Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58

Оңашаланған баяндауыш

Айқындауыш  барлық  еңбектерде  айтылып  келеді.  Ол  со-

нымен  бірге  Ш.Атымов  пен  О.Күлкенованың  арнайы  зерттеу 

жұмыстарында  да  cөз  болғаны  белгілі.  Жалпы,  айқындауыш 

мүше анықтауыштың бір түрі ретінде олар сөйлемде бір мүшеден 

соң тұрып, оны анықтап, түсіндіріп, қай мезгілде, қай жерде, т.б. 

ерекшеліктерін айқындап тұрады. М.Балақаев айқындауыш, оның 

ішінде  оңашаланған  айқындауыштарды:  оңашаланған  бастау-



511

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

ыш,  оңашаланған  толықтауыш,  оңашаланған  анықтауыш  жəне 

оңашаланған пысықтауыш деп осы төрт тобын берумен шектеледі.

Қазіргі  əдеби  тіл  материалы  негізінде  зерттей  келгенімізде, 

қазақ  тілінде  оңашаланған  айқындауыштың  бесінші  түрі,  яғни 

оңашаланған  баяндауыштардың  да  қалыптаса  бастағандығын 

көруге  болады.  Оңашаланған  мүшелердің  сөйлемнің  кез  кел-

ген  жерінде  келе  беретіндігі  анықталды.  Мысалы:  Ал,  жігіттер, 

ұядан ұшқалы отырсыңдар, ұшырып отырған мына біз, ағаларың 

(Б.Қыдырбекұлы).  Өзім  мұнда,  есіл-дертім  алыста,  Орал  жақта 

(Ш.Мұртазаев).  Асанчик,  біздің  бөлмеге  кел.  Кел,  қорықпа, 

тістемейміз.  Иə,  иə,  оң  жақта,  отыз  екінші  (М.Мақатаев)  деген 

сөйлемдердегі  негізгі  баяндауыштар  біз  есімдігі,  алыста  ба-

рыс  септікті  сын  есім  жəне  зат  есімге  жақта  көмекші  сөзінің 

тіркесуі  арқылы  жасалған  есімді  баяндауыштар.  Ал  оларды 

айқындап  тұрған  тəуелдік  жалғаулы – ағаларың.  Келесі  Орал 



жақта,  сосын  отыз  екінші    сөздері  біз,  алыста,  оң  жақта 

сөздерінің  айқындауыштары.  Əрине,  қазіргі  тілімізде  есімді 

баяндауыштардың бұл  түрлері сирек кездессе, ал зат есімді баянда-

уыш оны айқындайтын айқындауыш, яғни зат есімді айқындауыш 

мүшелер өте жиі кездеседі. Бірақ бұл мəселе əзірше сөз болмай, ар-

найы зерттелінбей отыр. Енді оңашаланған зат есімді баяндауыш,  

олардың тұлғалық ерекшеліктерін жəне соған сəйкес оңашаланған 

мүшелерінің жасалу жолдарын көрсетелік.

Баяндауышы  нөлдік  тұлғадағы  зат  есім  болып  келеді.  Мыса-

лы:  Махамбет  те  қонақ,  ат  жарысының  куəгері  (Н.Əбуталиев). 

Күн демалыс. Ертең мейрам, жетінші ноябрь (М.Мақатаев). Осы 

сөйлемдердегі негізгі баяндауыш қонақ жəне мейрам зат есімдері. 

Сонда  бірінші  сөйлемнің  баяндауышында  жалпы  қонақ  туралы 

айтылып, сонымен ғана тиянақтауға болар еді, бірақ ол қонақтың 



ат жарысына куəгер екендігі нақтылана түскен. Онда қонақтың 

не кəсіппен айналысатыны қоса көрсетілуі арқылы жалпы сөйлем, 

оның ішінде баяндауыш та күрделене түскен. Əрине, бұл жердегі 

жалпы сөйлемнің күрделенуіне оңашаланған айқындауыштардың 

рөлі  бар.  Сол  сияқты  екінші  сөйлемде  де  мейрам  зат  есімін 

жетінші  ноябрь    айқындауышы  мейрамның  қай  мейрам  екенін 

нақтылай түскен. Бұл жерде де оңашаланған баяндауыш күрделі 

түрде  берілген.  Жай  сөйлемнің  негізгі  баяндауышы  тəуелдік 


512

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

жалғаулы  зат  есімі  болады  да,  ал  оның  оңашаланған  айқында-

уышы  тəуелдік  жалғаулы  немесе  тəуелдік  жалғаусыз  сөздер,  не 

сөздер тобы бола береді: Ол – Өскенбайдың үлкен үйі, Зере отыр-



ған ауыл (М.Əуезов). Бəрі – балам, немерем, шөберем (Ж.Жабаев).

Жай  сөйлемнің  баяндауышы  зат  есімге  жайлы,  іспетті  шы-

лауларының  тіркесуі  арқылы  жасалса,  ал  ондай  баяндауыштың 

айқындауышы да зат есім мен сол шылаулардың тіркесі арқылы 

жасалады.  Жер  мен  көкке  дүр  сілкіндіріп,  мəңгілік  тонды  жі-

біткендей болған асқақ əн – Ұлы Достықтың гимні іспетті, бауыр-



лас  елдің  айнымас  асыл  сезімі  секілді  («Қазақ  əдебиеті»).  Поэма 

космос  жайлы,  космонавт  Юрий  Гагарин  жайлы  (М.Мақатаев). 

Ол – осы  жақында  болатын  ас  туралы,  Бөжейдің  асы  туралы 

(М.Əуезов).



Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде  зат  есімге  қарағанда  аз 

қолданылады.  Дегенмен  сын  есімдердің  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалуы    көбіне  біржақты  қаралып  жүр.  Өйткені  барлық 

əдебиеттерде  олардың  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  айтыла 

бермейді. Қалайда сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады 

дейді де, олардың тұлғалық көрсеткішін нақтылап көрсете алмай-

ды.  Шындығында,  сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде  жұмсалу 

үшін  олар  сөйлемнің  соңында  келіп,  оны  тиянақтап  тұруға 

тиіс.  Себебі  олар  сөйлемнің  басында  жəне  сөйлемнің  ішінде 

қолданылып,  қалайда  анықтауыштық  қызметке  жұмсалуға  тиіс. 

Енді олар сөйлемнің соңында да келуі арқылы сөйлемді тиянақтау 

дəрежесіне  ие  болады.  Негізінде  сын  есімдер  тұлғасы  жағынан 

əртүрлі  болып  келетіні  айқын.  Ондай  қасиет  олардың  көбіне 

анықтауыш  сөйлем  мүшесінде  толық  көрінсе,  ал  баяндауыш 

қызметінде де сол дəрежеде. Сол сияқты ондай кезде олар құрамы 

жағынан дара да, күрделі түрде де баяндауыш бола береді. 

а) Сапалық сын есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. 

Өзі əдемі, өзі келісті, сұлу кісі, əйелі де сұлу (X.Есенжанов). Кең 

жазық  маңдайында  əжім  аз  (М.Əуезов).  Сендерге  отыз  да  көп 

(А.Макаров).  Сапалық  сын  есімдер  күрделі  түрде  де  жұмсала 

береді:  Бас  арнадағы  əуе  компаниясының  туы  да  сары  ала 

(С.Бердіқұлов). Көзі мөлдіреген қара көк (М.Əуезов).


513

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

ə) Шырай тұлғасындағы сын есімдердің баяндауыш кызметін-

де  жұмсалуы:  Көкше  көктен  гөрі  көгірек  (С.Мұқанов).  Дене 

бітімі  нып-нығыз,  тұп-тұтас,  шойындай  (С.Сейфуллин).  Қара 

жұмысшылар, əсіресе қазақтар лек-легімен келіп жатқанымен,  ма-

ман өте аз (Ғ.Мұстафин). Дос пен Мөңкенің арасы тым жақын 

(Ə.Нұрпейісов).

Қатыстық сын есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 

а)  -сы, -сі  жұрнақты  баяндауыш.  Оның  ойынша,  мұғалімдер 

мəдени-эстетикалық  жағынан  ұсқынсыз-ақ  (Ы.Сүйінов).  ə)  -лы, 



-лі  жұрнақты  баяндауыш:  Сақалына  буырыл  кіргені  болмаса, 

Майбасар  баяғысынша  қызыл  күрең  жүзді  (М.Əуезов).  Сенің 

бұл бейбастық ойың күлкілі, қымбаттым! (III.Айтматов). б) -дай, 

-дей  жұрнақты  баяндауыш;  Отырмыз  біз  үшеуміз  бір  кісінің 

ұлындай (Жамбыл). в) -шақ, -шек жұрнақты баяндауыш: Зəремнің 

ұшатыны-ақ жөні бар, өйткені менің əйелім де барлық ұрғашы ата-

улы сияқты өте қызғаншақ-тұғын (Ə.Əлімжанов).

Сын  есімдер  септеліп  те,  жіктеліп  те  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалады: Туған жері де адам білмес алыста (Ə.Əлімжанов). – 

Қали,  Гриша,  Илия,  Есентай,  Қасым,  сендер  маңдай  алды 



екпіндісіңдер,  ал  барактарыңда  мəдениетсіздік,  ластық  былығып 

жатыр  (С.Ерубаев).  Сын  есім  қайталанып  келуі  арқылы  да  ба-

яндауыш  бола    береді.  Бес  болыстың  би-болыстарына  бір  ауыл-

най  Сибанды  кінəлі  етіп  шығару  оңайдың  оңайы  (Ғ.Мүсірепов). 

Құсмұрын дуанына он үш жыл аға сұлтан болғанда, Шыңғыстың 

аузы мен тырнағы батпаған ауыл кемде-кем (С.Мұқанов). Өзі бір 

барып тұрған жуастың жуасы (С.Бердіқұлов).

Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Сан есімдер табиғатында зат есімнің анықтауышы қызметінде 

жұмсалуға  тиіс.  Дегенмен  олар  сөйлемді  тиянақтауына  сəйкес 

баяндауыш қызметінде де жұмсала береді. 

Есептік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Са-

най бер. Консерватория бітіреді – бір ме? Диплом қорғайды – екі 



ме? Үйленеді – үш пе? (М.Мақатаев).– Малы қанша екен? – Қой-

ешкісі жиырма бір мың, жылқысы бес мың (Н.Əбуталиев). 

Реттік  сан  есімдердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы: 

Мəдібектердің  «байдың  өзі»  деп  келе  жатқаны  екіншісі  сияқты 


514

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

(С.Сейфуллин).  Алыстан  ағараңдап  үйлердің  төбесі  көрінді.  Ал-

дымыздағы үшінші. Келіп те қалдық (С.Бердіқұлов). 

Жинақтық сан есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 

Дүниежүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер 

мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да – біреу, оның От-

аны да – біреу ғана (К.Ушинский). 

Бөлшектік  сан  есімдердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы: 

Бүйткен  күйеуі  құрсын.  Амал  жоқ,  біздейлер  қазір  екінің  бірі 

(Қ.Найманбаев). 

Болжалдық сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: 

Қызыл гвардия əскерінің саны жүздей (С.Мұқанов).

Сан есімдердің жіктеліп барып бастауыш болуы: Біз жиырма 

төртпіз (Ғ.Мүсірепов). Ішінде қазақтан төртеуміз (С.Мұқанов). 

Сан есімдер тəуелденіп барып та баяндауыш болады: Маған екеу 

ал, – деді Гүлбаршын еркелеп. Жарайды, өзіме – үшеу, саған – екеу. 

Жоқ, керісінше, маған – үші, өзіңе – екісі (Б.Нұржекеев). 

Сан есімдердің септеліп барып баяндауыш болуы: Ағайынды 

бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиыр-



ма алтыда, Темірбек  жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде 

(С.Мұқанов).  Жиырма  үштегі  жігіт  майданда  да  жиырма  үште 

(F.Мүсірепов). 

Сан есімдер баяндауыш қызметінде негізгі тұлғаға нумеративті 

сөздердің  түйдектелуі  арқылы  жасалады.  Ондай  нумеративті 

сөздерге  километр,  метр,  шақырым,  гектар,  жыл,  сағат,  т.б. 

жатады.  Əрине,  сан  есімдер  мен  ондай  нумеративті  сөздердің 

қайсысы негізгі мағынаға ие деген  мəселе туралы талас пікірлер 

барлығы айқын. Дегенмен қалайда оларда сандық қасиеті негізгі 

мағынаға ие  болады да, нумеративті сөздер оларға қашықтық пен 

уақыт өлшемдерін білдіруге қатысы бар. 

а)  Есептік  сан  есімдер  мен  нумеративті  сөздер  арқылы: 

Кəдімгідей ағаш үй сияқты, мұнарасының басында жарты айы бар, 

биіктігі он жеті метр, көлденеңі алты метр, кейін өртеніп кетіпті 

(И.Жақанов).  Біздің  резиденциямыз  Делиден  қырық  шақырым 

(С.Бердіқұлов). Үй болғандарына он бір жыл (М.Хасенов). 

ə)  Реттік  сан  есімдер  мен  нумеративті  сөздер  арқылы:  Соци-

ал-демократ кружогына оның алғаш жазылуы – бір мың сегіз жүз 



тоқсан  бесінші  жылдары  (С.Мұқанов).  Жерге  қардың  түскеніне 

үшінші күн (М. Хасенов).

515

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сан есімдерге кейде оған қосарланып жұмсалатын нумеративті 

сөздерге жуық, тарта көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы да ба-

яндауыш жасала береді. Ондай кезде сан есімдер не нумеративті 

сөздер  ретіне  қарай  септеліп,  оған  кейін  жуық,  тарта  көмекші 

сөздері де тіркесе береді. Мысалы: Үй маңында жайылып жүрген 

қозылар саны онға жуық (Н.Əбуталиев). Милықұдық жағындағы 

бұл алқаптың аумағы он гектарға жуық (Қ.Сəтбаев). Биіктігі жеті 

метрдей, ені он төрт метрге жуық (Қ.Жұмаділов). Ал қазақтарда 

мұндай жырлардың саны елуге тарта  (Ə.Нұр-шайықов).

Сан есімдер тек өздері ғана баяндауыш болып қоймай, кейде 

зат  есімдермен  қатар  тұрып,  баяндауыштық  қызметте  жұмсала 

береді.  Əрине,  ондай  кезде  осы  аралас  баяндауыштардың  негізгі 

мағынасы сан есімдер болғандықтан, сол бірліктегі бастауыштың 

сандық қасиетін білдіреді. Мысалы: Барак үйшіктерінің бірі – он 

кісілік  (С.Сейфуллин).  Барлық  істің  ұшығына  жету – мəселенің 

үшінші  түйіні  (Ю.Семенов).  Абай  мен  Оспан  арасы – бес-алты 

жас. Сондықтан оған Абай аға іспетті (М.Əуезов).

Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Есімдіктер  зат  есім,  сын  есім,  сан  есімдер  сияқты  сөйлемді 

тиянақтай отырып, баяндауыш қызметінде де жұмсала алады жəне 

сөйлемнің  барлық  мүшелері  бола  алатын  қабілеті  бар.  Дегенмен 

есімдіктердің  сөйлем  соңында  қолданылуынан  гөрі  сөйлемнің 

ішінде  қолданылуы  əлдеқайда  көп.  Ал  есімдіктер  баяндауыш 

болған  кезде  сөйлем  соңында  келеді  де,  оған  екпін  түсіріліп  ай-

тылады.  Есімдіктердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуының 

өзін  екіжақты  қарастыруға  болады.  Біріншіден,  олардың  қай-қай 

түрлері  баяндауыш  болады,  екіншіден,  олар  қандай  тұлғаларда 

жұмсалады. Енді олардың 7 түріне тоқталсақ:

Жіктеу  есімдікті  баяндауыш.  Жіктеу  есімдіктері  негізінде 

бастауыш  болуға  бейім.  Қалайда  олар  сөйлемде  қимылдың  иесі 

болып,  үш  жақта,  жекеше  жəне  көпше  түрде  де  жұмсала  береді. 

Арнайы  бастауыш  болатын  есімдіктер  тек  сөйлемнің  соңында 

келіп, мағыналық жағынан сөйлемді тиянақтау арқылы ғана кім? 

не?  сұрауларына  жауап  беріп,  баяндауыш  бола  алады.  Мысалы: 

Айласыз  болсаң  арыстандай,  Аспандағы  айға  шабарсыз.  Баянды 



516

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

болсаң байтақты, Біз емес, жұртқа аға сіз (Н.Кəрібаев). Мен тағы 

да қайталауға əзірмін, қару-жарақтардың құнын арттыру жөніндегі 

жұмысты аяқсыз қалдырған сізсіз, тек сіз (Ю.Семенов). – Дау иесі 

мен  болсам,  жан  иесі  де  мен  (Ə.Кекілбаев).  Ақбұйратты  басқа-

ратын – сіз  бе,  мен  бе?  (Ғ.Мүсірепов).  Осы  сөйлемдердегі  баян-

дауыштар – сіз, мен. Əрине, ол есімдіктер жеке тұрып та, бірыңғай 

түрде де əрі көпше, əрі жекеше де келуі арқылы жұмсалған. Ондай 

кезде бұл баяндауыштарға кім? сұрауын қоюға болады.

Сілтеу  есімдікті  баяндауыш.  Сілтеу  есімдіктері  негізінен 

анықтауыш қызметін атқаруға тиіс. Сөйте отыра олар баяндауыш 

та бола береді. Ондай кезде мынау, осы, сол, анау, бұл есімдіктері 

мол  кездеседі.  Мысалы:  Совхозың – осы,  мамандарың – мынау 

(М.Хасенов). Кешеден бері сөйлеген сөздерің – анау (М.Əуезов). 

Балтабайдың  Асқар  көрген  бір  ерлігі – осы  (С.Мұқанов).  Осы 

қыз – дəл осы (С.Мұқанов). Жарқыраған, қызуы мол шығармаң – 

мынау (М.Əуезов). 

Сұрау есімдікті баяндауыш: Сіздің нөміріңіз нешінші? (С.Мұ-

қанов).  Жортуылшылардың  əр  адымын  қалт  жібермей  қадағалап 

отырған  кім?  (Ш.Айтматов).  Бұл  араның  қауынының  тəттілігі 

Шаржойдікінен қалай? (С.Мұқанов). 



Өздік  есімдікті  баяндауыш:  Бұндағы  жар  дегенің  кімің  өзі 

(М.Əуезов).  Түлкі  ме,  қарсақ  па?  Əлде  тіпті  қасқырдың  өзі  ме? 

(Ғ.Мүсірепов). 

Белгісіздік  есімдікті  баяндауыш:  Оның  келуі,  келмеуі  əл-

деқалай  (С.Мұқанов).  Келетін  адам  ол  емес,  басқа  біреу («Жұл-

дыз»).


Болымсыздық есімдігі: Бұл атақ ол үшін ештеңе емес («Со-

циалистік Қазақстан»).



Жалпылау есімдігі: Бұл алғысым біріңе емес, бəріңе (А.Шам-

кенов).


Бұған  қоса  есімдіктер  баяндауыш  қызметінде  септеліп  те, 

тəуелденіп  те  жəне  жіктеліп  те  жұмсала  береді:  а)  есімдіктердің 

жіктелуі  арқылы:  Менің  айтқаныма  мойынұсынғың  келмейтін 

сен  кімсің?  (Б.Шаханов).  Сенсің  жан  лəззаты!  Сенсің  тəн 

шəрбаты (Абай). Бұл өлкеге кімнің бұрын, кімнің кейін келгенін 

айыратын – мына  сенбісің?  (Қ.Жұмаділов).  ə)  есімдіктердің 

көптелуі  арқылы:  Бөлінейін  деген  оғыздар  жоқ.  Бөлген – сен-


517

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

дер  (О.Бодықов).  Оның  рас.  Осы  өлкеде  шаруаны  ұмытпаған 

жалғыз  ауыл – солар  (М.Əуезов).  Балалар,  не  білдіңдер.  Білсең 

айтшы,  бұл  кімдер?  (А.Сопыбеков).  Оларды  орындаған  кімдер? 

(С.Бақбергенов). б) есімдіктердің септелуі арқылы: жатыс септікті 

баяндауыштар:  Қарттар  не  ойламайды,  олардың  өз  есептері 

өздерінде  (М.Мақатаев).  Олай  болса,  кінə  кімде,  кінəрат  неде? 

(С.Шаймерденов).  Мектеп  салу,  медіресе-жай  жасау  өз  алды-

на,  оқу  құралы  қайда?  (С.Бақбергенов).  Шығыс  септікті  баянда-

уыштар:  Мұнан 40-50 жыл  бұрын  қой  емес  пе  еді,  сүтке  қарық 

қылатын:  қасық  тік  тұратын,  қатық  та  содан,  тілді  үйірген  құрт 

та – содан, бал татыған ірімшік те – содан (О.Қанахин). -нікі, -дікі 

жұрнақты баяндауыштар. Еңлік жыры – сенікі (М.Əуезов). Көне 

-дүр  қосымшасы  арқылы  келген  баяндауыштар:  Солай  -дүр,  

деп, Əріп сирек мұртын ширатты (Т.Əлімқұлов). 

Есімдіктер  қатысты  күрделі  баяндауыштар.  Көк  аспан 

алыссың-ау, көрер көзге, Биік жоқ табиғатта сенен өзге, Байлау-

сыз,  бағанасыз  тұрсаң-дағы,  Тағдыры  ай  мен  күннің  бір  өзіңде 

(X.Ерғалиев).  Барым – бір  өзің  (М.Əуезов).  Сенің  ойың – менің 



ойым (Б.Майлин).

Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Осы уақытқа дейін үстеу тек пысықтауыш болып жұмсалады 

делінетін.  Негізінде  солай  да.  Дегенмен  үстеулер  басқа  да, 

соның  ішінде  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуын 1939 жылда-

ры  С.Аманжолов  айтқан  еді.  Онда  автор  «мезгіл,  мекен,  қимыл 

үстеулері  баяндауыш  болады»  дейді  де, «уақыт,  мезгіл  сөздері 

бастауыш  болып  келгенде  оның  баяндауышы  үстеу  болып 

келеді»  деп,  екі  түрлі  жағдайда  үстеудің  баяндауыш  болуын 

алғаш  көрсеткен  еді.  Қазіргі  əдеби  тіл  материалдарынан  қимыл-

сын  үстеулерінің  де  баяндауыш  болуын  көрсетеді.  Сол  сияқты 

М.Балақаев,  А.Ысқақов  та  үстеу  тек  жіктеліп  барып  қана  баян-

дауыш бола алады деп көрсетеді. Зерттей келгенімізде, үстеулер 

баяндауыш  қызметінде  де  мол  жұмсалатын  дəрежеге  ие.  Мұның 

өзі əдеби тілдің жəне аударма тілінің дамығандығынан да көріне-

ді. Үстеулер баяндауыш болған кезде көбіне бастауышпен қатар 

тұрады.  Үстеулерге  қатысты,  яғни  онымен  тіркесте  жұмсалатын 



518

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сөздері көбіне үстеу сөздері немесе мекендік мағынаны білдіретін 

болып келеді.

Үстеулер  баяндауыш  қызметінде  əртүрлі  тұлғада  да  келеді. 

Мезгіл, мекен үстеулерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы жиі 

кездеседі. Mысалы:  Ол  мəселені  қозғау  əлі  ерте («Жұлдыз»). 

Оның қабілеті сендерден бір саты жоғары (М.Мақатаев).

Үстеулерге  түрлі  көмекші  етістіктер  тіркесіп  келуі  арқылы: 

Жұмыстың бəрін бір күнде тындыра алмаймыз, – деді Қапез басын 

кегжитіп, – күн – бүгін, жыл – биыл емес (М.Хасенов). – Қазір ба-

рам. – Жо-жоқ, қазір келме, кейін, кейін дедім ғой (Қ.Найманбаев). 

Хасеннің  келгені  де  жаңа  еді  (М.Əуезов).  Үстеулердің  шырай 

тұлғасында  келуі  арқылы:  Бүгінде  шалқадан  түсіп  жату  ертерек 

болар  (С.Бердіқұлов).  Мекен  үстеулерінің  баяндауыш  болуы: 

Шынында,  ең  қиыны  жоғарыда  екен  (А.Фадеев).  Сын-қимыл 

үстеуінің баяндауыш болуы: Алас ұрған жас жігіт өзімен-өзі əуре 

(F.Мұстафин).  Үстеулердің  -нікі, -дікі  жұрнағы  арқылы:  Есіңде 

болсын, інішек, ақын алдымен бүгіндікі (М.Мақатаев).

Еліктеуіш сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Еліктеуіш  сөздер  де – үстеу  тəрізді  қимылға  қатысты 

жұмсалатын  сөз  табы.  Сондықтан  да  олар  негізінен    қимылдың 

істелу  амалын  білдіріп,  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалады. 

Еліктеуіш  сөздерді  С.Аманжолов  «Ғылыми  синтаксисінде» 

есімдер тобына жатқызады. Біз, шындап келгенде, еліктеуіштерді 

есімдер  тобынан  гөрі  етістіктер  тобына  қостық,  яғни  бұл  сөздер 

тек қимылға қатыстылығымен ғана ерекшеленсе керек. Сондықтан 

да еліктеуіш сөздерді қимылға қатысты топтағы сөздердің бірі деп 

білу  орынды.  Еліктеуіш  сөздердің  синтаксистік  қызметі  жөнінде 

М.Балақаев,  А.Ысқақов  арнайы  түрде  баяндауыш  болады  деп 

айтпағанымен,  сөз  арасында  ғана,  онда  да  М.Балақаев,  көмекші 

етістіктердің ерекшелігі дегенде жарқ-жұрқ етеді, ыңқ-ыңқ етеді 

мысалдарын келтіреді. Автордың «бұл мысалдардағы етеді, етті 

көмекшілері баяндауыштық тұлға қызметінде жұмсалған. Оларды 

түсіріп,  еліктеуіш  сөздерді  жалаң  түрде  баяндауыш  қызметінде 

айтуға болмайды» – деген пікіріне қосыла алмаймыз. Қазіргі кезде 

еліктеуіш  сөздердің  көмекші  сөздермен  де,  оларсыз  да  баяндау-



519

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

ыш қызметінде жұмсалуын қалыпты нормаға айналған деп айтуға 

болады.  Сонымен,  еліктеуіш  сөздер  мына  жайттарда  баяндауыш 

болады: 


Ең  көп  қолданылатыны – еліктеуіш  сөз  бен  көмекші  сөздер 

тіркесі. Мұндай кезде еліктеуіш сөздер дара да, күрделі түрде де 

(қосарласу)  жұмсала  береді:  Əп-сəтте  Карпов  жасағының  быт-

шыты  шықты  (I.Есенберлин).  Үш  батыр  тізе  қосып  еді,  көк 

темірге  оранған  жау  быт-шыт  болды  (I.Есенберлин).  Қорадан 

шыққан сиырдың бақайы сытыр-сытыр етеді (О.Бөкеев). 

Енді  төртеуі  де  тым-тырыс  (Ғ.Мүсірепов).  Қызылжар  іші 



у-ду  (С.Мұқанов) – дегендегі  еліктеуіш  сөздер  қосарлы  түрде 

жұмсалған. Ауыл іші тарс та тұрс, ешкім ешкімді біліп болмай-

ды (Е.Айнабеков).

Ел  қағынды,  Мал  сабылды,  Ұрлық,  өтірік  гу  де  гу  (Абай). 

Топтың  алдында  нəн  қылыштар  жарқ-жұрқ,  ұрандаған  дауыс-

тар көкті жарып барады (І.Есенберлин). Бірінші бастаса, екіншісі 

құлақ  түрмейді,  шарт  та  шұрт  (Б.Тілегенов).  Ал  мұндағы  гу, 

шарт,  тарс  сөздері  қайталанып  жұмсалғанымен,  өзара  қос 

сөздік  қасиетте  емес,  де,  та  шылауының  арқасында  қайталанып 

жұмсалып,  қарқындықты  көрсетеді.  Ал  жоғарғы  сөйлемдегі 

жарқ-жұрқ  еліктеуіш  сөзі  құрмалас  сөйлемнің  бір  сыңарында 

келіп,  оқиғаның  өте  қарқындылығын  білдіріп,  етеді  көмекші 

сөзі түсіріліп айтылып тұр. Еліктеуіш сөздерге модаль сөздердің 

тіркесі  арқылы:  Арт  жағындағы  жол  бойында  қыбыр  еткен  жан 

жоқ, тым-тырыс сияқты (Б.Тілегенов).

Модаль сөзді баяндауыштар

Күрделі  баяндауыштың  жасалуында  модаль  сөздер  сөйлем 

соңында  етістікпен  де,  есіммен  де  тіркесе  келіп,  негізгі  сөзге 

көмекшілік қызмет атқаратындығы белгілі. «Қазақ тілі граммати-

касы» оқулығында күрделі баяндауыштың жасалу жолдары деген 

бөлімінде модаль сөздер туралы былай дейді: «Керек сөзі екі түрлі 

мағынада, яғни негізгі лексикалық мағынасында жəне модальдық 

мағынасында жұмсалады. Модаль мағынасында таза көмекші сөз 

орнында  қолданылады.  Мысалы:  Колхоз  шаруашылығына  білгір 

мамандар керек («Лениншіл жас»). Құнанбайдың бүгін əдейі то-



520

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

сып  отырған  адамдары  болу  керек  (М.Əуезов).  Бірінші  сөйлемде 



керек сөзі зат есіммен тіркесіп, міндеттілік мағына берсе, екінші 

сөйлемде  етістікпен  тіркесіп,  болжау  мағынаны  білдіреді» 

делінген.  М.Балақаев  модаль  сөздер  есім  баяндауыштармен 

тіркесіп,  күрделі  баяндауыш  болатындығын  айтады.  Бірақ  оны 

күрделі баяндауышқа емес, құрама баяндауыштың жасалу түріне 

жатқызады. Мысалы: Ағаштардың басындағы тығыз, бұйра, қара 

көк жапырақтар баса киген папах тəрізді (Ғ.Мұстафин). Модаль 

сөзді  баяндауыштар  тек  есімдермен  ғана  емес,  етістіктермен  де 

тіркесіп  келіп,  күрделі  баяндауыш  бола  алады.  Оны  мына  мы-

салдардан көруімізге болады: Өмірдің ащы-тұщы, қайғы-қуаныш 

дегендері ойына да кіріп шықпайтын сияқты (Ғ.Мүсірепов).

Таза  модаль  сөздерінің  келуі  арқылы:  Кітаптардан  шын 

мəнісінде уақыт белгісі болып табылатын нəрсені іздеу жəне та-

уып  алу  қажет  (A.А.Фадеев).  Сырдың  суы  түсіп  кетсе,  өткел 

бермейтіні  рас  (Ғ.Мүсірепов).  Жасы  жеткен  адамға  ұстамдылық 

та  қажет  (Ə.Тəжібаев).  Түрлі  модаль  сөздерге  е,  де  көмекші 

етістіктерінің  тіркесуі  арқылы:  Осынау  аспапты  алғаш  жасаған 

өнерпазға  көз  алдында  тұрған  киіз  үйдің  əсер  етпеуі  мүмкін 



емес-ау  (Ж.Əлмашев).  Маған  біреудің  малының  қажеті  шама-

лы, Құдай өз малымды өзіме бұйыртса, содан артық маған түк те 



керек  емес  (С.Мəуленов).  Достыққа  құл  да,  қожа  да  қажет  емес 

(И.А.Гончаров).  

Кейде  модаль  сөзге  көмекші  етістіктердің  тіркесуі  арқылы: 

Сенің  бұлай  ойлауың  мүмкін  емес  еді.  Кейде  ондай  қабаттасып 

жұмсалған  көмекші  етістіктерден  кейін  тағы  да  көмекші 

етістіктердің  тіркесі  арқылы:  Надандық – қу  дала,  оны  өңдеп, 

ұрық себуге болады, жалған оқымыстылық – бидайық басып кет-

кен өңір, оны отап бітіру мүмкін емес десе де болады (Ч.Канту). 

Модаль  сөздерден  кейін  көру,  бол,  жоқ,  кейде  олардан  кейін 

тағы  да  бір  көмекші  етістіктердің  тіркесі  арқылы:  Барлығын  да 

өз  қолымызбен  істеу  қажет  болды  (А.Макаренко).  Содан  бері 

бұл лента, əсіресе, тұтқындағыларға тергеу жүргізу үшін мүмкін 



болмай  қалған  (Ю.Семенов).  Кез  келген  игі  іс  ə  дегенде  мүмкін 

еместей көрінеді (Т.Карлейл). Айтпашы, Дəурен, ондайда, сенен 

басқа маған ешкімнің керегі жоқ  (Т.Кеңесбаев).



521

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бар жəне жоқ сөздері арқылы баяндауыштың жасалуы

Бар, жоқ сөздерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы: Əрекет 

болмай – берекет жоқ, Еңбексіз – рахат жоқ (Мақал). Оң жақта аз 

отырған жоқ (М.Мағауин). Сұрамақ пен білмек бар (М.Əуезов). 

Бар, жоқ сөздерінен кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: 

Мұндай  мінезі  жоқ  еді  ғой!  (М.Мақатаев).  Даусында  əрең  ұстап 

қалған  ызғар  бар  еді  (Ғ.Мүсірепов).  Бөлмеде  өзінен  басқа  тірі 

пенде  жоқ  еді  (Н.Сералиев).  Ондай  сөздерге  «бол»  көмекші 

етістігінің  тіркесі  арқылы:  Оның  өзінде  кассада  билет  бар  болса 

деңіз (Ш.Айтматов).

Бар,  жоқ  сөздеріне  түрлі  модаль  сөздердің  тіркесі  арқылы: 

Профессордың  бекітуінше,  жер  астымен  ағатын  өзен  əлі  бар 



сияқты (С.Мұқанов). Бершіл бір жəрдем етпесе, өзгелерден үміт 

жоқ    секілді  (Ғ.Мүсірепов).  Кісі  көзінен  таса  жерде  жалғыздан-

жалғыз  байқап  еді,  əзірге  аяқ  алысында  мүдіріс  жоқ  тəрізді, 

тайпалмай  ұйытқып  тұр.  Кейде  бар,  жоқ  сөздері  ортақ  түрде  де 

жалғана  береді:  Астында – жүйрігі,  алдында – малы,  артында – 

атағы да жоқ (С.Сматаев).

Бар,  жоқ  сөздері  өзара  тіркесіп  барып  немесе  бір  сөздің 

қайталануы  арқылы  да  баяндауыш  жасала  береді:  Оған  Ленька 

ғана жақтасып жүр, бірақ оның барынан жоғы (Ш.Айтматов). Сол 

балаға, сол үйге байланысты мұның əке-шешесінде бір сыры бары 



бар (Б.Нұржекеев). Бар, жоқ сөздерінен соң де көмекші етістігінен 

кейін  тағы  да  көмекші  етістіктердің  келуі  арқылы:  Сенің  аузың 

«иə» дегенмен, бет-бейнең «жоқ» деп тұр (Абдуль-Фарадж).

Көмекші сөзді баяндауыштар

Көмекші етістікті баяндауыш. Баяндауыштың көмекші етіс-

тіктер  арқылы  келуі  барлық  еңбектерде  айтылып  келеді.  Қазақ 

тілінде көмекші етістіктер көп. Жəне олар аса жиі қолданылады. 

Көмекші  етістіктер  тиянақсыз  тұлғадағы  негізгі  етістіктермен 

тіркесіп, оның мағынасын тиянақтап тұрады. Мысалы: Таң бозарып 

атып келеді. Коля кеткелі жатыр (Ғ.Мүсірепов). Жарқыраған май 

күні тамылжып тұр (М.Əуезов). Негізгі етістіктер мен көмекші 

етістіктер  түйдекті  топ  құрып,  күрделі  баяндауыштар  болғанда, 


522

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

субъектінің қимыл процесінің əртүрлі құбылыстарын, қимылдың 

басталу,  аяқталу  кезеңін,  созылыңқылығын,  дүркінділігін  біл-

діреді.  Алдындағы  жоғарғы  мысалдардың  біріншісі  істің  баста-

лып келе жатқанын білдірсе, екіншісі істің болып жатқан кезеңін 

білдіреді.



Көмекші  есімді  баяндауыш.  Ал  күрделі  баяндауыштың  кө-

мекші  есімдер  арқылы  жасалуы  жайлы  бірен-саран  ғана 

оқулықтарда сөз болды. Атап айтқанда, С.Аманжолов, А.Əбілқаев, 

И.Ұйықбаев мектеп оқулығында негізгі сөз бен көмекші есімдердің 

күрделі баяндауыш болатындығын мысал арқылы көрсетеді: Бізде 

қазір қол еңбегі – жоқтың қасы (С.Сарғасқаев).

Күрделі  баяндауыштың  көмекші  есімдер  арқылы  жасалуы 

қазіргі кезде көркем əдебиетте мол кездеседі. Мысалы: Жан-жаққа 

қараймын, ештеңе көрінбейді, неде болса қалың қамыстың  ішінде 

(«Қазақ əдебиеті»). Бұлардың беті – қалың нудың іші (М.Əуезов). 

Абай айналасындағы Байкөкше, Көбей, Мағауия, Ақылбай, Əбіш, 

Əлмағанбет, Уəйістердің мекені де сол маңда (М.Əуезов). Мен де 

сол тілектердің ішіндемін  (Ғ.Мүсірепов). Бірінші, екінші, үшінші 

сөйлемдерде  баяндауыш  ілік  септігіндегі  зат  есімдер  мен  іші 

көмекші есімінің түйдектелуінен жасалып тұрса, төртінші сөйлемде 

сілтеу есімдігі мен маңда көмекші есімі арқылы жасалып тұр. Бұл 

мысалдарға  қарағанда  көмекші  есімдер  көбіне  ілік  септігіндегі 

(ашық,  жасырын  түрі)  зат  есім  жəне,  т.б.  түйдектеліп  келіп  ба-

яндауыш  болатындығын  көруімізге  болады.  Бұл  мысалдардағы 

баяндауыш  жасауда  негіз  болып  тұрған  қамыстың,  таудың, 



тілектің сөздерін алатын болсақ, бұлардың барлығы да (көмекші 

есімдерсіз) зат есім мен есімдіктен болған толық мағыналы сөздер. 

Ал  іші,  маңы  көмекші  есімдері  тек  жəй  ғана  көмекшілік  қызмет 

атқарып  тұрған  жоқ,  морфологиялық  мағынасына  қарай  сөздің 

синтаксистік қызметін өзіне бағындырып, осы сөйлемді аяқтап, ба-

яндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Егер де осы сөйлемдерімізді 

көмекші  есімдерсіз  жеке  алсақ,  онда  ол  сөйлемдеріміз  аяқсыз, 

мағынасыз,  не  айтпақ  екеніміз  түсініксіз  болып    шыққан  болар 

еді. Жалпы, ілік жалғауы арқылы сөйлеміміз аяқталмаған күйінде 

қалар еді. Алайда ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімнің баянда-

уыш қызметінде жұмсалуының басты шарты сөйлемнің соңында 

келіп,  оны  тиянақтауға  негіз  болуы.  Сонымен,  көмекші  есімдер 



523

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

негізгі  сөзге  көмекшілік  қызмет  атқарып  кана  қоймай,  сонымен 

қатар  ойымызды  тиянақтауға  да  қатысты  жұмсалады  екен.  Тағы 

бір айта кететін жайт, көмекші есімдер морфологиялық жағынан 

өзгерімпаз.  Олар  басқа  сөз  таптары  секілді  нөлдік  формада  да, 

септік, жіктік формада да келе береді.



Шылаулы  баяндауыш.  Көмекші  етістіктердің,  модаль  сөз-

дердің, көмекші есімдердің, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейбір 

еңбектерде аз болса да айтылғаны белгілі. Ал күрделі баяндауыштың 

шылау  арқылы  жасалуы  қазақ  тіл  білімінде  Н.Сауранбаев 

еңбегінде  ғана  сөз  болды.  Осы  күнгі  еңбектердің  ешқайсысында 

баяндауыштың шылаулар арқылы келетіндігі жайында ешқандай 

сөз болмаған. Біз қолымыздағы материалдарға сүйенетін болсақ, 

күрделі  баяндауыштың  шылаулар  арқылы  да  жасалатындығын 

көруімізге  болады.  Мысалы:  Күн  тəртібіндегі  мəселе – егіс  жо-

спарын өсіру туралы (Б.Майлин). Қасықтың сыбағасы қарымына 



қарай (Маржан сөз). Бірінші, екінші мысалдардағы туралы шыла-

уы етістік жəне зат есіммен тіркесіп, қатыстық мағынаны білдірсе, 

үшінші сөйлемдегі қарай шылауы зат есіммен тіркесіп, істің ама-

лын,  тəсілін  білдіреді.  Əдетте  шылау  қатысты  сөздер  сөйлемнің 

ішінде  келіп  пысықтауыш  пен  басқа  да  сөйлем  мүшелері 

қызметінде жұмсалатындығы ғана айтылатын. Ондай кезде шылау 

қатысты  сөздер  міндетті  түрде  сөйлемнің  ішінде  ғана  қолдануы 

тиіс болатын. Енді ондай шылау қатысты сөздер тек сөйлем ішінде 

ғана емес, тіпті сөйлемнің соңында келіп, өзі қатысты сөзбен бірге 

сөйлемді  тиянақтау  дəрежесіне  ие  болып  отыр.  Жалпы  алғанда, 

шылаулы жəне көмекші баяндауыштардың пайда болуы негізінде 

тілдік  экономияның  əсері  негізінде  қалыптасты.  Негізінде  шы-

лау,  көмекші  есімдер  қатысты  сөздер – тек  сөйлемнің  ішінде 

ғана қолданылатын топтар. Кейде сол арнайы баяндауыштардың 

түсіп  қалуы  себепті  жəне  бұлар  ондай  баяндауышты  сөздердің 

мезгілін,  мекенін  білдіруге  ыңғайлы  сөздер  болған  соң  сол 

түсіп  қалған  баяндауышының  орнына  өздері  жұмсалып,  соның 

қызметін  атқарып  отыр.  Жəне  көмекші  есімді,  шылаулы  баянда-

уыштар  арқылы  баяндауыш  семантикасының  жəне  баяндауыш-

тық тұлғаның ауқымының кеңейгенін көруге болады. 

Шылаулы баяндауыш көбіне туралы, үшін, жайында, қарсы, 

жуық,  қарай,  шақты  шылаулар  арқылы  жұмсалады.  Əрине,  бұл 


524

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

шылаулар  қатысты  пысықтауыш,  толықтауыш  сөйлем  мүшелері 

объектіні,  мекенді,  мақсатты,  бағытты  білдірсе,  енді  олар  сол 

мағынада  баяндауыш  болып  та  жұмсала  береді.Бұған  төмендегі 

мысалдар дəлел болады: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жоспарын 

өсіру туралы (Б. Майлин). Əділ би – халық үшін, зұлым би – құлқын 

үшін (Мақал). Қазіргі əзілдері Ардақ жайында (Ғ.Мұстафин). Үй 

саны жиырма шақты (Б.Майлин). 

Сонымен, көмекші сөзді тұрлаулы мүшелер осы уақытқа дейін 

арнайы  зерттеудің,  арнайы  қарастырудың  объектісі  болған  емес. 

Көмекші сөзді бастауыштардың, соның ішінде модаль сөздің жəне 

шылаулы  бастауыштың  болуы  туралы  осы  күнге  дейін  ауызға 

алынып, сөз болмаған мəселе болса, шылаулы, көмекші есімді ба-

яндауыш туралы да сол іспеттес. Жалпы, көмекші сөзді тұрлаулы 

мүшелер қазіргі кезде тілімізде көп қолданылатын категория бо-

лып отыр. Сондықтан да тілдегі осы сияқты материалдар – тілде 

арнайы сақталып, жеке зерттеуді керек ететін күрделі мəселе. 

Құрама баяндауыштар

Баяндауыштың  үшінші  түрі – құрама  баяндауыштар.  Бұл 

баяндауыштың  құрама  деген  атының  өзінен  мұнда  əрі  есімнің 

де, етістіктің де элементінің бар екендігі негізге алынған. Əрине, 

құрама  баяндауыштар,  олардың  қалыптасуы,  оларды  құрайтын 

бірінші  сыңарлары  мен  екінші  сыңарлардың  тұлғалық  жəне 

мағыналық  ерекшеліктері  жеке-жеке  сөз  зерттеуді  керек  етеді. 

Мұндай  баяндауыштардың  негізінен  екі  сыңары,  яғни  есімді 

мен  етістікті  сыңарлары  болатындығы  негізгі  фактор.  Құрама 

баяндауыштың  бірінші  сыңарлары  есімдер  болады  да,  олардың 

өздерінің  іштей  қолдану  дəрежесі  айқындалады.  Есімді  баян-

дауышты  құрауда  бұл  сөз  таптарының  қызметі  ерекше.  Олар 

құрама  баяндауыштың  негізгі  мағынасы  да,  сұрақтарда  да  со-

ларды  айқындайды.  Құрама  баяндауыштардың  екінші  сыңары 

етістікті  делінгенімен,  етістіктің  ішінде  тек  көмекші  етістіктер 

ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де негізгі етістіктерге 

басқа етістіктер де қатысқанымен,  көмекші етістіктері негізгі фак-

тор  болады.  Құрама  баяндауыштардың  жасалуында  бəрібір  олар 

көмекшілік қызметте ғана жұмсала алады. 


525

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Құрама  баяндауыш  қазақ  тіл  білімінде  ең  алғаш peт  С.Аман-

жоловтың  мектеп  грамматикаларында  сөз  болған.  Автор  қазіргі 

құрама  баяндауыш  деген  терминді  ол  кезде  аралас  деген  сөзбен 

берген. Ал автордың 1940 жылғы грамматикасында «Етістік пен 

есім  сөздердің  араласынан  болған  баяндауыш – құрама,  аралас 

баяндауыш»  деп,  бірде  құрама,  оған  қоса  аралас  деген  терминді 

де  қоса  пайдаланған.  Қалай  болғанда  да,  автор  баяндауыштың 

бұл  түрін  алғаш  көрсете  келіп,  оның  бір-бірінен  ажырамайты-

нын,  ажыраса  қалса  мағынасына  нұқсан  келтіретінін  көрсеткен. 

Ал осы еңбектегі аралас немесе құрама баяндауыштарға берілген 

мысалдарынан  оның  бірінші  сыңары,  яғни  есімдерден  зат  есім 

мен  сын  есімді  кездестірсек,  көмекші  етістіктің  сыңары  ретінде 

бол,  түс  сөздерін  келтірген.  Ал 1940 жылғы  еңбегінде  құрама 

баяндауыштың  бұл  түріне  елең  қылмады,  қылт  етпеді,  жылмаң 



етті деген еліктеуіш сөздерін де жəне көмекші сөз ретінде қылу, е 

етістіктерін қоса көрсеткен.

Н.Сауранбаев  жалпы  күрделі  баяндауыш,  оның  түрлері  тура-

лы  пікірінде  күрделі  баяндауыштар  таза  етістіктер  мен  есім  сөз-

дердің аралас келуінен жасалады деп, есімді күрделі баяндауыш-

ты ескермейді. Ал автордың аралас баяндауыш туралы тұжыры-

мы дұрыс. 

М. Балақаев күрделі баяндауыш, олардың түрлері туралы айта 

келіп,  жеке  «Есімдер  мен  етістіктерден  болған  күрделі  баяндау-

ыштар»  деп  тақырыпты  дұрыс  қойғанмен,  не  аралас,  не  құрама 

баяндауыш деп арнайы атамайды. Автор ондай баяндауыштардың 

бірінші сыңарлары есімдер  дейді де, есімдерге көмекші етістіктер 

есебінде  бол,  е,  қал,  де,  көр  етістіктері  қатысады  жəне  олар 

есімдерге шақтық мағына қосу үшін жұмсалады деген. Автор 1954 

жылғы  академиялық  грамматикада  «құрама  баяндауыштар»  деп 

арнайы орын бере келіп, ондай баяндауыштың бірінші сыңарына 

есімдерге  қоса  еліктеуші  сөзді  де  қосқан.  Ал  көмекші  сөздері – 

көмекші  етістіктер:  еді,  екен,  емес,  ет,  бол,  қыл,  көр.  Модаль 

сөздері: керек, тиіс, шығар, болар, сияқты сөздер. 

Осы  күнгі  ғылыми  еңбектерге  көз  жүгіртсек,  құрама 

баяндауыштың  бірінші  сыңарларына  есімдерді,  үстеу,  еліктеуіш 

сөздерді,  бар,  жоқ  сөздерін  қатысты  дейді.  Біздіңше,  құрама 

баяндауыштың  бірінші  сыңары  ретінде  таза  есімдерді  ғана  алу 


526

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

орынды. Ал үстеу, еліктеуіш сөздер, бар, жоқ сөздерінің күрделі 

баяндауыш  болуы  ондай  мəнді  бере  алмаса  керек.  Дегенмен 

соңғы топты баяндауыштар қалайда не етістікті, не есімді құрама 

баяндауыштардың  ешқайсысына  қосылмайтын  баяндауыштың 

өз алдына бір тобы. Осы топқа модаль сөзді баяндауыштарды да 

жатқызуға  болады.  Олай  болса,  еліктеуіш  сөзді,  үстеу,  модаль 

сөзді жəне бар, жоқ сөздері қатысты баяндауыштарды да өз алды-

на бір топ етіп топтауға тура келеді. 

Зат  есімді  құрама  баяндауышты  тұлға.  Зат  есімдер  есімді 

баяндауыш құрауда басты тұлға болғанымен, енді түрлі көмекші 

етістіктер арқылы да құрама баяндауыш жасауда қызметі ерекше. 

Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары ретінде зат есімдер 

мына  тұлғаларда  жұмсалады.  Жалқы  есімдер:  Оның  аты – Ал-

пысбай  екен  (Б.Майлин).  Орысша  киінген  жігіт  Досанов  Асқар 

eдi  (С.Мұқанов).  Зат  есімдерге  -ақа, -еке  жұрнағының  жалғануы 

арқылы: Кенет ол жөнге көшті. Бекен деген болам. Ауылдың көбі 



«Беке» дейді (Қ.Найманбаев).

Жалпы есімдер: Балам, жақсы бала екенсің (С.Бердіқұлов). Біз 

манадан бері соны əңгіме қып отыр едік (Қ.Жұмаділов). Бұндай 

зат  есімдер  қосарланып  та  жұмсала  береді:  Қошқарбаевты  жұрт 



газет-кісі  дейтін  (Ш.Айтматов).  Шынына  келгенде,  сабақ-

концерт еді (М. Қалдыбаев).

Зат  есімдер  көптеліп  те,  тəуелденіп  те,  септеліп  те  келе 

береді:  Шешей,  біз  арнаулы  мемлекеттік  жұмыстармен  Орын-

бордан  Керекуге  келе  жатқан  студенттер  едік  (Ғ.  Мүсірепов).  

Қосалқы  айқындауышы  бар  зат  есімдер  арқылы:  Бұл  кісі  он  екі 

ата Байұлының үлкен ақсақалы Асанбек шешен еді (Н.Əбуталиев). 



-нікі, -дікі жұрнақты зат есімдер арқылы: Осынша ұлан-байтақ жер 

халықтікі емес пе? («Жұлдыз»).

Сын есімді құрама баяндауышты тұлға. Сапалық сын есім 

арқылы: Бұра сөйлеген күлуге жақсы, бұрыла қашқан түлкі қууға 



жақсы  деген  (С.Мұқанов).  Сын  есімнің  шырайлары  арқылы: 

Ақберген  Бекболаттан  гөрі  кекшілдеу  еді  (Ж.Аймауытов).  Жас 

сұлу осыдан қысылып қып-қызыл болып кеткен (М. Əуезов).

Сын  есімнің  көптік  жалғауда  келуі  арқылы:  Бұл  үшеуі  он 

ағайындының  ішіндегі  ең  кішілері  екен  (Б.Шаханов).  Сын  есім-

дердің септелуі арқылы: Қағаз ақша шамадан тыс көп шығарылса 



527

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

немесе товар айналымы кеміген жағдайда қағаз ақша бағасыздыққа 



ұшырайды  (Саяси  экономия).  Сын  есімдер  мен  басқа  бір  сөз 

таптарының  бірге  келуі  арқылы:  Молдадан  сабақ  оқып  жүрген 

жас кезінде Едіге тоқсан баланы бірден жығады. Бұл – күштінің 

белгісі  (Қ.Сəтбаев).  Ресей  патшасының  тұсында  қаншама  ерлік 

көрсеткеніммен, мен көп жаманның бірі едім (Ə.Қоңыратбаев).



Сан  есімді  құрама  баяндауышты  тұлға.  Есептік  сан  есім 

арқылы: Екі деген жаман ба, əже! Санның алды бір мен екі емес 



пе? (М.Мақатаев). Реттік сан есім арқылы: Ғұмырында шалының 

да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны 



бірінші рет еді (Н.Серғалиев). Жинақтау сан есімі арқылы: Олар 

бастығымен бірге алтау еді (Ш. Айтматов). Жинақтау сан есімінің 

тəуелдік жалғауы арқылы: Саған тапсырған жұмыстың бұл біреуі 

ғана  (Н.Əбуталиев).  Бөлшектік  сан  есім  арқылы:  Мен  үштен 

бірін  деп  едім,  мынау  болмады, – деп  Біжікен  Торсаңға  қарады 

(F.Мүсірепов). Болжалдық сан есім арқылы: Жинап отырған қой 

саны елудей еді (М. Əуезов).

Сан  есімдердің  септелуі  арқылы:  Сен  соғысқа  кеткенде, 

мен  жиырма  сегізде  едім  ғой  (Ш.  Мұртазаев).  Сан  есімге  түрлі 

нумеративті  сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалады,  кейде  ондай 

көмекші  қызметтегі  нумеративті  сөздердің  өздері  де  септеліп 

жұмсалады:  Исатайдың  да  жүйкесін  құртып,  түбіне  жеткен 

осы  аты  шулы  он  күн  еді  (Н.Əбуталиев).  Оның  жылдық  табысы 

былтырғыға қарағанда бес есеге артық (Н.Əбуталиев).

Есімдікті  құрама  баяндауыш.  Жіктеу  есімдігі  арқылы:  Тіпті 

əйелім де сіздер жақтан (А.Шамкенов). Жіктеу есімдігіне түрлі 

жұрнақтардың жалғануы арқылы: Ат құйрығын кестім, бүгіннен 

бастап сендік емеспін (Н.Əбуталиев). Өз есімдігі арқылы: Бəріне 

кінəлі өзі сияқты (М.Мақатаев). Əу баста осы əңгімеге жел берген 

өзі еді (Ə.Кекілбаев). Сілтеу есімдігі арқылы: Қақпанға оңай түсе 

қоятын аңғалың бұл емес  (О.Сəрсекеев). Сұрау есімдігі арқылы: 

Өздеріне  ұнаса,  осы  күні  біз  оларға  не  деуші  ек  (Т.Əлімқұлов). 

Жалпылау  есімдігі  арқылы:  Жəнібектің  аузының  қалай  қарай 

қисайғаны  олар  үшін  бəрібір  емес  (Ə.Кекілбаев).  Есімдіктерге 

-нікі, -дікі  қосымшасының  жалғануы  арқылы:  Бұл  Көксақалдікі, 

басқа кімдікі болушы еді (Н.Əбуталиев).



528

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер

Құрама  баяндауыштың  екінші  сыңарлары  қалайда  етістік, 

оның  ішінде  көмекші  етістіктер  болуы  тиіс.  Көмекші  етістіктер 

етістікті  күрделі  баяндауышты  құрауда  да  қатысатыны  белгілі. 

Бірақ  ол  кездегі  көмекші  етістіктер  мен  құрама  баяндауышқа 

қатысты етістіктер саны жағынан да, көмекші етістігінің түрлерінің 

қатысуы,  орын  тəртібі  жағынан  да  едəуір  айырмашылығы  бар. 

Етістікті  баяндауышты  құрауға  көмекші  етістіктердің 3 тобы  да, 

яғни  арнайы  көмекші  етістіктер,  ауыспалы  көмекші  етістіктер 

мен дербес мағынасы бар, бірақ негізгі етістіктерге тіркесіп келіп 

жұмсалатын  етістіктер  де  бірдей  жұмсала  береді.  Құрама  баянда-

уышты  құрайтын  негізгі  етістіктер – арнайы  көмекші  етістіктер. 

Олар барлық сөз  табымен тікелей тіркесте мол жұмсалады. Құрама 

баяндауыштың жасалуында арнайы көмекші етістіктер белсенді рөл 

атқарады. Ал ауыспалы  көмекші етістіктердің ішінде жүр көмекші 

етістігі  ғана  қатысады.  Қалған  мағынасы  бар  етістіктер  ретіне 

қарай сөз болады. 

е, де етістіктері. Барлық еңбектерде, оқулықтарда құрама ба-

яндауыш,  оның  жасалуында  ең  алдымен  айтылатын  етістіктер 

де  осылар.  Шынында,  солай.  Сонда  зат  есім,  сан  есім,  сын  есім 

жəне  есімдіктер  таза  күйінде  есімді  баяндауышты  құраса,  енді 

түрлі  көмекші  етістіктер  арқылы  нендей  қасиетке  ие  болады? 

Мысалы:  Біздің  ауылда  оқыған  Асан  деген.  Асан  сөзіне  деген 

көмекші  етістігі  жалғанып,  Асан  деген  құрама  баяндауыш  жаса-

лып тұр. Енді Асан сөзіне еді көмекші етістігін жалғасақ, Асан еді 

құрама  баяндауышы  пайда  болады.  Осы  екі  құрама  баяндауыш-

ты салыстырсақ, Асан еді баяндауышы нақтырақ, Асан деген ба-

яндауышы  көмескілеу  мағынаны  білдіріп  тұр.  Олай  болса,  əрбір 

көмекші етістіктің де сөйлем мағынасына берер өзіндік ерекшелігі 

бар екенін осы сөйлемдерден байқадық.

Сонымен  е,  де  көмекші  етістіктері  құрама  баяндауыштардың 

жасалуында  дара  түрде  жəне  есім  мен  көмекші  етістіктерден 

кейінгі  түрлі  ауыспалы  етістіктер  тіркесу  арқылы  негізгі  желі 

болып  табылады.  Сонымен  бірге  кейде  бұл  екі  етістік  есімдерге 

өздері тіркеліп барып та жұмсала береді: Мүсірəлінің куəлігі бо-

йынша бұл жолы Абай тізген ереже бабы жүзден аса еді дейді


529

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың жасалуын-

да басты тұлға бола отырып, олар, біріншіден, мол қолданылады, 

екіншіден,  олар  өзара  жəне  екеуі  бір-бірімен  тіркесіп  жəне  онан 

кейін  түрлі  көмекші  етістіктер  де  тіркесіп  жұмсала  береді.  Осы 

сөйлемдердің есім баяндауышынан соң е көмекші етістігі қайталап, 

əртүрлі  тұлғаларда  берілген.  Сонда,  бір  ғана  көмекші  етістікке 

қарағанда  екі  бірдей  көмекші  етістіктің  тіркесте  жұмсалуы 

мағыналық жағынан да, құрамы жағынан да өзіндік ерекшелікке 

ұшырап отырады. Мысалы: құштар емес, сен емес, сіз емес, тегін 

емес дегенде нақтылық айқын болса, оларға сол көмекші етістіктің 

қайталанып  тіркесуі  дүдəмəлікті  көрсетеді.  Мысалы:  бару 



мүмкін  емес;  бару  мүмкін  емес  екен  құрама  баяндауыштардың 

мағынасында  айырмашылық  бар.  Бірінде  нақтылық,  екіншісінде 

бəсеңдік байқалады.

Де  көмекші  етістігі  туралы.  Де  көмекші  етістігі  арқылы 

жасалған құрама баяндауыштар е көмекші етістігі арқылы жасалған 

құрама баяндауыштарға қарағанда аздау. Дегенмен бұл де көмекші 

етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштар да морфологиялық 

жағынан  өзгергіш.  Əмір,  қойсаңшы  балпылдамай,  үй  өзімдікі 

демегін  (С.Бердіқұлов).  Перзентім  он  деді  ғой  (М.Қалдыбаев). 

Кейде оның тыржиып,  құлықсыз да бейілсіз, енді бірде орынсыз 

жалпақ  сұлтан  бола  қалатыны  бар-ды.  Мінезі  бірде  сегіз,  бірде 

тоғыз  дегендей  (Н.Əбуталиев).  Осы  сөйлемдердің  құрама  баян-

дауыштары сөйлем мағынасына нақтылықтан гөрі солғындық та-

нытып тұрған сияқты.

Бол  көмекші етістігі туралы барлық сөз таптарымен (бұл ара-

да есімдерді ғана айтып отырмыз) тіркесте жұмсалатын көмекші 

етістіктер  е,  де  жəне  бол  етістіктері  болып  табылады.  Құрама 

баяндауыштың  жасалуында  көп  қатысатын  етістіктің  бірі  –



бол  етістігі.  Бұл  етістік  бұйрық  рай  түрінде,  жіктеліп  келіп  те, 

есімше,  көсемше,  қимыл  есімі  формасында  да  тұрып  жəне  түрлі 

жұрнақтарды жалғап та жұмсала береді. Ондай кезде бол етістіктері 

барлық есімдерге тікелей жалғанып, құрама баяндауыш жасайды. 

Мысалы:  жақсы  бол,  екеу  бол,  мəз  бол,  өте  əдемі  бол,  сыншыл 

бол, тəуір бол, бірінші бол, қорған бол, жақсырақ бол, екінің бірі 

бол, т.б. Бұл мысалдардағы нөлдік тұлғада тұр.


530

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бол көмекші етістігі мынадай формаларда келеді: 

а) Бұйрық райлы етістік арқылы: Не болсаң, ол бол деп, қолын 

бір сілтеді (С.Бақбергенов).

ə) Жіктеліп келуі: Осы үйдің иесі менмін (С.Бердіқұлов).

б)  Есімше  арқылы:  Бұл  жерде  бұрын  үлкен  қала  болған 

(Ш.Айтматов).

в) Көсемше арқылы: Мен əке болып көрдім (М.Қалдыбаев).

г) Қимыл есімі арқылы: Бар мақсат – адам болу («Жұлдыз»).

ғ) Түрлі қосымшалар арқылы: Баланың келешегі оның дұрыс 

адам болуында («Қазақстан мұғалімі»).

Құрама  баяндауыштың  жасалуында  модаль  сөздердің  жəне 

тұрақты  тіркестердің  де  орны  ерекше.  Модаль  сөздер  арқылы: 

Келе  жатырмын  ба,  жоқ  па,  оған  бəрібір  сияқты  (Б.Нұржекеев). 

Тұрақты  тіркес  арқылы:  Сауысқан  шықылықтап  сұңқар  болмас, 

мəстекті мақтағанмен тұлпар болмас (Мақал-мəтел).



ƏДЕБИЕТ

1.   Басымов Х. Сөйлем мүшелері туралы// Ауыл мұғалімі, 1939.

2.   Бəйтенов I. Сөйлем   мүшелері  туралы // Ауыл мұғалімі,  1939. 

3.    Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім. 

Синтаксис. Алматы, 1939. 

4.   Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал-

маты, 1940. 

5.   Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы,1949.

6.   Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1969.

7.   Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1981.

8.   Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1979.

9.   Нұрмаханова Ə. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1981.

10.  Дыренкова И.К. Грамматика ойротского языка. М.- Л., 1940.

11.  Кононов H.А.  Грамматика  современного  узбекского  литературного 

языка. М.-Л., 1960.

12.  Жапаров А. Азырқы қырғыз тілі. Фрунзе, 1966.

13.  Чеснокова Л. Д. Грамматические вопросы как средства анализа пред-

ложения// Русский язык в школе, 1978.

14.  Зарецкий А. И. О местоимении//Русский язык в школе. 1940, № 6.


ІV

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сөз тіркесі  мен жай сөйлем 

синтаксисі

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ   

 

 

 

ІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ 

ІІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ

 

Есімді тіркестер



 

Қабыса байланысқан сөз тіркестері

 

Матаса байланысқан сөз тіркестері



 

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

 

Етістікті тіркестер



 

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

 

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері



ІV. ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ *

1

 

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



 

Бастауыш


 

Баяндауыш

 

Етістік баяндауыштар



 

Есім баяндауыштар

 

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері



 

Толықтауыш

 

Анықтауыш жəне айқындауыш



 

Пысықтауыш

 

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер



 

Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі

 

Сөйлемдегі оқшау сөздер



 

Жай сөйлем түрлері

 

Құрмалас сөйлем туралы



 

Синтаксис туралы жалпы еңбектер

*1



Бөлім қысқартылды.



533

Қазіргі қазақ тілі

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет