,  сала-

лас  сөйлемдердің  бірінші  сыңарында  да  жұмсала  береді.  Мыса-

лы:  Ендеше,  мен  неге  тығылам, – деді  Шоқан. – Ауылға  шапса 

дегенім ғой (С.Мұқанов). Əбдірахман мектепті бітіргенде дабысы 

жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек 

(Б.Майлин).  Бір  сөзді  күллі  жұртқа  жайғың  келсе,  біздің  үйдің 

көршісіне ешкімге айтпа деп айтсаң  болды, сол бойда алдыңнан 

шығады (Ш.Сариев).

Көсемшенің  баяндауыш  болуы.  Көсемше  баяндауыш  қыз-

метінде  жеке  тұрғанда  тек  сабақтас  құрмалас  сөйлемде  ғана 

жұмсалып,  сөйлемнің  тиянақсыз  түрін  құрайтыны  белгілі.  Ал 

жай  сөйлем  немесе  құрмалас  сөйлемнің  басыңқы  сыңарының 

тиянақты  баяндауышы  болуы  үшін  түрлі  көмекші  сөздер 

қосылып,  жалғаулар  жалғанып,  күрделеніп  барып  қолданылады. 

Біз бұл арада көсемшелердің тек тиянақты баяндауыш қызметінде 

жұмсалуы турасында сөз етеміз. Көсемшенің негізгі жұрнақтары 



-ып, -iп, -п, -а, -е, -й  жəне  -қалы, -келі, -ғалы, -гелі  екені  белгілі. 

Бірақ  А.  Ысқақов  көсемшенің  жұрнағының  бірі  ретінде  -ғанша 

жұрнағын  жəне  оның  нұсқаларын  да  жатқызады.  Шынында,  бұл 

жұрнақ  тұлғалық  жағынан (-ған, -ша)  есімше  екені  айқын.  Бірақ 

автор  бұл  жұрнақты  сөздердің  есімшеге  тəн  тіркесу  қабілеті, 

синтаксистік қызметі жағын ескере келіп, көсемше тобына қосқан. 

Таз таранғанша, той тарқар (Мақал).

Көсемшенің  осы  жұрнақты  түрлері  сол  жеке  қалпында  дара 

тұрып,  тиянақты  баяндауыш  бола  алмаса  керек.  Бірақ  кейде  он-

дай  тұлғалы  көсемшелер  баяндауыш  қызметінде  де  жұмсалады. 



486

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бірақ  ондай  көсемшелердің  баяндауыш  болуы  үнемі  көмекші 

етістіктер  немесе  есімше  тұлғалы  етістіктердің  дəнекер  болуы 

арқылы  жүзеге  асса,  кейде  көсемшелердің  тиянақты  баяндауыш  

қызметінде жұмсалуына себеп болатын дəнекерлер сұраулық шы-

лаулар болады. Мысалы: Үйіңізде секіртетін емес, көкіртетін дəрі 



табыла  ма?  (Ш.Сариев).  Мені  айта  ма,сені  айта  ма?  (F.Мүсі-

репов).


Осы  сөйлемдегі  табыла,  айта  алдағы  уақыттағы  амал-

əрекетті білдіруі керек, сөйтіп ол тиянақсыз дəрежеде тұр. Бірақ 

осы  тұлғалы  көсемшелерді  сұраулық  шылаулар  ғана  тиянақтап, 

өз алдында таза көсемшелі баяндауыш етіп тұр. Көсемшелер дара 

күйінде  баяндауыш  қызметінде  көбіне  жіктік  жалғауында  келуі 

арқылы  ғана  қолданылады.  Кейде  жіктік  жалғаулы  көсемшелер 

көптеліп  те  баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді:  Шығармын 

адам  болсам  тірі  болып,  Жүрмеймін  бұл  жиһанда  жаман  болып 

(С.Торайғыров).  Бəтестің  қалған  сүрін  бүгін  түгел  астырамыз 

(С.Мұқанов).  Компанияның  жүз  жиырма  пайызының  алпысын 

маған бересіздер (Ғ.Мүсірепов).

Көсемшелердің  күрделі  түрінің  баяндауыш  болуының  бірне-

ше жолы бар. Көсемшелер баяндауыш қызметінде күрделі түрінде 

келсе  де,  бəрібір  өз  алдына  тиянақтылық  дəрежеде  жұмсала 

алмайды.  Ондай  кезде  күрделі  топтардың  соңғысы  қалай  да 

тиянақтылық дəрежеге түрлі формаларды қабылдап барып жете-

ді. Бірақ негізгі басты сыңарлары таза көсемше болуы қажет: а) Екі 

не  одан  да  көп  көсемшелер  жіктік  жалғауын  қабылдауы  арқылы 

ғана көсемшелі күрделі баяндауыш жасалады. Мұндай кезде -ып, 

-in, -n жұрнақтары көсемше мен -а, -е, -й жұрнақты көсемшелер 

өзара  түйдектелуі  арқылы  жасалады.  Мысалы:  Үлкендері  жаста-

рын наздана қарпып жібереді (X.Есенжанов). Кейбір өзі білмей-

тін  қиын  сөздерін  ұстап  қалады  (М.Əуезов).  Кең  даланы  бас-

қан  қалың  қар  күн  сайын  жіпсіп  ери  түседі  (С.Сейфуллин). 

Теміржандар осылай қиғылықты салады да тұрады (Ғ.Мұстафин). 

ə)  Көсемшелер  түрлі  сөздердің  тіркесі  арқылы  жасалады. 

Негізінен көсемшеге көмекші етістіктер ғана арнайы қатыса ала-

ды. Мұның өзі көсемшенің етістіктің басқа топтарына қарағанда 

өзіндік  бір  ерекшелігі  болып  табылады.  Ондай  көмекші  сөздер 

а) де, е; ə) отыр, тұр, жүр, жатыр; б) Сіздер маған кеп пе едіңіз-


487

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

дер  (З.Шашкин).  Ол  газетті  лаулап  жанған  пешке  салды,  сонда 

барып тұла бойын жайлаған үрей дірілі басылайын деді (М. Сера-

лин).

б) Көсемшелерге отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктері 



тіркесі арқылы: Мен үйге келсем, Əбдірахманның қаладан келгенін 

естіп,  үй іші қуанып отыр екен (Б.Майлин). Қонақтар аттанғалы 

жатыр (Ғ.Мұстафин). – Отағасы, сіз қашанғы хандықты жəне қай 

хандықты айтып отырсыз? (Ғ.Мүсірепов).

в) Көсемшелерге түрлі негізгі етістіктердің көмекші қызметте 

жұмсалуы  арқылы.  Мысалы:  Кішкене  жирені  қолына  тиген  соң, 

жігіт артына қарай-қарай ұзай берді (Ғ.Мүсірепов). Əуес ана үйіне 

тұра жүгірсін («Лениншіл  жас»). 

г) Көсемшелерге бар етістігінің көмекші қызметте жұмсалуы 

арқылы.  Мысалы:  Болыс,  старшын,  атшабарларын  жəне  песірін 

ертіп барыпты (М.Əуезов).

Көсемшелі күрделі баяндауышта негізгі сөзі көсемше тұлғалы 

сөз  болады.  Сондықтан  да  көсемшелі  баяндауыштың  бірінші 

сыңары – таза көсемше, келесі сөздері көмекші етістіктер болып 

келеді.  Күрделі  баяндауыштардың  негізгі  сөзі  жіктік  жалғаулы 

етістіктер болады да, оны күрделендіруші етістік көсемше тұлға-

лы  етістік  болып,  сол  тобымен  күрделі  көсемшелі  баяндауыш 

құрайды. Олар қимылдың созылыңқы істелуін көрсетеді. Мысалы: 

Қадірбай  ақын  Жəңгірдің  арғы-бергі  ата-бабасымен,  үрім-бұта-

ғын,  əйелі  мен  балаларын  мақтап  ағылады-ай  кеп  (Сөз  тапқанға 

қолқа  жоқ).  Ыдысты  ашып  жіберіп,  əлгі  екі  тақтайға  жабысқан 

сары майды қос жеңді түріп жіберіп, сылиды келіп (Ш.Сариев).

Міне, осындағы ағылады-ай кеп, сылиды кеп күрделі баянда-

уыштары  былай  қарағанда  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сы-

ңарының баяндауыш формасына ұқсас. Бірақ бұл баяндауыштар-

дың соңғы сыңары тиянақсыз көсемшеде тұрғанымен, бəрібір ол 

баяндауыштар тиянақты ойды білдіріп тұр. Өйткені форма жағы-

нан тиянақсыз сияқты болғанымен, бұл сөйлемдегі тиянақтаушы 

негізгі сөздер ағылады-ай кеп, сылиды кеп етістіктері де, ал кеп, 

келіп  көмекші  етістіктері  өзінің  көмекшілік  қызметін  атқарып 

тұр.  Сөйтіп,  сол  тобымен  бір-ақ  тиянақты  баяндауыш  болып 

жұмсалып отыр. 


488

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Есімше – морфологиялық  өзгеріске  де  жəне  синтаксистік 

қызметке  де  бай.  Əрине,  есімше  етістіктің  басқа  категориялары-

на қарағанда есімдер сияқты барлық сөйлем мүшесі бола береді. 

Соның ішінде есімшелердің баяндауыш болатыны  да анық. Бірақ 

есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы ғалымдар тарапынан 

оның  басқа  да  сөйлем  мүшелері  болуына  қарағанда  жан-жақты 

айтылмаған.  Есімшенің  синтаксистік  қызметі  туралы  еңбектерде 

есімше  де  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады  деп  бір-ақ  сөзбен 

айтып  өте  шығады.  Шынына  келгенде,  есімше    əрі  етістіктерде 

де,  есімдерде  де  мол  түрленетін  етістіктің  ең  үлкен  категория-

сы.  Бұндай  қасиеті  жағынан  есімше  етістіктің  басқа  түрлерінен 

айрықша  ерекшеленеді.  Есімше  баяндауыш  болған  кезде  үнемі 

сол қалпында өзіндік  лексикалық мағынасын толық сақтай алады. 

Осы қасиетіне қарамай-ақ бір ауыз сөзбен ғана олар да баяндауыш 

қызметінде жұмсалады деуі бізге жеткіліксіз. Есімшелер баянда-

уыш қызметінде жұмсалған кезде əрі етістікті, əрі есімді тұлға бо-

лып түрленуі арқылы жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне 

күрделі түрінде қолданылады.

Есімшелердің  ішінде  баяндауыш  қызметінде  -ған, -ген, -ар, 



-ер, -р, -а-тын, -е-тін, -и-тін  жұрнақты  түрлері  жұмсалады.  Ба-

яндауыш  қызметінде  есімшенің  -ған, -ген  жұрнақты  түрлері  көп 

қолданылады. Мысалы: Үстінен қыс киімінің бірі – қалың күпіні 

тастамаған.  Тағы  бір  жас  қатын-жеңге  де  үлкен  үйге  қарай 

ұмтылысқан (М.Əуезов). Мағаш пен Кəкітай бүл күндерде орыс-

ша  кітаптарды,  əсіресе  жеңіл  тілмен  жазылған  романдарды  көп 



оқитын (М.Əуезов). Саф алтындай шын талантты да сондай халық 

тудырар (Н.Мағзұмов). Бұл жұрнақты баяндауыштар таза түрімен 

бірге  жіктік  жалғаулары  арқылы  да  келе  береді:  Жылы  төсектен 

тұрса да салқыннан денесі сескенбеді (М.Əуезов). 

Ондай  жұрнақты  баяндауыштар  кейде  демеуліктер  мен  сұ-

раулық  шылаулар  арқылы  сұрау  мағынасында  жəне  түрлі  со-

зылыңқылықты  білдіруде  де  жұмсалады.  Есімшелі  сөздерге  сұ-

раулық  шылаулардың  жалғануы  арқылы  сөйлем  сұраулық  ин-

тонацияның  екпінімен  айтылып,  тиянақты  ойды  білдіреді.  Сон-

дықтан да сөйлемді тиянақтауға қатысы жоқ есімшелердің баянда-


489

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

уыш қызметінде жұмсалуы тек сұраулық шылаулардың əсерінен 

деп  білу  керек.  Бұған  қарағанда,  сұраулық  шылаулар  сөйлемде 

өзі жалғанған сөздерді сұраулы сөйлем етеді де, сөйлемдегі ойға 

тиянақтылық мəн береді. Мысалы: Əр ауыл қыстан қалай шықты, 

жұрттың  айдаған  малы  былтырғыдан  көбейген  бе,  азайған  ба? 

(Ғ.Мүсірепов).  Девяткин  фельдшерге  кісі  жіберген  бе?  (М.Əуе-

зов). – Сдачаны сұрағанды ма? Конечно, қою керек (Ш.Сариев). 

Есімшелер  септеліп,  тəуелденіп  жəне  көптеліп,  заттық  ма-

ғынаға ие болуына байланысты сөйлемде бастауыш қызметтерде 

жұмсалуға  тиіс.  Бірақ  есімшелер  сөйлемнің  соңында  келіп,  сөй-

лемді тиянақтап, баяндауыш қызметінде де жұмсалады. Кей кез-

де  ретіне  қарай  бір  есімше  əрі  тəуелденіп  те,  əрі  көптеліп  те 

жұмсалып,  баяндауыш бола береді. Мысалы: Осының маңайы жы-

бырлаған  шұқырынды  томар.  Əр  томарға  төрт-бес  үйден  қонып,  

бөлек-бөлек отырғандары (Б.Майлин). – Сауып отырған сиырдың 

сүтін  ақтап  жүрсін! – деп,  əлгі  Алтыбас  ит  дым  бермегені  ғой 

(Ғ. Мүсірепов).

Есімшелер  түрлі  жалғауларда  келуі  арқылы  баяндауыш  бо-

луымен  бірге,  -лық, -лік, -мақ, -мек, -дай, -дей  жұрнақтарын 

қабылдау  арқылы  да  сөйлем  соңында  келіп,  дара  баяндауыш 

қызметінде  жұмсалады.  Мысалы:  Оқтан  жасырынуға  өрт  түтіні 

де жетерлік. Күннің көзінің өзі де күнұзын көлге шомылып, жа-

нын  сақтайтындай.  Шай  тамақтан  өтпей  қалды.  Арам  ас  жеп 



отырғандаймыз.  Тіпті  ұрының  үйінде  отырғандаймыз  (Ғ.Мү-

сірепов).

Есімшелер  баяндауыш  қызметінде  күрделі  түрінде  де  жұм-

салады.  Осы  күнгі  еңбектерде  есімшелердің  баяндауыш  болуына, 

оның  үш  түрлі  жұрнақты  түрлеріне  назар  аударылып,  олардың 

күрделі  түрде  жұмсалуына  көңіл  бөліне  бермейді.  Əрине,  есімше 

тұлғалы  күрделі  баяндауыштардың  негізгі  сыңары  -ған, -ген, -ар, 

-ер, -р, -атын, -етін, -итін жəне -мақ, -мек, -дай, -дей жұрнақтары 

арқылы жасалады. Қосымша сыңары е, де, болар, шығар көмекші 

етістіктері  жəне  жоқ  сөзі;  сияқты,  тəрізді  модаль  сөздері;  салы-

ну,  ұқсау,  есептеу  етістіктері  қолданылады.  Əрине,  бұл  сияқты 

көмекші  сөздердің  негізгі  етістікке  түйдектеліп  келіп  баяндауыш 

болуында  шақтық  жағынан  онша  айырмашылық  болмағанымен, 

мағыналық  жағынан  əртүрлі  топты  көмекші  сөздердің  өзіндік 



490

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

ерекшелігі  барлығы  айқын.  Ондай  көмекші  сөздер  көбіне  -ған, 



-ген  жұрнақтарына  талғамай  түйдектеле  берсе,  ал  қалған  

есімшелері талғап барып жалғанады десек болады. 

Арнайы  е,  де  көмекші  етістіктері  тіркесіп  келген  есімшелі 

баяндауыштар: Хатты жіберетін адам табылмайды ғой, егер анық 

уəдесін  алсам,  ұзамай-ақ  кетер  едік  (Б.Майлин).  Ол  газеттегі 

мақаланы  оқыған  екен  (Н.Сералиев).  Шығар,  болар  көмекші 

етістікті  есімшелі  баяндауыштар:  Амалбек  те  баданадай-бадана-

дай шодыры қызыл көздері өрт болып  табалдырықтан аттаған 



болатын  (Н.Сералиев).  Бəлкім,  бұл  бейіттер  біздің  дəуіріміздің 

IX–X ғасырларында, қазақтардың арасында христиандықтың нес-

торион  түрінің  аз  уақыт  тарау  кезінде  салынған  шығар  (Қ.Сəт-

баев).  Жоқ  сөзі  қатысты  есімшелі  баяндауыштар: – Айдын, – 

деді  түннің  бір  уағында  келіншегі  сыбырлап. – Сен  ұйықтаған 

жоқсың  ба?  (Т.Кеңесбаев).  Сіз  бен  біз  дəметтірдік  те,  соның  ар 

жағында берерді бергеміз жоқ (М.Əуезов). Сияқты, тəрізді, т.б. 

модаль сөздер қатысты есімшелі баяндауыштар: Ондай əдемі да-

уысты одан кейін естімеген сияқтымын (Ə.Тəжібаев). Қос басын-

да екеумізге ермек табылатын тəрізді (Ə.Сəрсенбаев).

Есімшелерге  кейде  бірнеше  көмекші  сөздер  түйдектеліп  ба-

рып та күрделі баяндауыш жасала береді: Өйткені мұның алдын-

да дəл мұндай боп жақыннан шыққан қоңырау даусын естімеген 



сияқты  едім  (Ə.Нұршайықов).  Қаншама  жыл  өтсе  де,  өмірім 

өтіп кетсе де, үміт үзбей, Төстіктен бір хабар келер деп жүр едім 

(Ертегі).  Өзін-өзі  жəбірлеп  алып,  біраз  ақылға  келген  сияқты 

еді  (P.  Мұқанова).  Негізгі  сыңарлары  барыс,  шығыс  септікті 

есімшелерге  түрлі  көмекші  сөздердің  түйдектелуі  арқылы:  Жал-

пы жұрт – Күлзипаны Əбдірахман қайтсе де алады деп өздерінше 

мəселені біткенге есептейді (Б.Майлин). Негізгі сыңарлары -мақ, 



-мек жұрнақты есімшелерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі 

арқылы:  Абай  өзіме  бірдеме  айтпақ  па  екен?  (М.  Əуезов).  Тап 

өзіңіз  араласпағанда  Байдалы  мен  Тоқай  біздің  Шəйгөз  Уақты 

Есекеңнің асына да шақырмақшы емес екен (Ғ.Мүсірепов).

Негізгі  сыңарлары  -дай, -дей  жұрнақты  есімшелерге  түрлі 

көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Əр кездегі əдетінше, Игілік 

бұл  жолы  да  жаңа  бірдеме  айтатындай  көрінеді  (Ғ.Мүсірепов). 

Əлдекімнің арт жағымыздан сыңқылдап күлген даусы естілгендей 



491

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

болды  (Б.Майлин).  Негізгі  сыңарлары  -с    жұрнақты  есімшелерге 

түрлі  көмекші  етістіктердің  тіркесі  арқылы:  Атадан  мұңдық 

болып тумас едік, Бұрынғы ата-баба жолын қудық (Б. Майлин).

Кейде  негізгі  сыңары І жақ пен ІІ жақтың тəуелдік жалғауын-

да тұрып, онан кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы да жа-

салады: Пəуескесі магазиннен алған бұйымдарына толып та қалып 

еді. Оның үстіне қаланы кеңірек көргісі де келеді (Ғ.Мүсірепов). 

Айнабай  өзі  кедей  уақытында  күйеуге  беріп,  соңғы  кезде  шел 

бітіп,  тəуірленген  соң    айырғысы  келетін  (Б.Майлин). «Жə,  же-

тер!» – деп айғайлап жібергісі де келді (Ғ.Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет