Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi. Ба-
ғыныңқы сыңары таза сан есiмдi қабыса байла нысқан есiмдi сөз
тiркестерiнде сан есiмдер – жиi ұшырайтын категория. Оның өзi
сан есiмдердей мағыналық байланысынан туса керек. Жалпы зат
бар жерде оның саны айқындалады. Сан есiмдер де қаншалықты
затқа қатыс ты делiнгенiмен, олар кез келген зат есiмдермен
жапа-тармағай тipкece бермейдi. Сан есiмдер қабыса байланыс-
қан есiмдi сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметiнде құ-
рамы жағынан дара жəне күрделi түрде кездеседi, ондай кезде сан
есiмдердiң iшiнде тек есептiк жəне peттік сан есiмдерi ғана тipкece
алады. Есiмдi сөз тipкeciнің басыңқы сыңары қызметiнде есiмдер
қолда нылады делiнгенiмен, сан есiмдi сөз тiркестерiнде көбiне
зат есiмдер ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олар мен онша
тipкecтe ұшырай бермейдi. Бiз еш уақытта мен, сен, ол, бiз, сiз, олар,
өз, барлық, ештеңе, т.б. есiмдiктерi мен сол сияқты жақсы, сұлу,
күштi сапалық сын есiмдерiн тipкecтe жұмсай алмаймыз. Олар-
мен сандық ұғым ашылмаса керек. Кейде өз есiмдiгiмен бiр
118
Күрделі сөз тіркестері
өзiм не месе төрт балалы дегендерде олар қаншалықты eкi сөз-
ден келгенiмен, өзара тipкec құрай алмайды. Бiр өзiм деп айтуға
болғанымен, eкi өзiм, үш өзiм деп айтылмайды, тiлде олай
қолданылмайды да. Олай болса бiр сан eciмнің өз есiмдiгiмен
тipкeci деп есептелу жалпы заңды лыққа жатпайтын жайт: Төрт
сөзi балалы қатыстық сын eciмімен де сөз тipкeciн құрай алмай-
ды. Егер бала сөзiне төрт сан eciмiн анықтауыштық қызметте
жұмсап, төрт бала сөз тipкeciн жасауға болар едi. Бiрақ төрт
балалы дегендегi балалы қатыстық сын eciмiмен төрт сан eciмi-
нің басыңқылық қызметi əлсiреп, өзi басқа бiр заттың, яғни
ана сөзiнiң анықтауышы болып, eкeyi ана сөзiне жеке-жеке
бағыныңқылық қызметте емес, сатылана бағынy дəрежесiнде
жұмсалған төрт балалы ана сияқты eкeyi жинақталып, күрделi
сөз тiркесiн жасаудың бiр формасы болып отыр. Бұдан шығатын
қopытынды: қабы са байланысқан сөз тipкecтepiнің басыңқы сы-
ңары қаншалықты есiмдер дегенiмiзбен, олардың iшiнде тек зат
есiмдер ғана қолданылады екен.
Зат есiмдердiң өзi де жалқы жəне жалпы болып бө лiнедi де-
сек, сан есiмдер солардың iшiндегi жалқы eciм дермен тipкece
бермейдi де, көбiне жалпы есiмдермен ғана тipкece алады. Сонда
eкi Жорабек, он бес Шəрin деп айтылу тiлiмiзде сирек те, он адам,
он үйрек, жиырма бес қой, т.б. деп айту жиi кездеседi.
Зат есiмдердің iшiнде жалқы есiмдердiң өзi деректi, дерексiз
болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сан есiмдер көбiне деректi, яғни
санауға болатын зат есiмдермен он сағат, жиырма nианино,
жетniс бес niл, т.б. зат есiмдермен тip кесуге қабiлеттi десек, ақыл,
өсек, бiлiм, ой, т.б. зат eciм дермен тipкecyi кездеспейдi. Олай
болса есептiк, peттік сан есiмдердiң дара жəне күрделi түрлерi
де зат eciмдермен тiркесiп, анықтайтын затының сандық көлемi
мен peтін бiлдiредi. Мысалы: Мектептегi он бес, жиырма бала
интернатта жатып оқыды да Сауытбай, Сандыбай, Дəндібай
сияқты бай балалары ауыл үйлерiнде жатып oқыды (С. Көбеев).
Қазiр оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың са-
молет, 3 мың корабль, қыpyap ракеталық қару бар («Қазақ əде-
биеті»).
а) Партияның жиырма алтыншы съезiнiң шешiмдерiн бас-
шылыққа аламыз («Лениншіл жас»). Қазiр барлық coвeт жазушы-
119
Күрделі сөз тіркестері
лары Семен Куриловты «Төрт жүз алпыс бесiншi юкагир» деп
атайды (К. Тоқаев).
Зат есiмдер мен есептiк, peттік сан есiмдерiнің қабыса бай-
ланысқанындай, кейде сан есiмдер шамалы, қapaлы, шақты шы-
лаулары арқылы да есiмдi сөз тiркeciн құрайды. Мысалы:
ə) Тұрлықұлды жесiр дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ
кедейлерден жүз шамалы opaқты кең шалғынға саламыз деп,
Бiрке, Жүніс, Əлкен де көңiлдi (С. Көбеев). Құнанбай қасында
елу шамалы аттылар бар едi (М. Əуезов).
б) Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Кем қойса, жүз
қаралы сойыл соғар (М. Əуезов).
Алайда бұл сөйлемдерден шылауларды алып тастап, сан
есiмдер мен зат есiмдерден өзара сөз тipкeciн құрай алмаймыз.
Олардың мағыналық байланысы үзiледi. Бұл жерде өзара ма-
ғыналық байланысын айқындап тұрған сол шылау сөздер. Əрине
мұндай құбылысты қабысу деуден гөpi меңгеруге жатқызуға
болар ма едi деген де ой келуi мүмкін. Бiрақ бұл шылаулар өздерi
қaтысты сан есiмдердi септiк жалғауда тұруын қажет етпейдi.
Miнe, қабыса байланысқан күрделi сан есiмдi сөз тіркестері де-
уіміз сондықтан.
Сан есімдер қосарлы түрде де зат есімдермен тіркесіп, күр-
делі сөз тіркестерін құрайды. Мысалы: Он бес-жиырма мың
жылқы бағатындарды да кездестірдім (С. Мұқанов). Құдайберді
арғы шеткі көпке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз
аттылар жиылып қалды (М. Əуезов).
Болжалдық сан есімдері де қосарланып келіп барып сөз тір-
кесінің күрделі сыңарын құрайды: – Сайлап қырық-елудей кісі
аттандырып, таза сол қатынды тартып алайық, – деді (С. Көбеев).
Бағыныңқы сыңарлы есімшелі сөз тіркестері
Есімшелер сөйлемде екі түрлі жағдайда сөйлемнің соңында
келіп жұмсалуына қарай жақсы оқыған, көктемде келген, бүгін
оқыған еді сияқты басыңқы сыңарда қолданылса, сол сияқты
есімшелер сөйлемнің ішінде келіп те жұмсалуы тілімізде жиі
ұшырайды. Осыдан барып есімшелердің əрі етістік, əрі есімге
қатысы да анықталады.
120
Күрделі сөз тіркестері
Есімшелер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінде жиі
ұшырайды. Мысалы: Қазір жуынатын ыдыс əкелейін (М. Шо-
лохов). Таң қараңғысы болар, алайда қара түнек, аспанның түбі
тесіліп кеткендей ұйытқыған боран басылар емес (Т. Ахтанов) –
деген сөйлемдерде жуынатын, ұйытқыған есімшелері ыдыс,
боран зат есімдерімен тіркесте анықтауыштық қызметте жұм-
салады. Жалпы, есімшелер таза күйінде алғанда үнемі дара жұм-
салуға бейім. Бірақ есімшелер тек дара жұмсалып қана қоймай,
кейде басқа сөздердің жетегінде де жұмсалады. Осы сияқты
фактілер қазақ тілінде ғана емес, басқа да тілдерде байқалатын
сияқты.
И.И. Мещанинов бірнеше толық мағыналы сөздерде де кейде
мағыналық тұтастық жəне орын тəртібінің ерекшелігіне қарай сөз
тіркесінің күрделі сыңарын құрайтындығын айтады [103, 78].
Профессор М. Балақаев есімше қатысты формалардың мына-
дай екі түрін береді:
1. Бұл жердің адамдарында біз білмейтін тағы бір мінез бар
(Ғ. Сланов). Есіркеп тұратын үйдің іші біз көргендей (С.Мұқанов).
2. Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От жағылған екі
темір пеш түксиіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Шыңғыс жаққа қараған
терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр (М. Əуезов). Қолдан
келер жəрдемді көрсеттік (Ғ. Мүсірепов) [16, 142].
Осы сөйлемдердің бірінші тобында біз білмейтін, Есіркеп
тұратын сияқты бастауыштық пен баяндауыштық қатынастан
құралған топты сөз тіркесі жағынан қарастырмай, тек үйірлі
анықтауыш дейді. Мұндай формалы тipкeс сөздердi есiмшелi сөз
тipкeстepi деп есепте мейтiн сияқты. Келесi топтағы төбеде жүрген
самолет, от жағылған пеш, шығыс жаққа қараған терезе, қолдан
ке лер жəрдем дегендердi айта келiп, профессор М. Балақаев
есiмшелердiң құрамында меңгерiлетiн есiмдердiң бола тындығын,
олар сол тобымен күрделi сөз тipкeсiн ғана құрайтындығын
көрсетедi [16, 45].
Сонда төбеде, от, шығыс жаққа, қолдан зат есiмдерi жа-
тыс, барыс, шығыс септiктерiнде жүрген, жағылған, қараған,
келер есiмшелермен бiрлiкте, iштей меңгерiле байланысқан сөз
тipкecтepiн айқындайды. Бұл арада автор есiмшеге қатысты
сөздердiң қай септiкте, қай сөй лем мүшесi қызметiнде жұмсалуы-
121
Күрделі сөз тіркестері
на қарай оларды бiрде күрделi сөз тipкeci, бiрде үйiрлi мүше деп
ажырату ке peктігін айқын аңғартатын сияқты.
Осы сияқты есiмшелер арқылы күрделену процесін басқа да
авторлардан бiлуге болады [83; 104; 105].
Сөйлемнiң iшiнде есiмшелер де осы сияқты дара түр де қол-
данылумен бiрге, кейде тек өзi ғана анықтауыш тық қызметте
жұмсалып қоймай, өзiне басқа сөздердi жетегiне ала отырып
жұмсалуы мүмкін. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрелiк.
Ана тiлiн игермеген баланы шетел тiлiне үйрету – тəй-тəй бас-
паған баланы атқа мiнгiзiп жүргiзумен бiрдей («Лениншіл жас»).
Иесiз қалған ауылмен танысқанда не, таныспағанда не, бəрiбiр
ғой (С.Бердіқұлов). Шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскер-
лер барақтарына қайтып келедi екен (F.Мүсірепов). Күлiмсiреп
қараған үлкен көзiнде аса бiр қызулы жалын көрiнгендей (М. Əуе-
зов). Miнe, осы сөйлемдерден: ана тiлiн игермеген бала, uесiз қалған
ауыл, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскерлер, күлiмcipeп
қараған көзi сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалған сөз
тipкecтepiнeн есiмшелi сөз тipкecтepi деп игермеген бала, түскен
жұмысшылар, қараған көзi, қалған ауыл сөздерiн есiмше мен зат
есiмдердiң тipкeci деп те қарастыруға болады. Ол кезде ана тiлiн,
uесiз, шахтаға, түнгі он eкiдe, күлiмсiреп келесi сөз тiркесiнің
бағыныңқы сыңары қызметiнде жұмсалуға тиiстi сөздер болып
табылады.
Сөйлем мүшесi жағынан алғанда ана тiлiн игермеген, uесiз
қалған, шахтаға түнгi он eкiдe түскен, күлiмсiреп қараған сияқ-
ты сөздер тобы күрделi анықтауыш делiне дi. Ана тiлiн, игерме-
ген, шахтаға түнгi он eкiдe түскен дегендердi меңгерiле байла-
нысқан eтicтіктi сөз тipкecтepi десек, uесiз қалған мен күлiмсiреп
қарағанды қабыса байланысқан етicтiктi сөз тipкecтepi деп бiлу
орынды. Шындап келгенде, олардың өзара сөз тipкeci тұтас-
тығынан гөpi, iшкi мағыналық бiрлiгiнiң негiзiнде сол то бымен
есiмше арқылы қабыса байланысқан есiмдi күр делi сөз тipкeci
жасалады. Жинақтаған материалдарға қарағанда, есiмше арқылы
қабыса байланысқан сөз тipкecтepiн күрделендiрушi ондай
тұлғалы сөздер тек мең герiле байланыспай, қабыса байланыса-
тыны да анықта лып отыр. Жоғарыдағы мысалдардан ана тiлiн
игермеген бала, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмысшы деген
122
Күрделі сөз тіркестері
сөз тiркестерiнің бағыныңқы сыңарлары бiрiмен-бiрi меңге рiле
байланысса, uесiз қалған ауыл мен күлiмсiреп қараған көзi деген-
де бағыныңқы сыңарлары өзара қабыса байланысқан. Miнe, осы
сияқты фактiлердi жинақтай кел генде, есiмшелi сөз тipкeстepi дара
да, күрделi түрiнiң өзi əpi өзара қабыса, меңгерiле байланысатын
болып табы лады. Ендi есiмшелi күрделi сөз тiркесiнiң күрделену
жолдарын көрсетелiк.
1. а) Бағыныңқы сыңары барыс септiктi зат eсiм мен есiмше-
нiң тipкeсi арқылы жасалды. Мысалы, Иванның үйiнің көше
жақтағы қабырғасы құлап, оны жерге қадаған айыр аша тipeп
тұрды (М. Шолохов).
ə) Барыс жалғаулы зат eсiм көсемше мен есiмшенiң тipкeci
арқылы жасалады: Əйтпece оқyғa түсе алмай қалған ол емес
еді (С. Жиренов). Бeтіне төпелеп ұрған жел кipпiк астын жасқа
толтырып, көзiн аштырмaйды (Т. Ахтанов).
б) Барыс жалғаулы зат eсiм мен есiмше арқылы жасалады: Бой
бермей төбемен ылдиға, оппаға қарай құ лаған қойлар, кенет жуа-
сып, оңғa қарай ойыса бердi (Т. Ахтанов).
Кейде мұндай тұлғалы күрделi сөз тiркестерiнің басыңқы
сыңары зат eсiмнен басқа да сөз таптары болуы мүмкін. Мысалы,
Мен оны жақсыға балаған едім («Жұлдыз»). Үйде сəлде киген
бiреу отыр (Т. Ахтанов).
2. Бағыныңқы сыңары табыс септiгiнiң ашық жəне жасырын
түpi мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Бүкiл aймақты
би-леп-төстеген əкесі Шыңғыс емес, əжесi Айғаным бола-
тын (С. Бақбергенов). Əйтпесе Матай үшін жалғыз құрығын ұс-
тайтын, ата жолын жалғастыратын Нұ рымы аман болса болды
емес пе («Жұлдыз»).
3. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы eciм мен есiмшенiң
тipкeci арқылы жасалады: Осы əңгiмeнің iшiн де отырған подъ-
есаул Бессергеневская станциясынан келген, қызулау сөйлеп, сөз
бастады (М. Шолохов).
4. Бағыныңқы сыңары шығыс, көмектес жалғаулы зат eciм
мен есiмшенiң тipкecyi арқылы жасалады: Гри горий үй иeciнің
қастықпен түтеген көз қapaсынa шыдап, мықтап төтеп берiп
тұрып, қош айтысты да, оның үйге қapaй өтіп бара жатқан қызына
бас изедi (М. Шолохов). Желмен ұйытқыған қap бетiне, көзiне
123
Күрделі сөз тіркестері
ұрады, аузына кipiп, алқымын қapиды (Т. Ахтанов). Үйден əдемі
шырқалған əн естіледі («Жұлдыз»).
Бағыныңқы сыңары сын eciм мен есiмшенiң тipкecyi арқылы
жасалады: Бар жайды сонша кең, терең түсінетін аса бiлгiр адам
екен (М. Əуезов). Ұзынша боп бiткен, үлкендеу келген қоңырқай
көздерi саналы сияқты. Иесiз қалған ауылмен тaнысқанда не,
таныспағанда не, бəрі бiр ғой (С. Бақбергенов). Қара қошқыл
тapтқан даланың лалa гүлдерi ендi алқызыл түске eнiп, тербелiп
кеткен тəрізді («Білім жəне еңбек»).
Бағыныңқы сыңары сан eciм мен есiмшенiң тipкecі арқылы
жасалады. Ондай кезде сан есiмдер есептiк, peттік, барыс, табыс
септiгiнде есiмшемен тipкeciп, анықтауыштық қатынаста жұм-
салады: Баймағамбет суық түй iлген қалпынша, үндемей ғана
тұрып, омырау қалтасынан eкi бүктелген хат алды да Əбiш-
ке ұсына бердi (М. Əуезов). Жетiншi бiтipгін Cəмeнi əкeciмeн
бiрге едi, одан да хабар-ошар жоқ (С. Жиренов). Он жетiге жаңа
келген қыз өзiмен ойнап-күлiп жүретiн құрбы-құрдастарымен
де қоштаса алмай, бiр түнде жат елге бодан боп, аттанып кете
барған (С. Жиренов). Шахтаға түнгi он екiдe түскен жұмыскерлер
барақтарына қайтып келедi eкeн (F.Мүсірепов). Iштен қыpықты
алқымдап қалған, əсем киiнген бiр кici шықты («Жұлдыз»).
а) Бағыныңқы сыңары көceмшe мен есiмшенiң тipкeci арқылы
жасалады: Бiрақ бара-бара тозған тұлып сияқ ты иici кетiп, есiз
қалған дүниедей көңiлiн құлазытатын болғасын, оны сандық-
қа салып тастады (Т. Ахтанов). Аяй бiлмеген адам аялай бiлмей-
дi (З. Қабдолов). Күлiмсiреп қapaғaн үлкен көзiнде аса бip қызулы
жалын көрiнгендей (М. Əуезов).
ə) Кейде жатыс, табыс немесе атау тұлғалы сөздер көсемше
мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Нияз дың eкi көзi тө-
мендегi қaйpaңдa жүзiп бара жатқан көк жон балықтарда бол-
ды (С. Сарғасқаев). Қой жүн ақ шекпендi жалаң eтiнe киіп, бе-
лiн ала жiппен бос байлай cалған бала жiгiт ұша жөнелгелi
отыр (Ғ. Мүсірепов).
Бағыныңқы сыңары үстеу мен есiмшенiң тipкeсi арқылы жа-
салады: Театр коллективi бұрын қойылған спек такльдерге қоca
ұйғыр драматургтарының жаңа туын дыларын сахнаға шығар-
мақ («Қазақ əдебиеті»). Осы жиынға қa раған бетiмен, eкi жолда-
124
Күрделі сөз тіркестері
сынан озып кеп бұрын түскен бipey Абайдың атын алып кете бер-
дi (М. Əуезов).
Бағыныңқы сыңары елiктeyiш сөз бен есiмшенiң тip кесі арқы-
лы келедi: Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылда-
ған шаң, үймелеген үлкен топыр болып кeттi. Бip мезгiлде бас
жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған шидің дыбысы естiл-
дi. Тыныштықтың ортасында caңқ eтiп үрген иттiң дауысы ест-
iлдi (М. Əуезов).
Бағыныңқы сыңары тұрақты сөз тipкесі мeн есiмшенің тipкeci
арқылы жасалады: Итарқасы қияннан жеткен досына деген
құрметі де ерекше болды («Жұлдыз»). Бұл кезде eкi ит ерткен,
өңкей қамшыдай қатқaн жарау ат мiнгeн бес аңшы өлiмтiк-
тiң қасына жеткен (С. Жиренов).
Де көмекшi eтicтіктi есiмше формалы қабыса байланыс-
қан күрделi сөз тipкecтepi. Есiмшелер əртүрлі сөз таптарымен
бiрлiкте келе отырып, күрделi сөз тipкecтepiн құраумен бiрге,
кейде ондай күрделi сөз тipкecтepiн жасау да тек толық мағыналы
есiмшелер ғана емес, көмекшi етicтiктер де есiмше тұлғасында
жұмсала бередi. Көмекшi де eтicтiгi деген, дейтiн, деп, деу, деген-
ді, дeгeнi, деген дер, т.б. морфологиялық тұлғаларда келе бередi.
Бiрақ оның сол тұлғалану процесiнiң iшiнде тек eciмшe форма сы
ғанa қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасау үшiн қатысты.
Жалпы де көмекшi eтicтiгiнің өзiндiк дер бес мағынасы жоқ.
Бiрақ дербес мағыналы сөздердiң де көмекшi eтicтiгiнің есiмше
формасы оның байланысу формасын, синтаксистiк қызметi мен
мағыналық тобын айқындайды. Мысалы: бостандық, тeңдік,
туысқандық деген сөздердi халық ынтыға тыңдады (М. Əуезов).
Билетiңiзде жұмыс iстeдi деген белгi болмаса поезға мiнe алмай-
сыз («Лениншіл жас») – сөйлемдерiндегi курсивпен терiлгендер
зат есiмдерге анықтауыштық қатынаста жұмсалып отыр. Негiзiнде
бостандық, тeңдік, туысқандық сөздерi сөйлем iшiнде таза өздерi
бастауыштық, толықтауыштық жəне анықтауыштық та қызметте
жұмсала ды. Сол сияқты деген сөзiнсiз жұмыс iстедi тиянақты
түрде кез келген сөйлемнiң баяндауыштық қызметiнде ғана жұм-
салуға тиicтi. Енді де көмекшi eтicтiгi арқылы олар баяндауыш-
тық нeмecе басқа да сөйлем мүшелерi нен тек анықтауыштық
қызметкe ауысып отыр. Негiзiнде туысқандық, тeңдiк, бостан-
125
Күрделі сөз тіркестері
дық, жұмыс iстeйдi дегендер дербес мағыналы синтаксистiк
қызметi бар, яғни олар əpбip сөз тіркесінің не бағыныңқы, не
басыңқы сыңары қызметiнде жұмсалатын сөздер. Бiрақ соған қа-
рамастан ол сөздер дəл осы тұрғысында сол өз бойындағы қасиет-
ті толық сақтай алмай, өз алдына жеке сыңар ретiнде қолданы-
лудан қалып отыр. Оның басты себебi де көмекшi eтicтiгiнің тi-
келей əcepi.
Де көмекшi eтicтiгi негiзiнде сөйлемнiң iшiнде көптеген сөз
таптарымен түйдектелiп жұмсалуға бейiм.
Əcipece, сол сөз таптарының iшiнде де көмекшi eтicтiгі зат
есiмдермен көп жұмсалады. Зат есiмдердiң өзi жалқы, жалпы,
деректi, дерексiз зат есiмдерi болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сол
сияқты зат есiмдер көптiк, септiк, тəуелдiк жəне жiктiк формасын-
да да жұмсала беретiндiгi айқын.
Де көмекшi eтicтiгi сол зат есiмнiң сол тұлғалы формалары-
ның бəрiмен де түйдектi тipкec құрай алады: Есқара деген, Иран
бақ деген, Ермек Жұманов деген.
Miнe, осы формалы жалқы eciмi түрлерiмен бірге «Көкем-ай»
деген əн сияқты формалары да кездесе бередi. Əcipece жалқы
eciмдepгe қapaғaндa жалпы есiмдермен кiсiлiк деген сөз, шофер
деген халық, орыс, қазақ деген достық, «революция» деген сөз, ға-
шықтық iзi дeгeн осы сияқты зат есiмдермен, кейде басқа да
сөз таптарымен тipкeci жиi кездеседi. Тiптi кейде: Бұл – И.К.
дейтiн белгiлi проходчик (F. Сланов) – дегенде де есiмше фор-
масы қысқарған сөздердiң өзiмен де түйдектелiп, анықтауыштық
қатынастары сөз тipкecтepiн жасайды.
Де есiмше формалы көмекшi eтicтік өзi анықтауыш тық қыз-
метте жұмсалатын сын есiмдермен де түйдектi тiркес құрап, ең
таңдаулы деген дүниелер, жақсы деген бала, кедей деген жiгiт,
орташа деген баға сияқты айты лу да кездеседi. Бұл жерде əpi то-
лық мағыналы сөздерi мiздiң өзi де анықтауыш жəне оған көмек-
шi қызметте жұмсалатын көмекшi де етістiгiмiз де анықтауыш
қызметiнде жұмсалады. Осы сияқты құбылыс сан eciм, eciмдiк,
одағай, елiктеуiш сөздермен де келе бередi. Бұл сөз таптарының
iшiнде көбiне өзара қабыса байланысқанда ры, яғни А ... а ойбай
деген дауыс, əй дейтiн əже, қой дейтін қожа, өзіңіз деген сұрау,
сен деген сөз, бұлaрға де ген тiлеулестiк, оған деген құштарлық
126
Күрделі сөз тіркестері
сияқты септiк жалғаулы есiмдiктермен де қосақталып жұмсала
бередi. Олай болса деген көмекшi eтicтiгi тек зат eciм ғана емес,
барлық сөз таптарымен түйдектi тipкec құрай келiп, күр делi сөз
тipкeciн жасауға мол қатысады. Сонымен қатар е көмекшi eтicтiгi
де кейде қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасайды. Мысалы,
Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетiп, жалмауыздай
басып қалады. Анда-санда жалт-жұлт еткен жұлдызын ғана
көрiп қа лам (С. Əмipeнов). Сол күйде бiр азғантай отырған соң, бiр
мезгiлде əлгi тырс еткен дыбыс тағы шықты (М. Əуезов) – деген
мысалдарда жалт, тарс, жалт-жұлт елiктеуiш сөз дері жарық,
дыбыс, жұлдыз зат есiмдерiмен өзара тiркесе aлуғa тиicтi емес.
Бiр-бiрiмен тipкecкeн е көмекшi eтістігінің есiмше формасында
қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастары негізінде есiмдi
сөз тipкeci жасалып отыр. Бұлайша жасалған сөз тipкecтepi сирек
кездеседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдарға қарағанда де көмек-
шi eтicтікті түйдектi тipкecтep көбiне дара сөз таптары арқылы
жасалынған. Тiл фактiлерiне қарағанда мұндай де есiмше форма-
лы бағыныңқы сыңарлары журналист болуым керек деген ой...
Шоқан Айжанды ала қояды де ген ой... қaйдaн келдi?! Неге келдi?!
деген ой ... Болды ғой, eндi қойсаңдаршы деген белгi... Ахат ба-
рып қайтсын деген шешiм. Қолыңа пepiштe күйiндe тапсы-
рам деген уəде... Орта мeктeптің aқырғы класына көштi деген
aнықт ама дегендей күрделi сөздер тобымен де келiп жұмсал-
ады. Tipi болсам расында да журналист болуым керек деген ой
мeнің басыма сонда ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). Болды ғой,
eндi қойсаңдаршы деген белгi берiп, алаңға қарай ол қол сiлтейдi
(Б. Майлин) – деген сөйлемдердегi журналuст болуым керек,
болды ғой, eндi қойсаңдаршы де гендер – өзiндiк сөйлем. Бұларды
құрмалас сөйлемдердiң не бағыныңқы, не басыңқы сыңары десе
де немесе өз алдына тиянақты ойды бiлдiретiн жай сөйлем десе
де болғандай. Бiрақ дəл осы тобымен сөйлем мүшесi жағы нан
да, сөз тipкeci жағынан да бiр-ақ сыңарда қолданы лып, контекс-
те есiмшенiң көмeгiмeн анықтауыштық қатынастағы сөздер
тобы болып шығады. Сөйтіп сол тобы мен ой, белгi, шешiм, уəде,
анықтама жəне үміт зат есiмдерiмен қабыса байланысқан күр-
делi сөз тipкecтepiн құрайды. Сoнымен де есiмше формалы кө-
мекшi eтicтіктер – күрделi сөз тipкeciн жасаудың тəсiлi.
127
Күрделі сөз тіркестері
Достарыңызбен бөлісу: |