Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет132/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   174
Ет және құс еті: балық сияқты түрлерде майсыз сиыр, бұзау, тауық, 
қоян, күркетауық еттері.
Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты, лимон қышқылы қосылған жемісті 
тұздықтар. Ұнды түсін өзгертпей кептіреді.
Дәмдеуіштеркөктер: ванилин, даршын, аскөк, ақжелкен. 
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: балғын, компот, кисель, желе, 
тосап түріндегі түрлі жемістер мен жидектер.
Әсіресе, ағзадан ылғалды шығарып, ісіктерді кішірейтетін калийге бай 
жемістер (өрік, кептірілген өрік және т.б.) құнды болып келеді. Тәттілерден – 
қант, бал, джем, повидло, тосап, шоколадты емес кәмпиттер, жемісті 
балмұздақ.
Сусындар: шай, сүтпен шай, сүтпен кофе, жемісті және көкөністі 
шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шектеу қойылады: ет, балық, саңырауқұлақтың азоты сығып алынған 
заттектері; құрамында қымыздық қышқылы (рауғаш, қымыздық, саумалық) 
және эфир майлары (сарымсақ, шомыр) барлар; балық және ет консервілері, 
сүрленгендер, тұздалған ірімшіктер; маринадталған және ашытылған 
көкөністер; бұршақ тектестер; бұрыш, қыша, ақжелкек; тәтті және қатпарлы 
қамырлардан жасалған өнімдер; шоколад, сүтсіз кофе; газдалған сусындар.


146 
Рұқсат етілген өнімдер мен тағамдарды іріктеу бойынша №7 диетаға №10 
диета өте ұқсас және мәзірде мұндай тағамдарға бөлшекті сызық арқылы екі 
санды да жазады – №7/10. Сондықтан №10 диетаның сипаттамасын бірден 
қарап кетеміз.
14.2.5.
№10 диета
 
Жалпы сипаттама. Қан айналымның жетіспеуінен жүрек-қан тамырлары 
жүйесі ауруларында, қабынған үдерістерде тағайындалады. Емдік мақсаты – 
бұзылған қан айналымын, су-тұз және май алмасуды ас тұзын 5-6 кг-ға дейін 
(олардың 2-3 г өнімдердің құрамында болады), бос сұйықтықты 1,2 л-ге 
дейін (сорпа, сусын, тәтті тағамдарды қоса), шектеу жолымен қалпына 
келтіру, азотты сығып алынған заттектерді, құрамында холестерині бар 
өнімдерді шығарып тастау.
Диетада калий, магний, липотропты заттектердің, сілтіленетін әрекет 
беретін өнімдердің (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер) мөлшері артқан.
Ас қорыту жолы аллергиялық серпілістердің дамуында маңызды рөл 
атқарады. Бір жағынан ішек-қарын жолында (ІҚЖ) тағамдық, дәрілік, 
химиялық және басқа да аллергендердің сіңірілуі болады. Оның жеңілісі 
аллергияның ықтималдылығын көтереді. Екінші жағынан ас қорыту 
мүшелері науқас тері арқылы (мысалы, экзема) ағзаға енетін заттектердің 
қозуынан туындайтын аллергиялық серпілістердің пайда болу орны болуы 
мүмкін. Осыған сәйкес экзема және басқа да тері ауруларында кейде 
сипаттамасы №7 және 10-диеталарға сәйкес келетін қабынуға қарсы диета 
сәтті қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет