Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет133/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   174
14.2.6.
№8 диета
 
Артық салмақтың пайда болуы немесе семіздіктен туындайтын май-
көмірсу алмасуының бұзылуында тағайындалады. Оның емдік мақсаты – 
семіздік деңгейіне байланысты тағамның калориялығын мөлшерленген, 
денеге түсірелтін салмақты қатаң бақылаумен сәйкес дені сау адамның 
тәуліктік рационына қарағанда 20-50%-ға азайту.
Диетада тағамның калориялығын көмірсулар, әсіресе, тез сіңірілетіндері 
(қант, крахмал) және ақуыз, дәрумендер, көп қанықпаған май қышқылдары, 
минералды заттектер т.б. ағзаның алмасу қызметіне қажетті заттектердің 
мөлшері қалыпты болатын майларды тұтынуды шектеу жолымен азайту 
қарастырылады.
Рационда жармалар, макарон өнімдері, картоп, майлы өнімдерге шектеу 
қойылады. Тәтті тағамдар мен сусындарда қанттың орнына ксилит немесе 


147 
сорбитті пайдаланады. Нанды көбіне қарабидай және ірілеу ұнтақталған 
ұннан бидай, ақуызды-бидай және ақуызды-бөлектелген түрде қолданады.
Калориялықты азайту көбіне науқасқа ағза көтеруіне қиын болып келетін 
үйреншікті ас мөлшерін азайтумен пара-пар келеді. Ол мөлшерді құру үшін 
рационға жасұныққа бай өнімдер (көкөністер мен жемістер) немесе 
жасұнықтың ерігіш эфирлері – метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза 
және т.б. енгізеді. Бұл полисахаридтер сілікпе түзетін қасиетке ие және 
мысалға алатын болсақ, жемісті не жидекті кисельдерде крахмалды 
алмастыра алады.
Бұл диетадағы маңызды ескеретін жәйт – 6 мәртелік тамақтану режимі. 
Бұл қатты ашығу сезімінің пайда болуын ескертуге жол береді. Сонымен 
бірге тағамның көп бөлігі алғашқы жарты күндікте қабылданады, Оған қоса, 
ақуызды және жеңіл тамақ берілетін күндерге кеңес беріледі.
Ақуызды күндерде рационға сүзбе, айран, сүт қосады; жеңіл тамақ 
берілетін күндер алма, айран, алма-айран күндері болып санала алады. 
Тағамдардың температурасы әдеттегідей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет